Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф-14-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

3.Зерттеу әдістері

Денсаулық ұғымы ассоциативтік эксперимент көмегімен айқындалады және көпшілік санада қалыптасқан денсаулық және салауатты өмір салты туралы жалпы үдерістерді анкета өткізу арқылы анықтау.

Балалар мен жеткіншектердің, студенттердің денсаулығының кейбір проблемаларын білу үшін мынадай әдістемелерді пайдаланамыз, олар: «Адам суреті», «Отбасы суреті» проективтік әдістемелері, «Денсаулығым жақсы болуы үшін не істеуім керек» интервью.

Денсаулық сақтау тұжырымдамасын құрылымдық-логикалық сызба формасында қарастырамыз:

мақсат – ұстаным-міндеттер – құралдар – алғы шарттар- нәтижелер.

Сонымен қатар педагогикалық үдеріс субъектілерінің денсаулық жағдайы мен психикалық, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық ұдерісті ұйымдастыру және жеке ықпал ету әдістерін тиімді қолдану болып табылады.

«Менің денсаулығым өзіме байланысты»- тренингтік сабақтар циклі

Балалар мен жеткіншектердің, студенттердің денсаулығының нашарлауы замануи қоғамның маңызды проблемаларының бірі болып табылады, сондықтан білім беру ұйымдарының тәрбиелік жұмысындағы алдын алу шараларының жүйелі жүргізіліуінің қажеттігі туындауда.

Білім беру ұйымдары әлеуметтік ортаман байланыста әрекет етуі керек.

Ұсынылған тапсырмалар мынадай проблемаларды қамтиды, олар: ұтымды тамақтану, күн режимі, денсаулық сақтау технологияларын пайдалану, қойған мақсаттарына жету іскерліктерін қалыптастыру.

Тренингтегі әдістер мынадай қызметтерді атқарады: әлеуметтендірушілік( мінез-құлық моделдерін ұсынуы), коммуникативтік, коррекциялық (шығармашылық тапсырмалар, ойындар, жаттығулар арқылы тұлғалық қасиеттерді коррекциялау).

Мақсаты: салауатты өмір салтына деген позитивті қатынасты қалыптастыру, тәжірибесін жетілдіру, денсаулыққа деген саналы қатынасын қалыптастыру.

Әдістер: дискуссиялар, шағын-лекциялар, ролдік ойындар, суреттер.

2 Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану

2.1 Отбасындағы тұлғаралық комуникацияны зерттеу бойынша тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері.

Зерттеуге Қызылорда қаласының № 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. 11-13 жастағы жеткіншектердің өмірге және ата-аналары мен ересектерге қатынасын зерттеу үшін проективті әдістерді қолданамыз. С.Кауфман, Б.Гуддинаф, Г.Хоментаусткас т.б. ғалымдар балалардың сурет салу ерекшелігін былай көрсетеді:

3,5 жаста балалар адам басы мен аяғын ғана бейнелеп, біртіндеп бетті толықтырып салып, қолды да суреттеуді үйренеді. Кеуде кескінін бала 4 жаста бейнелейді. 5 жаста беттегі мұрын, құлақ, қас мойын содан кейін киім мен саусақтық нақтыланғандығын байқаймыз. Аяқтары бір-бірінен алыс салынады.

6-7 жаста құлақ пен шашты, тіпті қалпақты да суреттейді.

7 жаста пропорция сақталады, аяқтар бір-біріне жақын салынады, киімді әрлеп байнелейді.

Бала суреті психологиялық даму деңгейімен қатар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас күрделілігін айқындауға көмектеседі.

Маховердің, Г.Хоментаусткастың интерпретация жүйесін пайдаланып «Отбасы сурет» әдістемесін сандық бағалау үшін сапалық көрсеткіштер симптомдық кешенге топтастырдылды:

1. Әкесі мен анасына қатынасындағы қиындықтар.

2. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы қиындықтар.

3. Өзіне сенімсіздік.

4. Өзімен қанағаттанбау.

5. Агрессияның көрінуі.

6. Шиеленістің көрінуі.

7. Қорғансыздық.

Кесте 2– «Адам суреті» мен «Отбасы суреті» әдістемесінің симптомдық кешені.

