Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф-14-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Қызылорда, 2016

Мазмұны

Кіріспе

  1. Жеткіншектердің психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық зерттелуі

    1. 1.1Психологиялық денсаулықтың деңгейлері мен құрылымы

    2. 1.2Психологиялық денсаулықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары

2. Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану

    1. 2.1Психологтың жеткіншектермен жұмысты ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалануы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі

Психологиялық денсаулық проблемасының психологиялық аспектілері және дені сау тұлғаның моделін ұсыну, Қызылорда халқының психологиялық денсаулығын жақсартудың жаңа технологияларын пайдалану

Елбасымыздың биылғы Жолдауы мен «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында Интеллектуалды тұлға өмірдің дағдарыстық жағдаяттарынан шыға алатын, креативтілігімен ерекшеленетін, интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін жалпы тұрмыс жағдайымен, білім алуға және ғылыммен айналысуға деген қолжетімділігі, медицинамен қамтамасыз етілуі, денсаулығы, психологиялық денсаулығын қалыптастыру маңызды болып табылады.

Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану жүйесін айқындау

Психологиялық денсаулық мәселесі тұлға психологиясының негізгі проблемаларының бірі болып табылады.

Позитивтік образдар негізінде тұлғаның жағымды бағдарламаларының, мен образы мен эго-сананың, өзіндік идентификация, өзіндік бағалау, рефлексияның қалыптасуы, әсіресе күшті эго мен бүтіндей Мен образы тұлғаның психологиялық денсаулығына ықпал етеді.

Қазіргі таңда психологиялық стрестен (ақпараттық стресс, эмоциялық стресс) тұлғаның дағдарыстық жағдайы туындауда, сол себепті оқушының соматикалық, интеллектуалдық, эмоциялық дамуына негативті ықпал етеді.

Тұлғаны қиналысты жағдайда саналы түрде жеңуге үйрету үшін жаңа технологияларды пайдалануды үйрету маңызды болып табылады

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Тұлғаның психологиялық денсаулығының құрылымын және жаңа технологияларды пайдалану жолдарын айқындау және еркін, өмірді сүйетін, шығармашылық іс-әрекетке бейім тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту, тұлға өмірінің сапасын және денсаулығын жетілдіруде денсаулық сақтау технологияларын тиімді пайдалану жолдарын айқындау.

Міндеттері: психологиялық денсаулық деңгейін және құрылымын айқындау

Тұлғаның психологиялық деңгейін қалыптастыруда психологиялық кеңес беру мен коррекциялау;

Психологиялық денсаулықты қалыптастыру кабинетін жабдықтау;

Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану, тұлғаның өмірінің әлеуметтік аспектілерімен байланысты туындайтын қиналыс пен науқастанудың туындау мүмкіндіктерін азайту;

Салауатты өмір салтын насихаттау және психологиялық денсаулықты диагностикалау мен психологиялық коррекциялау;

Әр тұлғаның өзінің қабілетін айқындауы мен дамуына жағдай туғызу;

Баланың денсаулығын сақтау мен бекітуде инновациялық оқыту және денсаулық сақтау технологияларын пайдалану.

Зерттеу жұмысының нысаны Психологиялық денсаулық проблемасының психологиялық аспектілері және дені сау тұлғаның моделін ұсыну, жеткіншектердің психологиялық денсаулығын жақсартудың жаңа технологияларын пайдалану

Зерттеу жұмысының пәні Денсаулық сақтау технологияларын пайдалану арқылы тұлғаның эмоциялық, интеллектуалдық, соматикалық және психологиялық денсаулығын дамытудың алғы шарттарын айқындау және психологиялық денсаулықты жетілдіру дің жаңа технологияларын пайдалану.

1 Жеткіншектердің психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық зерттелуі

    1. 1.1 Психологиялық денсаулықтың деңгейлері мен құрылымы

Қоғам мен мемлекет және адамдар денсаулық сақтау технологияларын пайдаланудың қажеттілігі зерттеуіміздің көкейтестілігін айқындайды.

XX ғасырлардың II жартысында гуманистік және трансперсоналдық психология шеңберінде ( Г.Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс, С. Гродо және т.б) психиканың толыққанды дамуы зерттеліп, денсаулықтың психологиялық концепциясы қалыптасты. Психологиялық пәндер арасында Health psychology ( денсаулық психологиясы) –денсаулықтың мәдени-әлеуметтанушылық және әлеуметтік-психологиялық мәселесін зерттейтін бағыты қалыптасты[1].

Тұлға денсаулығының бейімделушілік моделі индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекетінің сипатымен айқындалады. Адамның биоәлеуметтік табиғаты қоршаған әлемге деген бейімделуі барысында қалыптасатын және өзгеріске ұшырайтын болып табылады.

Тұлға әрекет етуінің басты критерииі индивидтің сыртқы биологиялық немесе экологиялық және әлеуметтік жүйеге енуімен айқындалады. Бір жағынан индивидтің табиғи ортаға бейімделуі үшін қажетті табиғи нышандар деңгейін дамыту, екінші жағынан социумның негізгі нормалары мен талаптарына мінез-құлықтың сәйкестігі болып табылады.

  • Адам қаншалықты өмірлік жағдаяттарға адекватты жауап бере алады?

  • Адам әлеуметтік міндеттерге жауап бере алады ма?

  • Адам әлеуметтік қызмет пен нормаларға сәйкес пе?

  • Осы жоғарыдағы сұрақтарға жауап беру аса маңызды болып табылады.

Бейімделушілік модель бойынша дені сау адам сәтті бейімделуімен және қоршаған ортамен жан-жақты үйлесімді қатынасымен айқындалады.

Денсаулық туралы түсінік ХІХ ғасырдағы ғылыми идеяларға сүйенеді.

Осы модельдің теориялық негізі Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінен бастау алып, қоршаған ортаға бейімделу болып табылады, ал екіншісі

О. Конттың, Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша адамның рухани өмірінің көрінуі әлеуметтік қатынастармен айқындалады.

Индивидуалдық және жалпы түрлік деңгей бойынша денсаулық мәселесі төмендегідей нақтыланады[2]:

индивидуалдық деңгейде ортаның зиянды ықпалдарына ағза мен психиканың қарсы түру көрсеткіші, сыртқы стимулға психофизикалық жауап берудің оптимумы арқылы ағзаның бүтіндігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыт стрестің биологиялық теориясында орын алған.

Г. Селье концепциясына сәйкес, стресс дегеніміз кез-келген талапқа ағзаның ерекше түрде жауап беруі болып табылады.

Биологиялық концепциялар бойынша денсаулық дегеніміз ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауымен байланысты, әрі ол сыртқы ортамен өзараәрекетінің бұзылмауын қамтамасыз етеді[3].

Уолтер Кеннон «гомеостазис» (ежелгі грек тілінде homois – бірыңғай және stasis – жағдай) ұғымын енгізіп, денсаулықтың биологиялық шамасы қоршаған ортамен тікелей және белсенді байланыс жағдайында психофизикалық деңгейде тұрақтылықты сақтау қабілеті ден түсінік береді.

И. Шульц тұрақтылықты сақтау үшін психофизикалық өзіндік реттеу жүйесін, аутогендік жаттығуды қолданады[4].

Конрад Лоренц адамзат эволюциясы өзгермелі өмірлік жағдайларға мақсатты түрде бейімделіп, табиғи сұрыпталу жолымен реттеледі деп түсіндірді.

Вернадский – Бауэр заңы бойынша адамзат өзінің өмір сүру ортасының реттілігін арттырса, сол кезде сәтті дами алады.

«Дені сау популяцияның статусының» сандық сипаттамасы «өмір сүру жасымен» есептеледі. Денсаулықтың бейімделушілік моделінің әлеуметтік аспектісі де маңызды, бұл жерде тұлғаның жан-жақты әлеуметтенуі жүзеге асады. Дюркгейм «Самоубиство» деген этюдінде суицид феноменінде «әлеуметтік элементін» маңызды деп есептейді. Дюркгейм бойынша адамның өмірден кетуінің себебі социуммен байланысынан, оның қоғамдағы жағдайымен, жеке әлеуметтік үдерістерінен, экономикалық дағдарыстарынан іздеу қажет. Суицидтік мінез-құлық социумға ене алмау қабілетімен, адам қоғамындағы бірліктің бұзылумауымен байланысты болып келеді.

