Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.17 Кб
Скачать

73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын

Ақтамберді толғауларындағы басты сарын-ерлікке,батырлыққа шақыру.Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы,мақсат-мүддесі,көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі,мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы. Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп,ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты,рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе Бөгембай батырға арнаған толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от-жалынында туған,ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар,жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр,ұранды рухымен сүйсіндіреді.Ақтамберді толғауларындағы басты идея-ата жауға қарсы күреске шақыру,ерлікке жігерлендіру.Азатттықты аңсаған азатшыл сарын-жырау поэзиясының басты желісі. Оның азатшыл мұраттағы алғашқы өлеңдерінен ақ өршіл сарынның от-жалынды лебі сезіліп тұрады.Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты, рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от жалынында туған, ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар, жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр, ұранды рухымен сүйсіндіреді. Ерлікті жанына жалау қылған жыраудың ел тәуелсіздігі жолына жанпидалық ұранды ту еткен түйіні ұзақ тлғаудың төменгі төрт жолында берілген:

Кеуде бір жерді жол  қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!

Азаттық жолындағы күрестің басты мақсаты – «өз алдына ел болу», қантөгіс қырғын, жас кеткен боздақ – осы бір ұлы арманның құрбаны.Жырау сипатайтын жеңістен кейінгі мамыражай заман суреттері – еркіндікке жеткізер ерлік қайрағы. Ал көңіл көздеген түпкі мақсат – ел қамы.

Тобылғы сапты қамшы алып,

Тұмар мойын ат мініп,

Қоныс та қарар ма екенбіз!

Ел жазылып жайлауда

Жақсылар кеңес құрғанда

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екенбіз!

Жырау көрер қуанышты, келер бақытты көшпелі жұрттың қызықты өмір салтынан ала отырып, күнделікті күйбең тіршіліктің күнгейінен сағалап кетпейді. Елінің жайын ойлайды. «Кеңес құру», «Қоныс іздеу» осының көрінісі. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманды бейнелеп, тәуелсіз елдің тыныштығын аңсаған ақынды береке-бірліктің құтын қашырмаудың  қиындығы қатты толғандырады.

Осындай берген дәулетті,

Көтеріп тұра алар ма екенбіз?

Ел бірлігін  өміршеңдігін қалаған осынау үмітті тілек-түйіннің айтары көп, берері мол. Жырауды ұлы күрестің баяндылығы толғандырады. Ұрпағына соны аманат етеді.

74. Көркем шығармадағы реализм

Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы. Абай алғаш рет қазақ әдебиетінде реализм әдісін қолданды. Сыншыл реализм әдісінің басты ерекшелігі - әмірдің шынайылығын бейнелеу, адам тағдырының, типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете отырып, саяси-қоғамдық емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып табылады. Сыншыл реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін жетік білген Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары Шәкәрім, бұл әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс - өмір шындығын суреттеудің ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен әдебиетте бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетіні сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді. Бүл сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал көркемдік әдіс - суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл әдіс өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соцреализм әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан суреттеуді көздейтін реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты. Жазба әдебиетте реализмнің қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың басындағы қазақ жазушылары жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде Махамбеттің поэзиясындағы асқақ арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс сарыны деп түсіндіріліп келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм емес, маңайындағы қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін айқындалды. Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес, басқа схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар орын алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы - реалистік нақтылық, саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені айқын. Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан ғана бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады.