- •1 Жеткіншектердің психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық зерттелуі
- •1.1 Психологиялық денсаулықтың деңгейлері мен құрылымы
- •2 Психологиялық денсаулықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
- •I.1. Адам денсаулығын айқындайтын факторлар
- •Денсаулық, жас ерекшелік, еңбекке қабілеттілік
- •3.Зерттеу әдістері
- •2 Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану
- •2.1 Отбасындағы тұлғаралық комуникацияны зерттеу бойынша тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері.
- •2.2 Психологтың жеткіншектермен жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалануы
I.1. Адам денсаулығын айқындайтын факторлар
Адам қоршаған ортаны төмендегідей ақпарат түрлерімен таниды, олар:(И.И.Брехман) [14]:
Сенсорлық – сезім мүшелері көмегімен
Вербальдық – ауызша және жазбаша сөз
Құрылымдық – тыныс алу жүйесі арқылы ас қорыту жүйесіне тамақ, су, дәрі, ауа еніп тілдік қасиеттерді құрайды.
I.2. Денсаулық деңгейін диагностикалау
Адам өмірінің сапасын;
Тұқымқуалаушылық;
Адамдардың мінез-құлқы мен салауатты өмір салты.
«Өмірдің сапасы»- денсаулық, адамның моралдық және психолоиялық жағдайы, өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік маңыздылығы мемлекетке, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және өзге де денсаулықты сақтау бағдарламаларына байланысты болып келеді.
Тұқымқуалаушылық-егер адамның науқастану себептерін 100% дейтін болсақ, онда 50% адамдардың мінез-құлқы мен салауатты өмір салты, 20%-қоршаған орта, 20%-тұқымқуалаушылық, 8%-денсаулық сақтау ұйымдарының жағдайы, дәрі-дәрмектер, технологиялық факторлермен анықталады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ағзаны шынықтыру, денсаулықты дамытуға болады.
Салауатты өмір салтының негізгі элементтері:қозғалыс, ұтымды тамақтану, денені шынықтыру, ағзаны тазарту, психологиялық сауықтыру, фитотерапия. Денсаулық деңгейін диагностикалау.
Денсаулық жағдайы қоршаған ортаға ағзаның бейімделуімен айқындалады және денсаулықтың науқастануға көшуі ағзаның бейімделушілік мүмкіндіктерін әлсіретеді және осы аралық жағдай донозологиялық деп аталады.
И.И.Брехман және авторлар ағзаның функционалдық жағдайын топтастырады және 4 жағдай анықталады[15]:
Денсаулық –ағзаның функциональдық мүкіндіктері;
Донозологиялық жағдай- ағзаның бейімделушілік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ағза күшін пайдалану;
Преморбидтік жағдай ағзаның мүмкіндіктерінің әлсіреуі, олар:
а) жүрек қан тамырлары жүйесінің өзгеруі;
б) науқастану жағдайын компенсациялау механизмінің көмегімен әлсірету;
Ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің әлсіреуі компенсациялау механизмдерінің бұзылуымен байланысты болады.
Р.М.Баевский ағзаның жағдайын болжамдық бағалау әдістерін енгізді және оның сызбасында 21-23 жаста ағзаның сыртқы орта факторының ықпалына жауап беруі бейімделу механизміне қосымша бөліктерді қосуды талап етпейтіндігі және 40 жаста профилактика кезеңі аяқталып, емделу кезеңі басталады. И.И.Брехман адам өмірінің екінші кезеңінде денсаулықты бекітуге арналған профилактикалық шаралардың маңызы зор болып табылады.
Сурет1- Жас ерекшелік өзгеріс кезеңдері.
Денсаулық, жас ерекшелік, еңбекке қабілеттілік
Денсаулықтың бірнеше түрлерін айқындаймыз:
1. Соматикалық денсаулық – индивидуалдық дамудың биологиялық бағдарламасының базалық қажеттіліктермен айқындалуы.
2. Физикалық денсаулық – ағзаның даму және өсу деңгейі.
3. Психикалық денсаулық – психикалық сфераның дамуы,адамның адекватты әрекет етуі. Бұл жағдай биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктермен және қанағаттандыру мүмкіндіктерімен анықталады.
