Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис Солтустик Америка.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
334.34 Кб
Скачать

Дәріс № 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті. Материктер мен мұхиттардың физ географиялық аудандастырылуы.

Географиялық орны, шекарасы, көлемі. Үнді мұхиты солтүстікке қарай Азияның, батысында Африканың, шығысында Австралияның және оңтүстігінде Антарктиданың ортасында орналасқан. Атлант мұхитымен шекарасы меридиан бойынша Қайырымды Үміт (Добрая Надежда) мүйісінен Антарктидаға дейін; Тынық мұхитымен – солтүстік кіруі бойынша Малакский бұғазына, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес бұғазы арқылы, Басса бұғазының шығыс аяғы және Южный мүйісі меридианы бойынша (Тасмания аралы) – Антарктидаға. Кейбір зерттеушілер оны Оңтүстік полярлық мұхит дейді. Бұл жағдайда Үнді мұхитының оңтүстік шекарасы мына сызық бойынша жүргізіледі: Ине (Игольный) мүйісі (Африка) – Амстердам аралы – Луин мүйісі (Австралия), яғни 40° о.е. бойынша өтетін оңтүстік субтропикалық конвергенциялық белдеу бойынша. Бірінші жағдайда мұхиттың көлемі теңіздермен бірге 74,9 млн. км2 құрайды, ал екінші жағдайда – 55, 7 млн. км2. Ол көлемі жағынан тек Солтүстік мұзды мұхиттан үлкен. Үнді мұхиты басқалардан морфологиясымен өзгешеленеді. Оның солтүстік жарты шарға кіретін бөлігі көлемі жағынан үлкен емес. Сондықтан, басқа мұхиттарға қарағанда, гидрофизикалық және гидрохимиялық құрылымдар үшін, сонымен бірге циркуляциялық процестер үшін меридиандық ассимметрия тән. Үнді мұхиты, әсіресе оның солтүстік бөлігі басқалардан климаты бойынша да өзгеше. Үлкен Евразиялық материк мұхиттың солтүстік бөлігінде мезгілдер бойынша ауысып отыратын муссондардың басымдығын туғызады. Ал олар өзінің кезегінде мезгіл бойынша ауысып отыратын судың циркуляциясын тудырады.

Жағалаулары. Үнді мұхитының жағалау жиегінің ең көп тілімденуі солтүстік бөлігінде байқалады. Мұнда оның барлық теңіздері және ірі бұғаздары орналасқан – Бенгаль, Аден. Африкандық, Австралиялық, және Антарктикалық жағалаулары аз тілімделген. Ірі бұғаздары – Үлкен Австралия, Спенсер және басқалар. Мұхит жағалауының негізгі ерекшеліктері оны қоршаған материктердің геологиялық құрылысының белгілерімен де және ағыстық процестермен де анықталады. Солтүстік-батыста және шығыста жағалаулар ежелгі болып келеді, ал солтүстік-шығыс пен батыста тасынды жыныстардан құралған жағалаулар басым. Антаркиданың жағалауын мұхитқа түсетін мұздықтар қалыптастырады.

Теңіздер. Үнді мұхитында теңіздер басқа бассейндерге қарағанда аз. Оның солтүстік бөлігінде Жерорталық – Қызыл теңіз және Парсы шығанағы, жартылай тұйық – Андаман теңізі және шеткі жағында – Аравия, Афур және Тимор өзендері орналасқан.

Аралдар. Үнді мұхитында аралдарының саны басқа мұхиттарға қарағанда аз. Оларды үш генетикалық топқа бөлуге болады: 1) ежелгі материктік, 2) вулкандық, 3) коралдық..Біріншіге жататындар – Мадагаскар, Шри-Ланка, Сокотра, Бахрейн, Масира, Сейшель және басқалар. Бұл аралдар материктерге жақын орналасқан. Олардың ең ірілері кембрийге дейінгі граниттерден құралған, таулы – ең жоғарғы биіктігі 2900 м дейін жетеді. Көп аралдардың жағалаулары коралдық құрылыстармен көмкерілген, олар оны бұзылудан қорғайды. Аралдардағы ормандарды жою эрозияның күшеюіне әкеліп соқты, үстіңгі шайылу көбейді, жағалаудағы сулардың лайлылығы көбейді.

