- •Дәріс № 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті. Материктер мен мұхиттардың физ географиялық аудандастырылуы.
- •Дәріс № 2 Дүние жүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Тынық мұхиты
- •Атлант мұхиты
- •Солтүстік мұзды мұхит
- •Құрлық жағалауындағы мұхаттарға шолу
- •Табиғатының қалыптасуындағы негізгі кезендер
- •Климаты
- •Еуразияның табиғат зоналары
- •Арктикалық және субарктикалық белдеулер
- •Қоңыржай белдеу
- •Биіктік белдеулер
Солтүстік мұзды мұхит
Географиялық орны, шекарасы, көлемі. Географиялық әдебиеттерде, Евразия мен Солтүстік Американың арасында тұтастай полярлық белдеуде орналасқан бұл мұхиттың әртүрлі аттары кездеседі – Солтүстік полярлық теңіз, Солтүстік Мұзды мұхит, Полярлық бассейн.Ұзақ уақыт бойы оны Атлант мұхиты теңіздерінің бірі деп қарастырып келген. Ең бірінші рет жеке мұхит ретінде оны 1650 жылы голланд географы Б. Варениус Гиперборай мұхиты деген атпен атады. Лондон географиялық қоғамы оны Солтүстік Мұзды мұхит деп атады. Ал СССР-де бұл ат 1935 жылдың 27 маусымында Орталық комитеттің қаулысымен қабылданды. Солтүстік Мұзды мұхиттың Атлант мұхитымен шекарасы Гудзон бұғазының шығыс шеті бойынша Чидли мүйісінен Баффин жеріне дейін, Дейвис бұғазы арқылы Уолсингем мүйісінен Бурнил мүйісіне дейін, Дат бұғазы арқылы Нансен мүйісінен (Гренландия) Стреймнес мүйісіне (Исландия) дейін, одан ары қарай – Фарер және Шотланд аралдары арқылы Стад мүйісіне дейін (Норвегия) өтеді. Тынық мұхитпен шекарасы Беринг бұғазы арқылы Дежнев мүйісінен Диомид аралдары арқылы Принц Уэльс мүйісіне дейін өтеді. Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішінде ең кішкентайы, ауданы 13,1 млн. км2, яғни Әлемдік мұхиттың барлық ауданының 4 % алады. Ауданы бойынша ол Тынық мұхит ауданынан 13,5 есе кіші, Атлант мұхитынан 7 есе кіші және Үнді мұхитынан 6 есе кіші.
Жағалаулары, теңіздері, аралдары. Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауы өте қатты тілімденген, мұнда көптеген теңіздер мен шығанақтар бар. Жағалаулардың түрлері әртүрлі болып келеді. Скандинав түбегінің, Исландияның, Гренландияның, Канадалық Арктикалық архипелагтың кейбір аралдарының жағалаулары фьордтық түрде болады, олар биік және тік жартасты болып келеді.Ақ, Баренц және Карск теңіздерінің жағалаулары кей жерлерінде абразионды түрде болады, олар биік және кішкентай шығанақтары бар, ал басқа жерлері төмен, тегіс, атыраулық болып келеді. Лаптев, Новосибирск, Чукот теңіздерінің аудандарында жағалаулар күрделі болып келген, кейбір жерлерінде олар тегіс және атыраулық болып келген, ал басқа жерлері жіңішке тайыз шығанақ болып келген. Жағалаудың соңғы түрі Беринг бұғазынан басталып Канадалық Арктикалық архипелагқа дейін барады. Архипелаг маңында жағалаулар тегіс болып келеді, бірақ та олар төмен немесе биік жартасты болып келеді. Физикалық-географиялық ерекшеліктері бойынша Солтүстік Мұзды мұхит екі бассейнге бөлінеді: Арктикалық және Солтүстік Европалық. Арктикалық бассейнге Солтүстік Мұзды мұхит және оның теңіздері – Карск, Лаптев, Шығыс-Сібір, Чукот, Бофорт, Баффин, Гудзон шығанағы және Канадалық Арктикалық архипелагтың бұғаздары жатады.Солтүстік-Европалық бассейнге Гренланд, Норвегия, Баренц және Белое теңіздері жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздерінің көбі материктік қайраңда орналасқан. Мұхит аралдарға өте бай, олардың барлығы материкте пайда болған және материктік қайраңда орналасқан. Аралдарының саны бойынша Солтүстік Мұзды мұхит тек қана Тынық мұхитқа жол береді. Олардың жалпы ауданы 4 млн км2. Ірі аралдары және архипелагтары – Гренландия, Канадалық Арктикалық архипелаг, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Ново-Сібір аралдары, Врангель және басқалары. Атлант мұхитымен шекарасында Исландия аралы орналасқан.
