Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИГА тест 2017.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.02 Mб
Скачать

5_07_ Инфекциялық аурулар қаз

$$$001

АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап}= B

$$$003

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

$$$005

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

В) Біріншілік-созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

С)Екіншілік-созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

$$$006

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Жәншау (Скарлатина)

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

$$$007

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

$$$010

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Диагноз қойыңыз;

А) Кенелік энцефалит

В) Энтеровирусты инфекция

С) Ботулизм

D) Сіреспе

Е) Құтыру

{Дұрыс жауап}=C

$$$011

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

D) Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ

Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

{Дұрыс жауап}=E

$$$012

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин

В) Левомицетин

С) Тетрациклин

D) Цефтриаксон

Е) Кларитромицин

{Дұрыс жауап}=B

ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

06_07_каз

Жалпы дәрігерлік тәжірибе 05_

Тақырып «Жұқпалы аурулар (ЖДТ)» 07_

$$$001

Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:

А) Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы.

В) Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық

С) Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы,

D) Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит,

Е) Буындарда және бұлшық етте ауырсыну.

{Дұрыс жауабы}=D

$$$004

Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне , тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты , алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,

А) Лакунарлық баспа

В) ЖРВИ, жедел бронхит

С) Фолекулярлы баспа

D) энтеровирусты инфекция

E) аран дифтериясы

{ Дұрыс жауабы }=D

$$$006

Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10 күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?

А) Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру.

В) Қанды қараңғы көру алаңында тексеру.

С) Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу

D) Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК).

Е) Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция.

{Дұрыс жауабы}=D

$$$008

Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының акуруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?

А) Аскаридоз.

В) Энтеробиоз.

С) Описторхоз

D) Тениоз.

Е) Тениаринхоз.

{Дұрыс жауабы}=B

$$$009

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз

А) Қызылша

В) Риновирусты инфекция

С) Аденовирусты инфекция

D) Респираторно-синцитиальды инфекция//

Е) Тұмау

{Дұрыс жауабы}=C

$$$010

Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

А) Құтыру

В) Сіреспе

С) Кене энцефалиті

D) Жара ботулизмі

E) Менингит

{ Дұрыс жауабы }=В

$$$012

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.

A) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 4-сағат ішінде

B) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

C) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

D) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

E) Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

{Дұрыс жауабы}= C

ЮКГМА

$$$001

Аурухана ішілік инфекцияларды төмендетудің басты шаралары ... болып табылады.

  1. келушілер мен қызметкерледің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

  2. бөлімшені кезеңмен дезинфекциялау

  3. қолды ұқыпты жуу және бір реттік сүлгі қолдану

  4. палаталарды кварцтау

  5. бет перде қолдану

{Дұрыс жауап}=C

$$$002

Физиологиялық жүктілікте акушерге келу саны ... рет.

A) 4

B) 2 аптада 1

C) 14-16

D) айына 1

E) айына 2

{Дұрыс жауап}=A

$$$001

Жатыр мойнының ашылуында ... фазасын ажыратады.

A) белсенді

B) ретракция

C) баяулау

D) контракция

E) латентті

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Алғаш босанушыда жатыр мойнының ашылуы белсенді фазада:

A) 2 - 2,5 см/сағ

B) 1 - 1,5 см/сағ

C) 1,5-2 см/сағ

D) 0,5 - 1 см/сағ

E) 0 – 0,5 см/сағ

{Дұрыс жауап}=D

$$$003

Ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін қайта босанушы әйелде қағанақ суы кетіп күшену басталды. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойысы мен шат аралықта жатыр, отырғыш осі пальпацияланбайды, құйымшақ сезіледі. Бастың орнығуы:

  1. кіші жамбас астауына кіре берісіне тірелген

B) кіші жамбас астауының тар бөлімінде

C) кіші жамбас астауына кіре берісте

D) кіші жамбас астауының кең бөлімінде

E) жамбас түбінде

{Дұрыс жауап}=B

$$$004

Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанатын әйелде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін күшенулер басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 136 рет соғу, ырғақты.

Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қуығы бүтін, жыртылып ашық түсті қағанақ сулары кетті. Басымен жатыр, кіші сегментімен жамбас қуысында, жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Диагноз:

A) Босанудың II кезеңі. Шапшаң босану.

B) Босанудың I кезеңі. Шапшаң босану.

