Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Lektsia_2

.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
55.3 Кб
Скачать

Тақырыбы: Логопедиялық ритмиканың мазмұны мен құрылысы. ( 2 сағ)

Жоспар:

1. Логопедиялық ритмиканың мазмұны мен құрылысы.

2. Тілдік кемістіктің басқа процестері.

1. Ерте кезеңдегі балалардың мінез – құлық және эстетикалық тәрбиесіндегі музыканың маңызын В.М. Бехтерев көрсеткен. Ол ерте кезеңдегі тәрбиенің өте қажет екенін, дамып келе жатқан жеке тұлғаның алғашқы қадамы қиын да қажетті екенін ашып айтқан.

Ерте жастан қалыптасқан дағды көпке дейін тұрақты болады. В.М. Бехтеревтің ойынша балада әуенге деген құштарлықты дамыту естуіне әсер ететін музыкалық пьесаларды тындатудан бастау керек. Өсе келе бала дауыстың, тембрдің жоғарылығын ести бастайды. Баланың есту қабілетін дамытуда әуеннің маңызы зор. Балалар ерте кезден ән мотивін ыңылдап айта бастайды.

Әуенге құштарлықтың белгілері болып:

1. Әуендік құбылысты тыңдап, салыстырып, бағалай алу қабілеті. Бұл зейінділікті қажет ететін қарапайым әуендік есту құрылысын талап етеді.

2. Шығармашылыққа деген қабілеттілік. Балаларда жүріп бара жатқан адамдардың жүрісін келтіру үшін қажетті қозғалысты іздейді. Әуен ақыл – ой қабілетін белсендендіретін құбылыс болып табылады. Балалар әуенді тыңдайды, оны салыстырады. Әуен баланың моральдік дамуына септігін тигізеді. Ол қозғалыспен тығыз байланысты болады. Ал бұл қозғалыс дағдыларын дамытудың, ритмикалық дайындықтың негізі болып табылады.

Тілдік патологиясы бар балалар әуендік мәдениет пен қозғалыста әуен түрін бере алу қабілетіне жақын келеді.

Логоритмикалық сабақтарда көрсету немесе түсіндіруден кейін олар әуен

арқылы тез немесе жай жүре алады , яғни олар өз денесін толық меңгере алмау қозғалысты қате беру кездесіп жатады.

Тілдік патологиясы бар адамдардың қозғалысына әуеннің берер пайдасы мол. Ритмге – заңдылық, ұйымдастырушылық, кезеңдік тән.

Толығымен алсақ адамның тілдік және қозғалыс жүйесі қалыптасқан. Тілдік патологиясы бар адамдар жүйелер рефлекске тән патология жағдайында функцияланады.

Балалардың, жас өспірімдердің әуендік ритмикалық логоритмикалық тәрбиесінің міндеттері.

Сауықтыру міндеттерін шешу тілдің бұзылуының тууына себеп болып табылатын факторлармен байланысты болып келеді.

Білімдік міндеттер баланың басты әрекетін есепке алу және бала бақшадағы тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиесі бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Ол біздің жас ерекшеліктеріне байланысты құрылады, себебі үш жастағы баламен жеті жастағы баланың әуенді қабылдауы әртүрлі болып келеді .

Тәрбиелік міңдеттерді шешу өзіндік көмек сезімімен, тапсырманы орындауға деген жауапкершілікке байланысты болады. Сабақтарда баланың бірлескен іс – әрекетке, жетістікке жетулерін кеңейте түсу қажет. Тілдік кемістігі бар балаларды ұйымшылдыққа , ұжымға жетелеу көп көмегін тигізеді. Логоритмдік сабақтардағы коррекциялық тапсырмалар баланың жеке тұлғасы мен тәртібіне байланысты шешіледі. Бала психологиясын білмей балаға дұрыс тәрбие беру мүмкін емес.

2. Тілдік кемістік басқа да процестің, ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдаудың қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Логоритмикалық негізгі құралдары болып жүру, нық жүру, тыныс алу жаттығулары бұлшықет тонусын реттеп отыратын жаттығулар, есептік жаттығулар зейінді белсендіретін жаттығулар, ритмді сезіну табылады. Басқа жұмыстың қалыптасу негізі қозғалысты әуенмен тығыз байланысты болып келеді.

Міндетті түрде тілдің материалды еңгізген жөн. Сөз түрлі жағдайда кездесуі мүмкін - әндерде, әнмен өрнектелетін драмматизацияларда, хороводтарда, берілген тақырыпты сахналауда, қозғалыс ойындарындағы жүргізушінің командаларында. Сөзді кіргізу – ритмикалық, логоритмикалық, әуенді ритмикалық тапсырмалар мен жаттығуларды бірте – бірте күрделендіру жүйесі болып табылады.

Жүру және нық адымдап жүру кіріспе тапсырма болып есептелінеді. Бір шеңбер бойымен қос – қостап, топпен жүруге, түрлі заттарды айналып өтпеуге, қарама – қарсы жүргенде, бір – біріне кедергі келтірмеуге берілген ара қашықтықты сақтауға үйренеді.

Әр сабақтың басы жүрумен басталуы керек. Ол қозғалыстың шынайы түрі болып есептеледі. Сабақтарда жүрудің келесі түрлерін қолданады , жолмен жекелеп жүру, топпен жүру, топпен дабылдың қағылуы бойынша жүру , топпен залда айналып жүру, қанатты айналып жүру, бірінін артынан бірі және жіптен ұстап жүру.

