- •1 Жеткіншектердің психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық зерттелуі
- •1.1 Психологиялық денсаулықтың деңгейлері мен құрылымы
- •2 Психологиялық денсаулықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
- •I.1. Адам денсаулығын айқындайтын факторлар
- •Денсаулық, жас ерекшелік, еңбекке қабілеттілік
- •3.Зерттеу әдістері
- •2 Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану
- •2.1 Отбасындағы тұлғаралық комуникацияны зерттеу бойынша тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері.
- •2.2 Психологтың жеткіншектермен жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалануы
2.2 Психологтың жеткіншектермен жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалануы
Психологтың жұмысында жеткіншектердің психологиялық денсаулығын жетілдіру үшін психологиялық денсаулық бөлмесінде жұмысты ұйымдастыру мәселесіне жан-жақты тоқталамыз. Психологиялық денсаулық бөлмесі тұлғаның адамның психологиялық және физиологиялық жағдайына ықпал ететін ерекше орын екені белгілі. Қазіргі танда әр адамның соматикалық және психикалық денсаулығына негативті ықпалдар әсер етіп, оны дағдарыстық жағдаятқа түсіруде, ал психологиялық денсаулық бөлмесі эмоциялық қалыпты реттеп, психологиялық үйлесімділіктің дамуына жағдай туғызады. Бұл бөлмені кез-келген білім беру мекемесінде ашу қажет, өйткені мұғалім, оқытушы мен қызметкерлерді басқару көптеген күш-қуаттың жұмсалуына алып келеді.Мұғалімдер, оқытушылар мен қызметкерлер өзгелерге қолайсыздық туғызбай-ақ өзінің ашуы мен ызасын сыртқа шығарып, көңіл-күйін, эмоциялық жағдайын жақсарта алады.
Ең бірінші бұл бөлмеде музыка үнемі ойнап тұруы қажет және ол жағдаятқа байланысты өзгеріп отырғаны абзал ( табиғат үнін, құстың сайрағанын тыңдау ). Ауадағы көбікті түтікшелер көңіл- күйді жақсартады, ал түрлі-түсті проекторлардан шыққан түрлі-түсті толқындар адам жағдайына позитивті ықпал етеді.
Бір-екі кресло және бірнеше орындықтар, сонымен қатар топтық сеанстар үшін кілемде төселінуі қажет.
Тұлғаның психологиялық денсаулығын қалыптастыруда мектептегі психологиялық кабинеттің де маңызы зор.
Психологиялық денсаулық бөлмесі психологиялық стресті әлсіретіп, қолайсыз жағдаяттарға қарсы тұрып, позитивті қуатты игеруге, психокоррекция мен психологиялық кеңес беруге арналған болып табылады және релаксациялық музыка кітапханасын жинақтау, ауадағы көбікті түтікшелерді және арнаулы оң әсер ететін жарық құрылымын орналастыру қажет.
Оқушылардың күші мен қуаты сабақ барысында әлсірейді, сондықтан психолог эмоциялық қалыпты реттеуге үнемі көмектесуі керек.
Психолог төмендегі мәселелерді шешуі қажет,олар:
Психоэмоциялық және соматикалық тынышталуына , қиналысты жоюға, жан дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке келуіне мүмкіндік беру.
Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу.
Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою техникаларын пайдалану.
Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру
Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету
Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту
Сурет-4 Психологиялық денсаулық сақтау кабинеті
Тұлғаның лидерлік қасиетін дамыту
Қызметте сәттілікке жетуді үйрету
Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету
Тұлғаның ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Мінездің іскерлік жағын дамыту
Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау іскерлігін дамыту
Жеткіншектермен әлеуметтік бейімделу және педагогикалық оңалту жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады.
Осы жоғарыдағы ойларды жүзеге асыру үшін және оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбиесін беру үшін игерту үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі.
Сыныпта ақын-жыраулардың шығармашылығына байланысты тәрбиелік іс- шаралар өткізу, оқушыларды тәлім- тәрбиелік нысандарға топсаяхаттарға апару, сыныпта «Фараби- ғұлама» , «Атадан қалған өсиет »атты қабырға газеттерін шығару, «ақын-жырау шығармалары» атты кітап көрмесін ұйымдастыру.