C) Босанудың II кезеңі. Қарқынды босану.

D) Босанудың II кезеңі.Дискоординацияланған босану әрекеті.

E) мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі

{Дұрыс жауап}=A

$$$005

30 жастағы қайта босанушы әйел, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін және де қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностикаланды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті минутына 136 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқа, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Жамбаспен жатыр. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз: Нәрестенің жамбаспен жатуы. ... .

A) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

B) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі

C) Қарқынды босану әрекеті

D) Босанудың ІІ кезеңі. Күшенудің әлсіздігі.

E) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

{Дұрыс жауап}=E

$$$006

Қайта босанушы, 32 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан, қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Толғақтар әр 3-4 минут сайын, 30-35 секундтан. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностирленген. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ритмді минутына 136 рет Нәрестенің болжам салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқарған, жатыр мойнының ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Келе жатқан бөлігі құйрықтары. Экзостоздары жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Жүргізу тактикасы:

A) акушерлік ұйқы-демалу

B) кесар тілігі

C) акушерлік қысқаштар

D) Цовьянов бойынша босануды жүргізу

E) эпидуральды анестезия

{Дұрыс жауап}=D

$$$007

Алғашбосанушы 28 жастағы жүктілік мерзімі жеткен әйел перзентханаға түсті. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70 мм с.б.б. Жатыры қозбаған. Нәрестенің 3 ірі бөлімі пальпацияланады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. УДЗ қорытындысы: Жүктілік 39-40 апта. Егіздер. Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы. Диагноз: Жүктілік 38-39 апта. Егіздер. ... .

A) Көлденең тарылған жамбас

B) Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы.

C) Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас I дәрежесі.

D) Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік.

E) Босану алдын белгілері.

{Дұрыс жауап}=B

$$$008

24 жастағы алғаш босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен, ретті босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Жамбас өлшемдері 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбысы – 9 х l 0 см, Соловьев индексі – 15 см, ішінің айналымы - 98 см, жатыр түбінің биіктігі- 32 см. Қынаптық тексеру: жатыр мойны тегістелген, шеті орташа қалыңдықта, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 5 см, қағанақ қуығы бүтін, кіндік ілмектері жатыр, кіші жамбас кіреберісінде нәресте басы қозғалмалы. Диагоналдық конъюгата - 10,5 см. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы Босанудың І кезеңі. ... .

A) Кіндік ілмектерінің жатуы. Жәй жалпақ жамбас, II дәрежесі.

B) Тар жамбас, І дәрежесі, кіндік ілмегінің түсіп кету.

C) Тар жамбас, IIІ дәрежесі. Кіндік ілмектерінің жатуы.

D) Жәй рахиттық жамбас. Кіндік ілмегінің түсіп кету.

E) Кіндік ілмегінің жатуы. Көлденеңінен тарылған жамбас.

{Дұрыс жауап}=A

$$$009

Алғаш босанушы әйелде босану әрекеті басталғаннан 6 сағаттан кейін күшену басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті, минутына 136 рет.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны ернеулерінің ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін, амниотомия жасалды, ашық түсті қағанақ суы кетті. Нәресте басымен жатыр, төбе жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын орналасқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Нәрестенің болжам салмағы - 4000,0±200,0 г. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі нәресте. ... .

A) Босанудың IІ кезеңі

B) Босанудың II период кезеңі. Маңдаймен жату.

C) Босанудың II кезеңі. Алдыңғы баспен жату.

D) Босанудың IІ кезеңі. Алдыңғы асинклитизм.

E) Босанудың IІ кезеңі. Артқы асинклитизм.

{Дұрыс жауап}=D

$$$010

Преэклампсияда босанудың бірінші кезеңінде ... кіреді.

A) эпидуралды анестезия

B) сульфат магния

C) гепаринотерапия

D) антидепрессанттар

E) салуретиктер

{Дұрыс жауап}=A

$$$011

Босанғаннан кейінгі кезеңде енгізілетін окситоциннің мөлшері ... бірлік болады.

A) 5

B) 10

C) 2,5

D) 20

E) 60

{Дұрыс жауап}=B

$$$012

Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау әйел ... жүргізіледі.

