Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Lektsia_1

.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
43.52 Кб
Скачать

Тақырыбы: Логопедиялық ритмика пәні және міндеттері.

Жоспар:

1. Логопедиялық ритмиканың пәні, мақсаты.

2. Логопедиялық ритмиканың принциптері мен әдістері.

1. Логопедиялық ритмиканың пәні, мақсаты.

Логопедиялық ритмика оқу дисциплинасы мен әдістемелер жиынтығына әсер ететін белсенді терапияның бір түрі болып табылады.

Логопедиялық ритмиканың алғашқы түсініктемесі әуенді, сөзді, қозғалысты түсіну кезінде қалыптасқан.

Ал екінші бір түсінігі оның өз бойына дамуында аномалиялық кемшілігі бар және тілдің кемістігі бар адамдарды емдеу, оқыту және тәрбиелеу әдістерінің кез келген түрін меңгеруімен байланысты.

Логопедиялық ритмиканың объектісі болып тіл кемістігінің құрылысы, тілдің емес психикалық функциялар және тілдің патологиясы бар адамдардың тілдің бұзылуы болып табылады.

Пәні болып – музыканың және сөзбен байланысқан қозғалыс жүйесімен сенсорлық психомоторлық функциялардың көптеген бұзылулары табылады.

Мақсаты – тілдің және тілдік емес функциялардағы тілдік кемістіктерді дамыту және координация арқылы жою, сонымен қатар адамдағы ішкі және сыртқы орта жағдайларына бейімдеу.

Логопедиялық ритмиканың міндеттері сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу және коррекциялық болып бөлінеді.

Тілдің кемістігі бар адамдарда сауықтыру міндеттерін шешу кезінде сүйек бұлшық еттері қатаяды, тыныс алу, моторлық сенсорлық функциялар дамиды, тепе – тендік сақтауға, дұрыс мүсінді болуға тәрбиеленеді.

Білім беру міндеттерін іске асыруда қозғалыс дағдысын қалыптасуына көңіл бөлінеді. Тәрбиелік міндеттерін шешу төмендегілерді қамтиды:

1. Ритмдік сезімнің дамуы.

2. Әуенді тыңдау арқылы ритмді мәнерлі түрде қозғала алу қабілеттері дамиды.

3. Жеке тұлғаның жағымды жақтарын тәрбиелеу.

4. Сабақтардың коррекциялық жағы тілдің кемістіктің құрылымын және механизмін есепке алу және жинақталған кезеңді логопедиялық жұмыспен тығыз байланысты болады. Логопед пациенттің жас және жеке ерекшеліктерімен қатар оның қозғалыс функциясының жағдайларын, гнозисін, праксисін кеңістікте бағдарлай алу қабілетін есепке алады.

2. Логопедиялық ритмиканың принциптері мен әдістері.

Логопедиялық ритмиканың принциптері мен әдістері.

Логопедиялық ритмика дидактикалық және спецификалық принциптерден құралады. Олар өзара байланыса келіп тілдік бұзылуы бар адамдардың функционалдық жүйесін тәрбиелеу, дамыту, коррекциялаумен анықталады.

Жалпы дидактикалық принциптер.

Жүйелік принципі. Барлық логоритмикалық курс материалының мазмұны мен теориялық жаттығу тәжірибелікке ауысуымен, курс барысында өткен тақырыптар мен материалдардың анықтауымен түсіндіріледі.

Танымдық белсендік принципі. Тілдің кемшілігі бар адамдарды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу процесінде балалардың танымдық , белсенділік қатынасына, ал үлкендердің әрекеттеріне көңіл бөлген жөн. Балалардың өз бетінше белсенді әрекеті оны қабылдануына мақсатын түсініп орындауына байланысты берілген тапсырмаға деген қызығушылықтан тууы мүмкін.

Көрнекілік принципі. Барлық анализаторлардың кең әрекеттің нәтижесі мен анықталады.

Жекелік және қол жетімділік принципі. Тілдің кемістігі бар баланың жас ерекшеліктерін қарастырады. Ол ересектер мен баланың түрлі физиологиялық және биомеханикалық дамуына байланысты.

Қол жетімділікті оптималды жағы тілдің кемшіліктердің жас және қозғалыс мүмкіндіктерімен кемістіктің тұлғаға әсерімен, тапсырманың қиындығымен анықталады.

