- •Дәріс № 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті. Материктер мен мұхиттардың физ географиялық аудандастырылуы.
- •Дәріс № 2 Дүние жүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Тынық мұхиты
- •Атлант мұхиты
- •Солтүстік мұзды мұхит
- •Құрлық жағалауындағы мұхаттарға шолу
- •Табиғатының қалыптасуындағы негізгі кезендер
- •Климаты
- •Еуразияның табиғат зоналары
- •Арктикалық және субарктикалық белдеулер
- •Қоңыржай белдеу
- •Биіктік белдеулер
Дәріс № 2 Дүние жүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Тынық мұхиты
Географиялық орны, шекарасы, көлемі. Тынық мұхиты – Жер шарында ауданы және тереңдігі бойынша ең үлкен мұхит. Батыста Евразия және Австралия материктері арасында орналасқан, шығыста Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері арасында орналасқан, оңтүстікте Антарктидамен шектеседі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15, 8 мың километрге, ал батыстан шығысқа қарай 19, 5 мың километрге созылып жатыр. Арктикалық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерде жатыр.Мұхиттың теңіздік шекарасының өтетін жерлері: Солтүстік Мұзды мұхитпен Беринг бұғазы бойынша Кригуйгун мүйісінен (Чукот түбегі) Йорк мүйісіне дейін (Съюард түбегі); Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік шеті бойынша, Суматра аралының батыс жағалауы бойынша, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалаулары бойынша, Торрес және Басса бұғаздары арқылы және ары қарай Оңтүстік (Южный) мүйісінің (Тасмания аралы) меридианы бойынша Антарктидаға дейін; Атлант Мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс шеті бойынша Осте аралынан (Огненная Земля арх.) Чарлз мүйісіне дейін (Земля Грейама). Оның барлық теңіздері солтүстік-батыс, батыс және және оңтүстік шеттерінде орналасқан. Тынық мұхиттың ауданы 179, 7 млн км2, теңіздерсіз – 165, 3 млн. км2. Тынық мұхиттың үлесіне жер шары бетінің 1/3 бөлігі жатады және Әлемдік мұхит ауданының 1/2 бөлігін алып жатыр. Мұхиттың орташа тереңдігі 4028 м (ал максимальды тереңдік Мариан ойпатында 11022 м), судың көлемі 723, 7 млн. км3. Осы үлкен өлшемдері және оның алып жатқан жерінің созылып жатуы мұхит шегінде табиғи жағдайлардың алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Сонымен бірге, мұхит оны қоршап тұрған материктерге әртүрлі әсер етеді.
Жағалаулары. Мұхиттың батыс бөлігіндегі төменгі ендіктерде абразивті және аккумулятивті жағалаулар басым, онда олардың қалыптасуына биогендік факторлардың әсері көп. Кораллдық және мангралық жағалаулар кең таралған, олардың пайда болуына кең қайраңдар жағдай жасаған. Бұл бөліктің теңіздеріне өзендер шығаратын терригендік материалдар көптеп түседі (жылына 2,5-3 млрд. т.), ал бұл жоғары толысулар жағдайында құмдық қырқалар мен белестердің, толқындық және дельталық пайда болатын аккумулятивті жағалаулардың кең дамуына жағдай жасайды. Беринг, Охот және Жапон теңіздерінің жағалаулары дауылдық желдердің қатты әсер ету жағдайларында қалыптасқан. Бірақ та, жағалауларда өте қатты жыныстардың кең таралуы денудациялық-абразиялық процестердің кең көлемде дамуына жағдай жасайды, ал олар жағалаудың тектоникалық белсенділігінің жоғары деңгейде болуымен қиындатылады. Австралияның материктік жағалауы өзінің солтүстік бөлігінде кораллдық және мангралық факторлардың қатысуымен дамиды, ал оңтүстігінде – қоңыржай белдеудің әсерімен дамиды, олар жағалаудың көптеген бөлігінде аз тілімденген жағалаулық сызықтардың түзілуіне әкелмеген. Жаңа Зеландияның жағалаулары морфологиясы және эволюциясы бойынша ұқсас. Мұнда Оңтүстік аралдың фьордтық жағалаулары экзотикалық құбылыс болып келеді. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың жағалаулары абразионды түрлі болып келген, бірақ олардың мұхиттың батыс жағалауынан көп айырмашылығы бар, өйткені олардың дамуында қатты толқындық құбылыстар үлкен рөль атқарады. Канаданың жағалаулары үшін фьордтық түр тән, ал АҚШ-та – лықсымалық, Мексика үшін – вулкандық түр тән және т.б. Антарктиданың жағалаулары көбінесе мұздармен жабылған.