Геологиялық құрылысы және түбінің жер бедері. Солтүстік Мұзды мұхиттың түбі үшін қайраңның кең дамуы (жалпы ауданның 50,3 %) және материктердің су асты жиектері тән. Оның айдынының 40 % тереңдігі 200 метрдей және орташа тереңдігі (1225 м) бойынша мұхит соңғы орынды алады. Ары қарай, Әлемдік мұхиттың басқа бөліктерімен салыстырғанда, Солтүстік Мұзды мұхиттың түбінің жер бедері тегіс емес және күрделі болып келген.
Климаты. Солтүстік Мұзды мұхиттың полярлық белдеуде географиялық орналасуы оның климаттық жағдайларын қалыптастырады. Мұз жамылғысы бүкіл жыл бойына сақталады, бірақ та ол тыныш күйде болмайды. Мұз жамылғысының ылғи да болуы ауа райының өте қатал болуын тудырады және күн радиациясының әсерін төмендетеді. Қыс мұнда 6,5 айға созылады, осы кезде мұхит үстінде орнықты жоғары қысым орталығы орналасады, оның орталығы Гренландияға қарай кішкене ауысқан. Суық құрғақ арктикалық ауа оңтүстікке қарай тарала отырып, Евразия мен Солтүстік Американың түкпіріне қарай енеді және субтропикалық белдеуге жетеді. Осы уақытта ауаның орташа температурасы әр түрлі аудандарда 40-50 % бұлттылық кезінде + 3° пен - 40° шамасы арасында өзгеріп отырады. Суық түсе бастаған кезден бастап мұхитта теңіз мұзы пайда болады. Жазда, температураның көтерілуіне байланысты, мұхит үстінде төменгі қысым орталығы қалыптасады, циклональды жағдайлар пайда болады. Мұхит үстінде қалыптасатын циклондардан басқа, мұнда көбінесе күзде сырттан басқа циклондар келеді. Олар мұхитқа барлық жағынан енеді, әсіресе Баренц теңізі жағынан көп келеді.Осындай жағдай тұрақты емес жел режиміне әкеледі. Бірақ та 15 м/сек. болатын қатты желдер сирек болады. Желдің орташа жылдамдығы 4-6 м/сек деңгейінде болады. Солтүстік Мұзды мұхитта жазғы температура 0°, +10° шамасында болады, осы уақытта бұлттылық 90-95 %. Мұхиттың орталық бөлігінде мұз жазғы уақытта да сақталады. Атмосфералық жауын-шашын негізінен қар түрінде жауады. Жаңбыр сирек жауады, көбінесе жаз кезінде және қар араласа жауады. 4-5 тәулікке дейін созылатын тұмандар көп болады. Арктикалық бассейнде жауын-шашын мөлшері жылына 75-250 мм болады, ал Солтүстік Европалықта кішкене көбірек. Қардың қалыңдығы көп емес, ал жаз кезінде кейбір жерлерде толық ериді. Солтүстік Мұзды мұхит шегінде екі климаттың түрін көруге болады: арктикалық теңіздік (орталық акватория) және арктикалық континентальды (Евразия мен Солтүстік Американың жағалаулары).
