Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.17 Кб
Скачать

3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары

Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей ортақ, түсінікті тіл. “Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл”. Яғни, әдеби тіл қоғамның барлық саласында қолданылатын нормаланған тіл.

Мектепте әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап сынып жоғарылаған сайын күрделене береді. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын жазбаша жан‑жақты бере білуге дағдыландыру ‑ әдебиет сабағында жүзеге асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әр түрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстар мәтінді талдаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Мәселен, төменгі сыныптарда шағын, жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл дамыту – оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, көркем, айқын, нақты сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту, мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап, жай және күрделі жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.

Тіл дамыту жұмысының түрлері сыныптарға, оның ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Мәселен, ортаңғы сыныптарда төмендегідей тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады:

Мазмұндау, олардың түрлері. Орта буын сыныпта әдебиетті оқытудағы негізгі жұмыстың бірі – оқушы тілін дамыту, ойын ауызша жүйелі айта білуге дағдыландыру. Мазмұндаудың бірнеше түрлері бар.

1) мәтінге жуық мазмұндау. Бұл көбіне ықшам мәтіндерге қолданылады. Мәселен, Ғ.Мүсірповтің “Ер ана” әңгімесін мәтінге жақын мазмұндау үстінде ондағы оқиға сюжет желісі сақталып, автор қолданған сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал‑мәтелдер тізбесі, сол сияқты пейзаж, портреттерді келтіре отырып мазмұндалады.

2) Көркем шығарманың мазмұнын қысқаша мазмұндау көлемді мәтіндерге қатысты. Онда оқушыдан өзі толық меңгерген шығарманың мазмұнын ықшамдап айту талап етіледі. Мәселен, повесть, роман жанрларының бөлімдері бойынша негізгі мәселелер жинақталып айтылады. Бұл мазмұндау оқушыларға мәтіннің негізгі түйінін ұғып, түсініп айта білуге дағдыландырады.

3) Шығарманың жағын өзгерте мазмұндау. Бұл оқушыға мәтінді жақынырақ түсінуге көмектеседі. Мәселен, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” романы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бірінші жақтан баяндалған. Соны үшінші жақтан баяндатса, оқушы автор мен кейіпкер қатынасын ажыратып, кейіпкер бейнесін терең ұға алады.

4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар,оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы – Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы– Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып, жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. ...Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды. "Өнер – жігіт көркі" деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ,сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.

5. Жинақтау мен даралау. «Образ- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірініңәсем суреті» Сонымен әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.Образ жинақтау және даралау арқылы жасалады.Көркем әдебиеттегі жинақтау-типке, ал даралау – мінезге әкеледі.Образ осылай туады. Жинақтау дегенніңөзі- әдеби тип жасау әрекеті. Жинақтау үшін суреткерге, бірінші, талғампаздық керек.Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетініңәр алуан бұралаң йірімдерін ғана емес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдыңөзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланылады. Сонымен әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Типтендіру суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі мен жинақтауы,сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы,тұлғаландыруы,даралауы болып табылады. Нағыз суреткердіңқолынан туған әрбір әдеби тип- әрі әбден жинақталған, сон-н өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған,сонд-н ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарынын көрсету үшін керек.Мәселен, әдебиеттегі бір байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанмен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бедерлі бейнелері деп білген жөн.Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың н/е типтің жалпы бітімін,тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды.Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек. Көркем әдебиетте даралау – мінезге әкеледі. Мінез- адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдыққұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.Әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңі жоқ, бүгінгініңөзінде тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер де алынуы мүмкін.Сондай-ақ адамның ішікі бітімі тек мінездеу н/е жанама мінездеу я болмаса күйініш-сүйініш суреттеу жолымен ғана жасалмайды, оныңөзін сөйлету арқылы да мінез – құлқынан талай сыр түюге болады. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш,сүйініш сезімдерді суреттеу,адамныңөз сөзін (монолог) н/е өзгемен сөйлесуін(диалог) келтіру- осылардың бәрі жеке-жеке тұрған,біріне-бірініңқатысы жоқ дара мақсатты нәрселер емес.Керісінше, бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер.Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегенніңөзі — әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиет пен өнердегі типтілік дегенді кейбіреулердің жеке-дара проблема қып бөліп әкетіп, оның маңында жан түсшбес жаңылтпаш қисын қалыптастырмақ боп, қай-қайдағы қасаңқағидаларды тізеге сап иіп құ-растыруы әсіресе кісі қынжылар нәрсе болатын. Шындық кұбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердіңөмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.Мәселен, Толстойдыңқолжазбасында Пьер (әуелі Петр атанған) Безухов былай мінезделіпті:Дәулеті. Әкесі ауқатты. Баласы қолына түскеннің бәрін шашып-төккен, екі рет қарыз төлеген, бас та тартқан. Қолы ашық, ойын құмар, кедейлік дегенді біледі және одан саспайды.Қоғамдыққұлқы. Қісі таниды, оп-оңай алдай біледі де, күледі. Қаласа, би ме, бейшара ма,— бәрі бола алады Өзгеге қарайлауды суханы сүймейді, бәрін өзі… Әдеттен тыс атаққұмар. Бетін, бар, жүзін. бар жоқ, әрқашан қарсыласа кетеді. Әдеп-тәртіп дегендер миына да кірмейді. Қаталдығы да шексіз, кайырымы да шетсіз.Сүю сипаты. Шүрыл, өліп-өшіп сүйеді де, сүйгенінен со бойда жеріп шығады. Әйелдерді әзірейілдей кереді. Әйелдер жиналған жерге аттап басқысы келмейді — бәрі ақымақ. Жиренбейтіні… Ақындыққа қатысы. Музыкаға жаны қүмар, даусы әрі-сәрі. Ән салады. Ғашық болды ма, көздегеніне колы жеткенше есі кетеді, Россияны жан-тәнімен сүйеді, достыққа мықты.Парасат жағы. Бәрін тез түсінеді. Барлық жағынан сұлу сөйлейді. Алысты болжайды. Өз пәлсапашылдығынан өзі шошиды. Өлмес өмір жайлы жиі айтады, бәрін білгісі кеп, басы қатады Наполеонды күндейді.Семья халі. Әкесі — министр француз. Ағасы дипломат, оны жек көреді, Волконская — шеше жағынан немере. Анасы, (?) туған…Наташа (әуелі Наталья атанған) Ростованың мінездемесі де қызық:Мырзалығында шек жоқ.Өзіне өзініқ сенімі мығым. Қылығы қым-куыт, бәрі жарасады, бәрінін, зықысын шығарады және мұны бәрі жақсы көреді. Мақтау сүйгіш.Музыканы біледі, түсінеді әрі есі кеткенше сезінеді Кенет жабыркау, кенет ессіз жайдары.

6-сұрақ. Әдебиет сабақтарында сөздік жұмыстарының қолдану түрлері. Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалықфилологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық Сөздіктер деп бөледі. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық Сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б. Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытса, түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады Көп елдерде ұлттық тілдің түсіндірме сөздіктерін жасау мемлекеттің тіл саясатының негізгі бөлігі ретінде арнайы мемлекеттік бағдарламаларға енеді. Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді. Терминологиялық сөздіктер жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады. Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.