Суицидтің әлеуметтік мәдени формасы – альтруистік суицид (өзін құрбандыққа шалу, жоғары адами идеяларға қызмет ету үшін өзіне қол жұмсау)[5].

Адам даралығы қоғамдық өмірімен астасып жатса немесе тұлға өзін өзгелерге қарсы қойса қоғамнан өзін оқшаулай бастайды. Дюркгейм бойынша суицид -суициденттің ұжымдық түсініктер жүйесі, жеке сана мен мінез-құлықтың кез келген формалары болып нақтыланады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализмі индивидуалдыққа қатысты әлеуметтіктің басымдығын , қоғамдық өмір мен нормалардың маңыздылығын білдіреді. Әлеуметтік үдеріс пен факторлердің тұлғаның қалыптаспауына ықпалы конструктивті немесе деструктивті болуы мүмкін.

Дюркгейм бойынша субьектінің жақсы сезінуі қоғамның ұйымшылдық көрсеткішімен айқындалады, рухани өмірдің әр түрлі аномалиялары әлеуметтік ауытқуды бейнелеу ретінде қарастырады, әрі қоғамдық норма мен құндылықтардың бұзылуынан туындайды. Әр индивид өзін әлеуметтік мәдени үлгілерге сәйкестендіре отырып ,өз дамуында үш бағыттың біреуімен жүреді.

Біреуі шыдамды болғысы келсе, екіншісі әлеуметтік жағынан сәтті бейімделген, үшіншісі – шығармашыл болады.

Денелеп түйсінулер мен реакциялар деңгейі 1-жылы жетекші болса, әлеуметтік қатынас және рольдер деңгейі жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде тұлғаның әлеуметтік статусын айқындайды.

Тұлға құрылымындағы сәйкессіздік психикалық денсаулықтың бұзылуы, белгілі деңгейдегі психикалық белсенділіктің шектелуі жүйе қызметінің нәтижесіздігіне алып келеді. М: созылмалы бұлшық еттің қиналысы, ауырсыну. (1-деңгей) деструктивті образдар мен қайталанатын қорқынышты түстер,(2-деңгей) өзін толыққанды сезіне алмау, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өзіне деген сенімсіздік, (3-деңгей) нәтижелі қатынасты қалыптастыруға кедергі келтіретін адекватты емес рольдік, стереотиптер,

(4-деңгей) өлімнен қорқу немесе өмірдің мағынасы мен мәнін жоғалтуы,

Бұл шектеулер әр деңгейдегі психикалық қуаттың оптималды бөлінуінің бұзылуымен, тұлғаның базалық қажеттіліктерінің фрустрациялануымен байланысты, сол себепті психотерапияның әртүрлі бағыттары (денеге бағытталған, психоанализдік, трансактілік, экзистенциалдік ) психикалық қуатты күшейтуге және барлық деңгейдің бірігуіне әкеледі.

Тұлғаішілік сәйкессіздіктің 5 түрлі жалпылама көрсеткіші[6]:

  1. Қорқыныш немесе үрей

  2. Деструкция мен агрессия

  3. Соматикалық (себебі болмаса да ауырсынуын түйсіну)

  4. Белгілі бағдардың шамадан тыс айқындалуы (инстроверсияның шамадан тыс болуы – аутты болу, демонстративті- истероидты мінез-құлық)

  5. Сананың белгілі психикалық мазмұнды тіркеуі. (қайталана беретін күйзелістер, идеялар)

Осы өзгерістер тұлға құрылымында және әлеммен қатынас жүйесінде түрлендіруді жүргізуді талап етеді.

Қорқынышты сезіну үрейлі жағдаятты жою үшін тұлғаішілік ресурстарды белсендіруге итермелейді, ал деструктивтік мінез-құлық толыққанды дамуға кедергі келтіретін жағдаяттарды жоюды талап етеді.

Тұлға құндылығының немесе даралық маңыздылығының жойылуы сәтсіз бейімделуімен де, терең өмірлік дағдарысқа алып келуімен де ерекшеленеді, жоғары дәрежеге жеткен тұлғаның өзі де өмірдің мәнін жоғалтып «ноогендік неврозға » ұшырайды. Материалдық жағдайы үшін адам өзіне қызық емес мамандыққа барып «сәтсіз өмірден» суицидпен құтылуға тырысады. Тұлға өзін реттеуге тырысып ,қоғам нормаларын қабылдамай бейімделеалмаушылық туындап, неврозға итермелейді.