Теңіздері. Теңіздер мұхиттың 8 % көлемін алып жатыр. Бөлектеніп орналасулары, континенттің қатты әсері, аз тереңдіктер секілді себептерінің салдарынан олардың табиғи жағдайларының мұхиттың ашық айдындарынан айырмашылықтары көп. Жер шарының ең ірі теңіздерінің (2,3 млн, км2) бірі және Тынық мұхиты бассейнінің ең солтүстік теңізі Беринг теңізі, бұл теңіз ұланғайыр қайраңның шегінде жатыр. Одан оңтүстікке қарай Азия жағалауы бойынша Охот теңізі жатыр, ол Қиыр Шығыс теңіздерінің арасында ең суық теңіз болып саналады.Терең тектоникалық қазан шұңқырда Жапон теңізі орналасқан, оның ең үлкен тереңдігі 3710 м. Сары теңіздің пайда болуы бойынша, түбінің жер бедері бойынша, және суының режимі бойынша Жапон теңізінен айырмашылығы бар. Ол материкке көп кіріп тұрады және өзінің көп бөліктерінде континентальдық платформа деңгейінде орналасқан. Шығыс-Қытай теңізі мұхиттан аз бөлектенген. Малай архипелагының аралдары арасында әртүрлі тереңдіктері бар тектоникалық ойпаттар орналасқан, олар келесі теңіздердің түбі болып табылады – Ява, Сулавеси, Сулу, Молук, Серам, Бали, Банда, Флорес, Саву, Хальмахера.Тынық мұхиттың Австралиялық теңіздерінің тобына Коралл және Тасман теңіздері жатады. Коралл теңізі бассейні шегінде Үлкен Барьерлық риф орналасқан – жер шарындағы ең үлкен орогендік құрылыс. Ол Австралияның шығыс жағалауы бойынша 10° 24° о.е. дейін 2300 километрден артық созылып жатыр.
Аралдары. Аралдардың саны және олардың жалпы көлемдері (3,6 млн. км2) бойынша Тынық мұхит мұхиттардың арасында бірінші орын алып жатыр. Олардың көпшілігі мұхиттың ортаңғы бөлігінде және оның шеттері бойынша орналасқан, әсіресе батыс бөлігінде. Бұл аудандардың аралдары «Океания» деген атпен біріктірілген. Геологиялық құрылысы бойынша аралдар екі негізгі топтарға бөлінеді: материктік және мұхиттық. Материктік өз кезегінде синклинальдық және платформалық болып бөлінеді. Синклинальды – неогендік және төрттік геосинклинальдардың су асты таулық жоталардың төбелері. Платформалық - әртүрлі жастағы материктік платформаның су асты жиектерінің шегінде жатыр. Геосинклинальды аралдар мұхитқа тән аралдық доғалар түзеді – Алеут, Курилл, Сахалин, Жапон, Тайвань, Филиппин, Молукка, Зонд, Мариан, Палау, Адмирал, Жаңа Британ, Соломон, Жаңа Гебриды, Жаңа Каледония, Фиджи, Тонга, Кермадек, Жаңа Зеландия және басқалары. Платформалық аралдардың саны азырақ. Оларға Прибылов, Әулие Матвей, Әулие Лаврентий, Нунивак, Цусима, Хайнань аралдары, Калимантанның батыс бөлігі, Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігі, Тасмания жатады. Мұхиттық аралдар өздерінің пайда болуы бойынша вулкандық және маржандық болып бөлінеді. Вулкандық аралдар топталып немесе тектоникалық жарықтардың сызықтары бойынша тізбектеліп орналасқан. Оларға жататын аралдар: Гавай, Самоа, Маркиз, Общество, Кук (оңтүстік), Тубуаи, Пасха, Хуан-Фернандес, Ревилья-Хихедо, Галапагос және басқалары. Маржандық аралдар маржан полиптері мен әктасты балдырлар түзеді. Олар судың температурасы + 20° түспейтін барлық жерде кездеседі. Көбінесе аралдар мұхиттың орталық және шығыс бөліктерінде кездеседі. Олардың биіктігі 10 метрге дейін жетпейді. Коралдық аралдарға жататын аралдар: Маршалл, Гилберт, Эллис, Токелау, Кука (солтүстік), Феникс, Лайм, Туамоту, Науру, Ошен, Бейкер және т.б.