Вулкандық аралдарды екі топшаға бөлуге болады: 1) ауыспалы белдеудің аралдары, олар аралдық доғалардың элементі болып саналады, 2) ашық мұхиттың вулкандық аралдары. Бірінші топшаға Андаман, Никобар, Ментавай аралдары жатады. Бұл аралдардың жер бедері таулы, қатпарлы тау жоталарының төбелері құрайды, биіктігі 700-800 м вулкандық конустар қоршап жатыр. Екінші топшаға Амстердам, Сен-Поль, Крозе, Принс-Эдуард және т.б. аралдар жатады. Олардың кейбіреулері вулкандық үстірт болып келеді, оларда биіктігі 2000 м жететін сөнген кішірек вулкандар кездеседі; ал екіншілері – су басқан кратерлері бар жекелеген биіктіктер. Олардың борттары мұхит деңгейінен 200-300 м дейін көтерілген. Су басқан кратерлер мұхит суымен қатынасы бар қойнаулар болып келеді. Үнді мұхитында сөнбеген вулкандар да бар. Олар мыналар: Каратала – 2400 м (Комор аралдары), Питон-Фурнез – 2631 м (Маскарен аралдары) және т.б.Әсіресе мұхитта коралдық аралдар көп – Мальдив, Лаккадив, Чагос, Кокос және басқалары. Көп жағдайда бұлар қарапайым атоллдар, олардың биіктігі 1,5-5 м. Олар сақина тәрізді коралдық құрылыстар секілді, олар су асты жартастарының шыңдарын немесе жеке су асты тауларын көмкеріп жатады. Сонымен бірге көлденеңі 50-120 км-ге дейін жететін күрделі коралдық атолдар кездеседі, ал олар өз кезегінде көптеген кішкентай атоллдарды біріктіреді.

Геологиялық құрылысы және түбінің жер бедері. Үнді мұхиты түбінің оңтүстік және шығыс бөлігінің жер бедері ежелгі геологиялық кезеңде қалыптасқан. Солтүстік-батыс бөлігі түбінің жер бедері, менің ойымша, бордан кейінгі уақытта Гондвананың жерлерінің төмендеуі нәтижесінде пайда болған. Бұған осы аудандардың барлық ірі аралдарының (Мадагаскар, Сокотра және т.б.) геологиялық құрылымдарының Шығыс Африкаға ұқсастығы дәлел бола алады. Ең жас болып Яван ойпаңының тектоникалық ойысы табылады. Қазіргі уақытта көп таралған «тақталардың тектоникасы» немесе «спрединг» гипотезасын Үнді мұхитының пайда болуы және тарихы сұрақтарын қарастыру үшін пайдалануға болады. Осыған байланысты, бұл мұхит аймағындағы жер қыртысының геодинамикасы үш литосфералық тақталардың қозғалысымен анықталады – Африкалық, Үнді-Австралиялық және Антарктикалық, ал олардың арасындағы шекарасы болып орталық-мұхиттық жоталар саналады. Үнді мұхитының пайда болуы осы тұрғыдан қарағанда осы тақталардың «бөлінуінің», дәлірек алғанда – олардың материктік «ядроларының» ыдырауы, ал олар бұрын жалпы материктік дене құраған, және осылардың арасында мұхиттық литосфераның үлкеюінің (спрединг) нәтижесі секілді. Материктердің қозғалуының жылдамдығы әртүрлі дәуірде біркелкі болмаған. Үнді мұхитының ойпаңы мыналарға бөлінеді: материктің суасты шеті (мұхит түбі аумағының 29,3%), мұхит түбі (51, 6%) және орталық-мұхиттық жоталар (16,8 %). Ауыспалы белдеу аз дамыған (2,3 %) және тек мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінің тар бөлігінде орналасқан.

Орталық-мұхиттық жоталар. Үнді мұхитында төрт орталық-мұхиттық жоталар бар – Батыс-Үнді, Араб-Үнді, Орталық-үнділік жоталар және Австралиялық-Антарктикалық көтерілім. Батыс-Үнді жотасы солтүстік-шығысқа созылып жатыр және кедертастық белдеудің барлық ерекшелік белгілерімен сипатталады - сейсмикасының жоғарғы деңгейі, мұхиттық түрдегі су асты жер сілкіну және жалдардың кедертастылық құрылымы. Бұл жотаның шығыс беткейінде екі үлкен вулкандық массивтер орналасқан. Олардың су бетінен шығып тұрған шыңдары Принс-Эдуард және Крозе аралдарын құрайды. Родригес аралынан шығысқа қарай бұл жота сондай белгілермен сипатталатын Араб-Үндімен жалғасады. Бірақ та, бұл жерде жарылымдар туралы айта кету керек, оларға тар терең ойпаңдар – Вима (6237 м) және Витязь (6400 м) жалғасқан. Олар солтүстік-шығысқа созылып жатыр және Аден шығанағы түбінің кедертастық-шойтастық құрылымдарымен ауысады. Аден шығанағында кедертас жүйесі екіге бөлінеді – оңтүстік бұтағы шығыс-Африкамен жалғасады, ал солтүстігі Қызыл теңіз, Акаба шығанағының, Өлі теңіздің және Ливанның кедертастарын жасайды. Қызыл теңіздің осьтік грабенінде ыстық (70° дейін) және өте тұзды (300 % дейін) ювениальды сулардың өте қатты шығулары табылған. Бұл сулар магманың литосфераға шығатын су буларының конденсациясы кезінде пайда болады.

