Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.74 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

I БӨЛІМ. ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕНУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1 Дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы сипаттамасы........................5 1.2 Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері...........................................................................................................6 1.3 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен міндеттері.................................................................................................................71.4 Дамуында ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері...........................................................................................................9

II БӨЛІМ. АРНАЙЫ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ.

2.1 Ауытқуы бар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу мекемелері мен отбасының арасындағы байланыс.................................11 

2.2 Дамуында ауытқуы бар балалар отбасында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған диагностикалық және түзету жұмыстары.............................................................................................................13 2.3 Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында корррекциялық тәрбиелеудің міндеті мен формасы.....................................................................17 2.4Ауытқуы бар балаларды әлеуметтендіру және әлеуметтік оңалту жұмыстары.............................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Соңғы уақытта біздің қоғамымыз дамуында кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдер мәселесіне бет бұрды. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктерімен пара-пар. Дамуында кемістігі бар бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүруі мен қалыптасу қадамы отбасында өтеді. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Педагогика тарихында отбасында тәрбиелену мәселесін Д.Дидро, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский өз зерттеулерінде қарастырған. Барлыға баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндықтар мен нормаларды меңгеретініне көңіл бөліп, байқаған.

Дамуында кемістігі бар бала отбасына тәуелді. Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі- отбасы және туыстары үшін қиын ауыр сәт. Осы кезеңде баланы ары қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады. Бала кемістігін ата-аналар әртүрлі қабылдайды, жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көптеген ата-аналар отбасы материалдық шығындарының өсуімен кемтар баланы емдеу және тәрбиелеу үшін жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері проблеманы көтере алмай отбасын тастап кетеді. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар жағымсыз әдеттерге жақын үлгерімі төмен болады. Кейбір ата-аналар балаға қажеттікөңіл бөлмейді, бала өзімен өзі болады. Бұл бала кемістігінің тереңдеуіне екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Екінші бір ата-аналар баласын шексіз еркелетіп қорғаштайды, аялайды, барлығын кешіреді, қорғансыз, ерке мүгедек пайда болады, мамандар аталмыш балалардың ата-аналарымен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін отбасылық эмоциялық қарым-қатынастарын зерттеуді қажет етеді. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру жұмысы отбасынды барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, қалыпты әрі жүйелі жүргізу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі бала толық отбасында өзін жанұяда керек екенін түсінсе, бұл баланың психологиялық ахуалының жақсырауына септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде жанұя ерекше қызмет атқарады. Себебі ата-аналар баласы үшін бірінші тәрбиешісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу объектісі: Дамуында ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні: Дамуында ауытқуы бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-ана арасындағы қарым-қатынас.

Зерттеудің болжамы: Дамуында ауытқуы бар балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнатса , әдістемелік ұсыныстар жасалса , баланы әлеуметтендірудің тиімді жолын қалыптастыруға мүмкіндік кеңейеді.

Зерттеу міндеттері:

  • Дамуында ауытқуы бар балаларға жалпы сипаттама беру;

  • Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері;

  • Дамуында ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері;

  • Дамуында ауытқуы бар балалар отбасында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізу;

  • Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

Зерттеу әдістері: Анализ,синтез,ғылымилылық ,шынайылық,теория мен тәжірибенің ара байланысы сияқты әдістер.

I бөлім. Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасында тәрбиеленуінің теориялық негізі.

1.1 Дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы сипаттамасы

Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар. [1]

Дамуында ауытқуы бар балаларда жалпы кемшіліктер сияқты өзгеше қиындықтары да болады. Ол бірінші және екінші ауытқудың ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Бірінші ауытқу тікелеу биологиялық аурудың сипаттамасынан бастау алады, ал екінші ауытқу бірінші аурудың жалғасы ретінде пайда болады, және біріншіден олар ертеректе түзету мақсатында көрсетілген көмекке жүгінеді. Л.С. Выготский тұжырымы бойынша екінші ауытқу психологиялық және педагогикалық түзету мен зертеудің негізгі объектісі болып табылады. Баланың дамуындағы кемістігінің түрлері бірінші және екінші ауытқудың ұқсастығына байланысты екенін ескерген жөн. Бұл дәлелдер Выготскийдің пікірін растайды, яғни бірінші бұзылу ауытқудың құрылымын ғана анықтамайды. Сонымен қатар жетіспеушілікті күшейтетін немесе одан арылтатын тәрбие шартын да анықтайды. Мысалы, мүмкіндігі шектеулілерде ақыл-ой бұзылуы бірінші болып табылады. Кейбір балаларда мінез-құлық дұрыс қалыптасқан және үлкендермен балалардың қарым-қатынастың қолайлығы көрінуі мүмкін, ал кейбіреулерінде мүлдем қарым-қатынасқа алмаушылық байқалады. Мысалы: эмоционалды бұзылуы бар балаларда жалпы мәселеге баланың әлеуметтік бейімделе алмауы, төмен деңгейдегі психикалық процесі қажеттілік түрткісінің қалыптаспауы моторлы дамуының жетіспеуі әрекетінің мінез-құлқының озбырлығы. Жоғарыда айтылып кеткен кешіліктер әр түрлі ауытқуы бар мектепке дейінгі балаларда әр түрлі деңгейде әр-түрлі ауытқу деңгейінде байқалуы мүмкін. Өзгеше қиындықтар бұл баланың дамуындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы. Мектепке дейінгі түзету педагогикасы әр деңгейдегі баланың білімімен тәрбиесі мен айналысады. Сонымен бірге бала үшін отбасы ең маңызды институт болып табылады. Ата-ананың әлеуметтік педагогикалық бейімділігі бала тәрбиесіндегі ата-ана қарым-қатынасы проблемасы бар баламен қарым-қатынас жасауды үйретуде мектепке дейінгі тәрбие педагогика кіреді.[3]

