Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.74 Кб
Скачать

1.4 Дамуында ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері

Ауытқуы бар бала отбасына тәуелді. Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі- отбасы және туыстары үшін қиын ауыр сәт. Осы кезеңде баланы ары қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады. Бала кемістігін ата-аналар әртүрлі қабылдайды, жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көптеген ата-аналар отбасы материалдық шығындарының өсуімен кемтар баланы емдеу және тәрбиелеу үшін жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері проблеманы көтере алмай отбасын тастап кетеді. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар жағымсыз әдеттерге жақын үлгерімі төмен болады. Кейбір ата-аналар балаға қажеттікөңіл бөлмейді, бала өзімен өзі болады. Бұл бала кемістігінің тереңдеуіне екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Екінші бір ата-аналар баласын шексіз еркелетіп қорғаштайды, аялайды, барлығын кешіреді, қорғансыз, ерке мүгедек пайда болады, мамандар аталмыш балалардың ата-аналарымен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін отбасылық эмоциялық қарым-қатынастарын зерттеуді қажет етеді. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру жұмысы отбасынды барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, қалыпты әрі жүйелі жүргізу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі бала толық отбасында өзін жанұяда керек екенін түсінсе, бұл баланың психологиялық ахуалының жақсырауына септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде жанұя ерекше қызмет атқарады. Себебі ата-аналар баласы үшін бірінші тәрбиешісі.[10]

II бөлім. Арнайы мектеп пен отбасының жұмыстарының ынтымақтастығы.

2.1 Ауытқуы бар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу мекемелері мен отбасының арасындағы байланыс

Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.

Қалалық балалар емханасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеу-салауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.

Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады.

Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында педиатрлар бөлімі , ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т.б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.

Оқу-ағарту орындарындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді.

Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.

Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.

Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелерінің шарттары бойынша аталған көмектің 3 кезеңін бөліп қарастыруға болады:

  • Бірінші-кезең: Бұл орталық жүйке-жүйесі бұзылған балалар мен қатер тобындағы балаларға арналған мамандандырылған көмек көрсету. Бұл көмек босану мекемелерінде басталып, арнайы психоневрологиялық, әр салалалы ауруханаларда, арнайы мамандардың бақылауымен жүреді.

Бірінші кезеңде жұмыстар алғашқы кездегі медициналық көмек пен емдік-коррекциялық жұмыстар болып келеді және ол жұмыстар балалардың кемістіктерін уақытылы анықтап және мүмкін болатын кемістіктерді болжауға мүмкіндік береді.

  • Екінші кезеңде мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнайы көмектер стационарларда, шипажайларды, балабақшаларда, балалар үйінде, емханалар мен психоневрологиялық диспансерлерде кездеседі.

ОНЖ-сі ерте органикалық зақымданған балалар үшін, күн ваннасын өмірлерінің 1-ші жылында шынықтыру құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бұл олардың көбісінің ішкі ми қысымының көтерілуіне, кейді ОНЖ-нің тітіркенуі мен тартылуына бейім екендігімен байланысты болады.

Дамуында ауытқушылық бар балаларда, әдетте жылдамдық, икемділік, күш және төзімділік сияқты физикалық қасиеттер жеткіліксіз дамиды. Сондықтан олармен негізгі қозғалыс дағдыларын құратын және физикалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін арнайы жаттығулар орындаған өте маңызды. Мұндай жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, сондай-ақ ойыншықтармен және заттармен жасалатын әртүрлі әрекеттер жатады.

Дамуында ауытқушылық бар баланы тәрбиелеу оның денсаулығын қатайтумен тығыз байланыста жүреді. Ең алдымен оның ұйқысы мен тамақтану режимін бір қалыпқа келтіру қажет. Баланы анасының қолында ұйықтауға үйретпеген дұрыс. Бұны қатты қажет жағдайда ғана, мысалы ауырғанда жасауға болады. Баланы ұйықтауға күнде бір уақытта жатқызған дұрыс. Түнгі ұйқы алдында баламен қыдырған, бірқалыпты,тыныш ойындармен ойнаған пайдалы; ұйықтар алдында оны еркелетіп еліктіруге, жаңа ойыншықтар сыйлауға, жаңа кітаптар оқуға болмайды. Күнде бір ойынға ойнаған, балаға жақсы таныс әрі өзі ұнататын кітабын оқыған тиімді. Баланы ұйықтататын үлкен адам неғұрлым сабырлы болуы қажет.

Қозғалысы дұрыс емес, әсіресе ДЦП бар сәбиді түнгі ұйқысы кезінде бір жағынан екінші жағына аунатып жатқызған дұрыс. Егер бала ішімен ұйықтап жатса, оның басы бір жаққа қарай бұрылып жатуы қажет. Олай болмаған жағдайда, оны ішімен жатқызбау керек.

Егер сәби нормадан көп ұйықтаса, қобалжымаңыз, есіңізде болсын, оның нерв жүйесі өте әлсіз және демалысты қажет етеді.

Егер баланың сіңірі тартылатын болса, анасының түнгі ұйқы кезінде өте абай болғаны дұрыс; жанұя мүшесінің бірі баламен бір бөлмеде ұйықтағаны, тіпті жақсы болады.

Дамуында ауытқушылық бар кей балалар түнде оянбастан айқайлауы, кейді тіпті тұрып, бөлме ішінде жүруі мүмкін.

Егер бұл жағдай үнемі, яғни ұйықтағаннан кейін күнде бір уақытта болатын болса және сол уақытта бала сиіп қойса ата-анасы міндетті түрде дәрігерлермен ақылдасуы қажет, себебі мұндай жағдайларда арнайы ем қажет болуы мүмкін.

Ауру баланы тамақтандыру кезінде оның әртүрлі тағам түрлерін қалай сіңіретіндігіне назар аудару керек. Психомоторикалық дамуында қалыңқыраған кейбір балалардың зат алмасуы туылғаннан бұзылған болуы мүмкін, соған байланысты олар әртүрлі өнімдерді, мысалы сүт, қант, белоктық заттар, нащар игереді. Бұл жағдайлардың барлығында да дәрігерге қаралып, ол тағайындаған диетаны қатаң ұстау қажет. [7]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]