- •1.АйТыс ӛнері және оның зерттелу мәселелер
- •2. А. Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.
- •3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
- •4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.
- •7. Əдебиеттің танымдық мәні
- •8. А. Игүнекидің Ақиқат сыйы
- •9.С.Торайғыров поэзиясының коркемдік жаңалықтары
- •10.Лирикалық тек және оның жанрлық түрлері
- •11. Шешендік өнер, қызметі мен қоғамдағы мәні.
- •12. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
- •13.А.Иассауидің өмірі мен хикметтері
- •14.Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекешеліктері
- •15. Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •16.Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
- •17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары
- •18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту
- •19. Фото жіберілді
- •21. Әдебиетті оқыту әдістері
- •22. Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.
- •23. Көркем шығармалардағы романтизм
- •24. Әдеби-теориялық ұғым түсініктерді оқыту жолдары
- •26. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.
- •27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.
- •28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
- •29. Драма, оның түрлері
- •30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар
- •31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі
- •32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы
- •33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау
- •34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.
- •35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы
- •2. Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар
- •3. Ішкі Монолог пен диалог
- •4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •37. Жырау,жыршыақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті
- •39. Оқытудың жаңа технологиясы
- •8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •11. Дамыта оқыту технологиялары.
- •42. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
- •44. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі
- •46. М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігі.
- •47. Бейімбет Майлиннің прозасы
- •48. Мазмұндама жаздыру арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру
- •49. Лиро-эпостық жырлар
- •52. Əдебиеттің тектері мен түрлері
- •53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты
- •57. Көркем шығарманы оқытуда оқушының білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
- •58. Өлең бунағы мен буын түрлері
- •59. Бұқар толғауларындағы заман шындығы
- •60. Əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдері жөніндегі еңбектер.
- •63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
- •65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы
- •66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері
- •68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті
- •70. Көркем троптар.
- •71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
- •73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын
- •74. Көркем шығармадағы реализм
- •75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі
- •76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы
- •77. М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер жүйесі.
- •78. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің әдістемесі.
- •79. Ішкі Монолог пен диалог
- •80. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •82.Ұйқас жəне оның шумақта атқаратын рөлі.
- •83. Ертегілер,жанрлық түрі
- •84. Прозалық шығармаларды оқыту.
- •86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы
- •87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау
- •88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс
- •90. Мұғалімдерді даярлау
- •93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.
- •94. Көркем бейне және бейнелілік
- •95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •97. Балалар фольклоры
- •98. С. Муканов шыг/нын зерттелуи
- •99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- •101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.
- •102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
- •103. Көркем бейне жəне мінез
- •104. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.
47. Бейімбет Майлиннің прозасы
Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, «Шұғаның белгісі») үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.
Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.
Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. «Қара шелек» деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды… Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
Ал «Ұлбосын» атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. «Ұлбосында» да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: «Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі…»—дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.
«Шұғаның белгісі» хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—»Шұғаның белгісі» хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста «Садақ» атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші! Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: «Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады». Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.
Әрі қарай «біз» дегеннің бірі — автор, екіншісі — «отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам» — Қасымжан деген «сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр» кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының «жүргіштеу… жортақтау» болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады…
Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.
— Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді Шұға.
— Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:
— Әбдірахман ғой, — дедім.
— Әбдірахманың кім?
— Қазақбайдың баласы.
— Иә, әлгі учителъ баласы ма?
— Иә.
— Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді…»
Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші:
… Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!..
Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.
Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған орай, мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет – балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Алға қойған осы міндетті іске асыруда жазба жұмыстарының атқаратын рөлі ерекше. Себебі жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар, балаларды ойлай білуге, өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске жетелейді. Жазба жұмыстарына мазмұндама, шығарма, эссе, мақала тағы да басқа шығармашылық жұмыстарды жатқызамыз. Мұндай тіл дамыту жұмыстары оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді. Сондықтан да тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды, ол оқыту үрдісінде жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ал шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын, түйсінуін дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып тәтті сезімге бөлейді.
Жалпы алғанда 5-7 сыныптарда оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың ең ауқымдысы – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтiндi қабылдап, сол қабылғандарын қайта жаңғыртуға және естерiнде қалған мәлiметтердi өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады, сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстыруға жаттығады.
Мазмұндама – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.