4 Адамгершілік денсаулық – өмірлік-әрекеттің мотивациялық және қажеттілік-ақпараттық сферасы индивидтің құндылық, бағдар, мінез-құлық мотивтерінің жүйесімен айқындалады.
Денсаулықтың критерийлері:
Соматикалық және дене бітімінің саулығы – мен жасай аламын;
Психикалық – мен қажет етемін;
Адамгершілік – мен жасауға міндеттімін.
Денсаулықтың белгілері:
Зиянды факторлер әрекетіне ерекше және ерекше емес тұрақтылық;
Өсу мен даму көрсеткіші;
Ағзаның функционалдық жағдайы мен мүмкіндіктері;
Науқастану деңгейі мен дамудағы кемістіктер;
Моральдық-еріктік және құндылық-мотивациялық бағдарлардың жүйесі.
И.М. Сеченов, 1947; Н.А. Берштейн, 1968; И.А. Аршавский, 1992 балалар физиологиясының негізін салушылар олардың дене бітімінің белсенділігі мен қозғалысы арқылы рухани өміріне әсер етеді деп айқындаған.
Балалардың отырып әрекет етуі биогенетикалық өмірі мен дамуына тежелу туындатады, сонымен қатар генетикалық, жасушалық, жүйелілік толыққанды дамымауға және дене бітімі мен рухани дамудың инфантильдігіне, өмірлік қабілеттің әлсіреуіне алып келеді. Замануи іргелі зерттеулер мидың органикалық құрылымы да өздігінен дамымайды және ми кеңістікті моторлық игерудегі дене мен сезімнің белсенділігінен тұратындығы анықталған (Н.Н. Василевский, 1979; Ю.Г. Кратин ,1982; Е.В. Максимова, К.В. Шулейкина, 1987; В.Ф. Базарный, 1991).
Баланы тәрбиелеуді денелік-сезімсіз тәжірибесіз жүргізу бас миының жарты шарларының нейроэпителиалдық жасушалары кері дами бастайды, сонымен қатар «ақыл-ой әрекетінің теориялары» «денелік-сезімдік тәжірибе мен қол әрекеті теориясымен» бірлікте жүргізілуі керек.
Еңбек тәрбиесі ырықты-ерік күшін және ақыл-ой мен шығармашылықты жетілдірусіз жүргізілуі. Балалардың әлемді қабылдауы мен бейнелеуі жағдаяттық типте болуы, ойлауы сыртқы нұсқаулық-ақпараттық психологиялық бағдарламалау болып табылады. Олардың өзіндік ойлауына және шығармашылық интеллектісінің жетілуіне мүмкіндік туындамайды.
Қазіргі оқыту жүйесінде бастауыш мектепте төмендегідей өзгерістер жүреді: шығармашылық қиял 2есе әлсірейді, кеңістік-уақыттық қиялдың 2 есе әлсірейді, әлемді бейнелеудің образдық-оқиғалық бүтіндігінің 4 есе әлсірейді.
Ойлау дененің белсенділігінен және сезімнен бөлек әрекет етпейді, әлеуметтік мінез-құлықтық стратегиясы да қалыптаспайды. Тірі интеллектінің әлсіреуі баланың торығуына, жалғыздығына, эмоциялық салқындққа алып келеді.
90-95% оқушылар жоғарыдағы проблемалар мен қиындықтарға ұшырап отыр.
Қозғалыссыз білім беру мекемесіндегі өмір білім алушылардың қорғаныс күштерін, өмірлік қабілеттерін және жан дүниесін әлсіретеді.
Сурет-2 Сабақ барысындағы оқушылар әрекеті
« Науқастану » - адам психикасына белгілі бір негативті факторлардың ұзақ уақытты әсер етуінен туындайды.
Оқу стресі – ұзақ уақыт бойы негативті жағдайдың әсері және одан баланың шыға алмауы, сол себепті мектепте психосоматикалық ауру түрлері ( бауыр, жүрек, асқазан және т.б. ) көбеюде.