Геологиялық құрылысы және түбінің жер бедері. Жер қыртысының құрылысы, магматизм және шөгінділердің сипаттамасы бойынша Тынық мұхит 3 облысқа бөлінеді: материктердің платформасы, мұхит түбінің платформасы және олардың арасындағы неогендік және төрттік геосинклинальдардың ауыспалы белдеуі. Материктердің платоформасының жасы эпимезозойлық және ежелгі болып келеді, олардың құрылысында қатты шөгінді, гранитті және базальтты қабаттары болады, олардың жалпы қалыңдығы 30 км дейін жетеді. Негізгі, орташа және ащы құрамды магматизм тән. Мұхит түбінің платформасы шөгінділердің жұқа қабатымен жабылған, оның астында тығыздалған шөгінділердің жұқа қабаты және жер қыртысының негізгі қабаты жатыр. Оның жалпы қалыңдығы 6-10 километрден аспайды. Магматизм негізгі құрамды болады. Мұхиттың платформасы, қазіргі вулкандық аудандар мен орталық-мұхиттық жоталар белдеуінен басқа, сейсмикалық емес.
Климаты. Тынық мұхиттың климаты көптеген факторларға байланысты болады. Олардың ішінде ең негізгісі – күн радиациясының аймақтық таралуы. Ал солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатуы әртүрлі климат түрінің таралуын тудырады – солтүстік жарты шарда экваторлықтан субарктикалыққа дейін, ал оңтүстік жарты шарда антарктикалыққа дейін. Мұхит үстінде атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктері жоғары және төменгі қысымның бес негізгі облыстарының болуымен анықталады. Екі жарты шардың да субарктикалық ендігінде жоғары қысымның облыстары дамыған – Солтүстік-Тынық мұхиттық және Оңтүстік Тынық мұхиттық максимумдар. Бұл облыстар экваторда төменгі қысымның белдеуімен бөлінген. Сонымен бірге, солтүстік қоңыржай белдеуде қыста төменгі қысым облысы дамыған – Алеут, ал Тынық мұхиттың антарктикалық белдеуінде – Антарктикалық минимум. Атмосфераның осы облыстары мынаған әкеледі - экватордан солтүстікке қарай көп жерлерде тұрақты солтүстік-батыс пассат болады, ал оңтүстікте – шығыс. Қоңыржай белдеуде батыс желдер басым, әсіресе олар оңтүстік жарты шарда қатты болады, мұнда штормдардың қайталануы 25-35 % болады. Мұхиттың батыс бөлігіндегі солтүстік жарты шардың тропикалық ендігінде, әсіресе жаздың аяғы мен күзде, дауыл - тайфундар көп болады. Олар Филиппиннен шығысқа қарай пайда болады, одан әрі қарай Тайвань, Жапония арқылы солтүстік-батысқа және солтүстікке жылжиды және Беринг теңізіне жақындағанда бәсеңдейді. Дауылдардың пайда болу облысының бірі – Орталық Америкаға жақын жатқан Тынық мұхиттың жағалық аудандары. Мұхиттың солтүстік-батыс бөлігіне жақсы дамыған муссондық циркуляция тән. Қыста мұнда суық солтүстік-батыс желдер басым болады, ал жазда жылы оңтүстік-шығыс желдер болады. Мұхит үстінде ауа температурасының таралуы жалпы ендік белдеулікке байланысты, бірақ та оның батыс және шығыс бөліктері арасында айырмашылықтар болады. Ең суық айдың орташа температурасының өзгеруі былай болады: Беринг шығанағында -20°, экваторда +26°, +27°, Антарктиданың жағалауында -25°. Ең жылы айдың температурасы Беринг бұғазында +6°, +8°, экваторда +26°, +28°, ал Антарктида жағалауында -10° болады. Солтүстік қоңыржай ендіктің шығысының температурасы батысына қарағанда 8°-12° жоғары болады. Оңтүстік тропикалық және субтропикалық ендіктерде, керісінше, шығысының ауа температурасы батысына қарағанда 4°-8° төмен болады. Осындай жағдайдың негізгі себебі - жылы және суық ағыстардың басым болуы және желдің сипаттары.