- •1.АйТыс ӛнері және оның зерттелу мәселелер
- •2. А. Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.
- •3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
- •4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.
- •7. Əдебиеттің танымдық мәні
- •8. А. Игүнекидің Ақиқат сыйы
- •9.С.Торайғыров поэзиясының коркемдік жаңалықтары
- •10.Лирикалық тек және оның жанрлық түрлері
- •11. Шешендік өнер, қызметі мен қоғамдағы мәні.
- •12. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
- •13.А.Иассауидің өмірі мен хикметтері
- •14.Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекешеліктері
- •15. Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •16.Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
- •17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары
- •18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту
- •19. Фото жіберілді
- •21. Әдебиетті оқыту әдістері
- •22. Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.
- •23. Көркем шығармалардағы романтизм
- •24. Әдеби-теориялық ұғым түсініктерді оқыту жолдары
- •26. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.
- •27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.
- •28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
- •29. Драма, оның түрлері
- •30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар
- •31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі
- •32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы
- •33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау
- •34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.
- •35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы
- •2. Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар
- •3. Ішкі Монолог пен диалог
- •4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •37. Жырау,жыршыақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті
- •39. Оқытудың жаңа технологиясы
- •8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •11. Дамыта оқыту технологиялары.
- •42. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
- •44. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі
- •46. М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігі.
- •47. Бейімбет Майлиннің прозасы
- •48. Мазмұндама жаздыру арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру
- •49. Лиро-эпостық жырлар
- •52. Əдебиеттің тектері мен түрлері
- •53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты
- •57. Көркем шығарманы оқытуда оқушының білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
- •58. Өлең бунағы мен буын түрлері
- •59. Бұқар толғауларындағы заман шындығы
- •60. Əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдері жөніндегі еңбектер.
- •63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
- •65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы
- •66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері
- •68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті
- •70. Көркем троптар.
- •71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
- •73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын
- •74. Көркем шығармадағы реализм
- •75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі
- •76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы
- •77. М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер жүйесі.
- •78. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің әдістемесі.
- •79. Ішкі Монолог пен диалог
- •80. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •82.Ұйқас жəне оның шумақта атқаратын рөлі.
- •83. Ертегілер,жанрлық түрі
- •84. Прозалық шығармаларды оқыту.
- •86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы
- •87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау
- •88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс
- •90. Мұғалімдерді даярлау
- •93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.
- •94. Көркем бейне және бейнелілік
- •95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •97. Балалар фольклоры
- •98. С. Муканов шыг/нын зерттелуи
- •99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- •101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.
- •102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
- •103. Көркем бейне жəне мінез
- •104. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.
90. Мұғалімдерді даярлау
Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып, қорытындылану қажет.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қаруланған ұлттық, мемлекеттік, саяси-экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді.Бұл мәселені шешуде мұғалім үлкен рөл атқарады. Себебі, мектеп түлегі қай мамандықты таңдаса да, ол мектеп мұғалімі берген негізгі білімді толықтырып, кеңейтіп дамытады. Сондықтан, болашақ мұғалімдерді сапалы түрде даярлау - педагогикалық мамандарды дайындайтын кәсіптік білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратыннегізгі форма – педагогикалық практика. Ресей жазушысы В.Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы – тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп айтқан.
Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігімен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес.
Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мендағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін
талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.