1-кесте Қиналысты жоюдың жасанды жолдары
Медицина |
Қиналысты жоюдың жасанды жолдары |
Дене тәрбиесі, спорт Аромотерапия Түстерапиясы |
Психотерапия –денеге бағытталған психотерапия психо синтез символдарына НЛП |
СПС (психофизиологиялық өзіндік реттеу ) |
Жоғары технологиялар магниттік ықпал нонды ықпал инфросәулемен әсер ету кварц, лазер |
Науқастанудың себебін білу үшін соматикалық аурулардың симптомдарын ғана емес, психикалық дамудың толық бейнесін білу қажет.
Пациенттің жеке өміріндегі науқастанудың әсерін де, «мен – тұжырымдамасының» қалыптасуын, механизмдерін пайдалануын білу қажет. Мектепте денсаулықты сақтау педагогикасының ұстанымы сақталуы керек
ЗОТ
ОПТ УВТ
МГГ ФОТ ППТ ЭЗТ
Денсаулықты
сақтау жұмысы және денсаулықты
диагностикалау, мониторинг
Денемәдениеті Психология
ЛОТ САЛРТ
3-сурет Оқушылар денсаулығын сақтау, қалыптастыру және шынықтыру
ЗОТ – денсаулықты сақтау білім беру технологиясы
ОПТ – ұйымдастырушылық педагогикалық технология
УВТ – оқу тәрбие технологиясы
МГТ – медициналық-гигиеналық технологиясы
ЛОТ – емдік – денсаулық сақтау технологиясы
ФОТ – физкультура және шынықтыру технологиясы
ППТ – психологиялық-педагогикалық технология
ТОБЖ – қауіпсіздік технологиясы
САЛРТ -- әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық қолдау технологиясы
ЭЗТ – Экологиялық технологиясы
Әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы (САЛРТ) – оқушының денсаулығын қалыптастыру, тұлғаны психологиялық қалыптастыру
ХІХ ғасырдың басым дидактикалық жүйесінің бірі- денсаулықты сақтау педагогикасы. Оның технологиялық негізі оқытудың денсаулықты сақтау технологияларын пайдалану және денсаулыққа зиян келтірмей оқытуды ұйымдастырудың тәсіл, форма, әдістерінің жиынтығы болып айқындалады. Адам өз өмірінің көп уақытын білім беру мекемелерінде өткізеді, сондықтан оқушының денсаулықты құндылық қатынас ретінде ұғынуы үшін педагогтың рөлі зор болып табылады. Денсаулықты сақтау технологиялары оқушының психикалық денсаулығын қамтамасыз етуге арналған және сыныптың ерекшелігін есепке алу, сабақтағы қолайлы жағдайды қалыптастыру, оқу материалына деген қызығушылықты сақтап отыру, гиподинамияның алдын алу, іс-әрекеттің әр түрін орындау, оқытудағы сәттілікті арттыру.
Бейімделудің әлеуметтік-педагогикалық аспектілерін зерттеуге мынадай ғалымдар үлес қосты, олар: Антропова М.В., Махмутова М.И., Пашкова Л.М., Соловьев А.С., Хрипкова А.Г. Оқушылар оқытудың өзгеше әдіс-тәсілдеріне және формаларына үйренісе алмай эмоциялық күйзелістерге ұшырайды.
Ғалымдар Г.Е. Гун, Д.Г. Левитес дәстүрлі педагогика денсаулықты әлсіретуде, сондықтан қазіргі таңда денсаулықты сақтау технологияларын пайдалануымыз қажет деп есптейді.
Оқушылардың оқу іс-әрекеті жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің әлсіреуіне және психикалық қиналыстың туындауына, ағзаның бейімделуіне жоғары талаптардың қойылуына алып келеді.
Н.А. Антипина, А.В. Ляхович 90-жылдардың ортасына дейін гигиеналық оқытудың әдіснамасы, науқастанудың алдын алу, студент жастардың денсаулығын қалыптастыру бойынша оқу орындарында әр түрлі құрылымдарды ғылыми негіздеу мен ендіру проблемалары қарастырылмағандығын айқындаған.
Осы жоғарыдағы проблемаға байланысты педагог-психологтардың денсаулық императивін және салауатты өмір салтын, адамның санасындағы өзгерістерді қалыптастыру маңыздылығы артуда. Адамның өз денсаулығын сақтауға үйретуді оқыту, тәрбие, әлеуметтену үдерісінде жүзеге асыру қажет.