Міндеттердің уақытымен өсу принципі. Қозғалыс әуендік сөздік жаттығу қиындау тапсырмаларымен айналысуымен анықталады. Оларды орындау кезінде қозғалып дағдыларымен көлемін артады. Тілдің моторикасы іске асады, берілген әуендік темпке және ритмге байланысты тілдің темпімен ритмі қалыптасады.

Спецификалық принциптер. Даму принципі көптеген параметрлерді есепке алады, тілдің кемістігі бар балалардың жеке тұлғасының, патологиялық тілдік емес және тілдік процестер, функцияналды жүйенің және ағзада қозғалыс ортасында және тілдің кемістігі бар балалардың тілінде болатын өзгерістердің дамуы. Даму принципі қозғалыс әрекеті процесіндегі ақыл – ой, мінез – құлық, эстетикалық және сенсорлық тәрбиенің іске асуымен анықталады.

Жан – жақты әсер ету принципі ағзаға түгелдей әсер етеді. Ритмикалық және логоритмикалық құрылыстар ағзаның жалпы дамуын көтереді, ағзаның функционалды жүйесімен байланыстыра отырып нернорефлекторлық механизмдерді іске асырады.

Этиопатогенетикалық принципі. Тілдің кемшіліктің патогенді мен себептеріне байланысты логоритмикалық сабақтың дифференциялық құрылымымен түсіндіріледі.

Симптоматиканы есептеу принципі. Тілдің патологиясы бар баланың функциялық мүмкіндіктерімен, кекеш баланың күрт төмендеп мүгедек болып қалумен анықталады.

Жиындық принципі. Логоритмикамен дәрігерлік психолого – педогогикалық әсерлер арасын байланыстырады.

Логопедиялық ритмиканың әдістері. Логопедиялық ритмикада педагогикалық зерттеулер мен эксперименттердің әдеби берілімдерінің мазмұнымен талдау әдістері қолданады.

Әдеби берілімдердің мазмұны мен талдау әдісі.

Зерттеу библиографиямен танысудан басталады. Әдеби берілімдерді мазмұндау және талдау теориялық және эксперименталдық жоспарда жүзеге асады.

Көптеген түсініктемелерді мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыскерлері жасаған құжаттардан алынады.

Балалардың тілдік дамуының психомоторлық фактілері анкета сауалнамаларды, әңгімелерді қолдануға болады.

Педагогикалық зерттеу әдістемелері. Педагогикалық бақылау арнайы ұйымдастырылады және өзіндік тапсырмасы, бақылау пәні, факторлар фиксациясының жүйесі болады. Объектілер шынайы жағдайларда оқытылады. Алынған түсніктемелерді өндеу кезінде күтпеген фактілер есепке алынып, заңдылықтар шығады және қорытынды талдаулар жасалынады.

Ашық бақылаулар қызықты құбылыстарды жан – жақты тексеруге мүмкіндік береді.

Жабық бақылаулар соңғы сезімінен арылтып қосымша түсініктемелер береді.

Интервью және анкетаны тек қосымша бақылаудан кейін құрылады. Интервью және анкетамен байланысты болады. Сауалнама процесінде зерттеушіні қызықтыратын жағдайды түрлі сұрақтар қою арқылы білуге болады.

Әсер етуді талдаудың көмегімен тілдің кемістігі бар зерттеліп отырған адамның қозғалыс потенциалын тәртібін қабілетін, мүмкіндігін ұйымға және индивидке деген көзқарасын білуге болады.

Бағалаудың рейтингтік әдісі бақылап отырған адамның түрлі бағасынан тұрады.

Тексеру – тест, сынақ, зерттеу.

Логоритмикада тестерді, қозғалыс, тілдік қозғалыс тапсырмасын тілдік патологиясы бар адамдардың белгілі бір уақытта орындалу қорытындысын салыстыруда қолданады.

Негізгі әдебиеттер :

Волкова Г.А. Логопедиялық ритмика.

Власова И.А. Физиология қозғалысының очеркі.

Волкова Г.А. Тұтығушы оқушылардың логоритмикалық тәрбиенің мазмұны.

Волкова Г.А. Балалардың сөйлеуінің бұзылу әдісі.

Дзерджинская И.Л. Бастауыш оқушылардың музыкалық тәрбиесі.

Қосымша әдебиеттер.

Кольцова М.М. Мидың қозғалыс белсенділігі және функцияның дамуы.

Леоньтева Карл Орф.

Лукьянова. Хореография демі.

Руднева С. Музыкалық қозғалыс.

Александрова Н.Г. Ритмикалық тәрбие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]