- •1.АйТыс ӛнері және оның зерттелу мәселелер
- •2. А. Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.
- •3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
- •4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.
- •7. Əдебиеттің танымдық мәні
- •8. А. Игүнекидің Ақиқат сыйы
- •9.С.Торайғыров поэзиясының коркемдік жаңалықтары
- •10.Лирикалық тек және оның жанрлық түрлері
- •11. Шешендік өнер, қызметі мен қоғамдағы мәні.
- •12. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
- •13.А.Иассауидің өмірі мен хикметтері
- •14.Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекешеліктері
- •15. Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •16.Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
- •17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары
- •18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту
- •19. Фото жіберілді
- •21. Әдебиетті оқыту әдістері
- •22. Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.
- •23. Көркем шығармалардағы романтизм
- •24. Әдеби-теориялық ұғым түсініктерді оқыту жолдары
- •26. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.
- •27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.
- •28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
- •29. Драма, оның түрлері
- •30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар
- •31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі
- •32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы
- •33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау
- •34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.
- •35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы
- •2. Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар
- •3. Ішкі Монолог пен диалог
- •4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •37. Жырау,жыршыақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті
- •39. Оқытудың жаңа технологиясы
- •8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •11. Дамыта оқыту технологиялары.
- •42. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
- •44. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі
- •46. М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігі.
- •47. Бейімбет Майлиннің прозасы
- •48. Мазмұндама жаздыру арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру
- •49. Лиро-эпостық жырлар
- •52. Əдебиеттің тектері мен түрлері
- •53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты
- •57. Көркем шығарманы оқытуда оқушының білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
- •58. Өлең бунағы мен буын түрлері
- •59. Бұқар толғауларындағы заман шындығы
- •60. Əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдері жөніндегі еңбектер.
- •63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
- •65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы
- •66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері
- •68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті
- •70. Көркем троптар.
- •71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
- •73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын
- •74. Көркем шығармадағы реализм
- •75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі
- •76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы
- •77. М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер жүйесі.
- •78. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің әдістемесі.
- •79. Ішкі Монолог пен диалог
- •80. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •82.Ұйқас жəне оның шумақта атқаратын рөлі.
- •83. Ертегілер,жанрлық түрі
- •84. Прозалық шығармаларды оқыту.
- •86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы
- •87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау
- •88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс
- •90. Мұғалімдерді даярлау
- •93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.
- •94. Көркем бейне және бейнелілік
- •95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •97. Балалар фольклоры
- •98. С. Муканов шыг/нын зерттелуи
- •99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- •101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.
- •102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
- •103. Көркем бейне жəне мінез
- •104. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.
63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдардың пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты жақтары. Сабақта көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектеріне шолу.
Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.
Activstudio – да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады. Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта
тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.
64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шалкиіз. Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Шалкиіздің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шалкиіз әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық – Шалкиіздің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», — делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шалкиізді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шалкиіз Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді.
Шалкиіз жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шалкиіз» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шалкиіздің «нрғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап — өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шалкиіздің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.
Шалкиіз Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз. Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шалкиіз бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады. Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, — Шалкиіздің (біздіңше, Шалкиіз деген қисынды. — С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.
: Бірінші толғауы
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