91. Лирикалық кейіпкерлер тұлғасы. Лирикалық, кейіпкер (лирический герой) ұғымын алғаш негіздеп, оған атау берген — Ю. Тынянов. Орыстың ұлы ақыны А. Блок қайтыс болғаннан кейін, көп кешікпей жазылған «Блок туралы» деген мақаласында (1921 ж.) ол ақынның бүкіл поэзиясын тұтас көрініс, бірегей құбылыс ретінде кейіптеп тұрған нақты адам бейнесі бар екеніне тоқтала келіп, әдебиеттану ғылымына теориялық құны өте манызды лирикалық кейіпкер категориясын енгізді. Содан бергі уақыттың ішінде жаппай қолданылып, үйреншікті терминге айналған бұл атау жөнінде әдебиетші ғалымдар арасында ауық-ауық пікір таласы көтеріліп, лирикалық кейіпкер ұғымының ауқымын, теориялық мән-мағынасын айқындай түскен, тереңдей зерттеген еңбектер жарыққа шықтыТерминнің шек-шекарасы, ол қамтитын құбылыстар мен белгі, нышандар ауқымы әлі де болса талассыз емес. Әйтсе де, осы ұғым, осы атау пайда болғалы бері жарық керген еңбектер мен зерттеулер бұл мәселеге әрқилы көзқарастар, бірін-бірі толықтыратын, немесе, тіпті қайшы келетін пікірлер ұсына отырып, лирикалық кейіпкер категориясына мынадай жалпы сипаттама береді: лирикалық кейіпкер — лирикадағы ақын образы, нақты авторлық «меннің» лирикалық шығармашылықта объективтенуі. Жеке өлең ғана емес, тұтас өлеңдер циклынан, өлеңдер кітабынан, лирикалық поэмадан, белгілі бір ақынның лирикалық туындыларының бүкіл жиынтығынан көрініс табатын, өзінше ерек тағдыры, жеке адамдық болмыс-бітімі, ішкі әлемі, психологиясы айқын дараланған, нақтылы мінез ерекшеліктерімен кейіп алған толыққанды бейне болып табылады.Лирикалық кейіпкер — ең алдымен, көркем бейне. Шындықты көркемдік тұрғыда тану мен өрнектеу процесі, творчестволық субъектінің (яғни, ақынның) осы процестегі рухани қызметінің қажыр-қозғалысы лирикалық кейіпкер бейнесінен айқын көрінеді. Сондықтан жеке өлеңде бедерленген сезім-күй, ой-толғаныс ақынның бүкіл шығармашылығы контексінде қаралып, автордың поэтикалық жүйесіне логикалық-психологиялық тұрғыдан табиғи кірігіп жатқан, тиянақ-тұтастығы, жалғасар өрісі бар бірегей көрініс, әрі бүтіннің бөлшегі ретінде танылуы заңды болмақ. Яғни, сол жеке бір өлеңдегі ой-сезім — кездейсоқ айтылған сыр емес, ақынның бүкіл лирикасында сомдалған әдеби тұлғаның, демек, лирикалық кейіпкер көңіл-күйінің бір сәті, жан-дүниесінін бір бұлқынысы; азаматтық тұрғысы, рухани өресі, мінез болмысы айқындалған сол тұлғаға ғана тән құбылыс, соның бойына ғана шақ сөз.
Лирикадағы ең таласты мәселенің бірі — лирикалық бейненің ақынның өз тұлғасымен дәлме-дәл түсуі немесе айырмашылығы қай дәрежеде деген сұрақ. Гегель: «лирикалық туындының орталық «персонажы»— оны жаратушының өзі, ең алдымен, оның ішкі әлемі» —дейді. Әйтсе де, бүгінгі өреде, лирикалық кейіпкер мен оны «жаратушы» ақынның арасына абсолютті теңдік белгісін қоюға әсте болмайды. Лирика туралы пікір айтқан философ, әдебиетшілердің қай-қайсысы да ақынның сол жеке сырларының жалпы адамдық сипатының талассыздығына қол қояды. Лириканы «таза лирика», «қолданбалы (прикладная) лирика» деп бөліп тастап (бұл жерде «қолданбалы» деп некрасовтық мағынадағы лириканы айтып отыр), «идеалды» лириканың моделін сипаттаған орыс философы, ақын, әдебиет сыншысы В. Соловьевтың өзі де лирикада адам жанының ішкі сұлулығы дүниенің объективті мазмұнымен үндесетінін, сол жалпыға тән мағына-мазмұнның «жеке сана