Симптомдар кешені

Симптом

1

2

3

4

Әкесі мен анасына қатынасындағы қиындықтар

1

суреттерді бірлікте салынуы

2

фигуралардың жақын орналасуы

3

фигуралардың алшақ орналасуы

4

үлкендердің біреуінің көзінің үлкен болуы

5

үлкендердің біреуінің азулы ауызын ашуы

6

үлкендердің біреуінің ұлғайтып бейнеленуі

7

үлкендердің біреуіне жақын бейнеленуі

8

қолдарының жоғары бейнеленуі

9

отбасы мүшелерінің толық бейнеленуі

10

отбасы мүшелерінің біреуінің бейнеленуі

Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы қиындықтар

1

суреттерді бірлікте салынуы

2

фигуралардың жақын орналасуы

3

фигуралардың алшақ орналасуы

4

фигуралардың біреуінің азулы ауызының бейнеленуі

5

қолдарының жоғары бейнеленуі

6

отбасы мүшелерінің біреуінің бейнеленуі

7

фигуралардың біреуінің көзінің үлкен болуы

8

фигураларды анық беруі

9

фигураларды сызықпен беруі

10

фигуралар қолының төмен бейнеленуі

Өзіне сенімсіздік

1

сурет сызықтарының әлсіздігі

2

сурет «ауада» ілінуі

3

өшіргішті жие пайдалануы

4

суреттің солға қарай ығысуы

5

бас пен беттің анық берілуі

6

дененің айқын бейнеленбеуі

7

ауызы ашық не толық бейнеленсе

8

қол саусақтары жасырын тұруы

9

қол саусақтарының штрихталуы

10

түмелердің бейнеленуі

Өзімен қанағаттанбау

1

фигураның кішкентай бейнеленуі

2

басты ең соңымен бейнеленуі

3

басты айқын денені дұрыс бейнеленуі

4

мойын ұзын етіп дұрыс бейнеленуі

5

қол саусақтарының жасырын тұруы

6

аяқ пен табаннан бастап бейнеленуі

7

сайқымазақ, әзіл-ысқақтарды бейнеленуі

8

ұзын үшкір саусақтардың бейнеленуі

9

жәй қарындаш пен сұр бояуларды қолдануы

10

көздің бос дөңгелекпен бейнеленуі

Агрессияның көрінуі

1

фигураның үлкен болып бейнеленуі

2

суреттің оңға қарай ығысып бейнеленуі

3

дененің бір бөлігін бейнелемеу не өзгертіп бейнелеу

4

дененің бір бөлігін штрихпау, ерекшелеу

5

бастық өте ұлғайтып бейнелену

6

ауыздың тістерімен бейнеленуі

7

ауыздың бір сызықпен бейнеленуі

8

мүрынның өте үлкен бейнеленуі

9

қол денеден алшақтау бейнеленсе

10

қол саусақтарының жұмып тұруы

Шиеленістіктің көрінуі

1

беттің соқынан бейнеленуі

2

фигуралардың алшақ бейнеленуі

3

фигуралардың кейбірінің толық бейнеленуі

4

қара, сұр түстің көп болуы

5

қандай да бір объектіні салудан бас тартуы

6

сурет бейнесі мен айтылғандар арасындағы қарама қайшылығы

7

адам бетінің негізгі бөліктерінің болмауы

8

суреттің

9

өшіру немесе қайта нашар етіп бейнелену

10

ұзақ уақыт үзілістің болуы

Қорғансыздық

1

суреттің парақтың жоғары бөлігінде орналасуы

2

аяқтары алшақтап қойылған

3

балар-болмас салынған сызықтар

4

кеуде жағынан қалтаның салынуы

5

«таяқша» немесе абстарктілі фигураны бейнеленуі

6

шылым түрінде, таяқша түрінде бейнеленуі

7

горизонталь сызықпен қозғалыстарды қалауы

8

штрихтар бағыттының өзгеріп тұруы

9

штрихтардың өте қысқа болуы

10

көлеңкені бейнеленуі, штрихтың оңнан солға бағытталуы

Әрбір симптомдық «белгілік» кешен балмен бағаланатын бірнеше көрсеткіштерден тұрады. Әр белгі 1 балмен бағаланады. Әрбір симптомдық кешен бойынша максималды балл 8-10 балды құрайтын болады.

Әрбір симптомдық кешен белгілі бір балл санын жинақтайды.

Жоғарыда көрсетілген 2-кестеге сүйене отырып, біз барлық суреттерді талдап шықтық. Әкесі мен анасымен қатынасындағы қиындық, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы қиындықтар отбасындағы тұлғааралық қатынас ерекшелігін айқындауға көмектеседі.

Өзіне сенімсіздік, өзімен қанағаттанбау, агрессияның көрінуі, шиеленістің көрінуі, қорғансыздық симптомдықтарында баланың ата-анасымен, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынасындағы шиеліністі, тұлғааралық қатынастағы қиындықтарды, өзін және өзгені қабылдауы, өзін бағалауы айқындалады. Қарым-қатынастағы қиындық шиеленістердің анық түрде көрініп тұрғандағын және жоғары көрсеткіштерді көрсетіп тұрғандығын айқындаймыз