Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис Солтустик Америка.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334 Кб
Скачать
☆

Құрлық жағалауындағы мұхаттарға шолу

Еуразия - жер шарындағы жағалауын төрт мұхит суы шайып жатқан бірден-бір құрлық. Оны батысы мен оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен оның теңіздері қоршап жатыр. Олар Солтүстік және Ирландия теңіздері, Жерорта, Балтық, теңіздері. Материктік қайранда Британ аралдары орналасқан. Тар Гибралтар бұғазы Атлант мұхитын Жерорта теңізімен жалғастырады. Гренландия мен Скандинавияның солтүстік-батыс жағалауының арасындағы тереңдігі 600 метрден аспайтын су асты шоңғалы Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхитарды бөліп тұр. Солтүстік Мұзды мұхиттың тарең Норвегия және тайыз Баренц теңіздері аралығында Еуропадағы ең ірі Скандинавия түбегі жатыр. Құрлықтың Солтүстік Мұзды мұхит жағындағы материктік қайранда бірнеше шеткі теңіздер орналасқан. Сондай-ақ бұл бөлікте құрлықтық аралдар тобы Шпицберген, Франц Иосиф жері және т.б. орналасқан. Құрлық батыс бөлігі табиғатының қалыптасуына Атлант мұхитының солтүстік бөлігі мен Солтүстік Мұзды мұхиттың оңтүстік батыс бөлігіндегі жылы ағыстардың маңызы зор. Бұл ағыстардың бастауы Мексика щығанағынан шығатын Гольфстрим жылы ағысы болып табылады. Гольфстрим ашық мұхитта 400с.е. маңында бірнеше тармақтарға бөлінеді, екі тармағы оңтүстік жіне оңтүстік-шығысқа бұрылады, ал ең күштісі Солтүстік Атлант ағысы солтүстік-шығысқа бағытталып, Еуропа жағаларына жетеді.

Солтүстік Атлант ағысы 500с.е. маңында өз кезеңінде үш тармаққа бөлінеді, оңтүстігі Бискай шығанағына қарай кетеді, солтүстігі Исландияның оңтүстік және батыс жағаларына (Ирмингер ағысы) бағытталады, ал негізгі орта тармағы әрі солтүстік-шығысқа қарай Британия аралдары мен Скандинавия түбегіне жетіп, Норвегия ағысы деп аталады. Қыста суының температурасы, бетінде бетінде -70С-тан +80С-қа дейін, жазда 110С-тан 130С-қа дейін, ал мұхиттың батыс бөлігіндегі сол ендіктерден орташа температурасы 100С жоғары.

Норвегия ағысы солтүстік поляр шеңбері маңында Шпицберген және Нордкап тармақтарына бөлінеді. Шпицберген біршама тұздырақ, су тығыздылығы жоғары болғандықтан Шпицберген аралы жағалауымен тереңдей ағады. Ал Нордкап Құрлықты бойлап Баренц теңізіне жетеді де, соған байланысты Скандинавияның солтүстік-батыс жағалауында қыста су беті температурасы +50С-тан +102С-қа дейін жетеді.

Жылы мұхит үстінде қалыптасқан ауа қыста жоғары температура мен мол ылғалға ие болады да, солтүстік Еуропа жағалауларында теңіздер суы қатпайды. Атлант мұхитынан келетін жылы ағыс Баренц теңізінен аяқталады.

Солтүстік Мұзды мұхит суы қалған бөлігі температуралық режимі оның поляр маңындағы орнымен және Атлант, Тынық мұхитынан келетін су асты шоңғалдарымен бөлінетіндігімен ерекшеленеді. Оның үстінде жыл бойы салқын ауа қалыптасады, ол өз қасиеті жөнінен арктикалық континентті ауадан аз ерекшеленеді.

Құрлықтың шығыс жағалауын көлемі дүние жүзілік мұхит ауданының жартысын алып жатқан Тынық мұхит суы шайып жатыр. Құрлықтың бұл бөлігі жағалауы ерекше тілімденумен және аралдарының көптігімен ерекшеленеді.

Аралдар мен түбектер субмеридианды тізбекке топталып, шеткі теңіздерді мұхиттан бөліп тұр.