Тыныс алу және дауыс және артикуляцияны дамытуға арналған жаттығулар коррекциялық курстың басында жүргізіледі. Тілдің кемшіліктің жойылуына байланысты курстың орта кезінде бұл жаттығулар қысқартылады, бірақ толығымен алынып тасталынбайды.

Жаттығудың міңдеті тілдік аппаратын перифериялық бөлімінің әрекетін қалыптасуына көмектесу. Тыныс алуға арналған жаттығулар дұрыс диафрагмалық тыныс алуға, тыныс шығарып ұзақ тұруға, оны күшеюіне себебін тигізеді.

Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығуға тыныс шығарғанда айтылатын тілдік материалды еңгізу керек. Дауыспен жұмыс істеу дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтудан басталады. Жаттығу әуеннің сүйемелдеуімен немесе онсыз да бастала береді. Дауыстылар дауыс жоғарылығының өзгеруі арқылы айтылады. Дикциямен жұмыс тыныс алу және артикуляциялық жаттығудың көмегімен жүргізіледі. Басттапқы кезде ритмикалық әуен арқылы санды немесе дауысты дыбысты үнсіз артикуляциямен, одан кейін сыбырлап және дауысты қатты шығару арқылы айтады. Коррекциялық курстың орта шеніне қарай тыныс алу, дауыс және артикуляциялық жаттығулар қозғалыс ойындарына, драматизацияларға, жай жүруге, есептеу, санау жаттығуына еңгізіледі. Міндетті түрде дауыс диапазонын дамыту қажет. Жіңішке дауыстарда жоғары және төмен бөліктер көрінеді. Формант жағдайын көтеруде дыбыстаудың күшін жоғарылатады. Жаттығуларды дауысты дыбыстарды айтудан бастаған жөн. Дауыс орташа регистрде, бір тонда естілуі қажет. Дауысты, тыныс алуды, артикуляцияны тәрбиелеу сабақтарына адамдардың түрлі эмоционалдық жағдайларын (қуану, қорқыныш , ашулану ) беретін дыбыстарды жай және әуенмен айту енгізіледі. Одан кейін бұл дыбыстар дыбыс әртүрлі минор немесе мажор түрінде келетін әуенге сәйкес тақпақтарда көрсетіледі.

Бұлшық ет тонусын реттеп отыруға арналған жаттығулар. Бұл жаттығулар жаттығушыларға өз бұлшық еттерін бағындыра алуға, қозғалыстарын реттей алу қабілеттеріне мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі немесе мектеп жасындағы балалар қатты және жай айтылатын әуенмен тұрған бетінде немесе сол музыкалық аспаптың жанына жинала отыру арқылы танысады және жай қозғалыстарды кішкентай туларды қозғау арқылы жасайды. Одан кейін жаттығу күрделене түседі. Бұлар тапсырмаларды жүріп, жүгіріп және секіріп келе жатып қолындағы заттарын орындайды. Мысалы: аспаптың дауысы қатты шыққан жағдайда балалар қиындығы туларын сілтей отырып шеңбер бойымен жүреді, ал аспаптың дауысы жайлағанда тоқтап қолындағы заттарын арттарына жасырады. Түрлі дыбыстарды сонымен қатар адымымен де келтіруге болады: аспап қатты ойнағанда балалар толық адымдап жүрсе аспаптың дауысы баяулағанда аяқтарының ұшымен жүреді. Бір дыбыс аяққа бір дыбыс қолға арналады. Бұлшық ет тонусын реттей алуға тәрбиелеу жұмысында жалпы дамыту жаттығуларымен коррекциялық жаттығуларды атап айтуға болады.

Логопедиялық ритмика оқу дисциплинасы мен әдістемелер жиынтығына әсер ететін белсенді терапияның бір түрі болып табылады. Логопедиялық ритмиканың алғашқы түсініктемесі әуенді, сөзді, қозғалысты түсіну кезінде қалыптасқан.

Ал екінші бір түсінігі оның өз бойына дамуында аномалиялық кемшілігі бар және тілдің кемістігі бар адамдарды емдеу, оқыту және тәрбиелеу әдістерінің кез келген түрін меңгеруімен байланысты.

Логопедиялық ритмиканың объектісі болып тіл кемістігінің құрылысы, тілдің емес психикалық функциялар және тілдің патологиясы бар адамдардың тілдің бұзылуы табылады.

Пәні болып – музыканың және сөзбен байланысқан қозғалыс жүйесімен сенсорлық психомоторлық функциялардың көптеген бұзылулары табылады.

Мақсаты – тілдің және тілдік емес функциялардағы тілдік кемістіктерді дамыту және координация арқылы жою, сонымен қатар адамдағы ішкі және сыртқы орта жағдайларына бейімдеу.

Логопедиялық ритмиканың міндеттері сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу және коррекциялық болып бөлінеді.

Тілдің кемістігі бар адамдарда сауықтыру міндеттерін шешу кезінде сүйек бұлшық еттері қатаяды, тыныс алу, моторлық сенсорлық функциялар дамиды, тепе – тендік сақтауға, дұрыс мүсінді болуға тәрбиеленеді.

Әдебиеттер :

1. Әдебиет: Волкова Г.А. Логопедическая ритмика. - М.: Просвещение, 1985.

2. Запорожец А.В. Развитие произвольных движений. - М., 1960.

3. Логопедия / Под ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской. - М.: Владос, 2002.

4. Ильина Г.А. Особенности развития музыкального ритма у детей.- Вопросы психологии, 1961, №1.

5. Кукуев А.А. Структура двигательного анализатора.- Л.: 1966.

6. Т.Б. Филичева, Н.А. Чевелева, Г.В. Чиркина Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]