Үйірмелер: «Шешендік сөз үйірмесі» (от ауызды, орақ тілді бабаларымыздан, жыраулардан қалған тәрбиелік нақыл сөздер, қанатты сөздерді оқып- үйреніп, олармен қатар мақал- мәтелдерді де ауызекі тілімізде қолдана білу).
Домбыра үйірмесі (балалар әр түрлі қағыстарды, домбыраға қосылып ән айту шеберлігін меңгереді). Жыр- терме- толғаулар үйірмесі (Жыр, терме, толғау үйрену). Ұжымдық шығармашылық істер: ұжымдық шығармашылық істер балалардың бойында ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға жағдай туғызатындығымен маңызды.
«Қуанышқа арналған күн» атты акцияның жоспарын ұсынамыз:
Дайындық кезеңі
1.Шығармашылық топты құру
Біз акцияны өткізуге мектептің барлық оқушыларын қатыстырамыз. Міндетті түрде мектептің өзін-өзі басқару комитетінің мүшелері, сонымен қатар ерекше назарға алынған балалар болуы қажет. Волонтер –балалар төс белгілері, бейдждері, майкілері, кепкілері, ашық түсті галстуктерімен ерекшеленуі керек.
2.Акцияны әзірлеу
Әр акцияның ұраны болуы қажет. Мысалы: «Адамның ақыл-парасаты, мәдениеті мінез- құлқынан!» Аса қиындықты талап етпейтін техникалар мен көп қаржыны талап етпейтін материалдарды пайдаланамыз. Акцияны жүргізу жоспарын дайындаймыз.
3. Әр түрлі өмірлік жағдаяттарға позитивті қатынасты және ақыл-парасатпен шешу туралы презентация әзірлейміз. Жеткіншектерге ақын-жыраулардың бақытқа жету идеялары бойынша тақырыптық мультимедиялық роликтерді дайындауды ұсынып, коррекциялау тәсілі ретінде де пайдалануға болады. Екінші нұсқасы — «Кемелденуге талпынам!» тақырыбында оқушылар арасында үздік презентациялар сайысын ұйымдастыруға болады. Акция күні мектепте көрсетіледі.
4. «Объективтегі позитив»
Акцияға дейін 1-апта бұрын фотомарафон басталды, оған мектептің мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар қатыса алады. Автордың ұйғарымы бойынша позитивті эмоция мен мінез-құлық тудыратын нәрсенің барлығы суретке түсіріледі. Фотографиялар электронды түрде жарнамалануы қажет.
Келесі нұсқасы-фотокөрмені әзірлеу. Фотографияларды ұйымдастырушылар алдын-ала қарап шығып, тақырыпқа сәйкес келетінін іріктей бастайды.
5 Мектепті безендіру. Мерекелік көңіл-күй тудыру үшін шарлар мен суреттер, ақын-жыраулардың нақыл сөздері жазылуы қажет.
1.Негізгі кезең
Радиоэфир Акция күні үзілісте күй ойнап тұруы керек, мектеп жаңалықтары, бағдарламалар, құттықтаулар айтылуы қажет.
2. «Пікіріңмен бөлісе біл». Үзілісте балаларды «Ойлы фотограф» суретке түсіріп мектептің ақпараттық панелінде жариялайды. Суретке түсушілерге қойылатын басты талап-ой ойымен бөлісу.
3. «Позитивті оракул» Бұл жұмыстың формасын мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға да қолдануға болады. Алдын ала өмірлік мәні бар пікірлер, ойлар жазылады да сосын жазылған қағаздар бүктеліп арнайы ыдысқа салынады, қатысушыларға өздері үшін маңызды сұрақты қойып, оның жауабын ыдыстың ішінен таңдап алуды өтінеміз. Ыдыстың ішіне ақын-жыраулардың нақыл сөздерін жазамыз.
4. «Әрқайсымызда күн сәулесі жасырынған!»алаңы. Волонтерлер бояумен немесе гриммен барлық қатысушылардың бетіне смайлик немесе күнді бейнелейді. Суретшілер көңіл-күйдің көтеріңкі болуы ауа-райына ғана емес адамдардың күлкісіне де байланысты болып келеді деген қорытындыға келеді. Әр адам күн сәулесіндей айналасына жылу шаша алады.