A) отырған кезде

B) қолайлы жағдайда болғанда

C) тұрған кезде

D) арқасымен жатқанда

E) бүйірімен жатқанда

{Дұрыс жауап}=E

04_01_03_каз

Акушерия және гинекология 04_

Тақырып аясында «Жүктілік патологиясы» 03_

$$$001

Преэкламсияның алдын алу үшін ... қолданады.

A) аспірінді төмен дозада

B) несеп айдаушы дәрілерді

C) мырыш препараттарын

D) омега – полиқанықпаған май қышқылдарын

E) Е витамині

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің емінің ұзақтығы әдетте ... күннен аспайды.

A) 3-4

B) 7-14

C) 5-6

D) 2-5

E) 1-2

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде емнің ұзақтығы ... құрайды.

A) 10-14 күн

B) 3-5 күн

C) 1-2 күн

D) 6-7 күн

E) 8-9 күн

{Дұрыс жауап}=C

$$$004

Ауру Т., 29 жаста, алғаш рет акушерге жүктіліктің 29-30 аптасында шөлдеуге, терінің қышынуына, зәрдің көп бөлінуіне шағымданады. Осы жүктілігі екінші; біріншісі - осыдан екі жыл бұрын жүктіліктің 29-30 аптасында өлі нәрестемен мерзімінен ерте босанумен аяқталды. Объективті: бойы 159 см, салмағы 71 кг, АҚ 110/70 мм с.б., ІА - 96 см, ЖТБ - 29 см. Нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатуы, кіші жамбастың кіреберісінде. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, минутына 136 рет. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Майлы гепатоз. ААА.

B) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Ірі нәресте. ААА

C) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Холестатикалық гепатоз. ААА.

D)Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Қант диабеті. ААА.

E) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Гипотиреоз. ААА.

{Дұрыс жауап}=D

$$$005

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 28 аптасында, аяқтарында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер анықталады, АҚ 160/100 мм. сын. бағ., 170/100 мм. сын. бағ. Зәрде белок – 0,66 г/л. Диагноз:

A) Созылмалы пиелонефрит.

B) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі.

C) Артериальды гипертензия.

D) Преэклампсияның ауыр дәрежесі.

E) созылмалы гломерулонефрит.

{Дұрыс жауап}=D

$$$006

34 жастағы пациент К., етеккірінің 2 айға кідіруімен, өзін жүктімін деп есептейтінімен келді. Анамнезінде: 3 жасында қызамықтан кейін гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде протеинурия, микрогематурия. Бірінші жүктілігі ісінулермен, босанумен аяқталды, одан кейін 3 медициналық түсік болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанаралық. АҚ 110/60, 110/65 мм.сын.бағ. Ісінулер жоқ. Бимануалды тексеруде жүктіліктің 8-9 аптасы анықталды. Диагноз:

A) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы цистит өршу сатысында.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА.

C) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит.

D) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Зәр-тас ауруы. ААА

E) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА.

{Дұрыс жауап}=E

$$$007

Қайталап жүкті перинаталдық орталыққа 37 апта мерзімінде түскен. АҚҚ-150/90 мм, протеинурия 2,64 г/л, алдыңғы іш пердесінде, қолдарында, аяқтарында, бетінде айқын ісінулер. Ұрық УДЗ фетометрия бойынша – 32 апта. Сіздің диагнозыңыз:

A) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

B) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

C) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК I-II дәр.

D) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК II дәр.

E) Гестациялық гипертензия. ҰҚДК II дәр.

{Дұрыс жауап}=A

$$$008

Мерзімінен бұрын босануда антибиотикпен алдын-алу ... жүргізіледі.

A) тетрациклинмен

B) цефазолинмен

C) эритромицинмен

D) азитромицинмен

E) гентамицинмен

{Дұрыс жауап}=C

$$$009

8-9 апталық жүктілігі бар жүкті әйел тәулігіне 20 және оданда көп құсады,тағамды ұстамайды, жүдеген, үдемелі түрде салмағын жоғалтуда,

гипотония, пульсі минутына 110 рет., диурез төмендеген, азот қалдығы және креатинин жоғарылаған, зәрдегі ацетон – 4 плюс. Сіздің диагнозыңыз:

A) Холециститттің асқынуы

B) Бүйрек жетімсіздігі

C) Жүктілер құсығы, орташа ауырлық дәрежесі

D) Жүктілер құсығы, жеңіл түрі

E) Шектен тыс жүктілер құсуы

{Дұрыс жауап}=E

$$$010

24 жастағы жүкті әйел эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 31-32 аптасы. Ауыр дәрежедегі прэклампсия. Сіздің амалыңыз:

A) гормоналді терапия

B) витаминотерапия

C) магнезиалды терапия

D) антибактериалді терапия

E) гемотрансфузия

{Дұрыс жауап}=C

$$$011

20 жастағы әйел 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизмнің өршуі болған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚ 90/50 мм сын. бағ. екі қолында. Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімсіз. Диагноз:

A) Жүктіліктің 12-13 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы.

