Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.74 Кб
Скачать

1.3 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен міндеттері

Л.С.Выготский дамуында ауытқушылығы бар баланың тұлғалық ерекшелігі оның отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өткен.

Отбасындағы тәрбиенің кері әсері баланың психикалық дамуының тежелуіне, тәртібінің және тұлғалық ерекшелігінің дамуына әсерін тигізеді. Осыған байланысты мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасына арнайы мамандардаң, мемлекеттің және қоғамның көмегі коррекциялық көмектің негізі болып табылады. Бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай , бүгінгі күні ата-аналарадың көпшілігі дерлік психомоторлы дамудың бұзылысын жеңу жолында медикаментозды емге жүгінеді. Шыныныда да, соңғы жылдары миды дамытатын және оның қызметін жақсартатын көптеген нәтижелі препараттар пада болды. Бірақ, ең күшті деген медикаментозды препараттарды қолданғанның өзінде баланың жағдайының жақсаруы үшін отбасы жағдайы мен ата-ананың арнайы жаттығуларды жүргізуі маңызды. Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық әсер болып табылады, себебі ол емдік-педагогикалық кешеннің жаңа бағыты.

Мүмкіншілігі шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің маңыздылығы мемлекеттік деңгейде айтылады.Тәжірибе көрсеткендей отбасында мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиеленетін болса, бұл отбасына мемлекеттік және арнайы мамандардың көмегі маңызды. Коррекциялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру ерте жастан және мектеп шағындағы балаларды тәрбиелеудің және оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Аталған жаңа жүйенің барлығы өсіп келе жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеудің әлемдік стандарттарын біріктіріп, жақындасқан, біріктірілген және бар білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Коррекциялық тәрбие негіздерін интеграциялық оқу барысында бала қарым-қатынасқа түсетін адамдар да білу керек (тәрбиешілер, педагогтар,дефектологтар)Жалпы айтқанда баланың проблемасын оны қоршаған адамдар неғұрлым тереңірек білсе, онымен қатынасқа түсу соғұрлым оңай болады. [4]

Мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс бастауды ата-аналар ескеретін ережелер:

  1. Түзету жұмыстарын ерте жастан бастаса, түзету жұмысы тиімді болады.

  2. Бала өзін тыныш, ыңғайлы сенуіну керек.

  3. Баланың жетістігін мадақтау керек, дұрыс істемеген жағдайда жазаламай, ұрыспай ақырын түсіндіру керек.

  4. Қойылатын талаптар жүйелі және отбасы мүшелеріне бірдей болу керек.

  5. Баланың айқтан сөздерін, іс-әрекеттерін байланыстыру.

Мүмкіндігі шектеулі баланы жетілмеген деп кемсітіп, олардың адамдық құқығын шектейміз, оларды жеке тұлға ретінде барлық балалармен тең құқылы екенін ескеруіміз керек. Мүмкінгі шектеулі балалардың ең жақсы тәрбиесі, түзету жұмыстары-оларды күнделікті өмірге тарту. Бұл ата-ананың баланың реаблитациясына белсене қатыс отырып, жақсы қарым-қатынас арқылы жүзеге асады.

Ата-аналардың басты міндеттері мыналар: балалары үшін барлық қажеттіліктерді орындай емес, олардың дербес өмір сүруіне көмектесу. Біздің қоғамның басты міндеттері- арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде баланың мүмкіндігінің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Ата-аналар мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауы керек (әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог). Бұл мамандар ұсыныстары ата-аналарға баласын жақсы түсінуге, қарым-қатынасты жақсы орнатуға үйретеді. Қоршаған ортаға толық бейімделуіне көмектеседі. Өмірінің алғашқы айынан баланы өзі не істей алса соны өзі істеуге, ойыншықтарын өзі алуына, өзі киінуге, тамақтануға үйрету керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]