Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.17 Кб
Скачать

17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары

Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген.

Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайд.

"Кісен ашкан" (1969) поэмасындаҚұрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.

1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.

Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары:ағылшын, неміс, араб, испан, поляк,монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.

Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі:

«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,

Шабыттың шырқап биік ыршуындай,

Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,

Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп, ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады.Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр.«Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңіндеАлександр Сергеевич Пушкинпоэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.[2]Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған.

18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту

балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсатын көздеген. Сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысы, ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма, мазмұндама, диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелген.

Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақ­­саты - дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша жә­­не жазбаша ойын, грамматикасын және стилистика­сы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамы­туда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқу­ға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отырамыз. Сабақ беру үдерісінде шәкірттерді шығармашылық жұ­мысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыру­ға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра бі­лу тәрізді жекелік қасиеттері байқалады.Оқушылардың шығарма жаза білуі үшін көркем шығар­маны оқуы жеткіліксіз, жазба жұмысы сапалы жазылу үшін оған дайындық ретінде алдын ала жүргі­зі­ле­тін арнайы жаттығулар жүйесі болу керек. Әртүрлі жанр­дағы шығармашылық жұмыстар жазуға төселдіру, салыстырмалы, типтік мінездемелер үлгісін жаздыру, ойтолғау, сыртолғау тәрізді шағын жұмыстарды жаздыру алдында шәкірттерден "Өзіңе үш сұрақ қой: не жаз­ғым келеді, қалай жазамын, не үшін жазамын?" деген та­лап қою керек. Яғни, бала қандай тақырыпты таңдау қа­жеттігін, жұмысындағы негізгі ойды, жанрдың түрі мен стилі туралы алдын ала ойланып алғаны жөн.

Шығарма жаздыру үшін мұғалімнің дайындаған сұ­рақ-тақырыптары барлық кезде өз нәтижесінбере алмайды. Кейде шығарма тақырыбы баланың психология­лық ерекшелігіне, қабілет-икемділігіне, жанұясының құрамына, табиғат ерекшелігі ескеріліп берілгені жөн. Өмірінде тау не көл көрмеген балаға "Тау келбеті мен көл дидары жөнінде" әдеби сипаттама жаздыру аса қиын іске жатады. Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты - логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиял­­ды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұлас­тыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәнімен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.

Шығармашылық - ойлау қабілетінің ең жоғарғы қа­сиеті. Осы арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білім­ге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркем­ді­гі артады. Тақырыпты меңгеруде өз күшіне сену қасие­ті қалыптасады. Шығармашылық оқушыны ізденуге же­­телеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен са­­лыстыруына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық жұ­мысты жүйелі жүргізіп, жазуына, толғанысына жағдай жасау, оқушыға үлкен сенім білдіру - мұғалімнің мін­деті.