- •Дәріс № 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті. Материктер мен мұхиттардың физ географиялық аудандастырылуы.
- •Дәріс № 2 Дүние жүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Тынық мұхиты
- •Атлант мұхиты
- •Солтүстік мұзды мұхит
- •Құрлық жағалауындағы мұхаттарға шолу
- •Табиғатының қалыптасуындағы негізгі кезендер
- •Климаты
- •Еуразияның табиғат зоналары
- •Арктикалық және субарктикалық белдеулер
- •Қоңыржай белдеу
- •Биіктік белдеулер
Атлант мұхиты
Географиялық орны, шекарасы, көлемі.Атлант мұхиты – аумағы және тереңдігі жағынан Тынық мұхиттан кейін екінші орында. Ол Солтүстік жарты шардың полярлық ендігінен Антарктидаға дейін созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 15 мың км-ге созылып жатыр, батысынан шығысқа дейін 2800 км (экваториалдық бөлігінде), яғни бірінші көрсеткіш бойынша ол Тынық мұхитқа жол бермейді, ал екінші бойынша – айырмашылықтары маңызды. Атлант мұхитының осындай кескіні оның табиғи жағдайы үшін маңызы зор. Мұхит Оңтүстік және Солтүстік Америка материктерінің арасында орналасқан, екінші жағынан Евразия және Африканың ортасында орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитпен теңіздік шекара Гудзон бұғазының батысымен, Дейвис және Дат бұғаздарымен және ары қарай Герпир мүйісінен (Исландия) Фугле (Фарер аралдары) және Макл-Флагга (Шотланд аралдары) арқылы Статланн түбегіне дейін (Норвегия) өтеді. Тынық мұхитпен шекара Чарлз мүйісінен (Земля Грейама) Асте аралына дейін (Огненная Земля), ал Үнді мұхитымен Қайырымды Үміт (Добрая Надежда) мүйісінің меридианы бойынша Антарктидаға дейін өтеді. Атлант мұхитының солтүстік және оңтүстік шекараларын жүргізудің басқа да варианттары бар. Мұхиттың ауданы 93,0 млн. км2, орташа тереңдігі – 3332 м., судың орташа көлемі – 337,5 млн.км3.
Жағалаулары, теңіздері, аралдары. Солтүстік жарты шарда жағалау сызықтары қатты тілімденген, мұнда фьордтық түрдегі жағалаулар кең таралған. Оңтүстік жарты шарда жағалаулар аз тілімденген, Оңтүстік Американың батыс шеттерінде атыраулық және лагуналық түрдегі жағалаулар көп кездеседі. Ең ірі шығанақтардан мыналарды атап көрсетуге болады – Бискай, Гвиней, Уэдделла, Мексика және т.б.Атлант мұхиты теңіздерінің көп бөлігі ішкі бассейнге жатады – Балтық, Азов, Қара, Мрамор, Жерорта теңіздері. Жартылай жабық теңіздер бар – Эгей, Адриат, Кариб, Солтүстік, сонымен бірге шеткі – Саргассов, Уэдделла. Мұхиттың ашық бөлігінде аралдар аз. Бұл аралдардың пайда болуы екі түрге бөлінеді – вулкандық және материктік. Вулкандыққа мыналар жатады – Азов, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, ал материктікке – Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Үлкен және Кіші Антиль аралдары.
Геологиялық құрылысы және түбінің жер бедері Атлант мұхиты түбінің құрылуына материктің су асты жиектері, орталық-мұхиттық жота, мұхит түбі және Тынық мұхитпен салыстырғанда ауыспалы белдеу аз деңгейде қатысады. Мұхит түбі. Атлант мұхитында 2500 жекелеген таулар бар, олардың ішінде 600 мұхит түбі шегінде орналасқан. Таулық құрылымдар – Ньюфаундленд, Баракуда и Кит жоталары, Гвиней көтерілімі, Сеара көтерілімі Пера и Риу-гранди шоңғалымен; таулық топтар – Мадейра және Гориндж, Канар аралдары және Жасыл мүйісінің су асты түбі және т.б. Олар орталық жотамен бірге мұхит түбін бірнеше қазан шұңқырларға бөледі:
Лабрадор – 4180 м. Иберийск - 5100 м.
