Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис Солтустик Америка.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334 Кб
Скачать
☆

Табиғатының қалыптасуындағы негізгі кезендер

Құрлықтың қазіргі орнында кембрийге дейінгі кезең соңында үш көлемді платформа: Еуропа, Сібір және Қытай орналасқан.

Ал, онан ертерек оңтүстікте суперлатформа Гондвана қалыптасты. Платформалар аралығында геосинклинальдық белдеулер орналасқан. Солтүстікте аталған үш платформалар оңтүстігінде Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеу созылып жатты. Ол оңтүстік-шығысқа қарай созылып, солтүстік платформаларды Гондванадан бөліп тұрды.

Бұған солтүстік платформаларды бір-бірінен бөліп тұрған Орал-Тянь-Шань, Монғол-Охота және Каледон геосинклинальдық белдеулері солтүстіктен қосылып жатты. Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуі онтүстік-шығыста меридиан бағытта созылып жатқан батыс Тынық мұхит геосинклинальдық белдеуімен жалғасты.

Палеозойдың алғашқы жартысы Еуразия құрлығының қалыптасуына елеулі әсер етті, құрлық көлемін геосинклинальдық белдеулер есебімен едәуір ұлғайтты.

Сібір платформасы оңтістігінде Байкал қатпарлығы жүрді. Еуропа мен Солтүстік Америка платформаларын біріктірген Каледон геосинклиналы құрлыққа айналды. Соның нәтижесінде Солтүстік Атлант материгі пайда болды. Қатпарлану сондай-ақ Монғол-Охота геосинклиналінің орнында да түзілді. Сібір платформасы мен жаңадан пайда болған тау жүйелерін қамтыған Антарктида материгі пайда болды.

Каледон қатпарлығында басқа геосинклинальды белдеулер өзгеріске ұшырамады. Еуразия құрлығының қалыптасуына герцин қатпарлығы ерекше әсер етті. Қатпарлану нәтижесінде Орал-Тянь-Шань, Монғол-Охота және Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеулерінің едәуір бөліктері таулы құрлыққа айналды. Пиреней, Альпі, Карпат, Кавказ тау жүйелері көтерілді. Герцин қатпарлану нәтижесінде Лавразия материгі пайда болды.

Пермь дәуірінің аяғында Лавразияның оңтүстігіндегі Гондвана ыдырай бастады. Үнді мұхиты қазаншұңқыры қалыптаса бастады.

Юра дәуірінің аяғында Еуразия дербес құрлық ретінде қалыптасты. Бор дәуірінде тау жасалу үрдісі Жерорта теңіздік геосинклинальды белдеудің шығыс бөлігін және Монғол-Охота геосинклинальды белдеуін толық қамтыды, нәтижесінде ол құрлыққа айналып өз тарихын аяқтады.

Батыс Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуінде айтарлықтай қозғалыстар жүрді. Ол құрлықтың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-щығысында құрлықтың түзілуіне әсер етті.

Бүкіл мезозой бойы ежелгі Қытай платформасының біртұтастығы бұзылды, ол бірнеше бөліктерге бөлінеді.

Атлант мұхитының солтүстік бөлігі орнындағы Лавразия да екіге бөлінуге негіз салына бастады. Оңтүстіктегі Гондванадан Африка-Аравия, Үндістан және Аустралия платформалары бөлінді. Бор діуірінің екінші жартысында Еуропа платформасының батысы мен оңтүстігінде трансгрессия байқалды. Аталған дәуірде құрлық органикалық дүниесінің, әсәресе флорасы құрамында маңызды өзгерістер болды.

Құрлық соңғы пішінінің түзілуі, оның жер бедерінің қалыптасуы мен органикалық дүниесінің дамуы кайназой дәуірінде болды. Кайназойдың басында құрлықтың солтүстік бөлігінің көп бөлігі тұтасқан құрлық болды. Ол соңғы тау жасалу үрдістерінен соң өзгерген ежелгі плптформалар ядроларынан тұрды.

Құрлықтың шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы ежелгі құрылымдарға мезозой тау ғимараттары жалғасты. Құрлық климаты мен органикалық дүниесі Жерортатеңіздік геосинклинальдық белдеудің солтүстік бөлігінде мезозойдың аяғынан гөрі өзгеше болды. Геосинклинальды белдеудің оңтүстігінде климат ыстық, ылғалды болып келсе, солтүстігінде – қоңыржай қоңыржай жылы және ылғалды болды. Осыған байланысты құрлықтағы қазір кездесетін жабық тұқымды өсімдіктер флорасы қалыптасты. Құрлықтың бұл уақытта қалыптаса бастаған фаунасы негізінен сүтқоректілерден тұрды. Құрлықтың бұл флорасы мен фаунасы қазіргі Голарктика флорасы мен фаунасына ұласты.

Неоген дәуіріндегі тектоникалық әрекеттер нәтижесінде Альпі-Гималай және Батыс Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеулер шегінде көтерілген тау жоталары есебінен құрлық көлемі едәуір үлкейді. Зонд архипелагы материкпен жалғасқан құрлық бөлігін құрады. Балқан түбегі Кіші Азиямен бірікті. Еуропа қазіргі Гибралтар айдынында Африкамен жалғасты.