Төменгі атмосфералық қысым облысында орташа бұлттылық 60-90 %, ал жоғары қысым облысында 10-30 % төмендейді. Тұмандар қоңыржай белдеулерге тән. Әсіресе, олар Куриль аралдарына жақын орналасқан аудандарда көп болады, онда олардың қайталануы жаз кезінде 30°-40° жетеді. Австралия және Жаңа Зеландия арасында кейде шаңдық тұмандар болады.Экваторға жақын аудандарда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 3000 мм артық, бірақ та экватордың өзінде бұл мөлшер төмен болады. Қоңыржай белдеудің батысында 1000 мм, шығысында 2000-3000 мм болады. Ең аз жауын-шашын мөлшері субтропикалық белдеудің шығыс шетінде болады – 50-200 мм. Бұл белдеудің батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм. Жоғары ендіктерде бұл көрсеткіш 300-500 мм-ге төмендейді.
Ағыстар. Атмосфераның жалпы циркуляциясының заңдылықтары Тынық мұхитындағы ағыстардың жалпы жобасын анықтайды. Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс пассат қуатты Солтүстік-Пассаттық ағысты түзеді, ол мұхитты Орталық Америкадан Филиппинге дейін кесіп өтеді. Мұнда ағыс екі бағытқа бөлінеді: бір тармағы оңтүстікке қарай ағады және Малай архипелагының теңіздері бойынша өтеді де, Экваториальды қарсы ағысты қоректендіреді. Солтүстік тармағы Шығыс-Қытайға кіреді және одан шығады да жылы Куросио ағысына бастау береді. Осы соңғы ағыс Хонсю аралынан Орегона жағалауына баратын Солтүстік-Тынық мұхиттық ағыспен ауысады. Бұл ағыстың пайда болуы екі себепке байланысты – Кориолистің күші және Куросиоға суық Куриль ағысының (Беринг теңізінен тығыз суық суларды әкеледі) әсер етуі. Солтүстік – Тынықмұхиттық ағыс Солтүстік Американың жағалауына жақындай келе тармақтарға бөлінеді. Солтүстік тармағы материк жағалауы бойынша Аляска түбегіне баратын жылы Аляска ағысын түзеді. Оңтүстік тармағы суық Калифорния ағысын түзеді, ал ол Калифорния түбегінен оңтүстікке қарай Пассаттық ағысқа кіреді. Ол Тынық мұхитының беткі және астыңғы суының солтүстік антициклональды су айналымын тұйықтайды. Оңтүстік жарты шарда пассаттар Оңтүстік пассаттық ағыс құрайды, ал ол мұхитты Колумбия жағалауынан бастап Молукка аралдарына дейін кесіп өтеді. Лайн және Туамоту аралдары арасында ол екі тармаққа бөлінеді, оңтүстік батысқа қарай Коралл теңізіне барады. Одан ары қарай Австралия жағалаулары бойынша қозғалып, бұл ағыс жылы Шығыс-Австралиялық ағыс түзеді. Оңтүстік пассаттық ағыс суының негізгі массасы Молукка аралының шығысына қарай Солтүстік пассат ағысының оңтүстік бөлігімен қосылады және онымен бірге Экваториальдық қарсы ағыс түзеді.