Ньюфаундленд – 4685 м. Канар - 6501 м.
Солт- Америкалық – 6594 м. Жасыл мүйісі -7297 м.
Гвиан – 4830 м. Сьерра-Леоне - 6040 м.
Бразилиялық – 6050 м. Гвиней - 5215 м.
Аргентиналық – 6212 м. Ангольск - 5699 м.
Батыс-Европалық – 5668 м. Кашкая - 5457 м.
Қазан шұңқырлардың бедері әртүрлі. Әктілік биогенді, сонымен бірге терригенді пайда болған 1 км қалыңдықты қабаты бар тегіс абиссальды жазықтар кең таралған. Соңғылар құрлықтың мору өнімдерінен тұратын құмдармен, саздармен, балшықтармен құралған. Мұхит түбі бедерінің маңызды элементтері болып абиссальды төбелер табылады, олар көбінесе орталық-мұхиттық жотаның шеттері бойынша жатқан қазан шұңқырларда орналасқан. Мұхитта Бермуд үстірті бар, сонымен бірге ірі аңғарлар – Хайзен және Мори (Солтүстік Атланта). Атлант мұхиты түбінің пайда болу және даму проблемалары жер қыртысының және оның мұхиттық бөліктерінің пайда болу және даму проблемаларымен бірге қарастырылады. Қазіргі уақытта екі қарама-қайшы гипотезалар көп белгілі:
1) фиксизм және мұхиттану (мұхит маңында жер қыртысының төмендеуі);
2) мобилизм – мұхит түбінің кеңеюі, жаңа ғаламдық тектоника.
Сонымен бірге мұхиттардың бірінші пайда болуы, Жердің кеңеюі секілді гипотезалар да бар. Атлант мұхитының геологиялық тарихының соңғы сатыларында оның физикалық-географиялық жағдайына кайнозой мен үштік уақыттың соңында пайда болған материктік мұздану қатты әсер еткен. Материктік мұздану кезінде мұхит суының деңгейі 100 м төмендеген, сәйкесінше жағалау сызығының конфигурациясы өзгерген. Көптеген су басулар мен қайтулар шельфтердің пайда болуына жағдай жасаған, онда тұнбалардың шайылуы, қайта өңделуі болады.
Климаты. Атлант мұхитының солтүстіктен оңтүстікке қарай көп созылып жатуы оның бетінде климаттық жағдайлардың әртүрлілігін анықтайды. Мұнда Жер бетінің арктикалық белдеуінен басқа барлық климаттық белдеулері бар. Атлантиканың үстінде атмосфераның әрекет етуінің 4 негізгі орталығы дамыған: Исландиялық және Антарктикалық минимумдар, Азор және Оңтүстік-Атлантикалық максимумдар. Олар экватор маңында төменгі қысым зонасымен бөлінген. Материктерде пайда болатын атмосфералық қысым облыстарымен әсер ету кезінде бұл орталықтар желдердің басым жүйесін құрайды. Қоңыржай ендікте қатты батыс желдері басым; субтропикалық және тропикалық ендіктерде солтүстік-шығыс немесе оңтүстік-шығыс пассаттар басым (жарты шарға сәйкесінше). Экватор ауданында пассаттардың конвергенциясы болады. Мұнда ауада қатты ауа пайда болады, осыдан көп бұлттылық және Атлантика үшін атмосфералық жауын-шашынның жиі болуы қалыптасады. Мұхитта муссондық циркуляция аз дамыған. Қоңыржай белдеуде, әсіресе оңтүстік жарты шарда, күшті желдер басым болады, мұнда ылғи да штормдар болады. Жаз бен күз айларында солтүстік тропикалық ендіктер үшін дауылдар тән, олар мұхитты шығыстан батысқа дейін кесіп өтеді. Қыста ауа температурасы экваторда +25° -тан 60° с.е. 0° және 60° о.е. -10° солтүстік-батыстың шетінде және оңтүстікте температура -25° төмендейді. Жазда ауа температурасы экваторда +26°, +27°; 60° с.е. +10° және о.е 0° болады. Төменгі ендіктерде олар шығысқа қарағанда батыста 5° жоғары (жылы ағыстар). Биік ендіктерде ауа температурасы батыстан шығысқа қарағанда 10° төмен (суық ағыстар). Төменгі қысым облыстарында бұлттылық 60-80 % құрайды. Ал жоғары қысым облыстарында төмендейді. Экваторда жауын-шашын 2000 мм артық, ал қоңыржай белдеуде – 1000-1500 мм. Субтропикалық ендікте және Антарктидада көрсеткіш 100 мм төмендейді, ал оңтүстік-батыс Африканың жағалауында – 500 мм шамасында. Тұмандар жылы және суық ағыстардың кездесетін аудандары үшін тән – Ньюфаундленд банкасы, Ла-Плата шығанағы, оңтүстік қоңыржай белдеу және басқалары.