5. «Өмірімізді түрлі-түсті етейік». Фойедегі еденге газеттерді төсейміз, акцияға қатысушылар осы жолды түрлі-түстерге бояп, жағымды эмоцияларды, көтеріңкі көңіл-күйді беруі қажет. Алдын ала бояулар, гуаштар, борлар дайын болуы қажет.
6. «Жылы сөздер коллекциясы ». Бірнеше ватман алып, оларды қабырғаға іліп қоямыз. Акцияға қатысушыларға қиындықта жігер беретін, көңілге жылылық ұялататын сөздерді жазуды сұраймыз. Фарабидің идеялары қолданылады.
7. Флэшмоб «Өмірде қайратты бол». Волонтерлер мектепті аралап қатысушыларды құттықтап және ән-жырларды тыңдау жүзеге асырылады.
8. «Бүгінгі күн мен үшін…»деген сөйлемді аяқтап өз ойларын қалдыруы қажет. Волонтерлермен бірлесе талқылау жүргізіліп, алға жоспарлар әзірленеді. Жоғарыда көрсетілген іс- шаралардың ұйымдастырылуы балалардың білімнің кеңеюіне, көзқарасында өзгерістердің туындауына алып келеді.
Тыныс алу ойындары мен жаттығуларын да жүйелі қолданамыз, олар:
Жапалақ. Тыныс алу қызметін жақсарту және қол мен тыныс алу қозғалысын коррекциялау (терең тыныс алу).
- «КҮН»деген сигнал бойынша оқушылар бастарын солға және оңға бұрады. «ТҮН» деген сигнал бойынша білімалушылар алға қарап қолдарын қанат тәрізді қомдайды. Қолдарын жай түсіріп «у... ...ффф»деген дыбыс шығарады. 2-4 рет қайталайды.
Зоопарк. Оқушылар жануарлардың біреуінің ролін таңдайды: әтеш, сиыр, құрбақа, қарға, маймыл, қоян, қаз және т.б. Әр жануар өз клеткасына отырып, зоопаркке келгендерге мимикасымен, дыбысымен, ым-ишарасымен қандай жануардың жасырынғандығын білдіртуі керек. Оқушылар айналадан гүлдерді жинап, жүгіріп жүруі қажет.
Ауа үрлеу. Ауаны толтыра отырып қағаз және мақта бөліктерін алып және қауырсынды да пайдаланып, ауа үрлеуі қажет, кім алысқа үрлаей алатынын көреміз.
Бақ-бақты үрле. Майда бөліктерді аузымен, сосын мұрнымен үрлеу қажет.
Раушан гүлін иіскеу. Раушан гүлін иіскеуді ұсынамыз, мұрнымен тыныс алуға үйретеміз. Сабын көпіршіктері. Мұрнымен тыныс алу және түтікшеге ауа үрлеу қажет. А. С. Галанов әдістемесі бойынша тыныс алу жүйесін емдеуге болады. Тұлғаның бойында жас кезінен бастап өмірлік маңызды құндылықтар ретінде денсаулық стандарттарын қалыптастыру болып табылады.
Денсаулық -мәдениеттің белгісі. Дені сау адам зор мүмкіндік жасай алады.
Денсаулық сақтау технологияларын пайдалану арқылы жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады.
Қорытынды
ХІХ ғасырдың басым дидактикалық жүйесінің бірі- денсаулықты сақтау педагогикасы. Оның технологиялық негізі оқытудың денсаулықты сақтау технологияларын пайдалану және денсаулыққа зиян келтірмей оқытуды ұйымдастырудың тәсіл, форма, әдістерінің жиынтығы болып айқындалады. Адам өз өмірінің көп уақытын білім беру мекемелерінде өткізеді, сондықтан оқушының денсаулықты құндылық қатынас ретінде ұғынуы үшін педагогтың рөлі зор болып табылады. Денсаулықты сақтау технологиялары оқушының психикалық денсаулығын қамтамасыз етуге арналған және сыныптың ерекшелігін есепке алу, сабақтағы қолайлы жағдайды қалыптастыру, оқу материалына деген қызығушылықты сақтап отыру, гиподинамияның алдын алу, іс-әрекеттің әр түрін орындау, оқытудағы сәттілікті арттыру.
Мектептегі оқушылардың күші мен қуаты сабақ барысында әлсірейді, сондықтан психолог эмоциялық қалыпты реттеуге үнемі көмектесуі керек.