C) Жүктіліктің 10-11 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит.

D) Жүктіліктің 4-5 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

E) Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі.

{Дұрыс жауап}=E

04_01_04_каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» 04_

$$$001

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын емес контурмен. Лохиялар іріңді. Сіздің диагнозыңыз: Босанғаннан кейінгі кезең. ... .

A) Эндометрит.

B) Сальпингоофорит.

C) Пельвиоперитонит.

D) Метротромбофлебит.

E) Параметрит.

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын контурмен. Сүт бездері қатайған. Лохиялар іріңді. Бартельс- Сазонов жіктелуіне сәйкес осы жағдай келесі іріңді-септикалық инфекцияның сатысы: Босанғаннан кейінгі кезеңнің ... сатысы.

A) V

B) II

C) III

D) IV

E) I

{Дұрыс жауап}=E

$$$003

Гипотониялық қан кету мөлшері 500 мл болған жағдайда ... жасалады.

A) В- Linch бойынша тігіс салу

B) қынап үстілік жатыр ампутациясы

C) жатыр экстирпациясы

D) ішкі мықын артерияларын байла

E) жатырдың бимануалды компрессиясы

{Дұрыс жауап}=E

04_01_05_каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патология» 05_

$$$001

Босану ісігі түсінігі:

A) өткізгіш нүктесі аймағында тіннің ісінуі

B) бас сүйегі астына қан ұйюы

C) бастың көлемінің ұлғайуы

D) бас сүйегінің бір-біріне өсіп кетуі

E) бас сүйегінің көлемінің өзгеруі

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Жаңа туған нәрестелерде тыныс бұзылыстары синдромын емдеуінің негізгі әдістері:

A) ауру қоздырғышының сезімталдығын ескере отырып антибиотикпен емдеу, қосымша көмек вентиляциясы

B) тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, қосымша көмек вентиляциясы

C) су және тұз алмасуды қалыптастыруды, айналымдағы сұйықтық көлемін толықтыру, қосымша көмек вентиляциясы

D) жүрек-қантамырлық дәрілер, қосымша көмек вентиляциясы

E) тыныс аналептиктері, гормонотерапия, қосымша көмек вентиляциясы

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

Жаңа туылған нәресте 4-ші тәулік. Анамнезінен: 4-ші жүктіліктен туылған, мерзімдегі босану, асқынуларсыз. Анасында 1-ші жүктілігі асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, 2-шісі медициналық түсік, 3-шісі мерзімінде босану, нәресте босанғаннан кейінгі 7-ші тәулікте сарғаюдан шетінеген. Анасында қан тобы - 0(І) Rh. Босанағаннан кейін және түсіктен кейін антирезусты иммуноглобулинді енгізу жүргізілмеген. Осы жүкітілік кезінде антиденелер титрі 1:16. Объективті: нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Кіндік қанындағы билирубин 56 мкмоль/л, Hb 130 г/л. Қан алмасытырып құюға көресткіш:

A) гематокрит көрсеткіші

B) гемоглобин мөлшері

C) эритроцит мөлшері

D) билирубиннің сағат сайын жоғарылауы

E) лейкоциттің сағат сайын жоғарылауы

{Дұрыс жауап}=D

04_01_06_каз

Акушерия және гинекология – 04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып іші «Гинекологиялық аурулар. Гинекологиялық эндокринология» 06_

$$$001

Менструальдық қан ағудың механизмі ... байланысты.

A) эндометрийдің пролиферациясына

B) эндометрий қанағыштығының жоғарылауына

C) протеолитикалық ферментердің жоғарылауына

D) жатырдың өсуіне

E) некроздар түзілуімен жүретін артериялардың тарылуына

{Дұрыс жауап}=E

$$$002

Аналық бездері функциясының мезгілінен бұрын төмендеу синдромының негізгі симптомдары:

A) екіншілік аменорея, бедеулік

B) іштің төменгі жағындағы ауыру сезімі, ыстықтың құйылуы

C) біріншілік аменорея, семіздік

D) ыстықтың құйылуы, анорексия

E) олигоаменорея, диарея

{Дұрыс жауап}=A

$$$003

Эстрогендік қаныққандықтың денгейі ... анықталады.