Ағыстар. Беткі ағыстардың таралуы жоғарыда келтірілген ерекшеліктерге байланысты болады. Тропикалық белдеуде пассаттар жылы және тұзды ағыстардың қатты ағындарын тудырады, олар мұхитты шығыстан батысқа дейін кесіп өтетін Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстарды түзеді. Оңтүстік пассаттық ағыс Оңтүстік Америкаға жақындаған кезде екі ағыс түзеді – Кариб теңізіне кететін Гвиан ағысы және оңтүстікке қарай ағатын Бразилия ағысы. Солтүстік пассат ағысы да Кіші Антиль аралдары маңында екіге бөлінеді. Оның біреуі Кариб теңізінде алдыңғы ағыстармен бірге қосылып, біріккен ағын құрайды. Бұл ағын теңізден өтеді, содан кейін Юкатан бұғазы мен Мексика шығанағынан өтеді. Шығанақтан шығып Флорида деген атпен ол Солтүстік пассаттық ағыстың екінші Антиль ағысымен қосылады және белгілі Гольфстрим ағысына бастау береді.Батыс желдердің әсері салдарынан ағыстар батыстық деп аталады, содан кейін Солтүстік-шығыс бағыт алады және Солтүстік-Атлант деген ат алады. Сулардың негізгі ағыны Солтүстік Мұзды мұхитқа кетеді, бірақ ағыстың біреуі Исландияның батыс жағынан өтіп (Ирмингер ағысы), Гренланд теңізіне жылы сулар апарады. Атлантиканың оңтүстігінде Батыс желдердің қатты суық ағысы болады. Оның біреуі - Фолкленд ағысы, Оңтүстік Американың оңтүстік-шығыс жағалауларынан ағып өтеді және екіншісі – Бенгаль ағысы, ол Африканың оңтүстік-батыс жағалауларынан солтүстікке қарай жылжиды. Осы материктің солтүстік-батыс жағалауында тағы бір ағыс – Канар ағысы орналасқан. Атлантиканың барлық беткі ағыстары антициклональды және циклональды су айналымдарын түзеді.Соңғы он жылда мұхиттың экваторлық зонасында беткі ағысқа қарсы ағыс ашылды – Ломоносов ағысы. Ол мұхитты батыстан шығысқа қарай Оңтүстік пассаттың астынан кесіп өтеді. Мұхиттың шығыс бөлігінде қатты терең Лизутан ағысы бар, ол Жерорта теңізінің тұзды суларының ағыны болып саналады.
Судың температурасы. Ең суық айда судың температурасы келесідей өзгереді: экваторда +27°, +28°; 60° с.е. +6°; ал 60° о. е. -1°. Жазда (ең ыстық айда) көрсеткіштер мынадай: экваторда +26°; 60° с.е. +10°; 60° о.е. -1°. Жалпы алғанда мұхиттың суы оңтүстік жарты шарда солтүстік жарты шарға қарағанда суық. Судың температурасының айырмашылығы мұхиттың батыс және шығыс бөліктерінде екі жарты шарда да біркелкі емес. Солтүстік жарты шарда батыс бөлігі шығысқа қарағанда суықтау, ал оңтүстік жарты шарда – керісінше.