Камчатка түбегі мен Курил аралдары Охот теңізін, Жапон аралдары мен Корея түбегі Жапон теңізін оқшаулайды. Сары және Шығыс Қытай теңіздері материктік қайранда орналасқан.

Құрлықтың Тынық мұхиттық бөлігі геосинклинальдық құрылымға ие. Геосинклинальдық белдеуге мұхит түбінің күрделі рельефі тән, яғни тереңдігі 6000 метрден астам мұхиттық ойыстардан тұрады.

Тынық мұхиты ағыстары жүйесі құрлық шығыс бөлігі климатын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Екі жарты шарда да пассат ағыстары ағып жатыр. Олардың арасымен қарсы бағытқа (батыстан шығысқа) қарай Экваторлық қарсы ағыс өтеді. Солтүстік Пассат ағысы Филиппин аралдары маңында тармақталады. Бір тармақ Зонд аралдары жағалауына қарай бағытталса, екіншісі оңтүстік шығысқа бұрылып, Экваторлық қарсы ағысқа қосылады. ең күшті тармағы солтүстік-батысқа, кейін солтүстік-шығысқа бұрылып, Куросио жылы ағысын түзеді. Куросио Кусю аралы маңында Цусима тармағы Жапон теңізіне кіреді, екіншісі ашық мұхитқа шығып, Жапон аралдарының оңтүстік-шығыс жағалауын бойлап, 400с.е. дейін барады.

Куросионың солтүстік шығыс жағасын Куросио дрейфі деп, одан соң Солтүстік Тынык мүхиттык ағыс ден атайды. Ол Солтүстік Америка жағалауларына дейін жетеді. Куросио жазда муссон желдерімен күшейгенде, өте айқын көрінеді.

Салқын Курил ағысы Беринг теңізінен басталады да Камчатка онан сон Курил деген атпен оңтүстікке қарай бағыт алады. Ол қыста Охот тенізінен келетін салқын сулармен күшейеді. Бүл ағыс құрлықтың солтүстік-шығыс жағалауы климатына елеулі әсерін тигізеді, әсіресе жазғы температураны төмендетеді.

Тынық мұхиты суы температурасы солтүстік жарты шардағы бір ендік бойында жаткан баска мұхиттар суы температурасынан жоғары болуымен ерекшеленеді. Бұл оның тропиктік белдеу шегінде кенеюімен және Беринг бұғазындағы шоңғал әсерінен Солтүстік Мұзды мұхитпен су алмасуының кемдігімен түсіндіріледі. Жалпы Тынык мұхитының бүкіл солтүстік бөлігі акваториясында орташа жылдық температура +200 С-тан жоғары. Тынық мұхиты мұхит дауылдары немесе тайфундар ден аталатын тропиктік циклондар ауданы.

Тайфун (қытайша тайфын-үлкен жел). Тынық мұхиттың онтүстік-шығыс Азияға жакын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын тропиктік циклон. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады, таудай толкын көтеріліп, теңіз жағалауын басады да, зор апатка ұшыратады. Тайфун кезінде жел күші сұрапыл болады да, күшті нөсер жаңбыр жауады.

Тайфуннан әсіресе Филиппин мен Жапон аралдары көп зардап шегеді. Кейде апатты дауыл Киыр шығыстың оңтүстігіне дейін жетеді.

Құрлықтың оңтүстік бөлігін Үнді мұхиты суы шайын жатыр, оңың көп бөлігі мұхит типтегі жер кыртысынан тұратын ежелгі ойысты кұрайды. Үнді мұхитының барлық теңіздері мен шығанақтары оның солтүстік бөлігінде құрлық жағаларында жатыр. Материктік кайраң алабы 100 шакырымнан аспайды. Мұхиттың ауданы үлкен теңізі Араб теңізі. Ол солтүстік-батыста Оман шығанағы арқылы Парсы шығанағымен, ал оңтүстік-батыста Аден шығанағы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады.

Солтүстік-шығыста Бенгаль шығанағы орналасқан. Үнді мұхиты құрлық жағалауларын шайып жатқан баска мұхиттарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұхит суы қатты қызады, оның Еуразия құрлығы жағалауындағы суы температурасы +270 С,+290 С. Оның солтүстік теңіздері жер шарындағы ең жылы теңіздер болып саналады.

Үнді мұхитының беткі ағыстары муссон желдеріне байланысты және маусымдық сипатта.