Орталық-Үнді жотасы алдыңғы екі жотаның қосылған жерінен оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр және Амстердам, Сен-поль аралдарына дейін жалғасады. Алдыңғы құрылымдардың белгілері секілді белгілермен сипатталады. Орталық-мұхиттық жоталар Үнді мұхитын үш секторға бөледі: Африкалық, Үнді-Австралиялық, Антарктикалық. Олардың түбінің жер бедерлері әр түрлі болып келеді.

Климаты.Үнді мұхитының ауа райы оның географиялық орнымен анықталады – мұхиттың көп бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр, солтүстігінде ол Азия материгімен шектелген, ал оңтүстігінде – суық Антарктидамен. Мұхитта бірнеше климаттық белдеулер бар – экваториалдық, екі субэкваториалдық, екі тропикалық, оңтүстік субтропикалық, субантарктикалық және антарктикалық. Евразиялық материктің әсеріне байланысты мұхиттың солтүстік бөлігінде ауа массаларының дұрыс маусымдық ауысуы қалыптасады – муссондық атмосфералық циркуляция.Қысқы уақытта материктің үстінде жоғарғы қысым облысы пайда болады. Солтүстік-шығыс муссон суыған материктен құрғақ және суық ауа әкеледі. Жазда, керісінше, материктің үстінде төменгі қысым облысы қалыптасады. Оңтүстік-батыс муссон мұхиттан мол жауын-шашын әкеледі. Жазғы муссон көп күшке жетеді, және Аравия теңізінің аймағында 7 баллдық күші бар желдің қайталануы бұл кезде 40 % жетеді. Үнді мұхитының оңтүстік жарты шарында атмосфералық қысымның тұрғылықты орталығы орналасқан: субтропикалық ендіктерде Оңтүстік-Үнділік максимум және жоғарғы ендіктерде Антарктикалық минимум. Бұл желдердің тұрақты бағытының қалыптасуына жағдай жасайды. Тропикалық және субтропикалық ендіктерде жыл бойы оңтүстік-шығыс желдер - пассаттар болады, ал қоңыржай белдеулерде осындай тұрақты батыс желдер. Қоңыржай белдеулерде теңіз дауылының қайталануы 30-40 % асады. Үнді мұхитының тропикалық белдеуінде көктемгі және күзгі айларда дауылдар (тайфундар) көп болады, олар кей кездерде катастрофикалық сипат алады. Әсіресе, тайфундар - жылына 8 рет, мұхиттың батыс бөлігінде пайда болады – Мадагаскар және Маскарен аралдары аймақтарында. Географиялық орнының, атмосфералық және су циркуляцияларының ерекшеліктері барлық мұхит беті бойынша ауа температурасының заңдылық өзгеруіне жағдай жасайды. Қыста ауа температурасы мұхиттың солтүстік бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай +20°-тан +27,5 ° дейін экватор маңында. 30° о.е. температура +15°, 20° төмендейді, 50° о.е. 0°, +5°, 50°-60° о.е. 0° және одан да төмен болады. Жазда ауа температурасы мұхиттың солтүстік бөлігінде +25°, +27° болады; 30° о.е. +20°, +25°; 50° о.е. +5°, +6°; ал 60° о.е. 0° және одан төмен болады. Суық және жылы ағыстардың сулары жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді көп өзгертетінін атап өту керек. Бенгаль шығанағында және экваторда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 2000-3000 мм құрайды, оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеулерінде 1000 мм шамасында, Антарктиданың жағалауында – 250 мм, Аравия теңізінің батысында – 100 мм. Үнді мұхитының муссондық солтүстік бөлігінде бұлттылық қыста 10-30%, жазда 60-70% дейін құрайды. Мұхиттың оңтүстік бөлігінде орташа жылдық бұлттылық 40-50 %, 40° о.е. оңтүстікке қарай 80 % жетеді. Керісінше, Аравия теңізінде бүкіл жыл бойы ашық ауа райы болады.