Тұздылығы. Тұздылықтың ең көп мөлшері субтропикалық ендікте байқалады – 37, 25 %. Ол ең көп булануға, сонымен бірге Жерорта теңізінен тұзды судың келуіне байланысты.Экваторда жауын-шашын мөлшері көп болғандықтан тұздылық 35 % төмендейді, қоңыржай белдеуде – 34 %. Судың тұздануының азаюы Антарктика маңында болады – 33 %, әсіресе саға маңында (Ла-Плата эстуарийі – 18 %). Судың ең мөлдірлігі Саргасс теңізінде байқалады – 66 м.
Органикалық дүниесі. Атлант мұхитының органикалық дүниесі түр жағынан Тынық мұхитқа қарағанда кедейлеу, бірақ жалпы алғанда кейбір қасиеттері онымен бірдей. Өсімдіктерден бурыл балдырлар, ламинарий мен алярийдің кейбір түрлері бар. Қызыл балдырлар кең тараған. Тропикалық белдеуде жасыл балдырлар кең дамыған, әктілі – қызыл балдырлардан және саргасс – бурыл балдырлардан тұрады. Фитопланктонның 240 астам түрі бар. Көбінесе диатомдық және көкжасыл балдырлар кездеседі. Суық және қоңыржай белдеулерде 50 м. тереңдікте кездеседі, ал тропикалық белдеуде – 80 м. Олардың саны мұхит бетінде 100 мг/м3, 50 м тереңдікте – 50 мг/м3 дейін, ал антарктидалық суларда 10 мг/м3 болады. Жануарлар мұхит суының барлық қабаттарын мекендейді. Жануарлардың әртүрлілігі тропикалық белдеуге қарай көбейеді, ал қоңыржай және субполярлық аудандарда олар көбірек.
Биік белдеулер үшін сүтқоректі киттер, кәсіптік балықтардан – сельдь, треска, камбала тән. Зоопланктоннан шаян тәрізділер, кейде моллюскалар кездеседі. Жануарлардың басқа түрлерінен мидийлер, медузалар, сифонофор, радиолярий, кораллдық полиптер кездеседі. Тереңдіктегі фауналар – губкалар, кораллдар, шаянтәрізділер және т.б.Атлант мұхитының барлық өсімдіктер және жануарлар дүниесін төрт биогеографиялық аудандарға біріктіруге болады:
Арктикалық; 2) Солтүстік-Атлантикалық; 3) Тропикалық-Атлантикалық; 4) Антарктикалық.
Негізгі кәсіптік балық аулаудың түрі болып сельдь, треска, пикша, атлантикалық сардина саналады. Балық аулаудың негізгі аудандары - Солтүстік теңізде Доггер-Банка, Солтүстік Американың жағалауында Ньюфаундленд банкасы, Исландияның жағалауы, Балтық теңізі және т.б.
Мұхитты физикалық географиялық аудандастыру. Атлант мұхитында келесі физикалық-географиялық белдеулер бар:
1). Оңтүстік полярлық (антарктикалық белдеу). Ол Антарктика материгін қоршап тұр. Акваторияның беті мұхиттық мұздармен және айсбергтермен, ал кейбір жерлерде – континентальды пайда болған қайраңдық мұздармен жабылған. Олардың шетінде айсбергтер пайда болады, оларды жел ашық мұхитқа шығарады. Олар көбінесе солтүстік-батысқа қарай жылжиды және еру аумағына түседі.Антарктидада ылғи да болатын мұхиттық мұздардың бөлігі үлкен емес, 50 миль шамасында, ал олардың жалпы ауданы – 2,5 млн. км2. Жазғы уақытта көп жерлерде жағалау сызығының маңында тар бөлігі ғана сақталады. Жалпы алғанда антарктикалық суы бар материк кеңістікке көп мөлшерде жылу береді және планетаның мұздатқышы болып табылады, яғни оңтүстік жарты шардың барлығын қатты суытады. Антарктиданың маңында тұздылығы нормаға жуық суық судың үлкен массасы қалыптасады. Бұл сулар тереңдіктегі түбі бойынша солтүстік бағытқа қарай жылжиды және экваторға дейін жетеді. Жазғы уақытта циклондық жағдай қалыптасады. Мұнда солтүстіктен және солтүстік-батыстан жылы жауын-шашын әкелетін желдер келеді. Дауылдар көп болады. Континентте органикалық дүние жоқ, бірақ та мұхитта ол бай және әртүрлі. Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны көп және олардың суммарлық массасы құрлыққа қарағанда жоғары.