Ағыстары. Мұз жамылғысы мұхит суының бетін атфосфераның әсерінен қорғайды. Сондықтан, беткі ағыстардың пайда болу себептері климаттық емес, негізінен гидрологиялық болып келеді. Солтүстік Мұзды мұхиттың су балансының элементтері: 1) Атлант мұхитынан келетін сулар, 2) Тынық мұхиттан келетін сулар, 3) материктердің ағыны, 4) атмосфералық жауын-шашындар. Бір көзден түсетін су шамамен 200 мың км3, ал басқалары бойынша – жылына 300 мың км3. Мұхит суының балансы Атлантиканың солтүстік-шығыс бөлігіне баратын ағын есебінен және Канадалық арктикалық архипелаг бұғазы арқылы өтетін ағын есебінен, сонымен бірге буланумен теңеседі. Солтүстік Мұзды мұхитқа түсетін судың негізгі массасын Атлантикадан Солтүстік Атлант жылы ағысы (атмосфераға жылудың 70 % артық береді) жеткізеді. Норвегия жағалауында бұл ағыс Норвегия деп аталады, оның жылдамдығы тәулігіне 9-10 км. 14° бойлықта ол екі тармаққа бөлінеді – Батыс-Шпицберген және өте қуатты Нордкап. Соңғысы Кольск түбегінде Мурманск деп аталады және Баренц теңізінің оңтүстік бөлігін кесіп өтеді де, Батыс-Жаңа жерге ауысады, ал Кар теңізінің солтүстік бөлігінде бәсеңдейді. Чукот және Шығыс-Сібір қайраңдары ауданында Трансарктикалық суық ағыс пайда болады. Ол мұхитты кең бөлікпен кесіп өтіп, солтүстік полюсті қамтып өтеді де Гренландияға қарай бағыт алады. Бұл ағыс мұздардың, оларда орналасқан полярлық станциялармен бірге, жылжуының жалпы бағытын қамтамасыз ететін механизм болып табылады. Гренландияның солтүстік жағалауында судың негізгі массасы Гренландия мен Шпицберген арасы арқылы Атлантикаға кіреді. Гренландия маңында бұл ағынның жалғасы қуатты және тез ағынды Шығыс-Гренландия ағысы болып саналады. Солтүстік Мұзды мұхит суының бір бөлігі Канадалық арктикалық архипелаг (Канада ағысы) бұғазы арқылы Баффин теңізіне құйылады. Мұнда Шығыс-Гренландия ағысымен қосылып өзінің суын Атлантикаға апаратын Лабрадор ағысын түзеді. Солтүстік Мұзды мұхитта жергілікті су айналымдары болады – Гудзон шығанағында, Аляска және Трансарктика ағыстары арасында, Баренц теңізінде (Солтүстік-Атлант ағысының тармағы), Қызыл теңізде (Шығыс-Жаңа жер және Ямал ағыстары).
Органикалық дүниесі. Қатал климаттық жағдайлар осы мұхитқа тән көптеген белгілерін анықтайды, олар – өсімдіктер мен жануарлардың түрлік құрамының, биомасса және өнімділік бойынша органикалық дүниенің кедей болып келуі. Бірақ та Солтүстік Мұзды мұхит органикалық дүниесінің өзіндік сипаттарымен ерекшелінеді. Оған кейбір түрлердің алып болып келуі тән. Мұнда Әлемдік мұхиттың ең ірі мидиялары тіршілік етеді, олардың кәсіптік маңызы бар, сонымен бірге ең үлкен медуза – циания (ені – 2 метр, ұзындығы 20 метр) тіршілік етеді. Кар теңізінде алып жеке жүретін коралл – теңіз өрмекшісі белгілі. Тағы бір қызықты белгісін атап көрсетуге болады – тірі ағзаларда өмір сүру процестері өте баяу өтеді және олардың ұзақ өмір сүруі. Мысалы, мидиялар Баренц теңізінде 25 жылға дейін өмір сүреді (ал Қара теңізде – алты жылдай ғана). Кейбір кәсіптік балықтар ұзақ өмір сүрушілер болып табылады. Мысалы, треска 20 жылға дейін, палтус – 30-40 жылға дейін өмір сүреді және т.б. Фитопланктонның 200 түрі бар, олардың ішінде жартысы - әртүрлі диатомеялар. Олардың жалпы саны шығысқа қарай көбейеді. Диатомеялар барлық жерде таралған, кейде мұхиттың бетінде де кездеседі. Биомассаның негізгі бөлігін диатомдық флора құрайды, Баренц теңізінде 79 %, ал Арктикалық бассейнде 98 % жетеді. Диатомдық балдырлардың басым болуы мұхиттың терең бөлігінде де байқалады, 53 түрден олардың үлесіне 40 тиеді. Зоопланктон да мұхитта кедей. Оның таралуы бассейннің климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Баренц және Кар теңіздерінде 150-175 түрлері бар, Шығыс-Сібір теңізінде – 80-90, ал Арктикалық бассейнде – 80 шамасында. Шаяндар, қарапайымдылар, ішекқуыстылар және т.б. басым болады. Чукот теңізінің зоопланктонында Беринг бұғазы арқылы өткен Тынық мұхит түрлерінің бар болуы байқалады.Зообентос мұхитта біркелкі таралмаған. Оларға Баренц, Ақ, Норвегия теңіздері бай, онда 1500-ден 1800-ге дейін түрлері бар, ал орташа биомасса 350/м2 болады. Шығысқа қарай қозғалғанда бұл көрсеткіш тез төмендейді. Мысалы, Лаптев теңізінде бұл көрсеткіш 2-3 есе төмендейді. Арктикалық бассейннің Орталық бөлігі түбінің фаунасы өте кедей болады. Нектон. Мұхитта балықтардың 150 астам түрі бар, олардың ішінде кәсіптік маңызы барлар – сельдь, треска, лосось, скорпен, камбала. Сельдь және скорпен семьялары тек бір түрмен берілген (сәйкесінше мұхиттық сельдь және теңіздік алабұға), бірақ тек осы түрлер арктикалық сулардағы кәсіптік балық аулаудың негізін құрайды. Балықтардың көптеген түрлерінің (сайда, больдюга) кәсіптік маңызы жоқ, бірақ та олар теңіздегі сүтқоректілер үшін негізгі қорек болып табылады. Солтүстік Мұзды мұхит үшін криофильді жануарлар тән – киттер (гренландиялық және ала), белуха, морж, ит балық (гренландиялық, нерпа, теңіз қояны) және ақ аюлар. Көптеген аралдардың жағалауларында құстар кең таралған. Теңіз құстары – кайра, гагарка және басқалары.