Ағыстар. Атмосфералық циркуляция Үнді мұхитының үстіңгі суларының циркуляциясын анықтайды. Солтүстік бөлігінде муссондар ағыстардың маусымдық өзгеруіне әсер етеді. Оңтүстігінде – ағыстар бір қалыпты сипатта болады, олардың таралуында маусымдылық жоқ.Жалпы алғанда Үнді мұхитында ағыстардың жүйесі екі басты су айналымымен көрсетілген. Қысқы уақытта солтүстік жарты шарда солтүстік су айналымы болады. Ол өзінің бастауын Бенгаль шығанағында Оңтүстік-батыс муссондық ағыспен бастайды, ол Шығысқа ауысады, содан кейін шығыс бағыт алып, Экваториалдық қарсы ағысқа бастау береді. Оның бір бұтағы Андаман теңізіне қарай барады.

Солтүстік жарты шарда жазғы уақытта Муссондық ағыстар Африканың жағалауында күшті Сомалий ағысымен басталады. Бенгаль шығанағында ағыс солтүстікке қарай ағады, ал басқа бір бөлігі оңтүстікке кетеді және Африканың жағалауларына су апаратын Оңтүстік-Пассаттық ағысқа қосылады. Оңтүстік су айналымы Оңтүстік пассат, Мадагаскар, Агульяс, Батыс желдер және Батыс-Австралиялық ағыстармен қалыптасады. Аравия теңізінде, Бенгаль және Үлкен Австралиялық шығанақтарда, сонымен бірге антарктикалық суларда жергілікті ау айналымдары бар. Үнді мұхитында советтік зерттеушілер жер астылық экваторлық ағыстарды тапты.

Судың температурасы. Экваторлық белдеуде жыл бойы жер үсті суларының температурасы 28° шамасында болады. Қызыл және Аравия теңіздерінде қысқы температура +20°, 25° төмендейді; бірақ та жазда Қызыл теңізде бүкіл Үнді мұхитындағы максимальды температура қалыптасады: +30°, +31°. Жоғары температуралар (+29°) Австралияның солтүстік-батыс жағалауына тән.Оңтүстік тропиктен оңтүстікке қарай бірдей ендіктерде жылдық температура мұхиттың батысына қарағанда шығыс бөлігінде 1-5° төмен. Мысалы, 30° о.е. аймағында жазда судың температурасы +21° мен +25° арасында болады (қыста +16°, + 20°), ал 50° о.е. - +5°-тан +9° дейін (+3°, +5°). 60° оңтүстікке қарай судың температурасы жазғы уақытта да теріс (төмен) болады. Қыстың аяғында мұздың қалыңдығы 1-1,5 м дейін жетеді. Мұздық құрылымдардың арасында айсбергтер кең тараған. Олардың ішіндегі ең ірілері 40° о.е. жетеді. Айсбергтердің пайда болуының негізгі көздері болып Эймери, Шеклтон қайраңдық мұздықтар, Уилкс Жерінің шығарушы мұздықтары болып табылады.

Тұздылығы. Суының ең көп тұздылығы (40-41%) Қызыл теңізде. Жоғары тұздылық (36%) оңтүстік тропиктік белдеуге тән, онда булану көп және жауын-шашын аз болады. Экваториалдық белдеу мен Бенгаль шығанағында тұздылық азырақ (32-34%). 45° о.е. оңтүстікке қарай тұздылық азырақ, оған айсбергтер мен теңіздік мұздықтардың еруі мүмкіндік береді. Судың тығыздығының ең көп мөлшері антарктикалық ендіктерде болады – 1,027, ең аз мөлшері 1,018-1,022 мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде және Бенгаль шығанағында болады. Мұхиттың солтүстік-батыс бөлігінде оның мөлшері 1,024-1,025 болады.