Психолог төмендегі мәселелерді шешуі қажет,олар:
Психоэмоциялық және соматикалық тынышталуына , қиналысты жоюға, жан дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке келуіне мүмкіндік беру.
Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу.
Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою техникаларын пайдалану.
Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру
Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету
Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту
Тұлғаның лидерлік қасиетін дамыту
Қызметте сәттілікке жетуді үйрету
Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету
Тұлғаның ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Мінездің іскерлік жағын дамыту
Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау іскерлігін дамыту
Ұсыныстар:
Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру үшін педагогикалық үдерісте төмендегідей жұмыстар жүруі қажет:
Сергіту сәті және қозғалыстық ойындар;
«тыныштық сәті»;
Гимнастика түрлері ( емдік гимнастика, тыныс алу);
Массаж;
Психогимнастика;
Тренингтер;
Фитотерапия, ароматерапия, витаминотерапия;
Мектептегі фитобарлардың болуы;
Физиотерапия кабинеті;
Педагог пен оқушылар үшін денсаулық сақтау тренингтері;
Тақырыптық мерекелер.
Сергіту сәтін ұйымдастыру құрамына кіретін жаттығулар:
дене бітімін қалыптастыру жаттығулары;
көзге арналған жаттығулар;
қолдың бұлшық еттерінеарналған жаттығулар;
омыртқаны тыныштандыру;
аяққа арналған бұлшық еттер;
кілемде орындалатын жаттығулар;
бетке арналған релаксациялық жаттығулар;
кеуде, бет, аяқ, қолға арналған жаттығулар;
психогинастика;
ұтымды тыныс алуға бағытталған жаттығулар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Васильева О.С.,Филатов Ф.Р.
Психология здоровья человека: эталоны, представления,установки: Учеб.пособие.-М.: «Академия»,2001.-352
2.Психолого-педагогическая и социальная поддержка подростков:программы, групповые заниятия, проектная деятельность.-Волгоград:2008-123с
3.Новейшие технологии нейтрализации стрессов и оздоровления школьника:
-М.: 2008.-15
4.Антонова, Л.Н. Психологические основания реализации здоровьесберегающих технологий в образовательных учреждениях/ Л.Н. Антонова, Т.И. Шульга, К.Г. Эрдынеева. - М.: Изд-во МГОУ, 2004.-100с.
5. Ахутина, Т.В. Здоровьесберегающие технологии обучения: индивидуально-ориентированный подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. С.21 – 28.
6. Вайнер, Э.Н. Формирование здоровьесберегающией среды в системе общего образования// Валеология.-2004.-№1.-С.21-26.
7. Дыхан, Л.Б., Кукушин В.С., Трушкин А.Г. Педагогическая валеология: учеб. пособие для студ. пед. вузов / Под ред. В.С. Кукушина. – М.: ИКЦ “МарТ”; Ростов н/Д: Издательский центр “МарТ”, 2005. – 528 с. (Серия “Педагогическое образование”).
8. Кабышева, М.И. Здоровый образ жизни студента: метод. рек. / М.И. Кабышева. - Оренбург: ОГУ, 2005. - 43 с.
9. Науменко, Ю.В. Современная практика здоровьесберегающего образования // Валеология. – 2006. - №3. – С. 44-51.
10. Никифоров, Г.С. Психология здоровья: учеб. пособие / Г. С. Никифоров. - CПб.: Речь, 2002. - 256 с.
11. Петров, К.Л. Здровьесберегающая деятельность в школе//Воспитание школьников.-2005.-№2.-С.19-22.
12. Сериков, В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирования педагогических систем. — М.: Издательская корпорация “Логос”, 1999. — 272 с.
13. Смирнов, Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе. – М.: АПК и ПРО, 2002. – 121 с.
14. Смирнов, Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии и психология здоровья в школе. – 2-е изд., испр. и доп. М.: АРКТИ, 2006. – 320 с.
15. Чупаха, И.В. Здоровьесберегающие технологии в образовательно-воспитательном процессе: научно-практический сб. инновац. опыта/ И.В. Чупаха, Е.З. Пужаева, И.Ю. Соколова. - М.: Илекса; Ставрополь: Сервисшкола,2001.-400с.