«Психологиялық денсаулық» терминін И.В.Дубровина енгізді, ол психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді[7].

Психологиялық денсаулық:

Адамның жас ерекшелік, әлеуметтік, мәдени (бала немесе ересек, мұғалім немесе менеджер, қазақ немесе араб) рольдерді адекватты орындауы;

Адамның үздіксіз даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

Психологиялық денсаулықтың құрылымы.

Аксиологиялық;

Инструменталдық;

Қажеттілік-мотивациялық.

Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы)

Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).

Қажеттілік-мотивациялық - өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу)

Психологиялық кеңес беру мен коррекцияның міндеттері:

Позитивті өзіндік қатынас пен өзгені қабылдауға үйрету.

Рефлексивтік іскерліктерге үйрету.

Өзіндік даму қажеттілігін қалыптастыру.

Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет.

Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады. Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады.

Жоғары деңгейі – креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. (ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы)

Орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы).

Төменгі деңгей – бейімделеалмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі - өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы;

Психологиялық дені сау тұлғаны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары. Психологиялық дені сау адамның маңызды қасиеттерінің бірі – стрестік жағдаятқа сәйкес өзгере білуі, яғни қиын жағдаяттан жол іздеуде өз күшіне сүйенуі, позитивті өзгерістерге өзін жетелеуі. Онтогенезде психологиялық денсаулықтың қалыптасуының жетекші үдерісі баланың біртіндеп стрестік жағдаятқа сәйкес өзгере білу қабілетінің дамуы болып табылады.

Ф.Е.Василюк стресс, фрустрация, шиеленіс және дағдарыс ұғымдарын дағдарыстық жағдаят идеясымен түсіндіреді. Дағдарыстық жағдаяттың ерекшелігі: дағдарыстық жағдаятқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар оған деген адамның қатынасы болып айқындалады[8].

Дағдарыстық жағдаят ұғымы «өмірлік оқиға» ұғымына кіреді. С.Л.Рубинштейн өмірлік оқиғаны маңызды бетбұрыс жасалынатын өмірдің белгілі бір кезеңі деп түсіндерген болатын. Оқиға позитивті де, негативті де болуы мүмкін, негізінен адамның оқиғаны қабылдау ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі.

Психологиялық кеңес берудің мақсатын айқындау үшін дағдарыстық жағдаятты екі топқа бөліп қарастырамыз. 1-інші дағдарыстық кезең.

Адамның жас ерекшелік дағдарыстық қиналысына психологиялық қолдау көрсету ерекшелігі (жастық кезең, орта жас, қарттық кезең). Стрестік жағдаятты, фрустрацияны, шиеленісті қиындық жағдаят ұғымымен біріктіруге болады. Адамның тұлғалық өсуі үшін дағдарыстық жағдаяттың әсеріне тоқталамыз. И.В.Дубровина тұлға дамуы үшін қиындық жағдаят пен кедергілердің позитивті жақтарын дәлелдеуге тырысады[9].

Балаларға қиындық жағдаяттардың екі жақты әсер ететінін білеміз.

Біріншіден, жағымсыз эмоциялардың туындауынан іс-әрекеттің бұзылуына, әлеуметтік бейімделеалушылыққа, тұлғалық дамуына әсер ететін негативті ықпалдардың күшеюіне алып келуі;

Екіншіден, ерік күшінің дамуына, кедергіні жою тәжірибесінің жинақталуына, өзіндік дамуға мүмкіншілік туғызуы. Дамудың эволюциялық механизмдері екі компоненттен тұрады:

  1. жаңа белгілердің байыппен, баяу, сапалы жинақталу түрінде қалыптасуы

  2. қиындық жағдаяттағы мәнді сапалы өзгерістердің туындауы В.Франклдің өмірді глобалді міндет деп түсіндіруіне сәйкес қиындық-жағдаятты шешімін табуы қажетті аралық міндет деп алуымызға болады.