Органикалық дүниесі.Үнді мұхитын үш биогеографиялық облыстарға бөлуге болады: Тропикалық (Тынық мұхитпен бірге), Қоңыржай және Антарктикалық. Кейбір авторлар соңғы екеуін біреу қылып қосады – Нотально-Антарктикалық. Мұхитта тіршіліктің таралуы тек ендік бағытта ғана емес, сонымен бірге вертикаль бойынша да болатынын атап көрсету керек, ал онда екі негізгі биотоп бар – пелагиаль және бенталь. Әсіресе тропикалық облыс кең таралған. Онда планктон өте көп. Кейде «мұхиттың гүлденуі» байқалады – біржасушалы балдырдың – триходесмиумның өте тез өсуі. Осы балдырлардың өте көптігінен су беті өте лайланады және өзінің түсін өзгертеді. Нектон Үнді мұхитында өте алуан түрлі. Тропикалық облыстарға теңіздік тасбақалар, дюгонь (Африканың оңтүстік-шығыс жағалаулары), теңіздік жыландар тән. Балықтардың көп түрі бар – ұшатын балықтар, тунцы, алтын макрель және басқалары. Акула мен теңіз шаяндары кездеседі. Ұлулар, тікентерілілер және маржандар көп. Антарктикалық суларда эндемикалық жануарлар саны бұдан да көп – 85-95 %. Сүтқоректілер көп – Уэдделл итбалығы, Росса, Крабоед, көк кит, финвал, сейвал. Құстардан мұнда пингвиндер, альбатростар, буревестниктер кездеседі. Осы облыстың бенталі үшін мыналар тән: губкадан – шынылы губка, тікентерілілерден – теңіздік лилиялар және голотурии. Үнді мұхитында зообентос әртүрлі ұлулармен, губкалармен - әктілік және кремнийлік, тікентерілілер – кірпі, голотурии. Шаян тәрізділер, гидроидтар көп. Тропикалық белдеуде маржандық полиптер кең таралған. Үнді мұхиты аралдық құрылымдарының кедертастарының дамуының классикалық мысалы болып табылады.

Мұхиттың тропикалық облыстарының фитобентосы бурыл балдырларға (саргасстық және диктиота) бай. Жасылдардан каулерпа кең тараған. Әктілік балдырлар – литотамния (қызыл) және халимеда (жасыл) кораллдармен бірге кедертастық құрылымдарды құруға қатысады. Қоңыржай және арктикалық белдеулердің фитобентосына бурыл балдырлар тән – фукустық, ламинарлық және кызыл-порфира, гелидиум.

Мұхитты физикалық географиялық аудандастыру. «Мұхиттардың атласы» (1977) мәліметтері бойынша Үнді мұхитының бетінде келесі физикалық-географиялық белдеулер бар болуы мүмкін.

1. Солтүстік тропикалық белдеу. Оған Қызыл теңіз, Аравия теңізінің солтүстік-батыс бөлігі және Парсы шығанағы кіреді. Оларға тән ерекшеліктер – ауа мен судың жоғары температурасы, суының өте жоғары тұздылығы; кораллдық биоценоздардың кең дамуы.

2. Солтүстік субэкваторлық белдеу. Оған Аравия теңізінің және Бенгаль шығанағының сулары жатады. Атмосфералық циркуляцияның муссондық режимі ерекше байқалады, осыдан беткі сулардың циркуляциясы болады. Ауа мен судың жоғары температурасы, атмосфералық жауын-шашынның көптігіне және қысқы муссонның әсеріне байланысты төмен тұздылық, белдеу аясында органикалық дүниенің тез дамуы.

3. Экваторлық белдеу. Климаттық және гидрологиялық көрсеткіштердің тұрақтылығы. Бұлттылықтың конвективті сипаты, жауын-шашынның көп мөлшері және судың төмен тұздылығы. Жануарлар әлемінің бай және әртүрлілігі.

4. Оңтүстік субэкваторлық белдеу. Ол солтүстік белдеуге ұқсас. Бірақ та бұл белдеуде муссондық циркуляцияның маңызы көп төмендейді.

5. Оңтүстік тропикалық белдеу. Атмосфералық циркуляцияның пассаттық режимі тән. Бұл оңтүстік пассаттық ағыстың белдеуі. Атмосфералық жауын-шашын аз, жоғары тұздылық. Төмен өнімділік және биомасса.

6. Оңтүстік субтропикалық белдеу. Атмосфералық режим ауыспалы сипатта болады: қыста қоңыржай белдеудің массалары, ал жазда – тропикалық. Алдыңғы белдеуге қарағанда су мен ауаның температурасы төмен және органикалық дүниесі көбірек.

7. Оңтүстік қоңыржай белдеу. Ауа мен судың температурасы төмен. Қатты желдер, штормдық жағдай. Тұздылық азырақ, органикалық дүниесі бай. Әсіресе, диатомдық флора планктон мен нектон фаунасымен.

8. Субантарктикалық белдеу. Айырмашылық белгілері – су мен ауаның төмен температурасы. Көбінесе батыс желдермен байланысты теңіз дауылды ауа райы. Жоғары өнімділік және органикалық әлемнің биомассасының көптілігі. Айсбергтер көп.

9. Антарктикалық белдеу. Өте қатты климаттық жағдайлар – ауа мен судың төмен температурасы, қатты мұздық режим. Органикалық дүниесі кедей және сирек.