2) Солтүстік және оңтүстік субполярлық белдеу. Жылдың қысқы мезгілінде акваторияны мұз басып жатады, ал жаздың аяғында мұнда мұхиттық мұздардың үлкен кесектері және айсбергтер ғана кездеседі. Қысқы жағдайлары арктикалық белдеудікіне ұқсас. Мұздардың үлкен массалары пайда болады. Судың тұздануы болады. Тығыз, суыған су төмен түседі, ал астынан бетіне жылырақ және аз тығыздалған су көтеріледі. Төмен түскен суда оттегі көп болады, ал көтерілген суда әртүрлі биогендік заттар болады. Судың горизонталь бағытта қозғалулары күз және қыс айларында бірнеше жүз метрде болады, ал кей кезде түбіне дейін жетеді. Жазда, жылынудың және мұздардың тез еруінің салдарынан, биогендік заттардың көп мөлшері бар жылы тұщы судың беткі қабаты пайда болады. Бұл белдеулерде жылы және суық ағыстар болады, ал олар циклональды және антициклональды су айналымдарын түзеді. Сулардың горизонталь және вертикаль бағытта қозғалулары органикалық дүниелер үшін қолайлы жағдайлар туғызады – фито және зоопланктондар, моллюскалар, шаян тәрізділер, балықтар, құстар және т.б. Бұл белдеудің сулары - әлемнің негізгі балық шаруашылығының аудандары. Оңтүстік субполярлық белдеудің солтүстік белдеуден кейбір айырмашылықтары бар. Мұнда батыс және солтүстік-батыс желдер басым. Қатты штормдар көп болады. Басым батыс желдер сулардың батыстан шығысқа қарай қозғалуын туғызады – Батыс дрейф (Антарктикалық циркумполярлық ағыс). Бұл ендіктерде судың температурасы солтүстік жарты шарға қарағанда төмен, айсбергтер көп кездеседі. Антарктикалық белдеуді бірге алғанда олардың саны 20 мыңнан артық. Меридионалдық ағыстар жоқ, сондықтан жылы сулардың суық аудандарға кіруі кең таралмаған.
3) Солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулер. Олар биік және төмен ендіктерде жатқан белдеулердің арасындағы аралық орынды алып жатыр. Қоңыржай белдеулердің сулары жазда жылы және қыста суық болады. Ашық мұхитта мұздар жоқ, бірақ та олар ішкі тайыз суларда пайда болады. Қыста вертикальды конвекция дамыған. Бұл белдеулерде полярлық және тропикалық ауа массаларының әсерінен қалыптасатын циклондық белсенділік жоғары. Көп және қатты болатын күзгі және қысқы дауылдар судың беткі қабатын бірнеше ондаған метр тереңдікке дейін араластырады. Ал ең төмен ендіктерде вертикальды қозғалыстар ақырындайды да судың «құнарлылығы» тез төмендейді. Жауған жауын-шашын мөлшері мен буланудың мөлшері біркелкі - жылына 500-1000 мм болады, сондықтан мұхиттың тұздылығы орташа мөлшерге - 35 % жақын. Судың вертикальды бағытта қозғалысы фито және зоопланктондардың тез дамуына жағдай жасайды. Балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған (әлемдік балық аулаудың 2/3 бөлігіне дейін), моллюскалар ауланады және т.б.