Адам дұрыс шешім қабылдауы үшін уақытын, күш жігерін жұмсайды. В.Франкл әркімге алдындағы міндетін орындауға жауапты екендігіне көмектескен абзал дейді. В.Франкл қағидасына сүйене отырып, балалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыратын педагогикалық алғы шарттарды анықтай аламыз. Психологиялық денсаулықтың қалыптасуының маңызды алғы шарттарының бірі - әрекетке итермелеуші қиналыстың болуы.

Адамның қиналысты сезіну жағдайы босаңсу, толықтай тынығу жағдайымен ауысып отырғаны дұрыс. Дәрігерлер XIX ғ-ң өзінде-ақ оқушылардың психологиялық денсаулығы үшін ақыл-ой жүктемесінің шектен тыс болуының (И.А.Сикорский, Э.Крепелин, Ф.Эрисман) зияндылығын айтса, ал қазіргі кезеңде Г.Е.Сухарева, Г.К.Ушаковтар да аса мән беруде[10].

Қиналыс туғызатын қиындық жағдаяттар балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет, ал ересектердің міндеті – қиындық жағдаяттарды жеңуге көмектесу емес, қиындықтың мәнін, маңызын іздеуге үйрету.

Балалардың психологиялық денсаулығының қалыптасуының маңызды шартының бірі – жағымды көңіл-күйдің болуы М.Аргайлдың пікірі бойынша жақсы көңіл-күй адамның белгілі бір проблеманы нәтижелі шешуіне және қиындық жағдаяттарды жеңуіне көмектеседі.

Балалардың көңіл-күйі көбіне ересектердің көңіл-күйіне байланысты болып келеді. Оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастырудың қажетті алғы шарты – педагогтың оптимист болуы және педагогикалық үдерісте комизм тәсілдерін нәтижелі қолдануы.

Балалардың бойында оптимизді қалай қалыптастыруға болады?

Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердегі жағымды өзгерістерге, үнемі өзгеруге бағыттау болып табылады.

Қиындық жағдаяттар балаға нені үйретеді?

Күресе білу тәжірибесін жинақтауға;

Белсенділігін арттыруға;

Тұлғалық дамуына;

Жоғарғы дәрежеде компенсация жасауға.

Балалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру үдерісі жүйе ретінде:

Баланың мектепке және отбасына бейімделуін және үрейлілігін диагностикалау, балаларды бақылау және психологиялық денсаулық деңгейін айқындау;

Психологиялық денсаулықтың екінші деңгейіне қатысты балалармен алдын алу бағытындағы күнделікті топтық жұмыстар жүргізу;

Психологиялық денсаулықтың үшінші деңгейіне қатысты балалармен индивидуалдық коррекциялық жұмыс және ата-аналарына индивидуалдық кеңес беру де ұйымдастыру;

Жұмыс барысындағы балалардың психологиялық денсаулығының динамикасын тіркеу.

Жеткіншектерге психологиялық қолдау көрсету.

Жеткіншектермен жұмысты ұйымдастыру үшін мынадай негізі бағыттарды қамтимыз:

Аксиологиялық;

Инструменталдық;

Қажеттілік-мотивациялық;

Дамытушылық.

Аксиологиялық бағыт жеткіншектің өзін және өзгелерді қабылдай алуы, сонымен бірге өзінің және өзгенің де жетістігі мен кемшілігін ұғына білуі;

Инструменталдық бағыт жеткіншектің өз сезімін ұғыну, мінез-құлқының себебін білу, іскерлігі, өмірлік жоспарын құруы, яғни тұлғалық рефлексияны қалыптастыру;

Қажеттілік-мотивациялық бағыт;

Таңдау жасау іскерлігі, өз таңдауы үшін жауапкершілікті қабылдай білуі, өзіндікөзгеру мен тұлғалық өсуге деген қажеттілігін қалыптастыру; Дамытушылық бағыт әр сынып оқушылары үшін өзіндік өзгерістермен толықтырылып отырылады. Осы жоғарыдағы қарастырылған бағыттардың негізінде жеткіншектік кезеңнің соңында мынадай жаңақұрылымдар қалыптасады[11]: (Э.Эриксон)

Эго-сәйкестілік

Жыныстық сәйкестілік мен тұлғалық өзіндік айқындау (Л.И.Божович)

Э.Эриксон эго-сәйкестілікті өзіндік белсенділікті, өмірлік күш-қуатты түйсінуі, өзінің құндылығы мен құзырлығын ұғынуы. Жыныстық сәйкестілік өзінің сексуалдық мінез-құлығы және сексуалдық позициясын түсінуі. Тұлғалық өзіндікайқындау ересек адамның ішкі позициясының қалыптасуымен, қоғам мүшесі ретінде өзін ұғынуымен, болашақта туындаған проблемаларды шешуге үйренуімен байланысты болып табылады.