Неогеннің екінші жартысында құрлықтың оңтүстік бөлігінде пальма, папоротник, лавр, мәңгі жасыл еменнен, тропиктік қарағайдан және т.б. ағаш тұқымдастардан тұратын тропиктік және субтропиктік Полтава флорасы қалыптасты. Ал, құрлықтың солтүстік бөлігінде жылы және ылғалды қоңыржай климаттық Торғай флорасы қалыптасты. Онан кейін климаттың біртіндеп салқындауы нәтижесінде Полтава флорасы жойылып, оның орнын Торғай флорасы басты. Климаттың одан әрі салқындауына байланысты Торғай флорасын да солтүстіктен басталған қылқан жапырақты флора ығыстырды. Құрлықтың қиыр солтүстік–шығысында Арктикалық флора орталығы пайда болды.

Бүкіл неоген бойы құрлық геосинклинальды облыстарында тау құрылу одан әрі дамыды, ол Жерортатеңіздік геосинклинальдың жайылуына және құрлықтың оңтүстік бөлігінде тау жоталарының біржола қалыптасуына әсер етті. Кең тау аралық ойыстар қалыптаса бастады.

Неогеннің аяғы мен антропогеннің басында Альпі-Гималай қатпарлығының шегінде тау жоталары көтерілуге ұшырады. Тектоникалық жандану күшті болды. Гималай, Тибет, Қарақорым және олармен іргелес жатқан герциндік қатпарлықтары – Құлынды, Тянь-Шань және т.б. тау жоталарының пайда болуына әкелді.

Батыста Альпі, Карпат, Апенин, Андалуз таулары көтерілді. Скандинавия таулары әжептәуір көтерілуге ұшырады.

Атлантиканың солтүстік бөлігімен Солтүстік Мұзды мұхиттың іргелес аудандарын басқан су деңгейінің төмендеуі құрлықты Солтүстік Америкадан біржола бөлді және Шпицберген архипелагы құрлықтан оқшауланды. Антропоген басында Британ аралдары құрлықтан бөлінді, Гибралтар бұғазы пайда болды. Жерорта теңіздегі Эгей теңізі орнында су деңгейінің төмендеуі байқалды.

Балқан түбегі мен Кіші Азияны қосқан құрлық бөлшектенді, Эгей және Қара теңіздері аралығында бұғаз, Мрамор теңізі қазан шұңқыры пайда болды. Құрлықтың оңтүстік-шығысында Аустралиямен біріктіріп тұрған құрлық бөлшектеніп, Зонд архипелагы пайда болды.

Сондай-ақ неогеннің аяғында Африка-Аравия платформасында тектоникалық жарылыстар жүріп, Аравия Африкадан бөлініп, Қызыл теңіз қалыптасты. Неотектоникалық үрдістерге байланысты құрлық жер бедері мен пішініндегі өзгерістер климатқа да әсер етті. Құрлықтың бүкіл солтүстігі біртіндеп салқындай бастады. Салқындау жылы сүйгіш флора мен фаунаның жойылуына арктикалық түрлердің біртіндеп енуі және құрлықтың ішкі аудандарында аридті кеңістіктердің кеңеюіне әсер етті. Соңғы тектоникалық үрдістер нәтижесінде құрлықтың шығыс және оңтүстік бөліктерінде көтерілген тау жоталары Еуразияның ішкі аймақтарына Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін ылғалды ауа жолдарын бөгеді.

Құрлықтың ішкі аймақтары (Орта және Орталық Азияда) аридті жағдайға сай органикалық дүние қалыптаса бастады. Құрлықтың тек қиыр оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы климаттық жағдай палеозойдың соңынан бері елеулі өзгеріске ұшырамады. Климаттың одан әрі салқындауы құрлықтың солтүстік бөлігінде мұз жамылғысының таралуы мен тауларды мұз басуына әкелді.

Максимальды мұз басу кезінде мұздықтар екі орталықтан Скандинавия түбегі мен Британ аралдарынан таралған. Мұз Еуропаның бүкіл солтүстігінен Орта Еуропа таулары мен Карпаттың етегіне дейін қамтыды. Оның солтүстік шекарасы Рейн өзенінің төменгі ағысынан Британ аралдарының оңтүстік бөлігіне, Темза өзенінің төменгі ағысына дейін жетті. Мұз басу шекарасы жер бедері жақсы сақталған. Мұз басу кезінде дүние жүзілік мұхит деңгейі төмендеп, құрлық кеңейді. Соған байланысты Британ аралдары құрлықпен бірнеше рет жалғасты. Құрлық солтүстігіндегі материктік қайран бірнеше рет судан арылды, Беринг бұғазы орнында Еуразия мен Солтүстік Америка арасында көпір пайда болып, бұл көпір арқылы екі құрлық арасында жануарлар алмасты.

Мұз басудан кейін дүние жүзілік мұхит деңгейі көтеріліп, құрлық пішіні өзгерді. Құрлықтың солтүстігі мен батысында трансгрессия өтті және Солтүстік Мұзды мұхиттар жағалауларында теңіздер пайда болды. Құрлық солтүстік-шығыста Солтүстік Америка мен оңтүстік-шығыста Аустралиямен құрлық арқылы байланысы жойылды. Мұз басудан кейінгі климаттың жылынуы құрлық флорасы мен фаунасына да әсер етті.