1.2 Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері

Психикалық процесстер мен оның қасиеттерінің бәрі де даму процессінің нәтижесінде қалыптасады. Жоғарғы психикалық қызметтің дамуы дені сау балаларда да , кемтар балаларда да отбасының әлеуметтік жағдайының , әсіресе педагогикалық ықпалдың, тәрбиенің әсерінен болады.   Сонымен қатар    жеке тұлғаның дамып , қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірегей қызмет атқарып , олар баланың алғашқы даму кезеңдерінде туа пайда болған бойындағы нәсілдік ерекшеліктеріне де түрліше әсер етеді. Өсе келе, баланың күрделі психикалық процесстері болып саналатын түйсіну ,қабылдау , зейін, есте сақтау, ойлау және сөйлеу, эмоция мен ерік, мінез, темперамент, қабілет сияқты. Жеке бас қасиеттері біртіндеп күрделене түседі. Мұндай процесстердің дамып жетілуі мен қалыптасу ерекшеліктері балалардың жасының ұлғаюына байланысты түрліше сипатта болады.    

Баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыруда оның өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, оқу-тәрбиесі  түрлі іс-әрекеттермен   шұғылдануға бейімдеп, өз   қабілеттерін жетілдіруде тұқымқуалау арқылы берілетін   биологиялық ерекшеліктермен   біріге отырып, әлеуметтік бейімделуде де шешуші рөл атқарады.

Баланың   сезімталдық   ерекшеліктерінің даму кезеңі сензитивтік кезең деп аталады. Мұндай кезеңдер баланың әртүрлі жастағы даму бағыттарында   қайталанып отыратын  оқу-тәрбие жүмыстары күрделене түсіп, оның ұғымталдығын, ойланып - толғану әрекеттерін өрістетеді. Осымен қатар , балалардың жекелеген психикалық қызметтерінің дамуы мен қалыптасуы өсу барысында бірі ерте, бірі кеш дамып, бала санасында түрліше деңгейде болады. Бала психологиясының дамуындағы мұндай заңдылық тек дені сау , қалыпты дамыған балаларда ғана емес , кемтар балаларды да оқытып,   тәрбиелеуде де маңызды орын алады.

Бала психикасының бастапқы даму кезеңінде түйсіну процессінің орны ерекше. Түйсіну - баланың дүниені танып - білудегі бейнелеу процессінің алғашқы есігі. Бұл процесс талдағыштар арқылы жүзеге асады.Осы процесстің зақымдануы, немесе кешеуілдеуі баланың писхикалық және интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізеді.

Қабылдау.  Егер түйсіну айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларының   мидағы   бейнесі болып   саналса,   ал қабылдау сол заттар мен құбылыстардың   мидағы тұтастай бейнеленуі болып табылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсінудегідей бір ғана талдағыштың қызметі емес , ол бірнеше талдағыштардың (көру , есту , дәм , иіс т.б.) өзара байланысып жұмыс атқаруымен   жасалады.Құбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде баланың бұрынғы тәжірибесінің көлемінің мәні өте зор. Өйткені , тәжірибе қабылдауға ғана әсер етіп қана қоймайды, ол баланың ойлау мен іс-әрекетін де билейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші рөл атқаратын процесс - ес. Бұл кезеңде бала есінің   дұрыс дамуы әртүрлі тітіркендіргіштерді қабылдау   мен сөйлеуіне және ойлау әрекетіне негізделіп, жалпы даму қарқынын күрделендіре түседі.

Мектеп жасындағы балалар санасының дамып жетілуінде жетекші процесс - ойлану әрекеті. Ойлану әрекетінің бұл кезеңде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық процесстерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады.

Жалпы психологиялық процесстердің дамуы мен өзара ықпал етуі нәтижесінде бала психикасының жаңа сапалары қалыптасады. Егер тәрбиелеу, оқыту, бейімдеу жүмыстары баланың үғымталдық кезеңіне сай жүргізілетін болса, оның нәтижелері барынша жемісті болады. Ал кемтар балалардың ақыл-ойын жетілдіру үшін олардың бойындағы барлық мүмкіндіктерін оятып, жұмылдыру қажет. Осы бағытта тиісті арнайы шараларды қолданып, оның ішінде көрнекі құралдарды, арнайы әдістерді пайдалана отырып, түрлі іс-әрекеттерді сапалы орындауға бағыттау керек. Осы әдістерді қолдану нәтижесінде кемтар балалардың ақыл-ойы өрістеп, тәжірибелік іскерліктері артады, жүре келе еңбектің жеңіл түрлерін де меңгеретін болады, сонымен қатар олар сөйлеу және ойлау процесстері   де қалыптаса бастайды. [5]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]