Педагогикалық үдерісте салауатты өмір салтына деген мотивациясын және өз денсаулығын сақтауға деген көзқарас пен қатынастар, практикалық әрекеттер жиынтығын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар денсаулықты сақтау міндеттерін шешуіне байланысты 3 топқа бөлінеді:
А) педагог пен студенттің денсаулығына зиян келтіретін технологиялар: Я.А.Коменскийдің сыныптық-сабақтық жүйесі, өктемдік педагогикасынң тәсілдері.
Б) оқыту үдерісі субъектілерінің денсаулығын сақтау мен жетілдіру ге басымдық берілетін технологиялар- денсаулық сақтау технологиялары. В) педагогикалық үдерістің субъектілерінің денсаулығына әсері айқындалмаған технологиялар. Денсаулық сақтау технологиялары білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі, сондықтан оқыту мен тәрбие ерекшелігінің, педагогикалық мәдениет деңгейінің, білім беру бағдарламаларының мазмұнының, оқыту үдерісін ұйымдастырудың тікелей денсаулықты сақтау мәселесіне қатысы бар болып табылады. Тұлғалық-бағдарлық тұғыр негізінде денсаулық сақтау технологиялары жүзеге асырылады. Тұлғалық-дамытушылық жағдаяттарды талдау негізінде студенттер өзараәрекеттесуді, бірлікте өмір сүруге үйренеді. В.В. Сериковтің анықтамасы бойынша технология кез келген сферадағы іс-әрекет болып табылады және сол сфераның объективті заңдылықтарын максимальды түрде бейнелейді, оның логикасына сәйкес құрылуымен және іс-әрекеттің нәтижесінің мақсатқа сәйкестігімен де қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау технологиясы типтері:
- Денсаулық сақтау (профилактикалық екпелер, қозғалыс белсенділігін қамтамасыз ету, ұтымды тамақтандыру)
- Сауықтыру (дене бітімінің дайындығы, физиотерапия, аромотерапия, шынығу, гимнастика, массаж, фитотерапия, арттерапия)
- Денсаулыққа оқыту технологиясы (оқыту мазмұны бойынша)
-Денсаулық мәдениетіне тәрбиелеу (оқушы тұлғасын дамытуға арналған факультативтік сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, фестивальдар, сайыстар) .
Субъектіден тыс технологиялар: білім беру үдерісін рационалды ұйымдастыру технологиясы, денсаулықты сақтау білім беру ортасын қалыптастыру технологиялары, ұтымды тамақтануды ұйымдастыру.
2. Оқушының енжар позициясын қамтамасыз ететін: фитотерапия, массаж, офтальмо-тренажерлер.
3. Оқушының белсенді субъектілік позициясын қамтамасыз ететін: гимнастканың түрлері, денсаулықты оқыту технологиясы, денсаулық мәдениетін тәрбиелеу.
Денсаулықты сақтау педагогикалық технологиялары тұлғаның табиғи қасиеттерін дамытады, олар: ақыл-ойын, адамгершілік және эстетикалық сезімдерін, адамдармен, табиғатпен, өнермен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
“Денсаулық сақтаудың білімдік технологиясы” Н.К. Смирнов бойынша - студенттердің денсаулық мәдениетін, денсаулықты жетілдіруге арналған тұлғалық қасиеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген мотвациясын тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістерін айқындау.
В.Д. Сонькин бойынша денсаулық сақтау технологиялары, олар:
- оқытудың шарттары (стрестің болмауы, талаптардың адекваттылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерінің адекваттылығы);
- оқу үдерісін рационалды ұйымдастыру (жас және жыныстық, даралық ерекшелік пен гигеналық талаптарды есепке алу);
- оқу және дене жүктемесінің жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкесітігі;
қажетті, жеткілікті және рационалды қозғалыстың ұйымдастырылуы.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оны денсаулықты сақтау технологиясы бойынша талдау және сабақтан тыс іс-шараларды да есепке ала отырып ұйымдастыру проблемаларына да талдау жасау маңызды боолып табылады.