Жеткіншектік кезеңде мағыналық жүйе, яғни әлем мен өзі туралы түсінік бірлікте қалыптасып, өмірдің мәні мен мамандық таңдау проблемасы да айқындала түседі. Әр сынып үшін тұлғалық даму ерекшеліктерін қарастырамыз, олар:

V сыныпта оқушының өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылығы арта түседі, сондықтан «Мен және менің әлемім» деген тақырып маңызды болып келеді.

VI сыныпта жеткіншектің дамуында мынадай қиындықтар байқалады:

Агрессияның өсуі;

Мойынсұнбаушылықтың туындауы;

Ата-анасымен шиеленістің басталуы;

Белсенділікке және ержету сезіміне талпынуы.

Осы кезеңде «Жеткіншектің маңызды мәселелері» деген тақырыптың қажеттілігі артады. VI сынып оқушыларымен тренинг элементерін қолданып сабақтарды ұйымдастыруға болады; сабақта біршама мөлшерде психологиялық ақпарат беріледі және проблемалар бірнеше сабақ бойы талқыланады. Бұл сабақтардың ерекшелігі олардың өз проблемасын емес (агрессия, мойынсұнбаушылық, үрей, тұйықтық, ересектермен қарым-қатынастағы қиындықтар) «психологияны» зерттеймін деп ұғынуы болып айқындалады. Жеткіншектер өзін толғандыратын мәселелермен ой бөлісіп, өз мінез-құлқының моделін ұғынуға үйренеді.

VІI сыныпта сабақ тренинг формасында жүргізіліп, қыз бала мен ұл балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, педагог пен ата-аналар арасындағы шиеленіс мәселесі, дене қозғалысы, ым-шара, қозғалысты ұғыну, талқыланды. VІI сыныпта ғы басты тақырып «Мен және өзгелер».

VIІІ-ІХ сыныптарда оқушылар психология сабағында ақпаратты қабылдауға даяр, өйткені олардың абстрактілі ойлау деңгейі қалыптасқан болып есептелінеді.

Нәтижелі пікірталастық әдістерге мыналар жатады[12]:

«Аяқталмаған сөйлемдер»

«Өзгелер мәселесі»

«Өзге хаттары»

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде жеткіншектерге маңызды бір тақырып бойынша сөйлемдерді толықтырып, сосын талқылауды ұсынады.

Мысалы:

«Егер ата-анаңның көңіл-күйі нашар болса, онда ... »,

«Егер менің көңіл-күйім нашар болса, онда ... »,

«Егер ата-анаңның көңіл-күйі жақсы болса, онда ... »,

«Егер сенің көңіл-күйің жақсы болса, онда ... ».

«Өзге мәселелерде» жүргізуші жеткіншекпен әңгімелесу барысында анықталған мәселені айтып, сосын оны шешудің мүмкін жолдарын ұсынуды сұрайды.

«Өзгеге хат» әдістемесі бір жеткіншектің екіншісіне хаты түрінде беріледі. Оқушылар хаттағы проблеманы талқылап қана қоймай, өз ойларын хатқа жазып білдіреді.

Рольдік жағдаяттарды талқылау арқылы жеткіншектер шешімін табуға үйренеді.

Жеткіншектермен топтық тапсырмаларды жүргізу арқылы оларды өмірлік маңызды дағдыларға немесе психоәлеуметтік құзырлыққа үйретуге болады, сонымен қатар психикалық денсаулыққа жақсартып қана қоймай, оқу мотивациясының жетілуіне, зейін мен естің тұрақтануына, еңбекке қабілеттіліктің артуына мүмкіншілік береді.