Судың температурасы. Тынық мұхиттың беткі суларының орташа температурасы Атлант және Үнді мұхиттарына қарағанда 2° жоғары. Бұл Тынық мұхиттың көп бөлігінің жақсы жылытылатын ендікте орналасуына және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысының шектелуіне байланысты. Судың орташа температурасы ақпан айында экваторда +26°, +28° ; 60° с.е. және 67° о.е. -0,5°, -1°. Тамыз айында көрсеткіштер мынадай: экваторда +25°, +29°; Беринг бұғазында +5°, +8°; 60-62° о.е. -0,5°, -1°. 40° о.е. және 40° с.е. арасында судың температурасы мұхиттың шығыс бөлігінде батыс бөлігіне қарағанда 3-5° төмен. 40° с.е солтүстікке қарай керісінше: шығыста батысқа қарағанда 4-7° жоғары. 40° о.е. оңтүстікке қарай шығыс мен батыста судың температурасының айырмашылығы жоқ, өйткені мұнда беткі сулардың зональдық ауысуы болады.
Тұздылығы. Тынық мұхиттың беткі суларының орташа тұздылығы Атлант және Үнді мұхитына қарағанда төмен, өйткені мұнда жауын-шашынның жаууы булануға қарағанда көп долады. Ең үлкен тұздылық көрсеткіші – 35,5 және 36,5 %, солтүстік және оңтүстік субтропикалық ендіктерде байқалады. Экватор маңындағы ендіктерде тұздылық төмен – 34, 5 %, жоғары ендіктерде ол солтүстікте 32,0 % және оңтүстікте 33, 5 % төмендейді. Ең төменгі тұздылық - 30-31 % және одан да төмен тұздылық қоңыржай белдеуде және мұхиттың шығыс бөлігінің жағалаулық аудандарында байқалады. Мұхиттың бетінде судың тығыздығы экватордан жоғары ендіктерге қарай біркелкі көтеріледі.Субтропикалық және тропикалық белдеулерде судың түрі көк, мөлдірлігі кейбір жерлерде 50 м дейін жетеді. Солтүстік қоңыржай белдеуде судың түрі көгілдір, ал жағалауда жасыл болады. Судың мөлдірлігі – 15-25 м. Антарктикалық ендікте судың түрі жасыл, ал мөлдірлігі – 25 м. дейін болады.
Органикалық дүниесі. Тынық мұхитта тіршілік мол және әртүрлі болып келеді. Оның үлесіне Әлемдік мұхиттың барлық биомассасының 50 % артығы тиеді.
Өсімдіктері. Мұхиттың фитоплактоны негізінен микроскопиялық бірклеткалы балдырлардан тұрады, олардың мұнда 1300 артық түрлері бар. Екі түрдің – перидинея мен диатомея топтарының басымдылығы байқалады. Өсімдіктің көп бөлігі тайыз жерлерде және апвеллинг зонасында орналасқан. Түбіндегі өсімдіктер балдырлардың 4000 түрімен және гүлділердің 29 түрімен берілген. Суық және қоңыржай белдеулерде бурыл балдырлардың жаппай дамуы тән, әсіресе ламинарий топтарынан, олардың ішінде ұзындығы 200 метрге жететін алыптар бар. Төменгі ендіктерде фикустар, жасыл және әктілі қызыл балдырлар таралған. Соңғылар кораллдық полиптермен бірге рифтер түзетін ағза болып табылады. Тынық мұхиттың аралдары флоралық аудандастыру бойынша келесі патшалықтарға жатады: Голарктикалық (Арктикалық, Шығыс-Азиялық, Охот-Камчатка провинциялары); Палеотропикалық (Үнді-Малазиялық, Полинезиялық, Жаңакаледониялық провинциялары) және Голантарктикалық (Жаңазеландия провинциясы).