Мұхитты физикалық географиялық аудандастыру. Солтүстік Мұзды мұхит үшін кеңістіктік біркелкі еместік тән. Зерттеушілер мұнда бірнеше физикалық-географиялық облысты бөліп көрсеткен. Олар осы аймақты субполярлық және полярлық белдеуге бөлу табиғи ерекшеліктерін толық көрсетпейді деп санайды.
1. Солтүстік-Европалық облысқа Норвегия және Гренландия теңіздері жатады. Жайлы климаттық және гидрологиялық жағдайлары бар. Бұл Әлемдік мұхиттың негізгі кәсіптік аудандарының бірі.
2. Арктикалық бассейннің Атлантика маңындағы облысы. Бұған Баренц, Ақ және Кар теңіздері жатады. Алдыңғы облысқа ұқсас көптеген белгілері бар.
3. Сібір-Аляска облысы. Ол үшін қатал климаттық және гидрологиялық жағдайлар тән, ал бұл флора мен фаунаның кедейленуіне әкеледі. Органикалық дүние үшін Тынық мұхиттың әсері тән.
4. Орталықарктикалық облыс. Негізгі ерекшеліктері - жыл бойы жататын мұз қабатын түзетін қатал климаттық жағдай және органикалық дүниесінің кедейлігі.
5.Канадалық-Батысгренландиялық облыс (Канадалық Арктикалық архипелагтың бұғаздары, Гудзон шығанағы). Бұл қатал Арктикалық бассейннен солтүстік Атлантикаға ауысатын аймақ.
Дәріс № 3-4. Еуразия. Жалпы шолу
Еуразия - жер шарындағы ең үлкен құрлық. Құрлықтың зор көлемді болуы оның табиғи жағдайларының өте күрделілігі мен алуан түрлілігіне зор ықпал етеді. Құрлық ауданы - 53,44 млн.км2 Барлық құалықтың 3/1 алып жатыр.
Оның жағалауын төрт мұхит суы - Тынық, Атлант, Үнді және Солтүтік Мұзды мұхит сулары шайып жатыр. Құрлықтың шеткі нүктелері:
Солтүстігінде - Челюскин мүйісі
Оңтүстігінде -Пиай мүйісі
Шығысында - Дежнев мүйісі
Батысында - Рока мүйісі
Құрлық солтүстіктен оңтүстікке 8 000, батыстан шығысқа 16 000 шақырымға созылып, екі дүние бөлігінен тұрады.
Құлықты дүние бөлігіне бөлу физикалық географиялық емес тарихи негізге сүйенген. Құрлық атауының Еуразия аталуы оның екі дүние бөлігіне бөлінуімен байланысты.
Құрлықты қоршап жатқан мұхиттар мен теңіздер оның жағалауын тілімдейді, әсіресе батысы мен оңтүстігі көбірек тілімденген. Құрлық жағалауын бірнеше аралдар тобы мен жекелеген аралдар қоршап жатыр. Пішіні шығысқа қарай кеңейеді және сонымен бірге оның жер беті сипаты да өзгереді. Құрлықтың бүкіл оңтүтік бөлігімен Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін созылып жатқан тау жоталары батыстан шығысқа қарай биіктеп, Гималай Тибет таулы қыратында жер шарындағы ең биік тау жүйесіне ұласады. Құрлықтағы тау жүйелерінің орналасуы батысы мен оңтүстігінде ендік бағытта, ал орталық пен шығысында меридиан бағытымен алмасады. Бұл құрлықты батысы мен солтүстігінен қоршап жатқан Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхиттарының әсеріне кедергі келтірмесе, керісінше оңтүстігі мен шығысындағы Үнді мен Тынық мұхиттары ықпалын кемітеді.