4. Солтүстік және оңтүстік субтропикалық белдеулер. Олар қоңыржай белдеудің батыс желдері мен тропиктік пассаттар белдеулері арасында орналасқан. Мұнда нақты ауа ағындары жоқ, ылғи да жоғары атмосфералық қысым болады. Бұл әлсіз беткі ағындары бар тымықтық белдеу. Қыста мұнда қоңыржай белдеудің ауасы келеді, жаңбырлар болады. Жазда бұл белдеулерде ыстық тропикалық ауа болады. Жаңбырсыз жаз қатты булануға жағдай жасайды, соның салдарынан судың тұздылығының жоғарылауы болады, әсіресе ішкі теңіздерде. Бұл белдеулерде жылына 2 метрге дейінгі қабаттағы су буланады, сондықтан мұнда әлемдік мұхиттағы ең жоғары тұздылық байқалады – Солтүстік Атлантикада 37, 5 %, Жерорта теңізінде 39 % дейін болады. Жылы және жеңіл су беткі қабатында қалады, өйткені әлсіз желдер оны араластырмайды. Су таза, мөлдірлігі жоғары болады – 50-60 м-ден көп. Оттегі аз, органикалық дүние аз дамыған. Африканың батыс жағалауында Атлантиканың бөлігі ерекше болып келеді. Мұнда суық компенсациялық ағыстар болады, олар суды экваторға апарады. Оның орнына ылғи да тереңнен суық су бетіне көтеріледі. Бұл сулар ағыс суларынан суығырақ болады. Олардың үстінде тұмандар пайда болады, тұтас төмен бұлттылық болады, жаңбыр жауып тұрады. Мұндағы жағдай қоңыржай белдеудің күзгі уақыты секілді болады.
5. Солтүстік және оңтүстік тропикалық белдеулер. Оларға тропикалық ауаның басым болуы тән – желдерінің күші 3-тен 8 баллға дейінгі мұхиттардың пассаттық ағыстары болады. Қозғалыс бағыттары бойынша пассаттар жер шарындағы ең орнықты жел, ал желдерінің күші бойынша ол мезгіл бойынша да, сонымен бірге айлар ішінде де ауыса береді.Метеорологиялық құбылыстардың мезгілдік болуы нақты көрінеді – құрғақ қыс, ылғалды, жаңбырлы жаз. Судың тұздылығы экваторға қарай және мұхиттың батыс шегіне қарай төмендейді. Жазда ол көп жауған жаңбырдың салдарынан төмен болады, ал қыста 36-37 % жоғарылайды. Судың вертикальды бағытта қозғалуы, шығыс жағалаудан басқа, әлсіз. Судың өнімділігі үлкен емес, бірақ та организмдердің әртүрлілігі байқалады.
6. Субэкваторлық белдеулер. Олар тропикалық және экваторлық ауа массаларының мезгілдік ауысуларымен сипатталады. Бірақ та, судың әлсіз вертикальды бағытта қозғалуы онда оттегінің жетіспеушілігін және планктонның аз болуын тудырады. Экваторға қарай бұлттылық және жауын-шашын мөлшері қатты көбейеді, ал тұздылық 34 % дейін төмендейді.
7. Экваториальды белдеу. Оның көршілес белдеулерден көп айырмашылығы бар. Экваторға қарай тропикалық ауа массалары келеді. Мұхиттың тымық бетінің қатты қызуынан ауа массалары пайда болады. Олар ылғалды ауа әкеледі, ондағы ылғал буланады, түйдек бұлттар пайда болады, олардан нөсер жаңбыр жауады. Мұхиттың тропиктік аймағында булану кезінде жоғалатын жылу экватор маңында қайтадан пайда болады. Жауын-шашын көп болғандықтан мұндағы тұздылық мөлшері Әлемдік мұхиттың орташа көрсеткішінен төмен болады. Бұл белдеуде екі пассаттық ағыстардың арасындағы тыныш жерде экваториальдық қарсы ағыс пайда болады – батысқа қарай. Оның шекарасында сулардың араласуы болады. Тағы да, мұнда судың тереңнен бетіне жалпы көтерілуі байқалады. Судың көтерілуі басым болғандықтан, беткі қабат ылғи да биогендік заттармен толығып отырады. Экваториальдық белдеуде судың беткі қабатының температурасы жоғары және тұрақты болатынын, оттегінің көптігін айта кету керек. Органикалық дүние үшін қолайлы жағдай қалыптасады. Жануарлар түрлерінің саны субтропикалық белдеуге қарағанда ондаған есе көп болады. Бірақ та балық шаруашылығы бойынша бұл белдеу субполярлық белдеуден кейін тұр.