Жануарлар әлемі. Тынық мұхит фаунасының кейбір ерекшелік белгілері бар. Олардың түр құрамы басқа мұхиттарға қарағанда 3-4 есе бай. Әсіресе тропикалық судың фаунасы фаунасы бай. Мысалы, Малай архипелагында балықтардың 2 мыңнан астам түрі белгілі, Охот және Беринг теңізінде – 300 түрі бар, осы ендіктегі басқа бассейндерге қарағанда 2 есе көп. Ұлулар фаунасының мұхиттың тропикалық белдеуінде 6 мыңдай түрі бар, ал солтүстік Атлантикада олардың саны 200-дей. Тынық мұхитта кораллдардың көп түрі бар. Мұхит фаунасының тағы бір ерекшелігі - олардың түрлерінің ежелгі және сирек кездесуі – теңіздік кірпі, ежелгі балықтар. Балықтардың барлық түрінің 95 % тек Тынық мұхитта ғана кездестіруге болады. Тек мұнда ғана погонофор класының түрлерін кездестіруге болады. Сүт қоректілердің арасында да эндемиктер бар - дюгонь, теңіз мысығы, сивуч, теңіз құндызы. Тынық мұхиттың фаунасының кейбір түрлеріне нағыз алыптылық тән – алып мидиялар. Мұхиттың экваторлық белдеуінде ең ірі ұлудың түрі – екі жақтаулы ұлу - тридакна бар, оның массасы 300 килограммға жетеді. Тынық мұхиттың аралдары фаунасы бойынша келесі зоогеографиялық аудандарға жатады: Голарктикалық (Арктикалық, Европа-Сібірлік және Канадалық обылстар), Неотропикалық, Үнді-Малайлық, Австралиялық, Жаңазеландиялық және Полинезиялық. Тынық мұхиттағы органикалық дүниелердің таралуында физикалық-географиялық аудандастырудың заңдары жақсы көрінеді. Әсіресе ол бірінші өнімдер мен биомассалардың таралуында біркелкілік болмауынан жақсы көрінеді. Бұл жағынан жағалық сулар, субполярлық және қоңыржай белдеулердің пелагиальдары, экваторлық ендіктер бай болады.
Тынық мұхиттың қорлары, оларды пайдалану.Тынық мұхит үшін оның суында, түбінде және жағалауында табиғи байлықтардың мол және әртүрлі болуы тән. Жағалаулар маңында мұхит қорларын пайдалану ежелден басталған. Қазіргі уақытта оның байлықтарын игеру белсенді және жан-жақты жүргізілуде.
Мұхитты физикалық географиялық аудандастыру. Тынық мұхиттың аудандастырылуы мұхиттың беткі қабатындағы (қалыңдығы 100 м) физикалық-географиялық белдеулер деңгейінде беріледі. Олардың шекарасы – су массаларының фронтальды бөліктері. Келесі белдеулерге бөлінеді: экваториалды, солтүстік және оңтүстік субэкваториалды, солтүстік және оңтүстік тропикалық, солтүстік және оңтүстік субтропикалық, солтүстік және оңтүстік қоңыржай, солтүстік және оңтүстік суық белдеулер.Тереңдіктерде су белдеулерінің гидрологиялық айырмашылықтары әлсізденеді. Биологиялық айырмашылықтары да төмендейді. Мұхиттың ең түбінде физикалық-географиялық жағдайлары біркелкі болады. Мұнда тек бес белдеу байқалады: экваториалды-тропикалық, екі қоңыржай және екі суық. Түпкі тұнбалардың құрамы құрлықтағы климаттық белдеулік айырмашылықтарды көрсетеді.
