Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф-14-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать
    1. 2 Психологиялық денсаулықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары

Көптеген зерттеушілер азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін факторлерді төмендегідей айқындауда, олар[13]:

1. Денсаулықты сақтауға деген мотивациясының төмен болуы. Тұлғаның денсаулығына әлеуметтік құндылық ретінде қарау және қоғамның адам денсаулығына, ал адамның қоғам алдында өз денсаулығына деген жауапкершілгін арттыру болып табылады.

2. Денсаулық мәселесін тек талқылаумен ғана айналысу.

3. Денсаулық туралы тар ұғымның қолданылуы.

Ю.П.Лисицына денсаулыққа ықпал ететін жағдайларды былай анықтайды: салауатты өмір салты-50-55%, экологиялық факторлердің әсері - 20-25%, биологиялық факторлер- 20%, емдеудегі қателіктер-10%.

Денсаулықты көпжақты ұғым ретінде қарап, оның дене бітімдік, әлеуметтік-психологиялыұ және рухани-адамгершілік қырларын да айқындау.

4. Денсаулыққа зиянды экологиялық факторлердің ықпалын айқындауов, Қолайсыз экологиялық аймақтың адамдар денсаулығына зиян тигізуі және судың және тағамдардың денсаулыққа әсерін анықтау.

5. Денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік және техногендік факторлер.

6. Халықтың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың бүтін және мақсатты жүйесінің болмауы, олар:

6.1. Денсаулықты сақтауға үйретудің үздіксіз жүйесінің болмауы.

6.2. Денсаулық мәселесін шешуге бағытталған мекемелердің байланыссыз әрекет етуі.

6.3. Санитарлық-гигиеналық, ағартушылық жұмыстарды жүргізудің жүйесіздігі.

6.4. Денсаулықты жарнамалаудың аздығы.

6.5. Демалу мәдениетін қалыптастыру проблемаларына мән берілмеу жағдайы.

8. Педагогтардың денсаулық туралы мәдениетінің қалыптаспауы және денсаулығының нашар болуы.

Білім беру үдерісін интенсификациялау әр түрлі жолдармен жүруде, олар:

Бірінші- оқу сағаттарының санының ұлғайтылуы (сабақтар, сабақтан тыс жұмыстар, факультативтер).

Екінші-оқу материалының көлемінің ұлғайтылуы мен сағат санының азаюы.

Сол себепті балалардың шаршауынан созылмалы науқас түрлерінің көбеюіне алып келуде.

Шаршаудың физиологиялық негізі – ми жарты шарларының жұмысының әлсіреуі, біртіндеп шартты рефлекстің қалыптасуы әлсірейді. Адамның шаршауына «монотония» мен эмоциялық жағдайдың әлсіреуі де ықпал етеді.

Мектепішілік қиындық туғызатын факторлер:

I. Гигиеналық жағдайлар мен факторлер

    1. шу

    2. жарық

    3. ауа райы

    4. бөлменің өлшемі, кубатура

    5. дизайн, қабырғаның түсі (бейнеэкологиялық факторлер)

    6. құрылыс материалдары, бояу

    7. жиһаз: өлшемі, бөлмеде орналасуы

    8. бейнеэкрандық құралдар – компьютерлер, телевизорлар

    9. тамақтану: ассортимент, тамақтың сапасы, тамақтандыру

    10. судың сапасы

    11. мектептің айналасының экологиялық жағдайы

    12. Санитарлық техникалық құралдар.

II.Оқу-ұйымдастырушылық факторлер

2.1. оқу жүктемесінің оқушының жас және жеке ерекшелігіне сәйкестігі

2.2. сабақ кестесі, оқу жылындағы жүктеменің күнге, аптаға бөлінуі

2.3. сабақтың ұйымдастырылуының ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары (оқу іс-әрекетінің түрлерінің ауысуы, сергіту сәтінің өткізілуі, көзге арналған жаттығулар)

2.4. дене бітімі жүктемесі – күн, апта, ай бойы (дене тәрбиесі сағаты, үзіліс, сабақтан тыс іс-шаралар)

2.5. мектеп жарлығы мен өмірлік нормаларының ерекшеліктері

2.6. мектептің медициналық және психологиялық қамтамасыз етілуі

2.7. Мектеп өміріне ата-аналардың қатысуы

2.8. Әкімшіліктің басқару стилі, қатынастар сипаты

2.9. Педагогикалық ұжымның психологиялық хал-ахуалы, қатынастар сипаты

2.10. Мектептің әлеуметтік ортамен және өзге де ұйымдармен байланысы

2.11. Оқушылардың денсаулық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары жүйесінің болуы

2.12. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен жетілдіру проблемалары бойынша басшылардың құзыреттілік деңгейі.

III. Психологиялық-педагогикалық факторлер

3.1. сыныптағы, сабақтағы хал-ахуал, позитивті эмоцияны қалыптастыру

3.2. педагогтың оқушылармен, білім алушылармен педагогикалық қарым-қатынас стилі

3.3.емтихан мен сауал-сұрақты жүргізудің сипаты мен баға қою проблемасы

3.4. тәуекел тобы балаларына және жеке оқушыларға ықпал ету

3.5. девиантты жеткіншектермен жұмыс істеу ерекшелігі

3.6. әдістемелер мен технологияларды тиімді пайдалану

3.7. сабақта эмоциялық, интеллектуалдық, денелік қозғалысының шектелу көрсеткіші

3.8. педагогтың психологиялық ерекшеліктері мен эмоциясы

3.9. педагогтың денсаулық жағдайы, денсаулығына қатынасы, салауатты өмір салты

3.10. педагогтың өзінің проблемаларын шеше алуы және психоэмоциялық жағдайын басқара алуы

3.11. педагогтың инновациялық қызметі

3.12. педагогтың денсаулық сақтау технологияларын пайдалана алуы.

Денсаулықтың жалпы көрсеткіші:

  1. Өлім мәселесі.

  2. Адамның өмір сүру ұзақтығы

  3. Балалардың өлімі