арқылы көркем қорытылатынын» жазады. Лирикадағы «меңді» автордың нақ өзі деп түсінетін дәстүрді сынай келіп, сыртқы өмірбаяндық фактілерді мүлде жоққа шығаруға болмайтынын, көркем шығармадағы субъект — творчестволық тұлғаның «өзге, әдеби болмысы» екенін Г. О. Винокур , ал «жеке тұлғаның лирикалық мазмұндағы өзгеше болмысы ақынның өз өмірбаянына жана ғұмыр дарытатынын» Д. Мотольская, К. Соколова дәлелдеді. Атақты неміс философы Ф. Ницше: «лириктің образдары — ақынның өзінен басқа ешкім де емес, тек бұл оның әр қилы формада объективтенген тұрпаты, сондықтан осынау ұланғайыр әлемнің кіндік-тұтқасы ретінде ол «Мен» деп сөйлеуге әбден хақылы; бірақ бұл «Мен» эмприкалық реальды Меннің өзіне ұқсамайды, ол—жалпы әр нәрсенің тегінде, негізінде жатқан бірден-бір мәңгілік қасиет, ақиқат — мән ретінде көрінеді» —дей келіп, осы арқылы лирикті жалаң субъективті ақын деген түсінікті жоққа шығара отырып, тіпті ақынның өзін бүкіл ой-сезім әлемімен, түптеп келгенде, сол өзі жаратқан лирикалық генийдің (Ницшенін атауы) танымы деп біледі. Мәселен, философ өзі алғашқы грек лиригі деп білетін Архилох өз туындысында енді кәдімгі, құмарлықтан өртеніп күйіп-жанған, сүйген, жек көрген Архилох емес, керісінше лирикалық, яки әлемдік гений түп-төркін (изначальный) қасірет-қайғыны адам – Архилохтың кейпінде символдық мәнде бейнелейді деп түсінеді. Біздің көзқарасымызда, бұл ойлардың да ақын мен лирикалық кейіпкердің ара қатынасын парықтауда үлкен маңызы бар.
Лирикалық кейіпкер — ақынның «өз болмысының өзге сапаға көшуі» екенінің (Гегель: «переход в свое другое») иллюстративтік айқын бір мысалы испан ақыны Фернандо Пессао творчествосы. Оның алты өлеңдер кітабының әрқайсысы бір-бірінен мүлде өзгеше қолтаңба танытып, алтауы алты талантты ақынның жеке творчествосындай әсер қалдырады екен. Әр кітаптың өз лирикалық кейіпкерлері бар және олардың жан-дүниесі бір-біріне ұқсамайтын бөлек-бөлек әлем. Бұл — ақын қиялының шексіз кеңістігін, оның басқа болмысқа түрлену (перевоплощение) қабілетінің ерекше мүмкіндігін көрсететін мысал. Бірақ, мұнан ақын жаны — қай қалыпқа құйылса, соның мүсінін алып шығатын, өзіндік порым-бітімі жоқ әлдебір «сұйық» материя сияқты деген ұғым тумасқа тиіс. Нендей түрге түсіп, қандай пішінмен құбылса да, негізгі «материал»—ақын жаны, творчостволық тұлғаның өз болмысының сәулесі екені айқын болса керек. Латын Америкасы әдебиетінің классигі, XX ғасырдың үлкен ойшылдарының бірі X, Л. Гюрхсе. «Уитмен туралы жазбаларында» Уитменнің кейіпкері оның өзі дейтін түсініктерді сынай отырып, Уитмен әдебиетшіні құдай тектес — кейіпкер – Уитменмен шатастыруға болмайды» ,— дейді. «Өмірдегі Уитмен — көп сөзі жоқ, ұстамды, байыпты адам, кейіпкер-Уитмен — өртше лапылдаған қызғын темперамент иесі. «Шөп шашағындағы» бақытты кезбе бұл өлеңдерді жаза алмайтынын түсінген абзал». Борхес Уитменнін өмірдегі «барлық адамдарға ұқсауға», солардың әрқайсысына «сіңіп» кетуге тырысқанын, сол арқылы бүгінгі күні «бәріміздің» сырласымызға, (..) өзімізге, бақытымызға» айналғанын жазады.
92. Ғ.Мұстафин шығармашылығы жайлы зерттеулер . Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.
Шығармалары: 1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты.
1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).
Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.