A) Таннер санымен

B) прогестерон сынамасымен

C) Инслер санымен

D) дексаметазон сынамасымен

E) окситоцин сынамасымен

{Дұрыс жауап}=C

$$$004

Климакстың ерте симптомдары:

A) етеккірдің тоқтауы, брадикардия, диарея

B) остеопороз, брадикардия, терінің құрғақтығы

C) терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, тахикардия

D) урогенитальды бұзылыстар, диарея, брадикардия

E) ыстықтың құйылуы, терлегіштік, ашушандық, тахикардия

{Дұрыс жауап}=E

$$$005

Эндометрийдің гиперпластикалық үдерістері жиі ... фонында дамиды.

A) гипоэстрогения

B) гиперэстрогения

C) гипоандрогения

D) гиперпрогестеронемия

E) гиперандрогения

{Дұрыс жауап}=B

$$$006

Дексаметазондық сынама гиперандрогенияның бүйрек үсті түрінде ... сипатталады.

A) 17 КС денгейінің 50-70% төмендеуімен

B) 17 КС денгейінің 20% төмендеуімен

C) 17 КС денгейінің 5 % жоғарылауымен

D) 17 КС денгейінің 10% төмендеуімен

E) реакцияның болмауымен

{Дұрыс жауап}=A

$$$007

Л., 48 жаста тәулігіне 8-10 рет басқа ыстық құйылулар болуына және тершеңдігіне шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жылда болған. Етеккірі 2-3 айда, мардымсыз 1-2 күн. Анамнезінде калькулезді холецистит бойынша операция жасалған. 3 рет босанған, 2 рет түсік жасатқан. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмаған. Диагноз:

A) Етеккір алды синдром

B) Менопауза

C) Климактериялық синдром

D) Менструальдық циклдың бұзылуы

E) Вегето-тамырлық дистония

{Дұрыс жауап}=C

$$$008

36 жастағы пациент гинеколог дәрігерге ыстықтың құйылуы, тершеңдігіне, жиі зәр шығаруына шағымданып келді. Симптомдары тез өсуші жатырдың миомасы және аналық бездерінің екі жақты эндометриозы бойынша жасалған операциядан кейін пайда болды. Қараған кезде соматикалық аурулары анықталмады. Сүт бездері паталогиясыз. Айнада: қынаптың шырышты қабығы таза. PV: Қынаптың тұқылы патологиясыз. Кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ. Диагноз:

A) Сыртқы генитальды эндометриоз.

B) Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай, климактериялық синдром.

C) Вегетотамырлық дистония.

D) Жатыр ампутациясы кейінгі жағдай.

E) Жатырдың экстирпациясынан кейінгі жағдай. Кастрациядан кейінгі синдром.

{Дұрыс жауап}=E

$$$009

46 жастағы әйелге етеккірінің ретсіз келуіне және қанағуына байланысты жатыр қуысының қабырғаларын және жатыр мойнының каналының шырышты қабығын бөлек диагностикалық қыру жүргізілген. Қазіргі жағдайдағы эндометрий өзгерістері:

A) полипоз

B) безді-кистозды гиперплазия

C) атипиялық гиперплазия

D) эндометрияның атрофиясы

E) жатыр мойнының обыры

{Дұрыс жауап}=B

$$$010

51 жастағы науқас жиі терлеуге, бас ауруына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне белгілейді. Анамнезінде - гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын келген. АҚ 140/80 мм сын. бағ. Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады. Диагноз:

A) Постменопауза.

B) НЦД кардиалдық түрі бойынша.

C) НЦД гипертониялық түрі бойынша.

D) Пременопауза.

E) Климактериялық синдром.

{Дұрыс жауап}=E

$$$011

Гинекология бөлімінде 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінде ауырсынумен, дене қызуы t =38ºC жатыр. Гинекологиялық зерттеуде: жатыр артында қозғалыссыз, көлемді, ауырсынулы, айқын жиектері жоқ, тығыздылығы бірегей емес құрылым анықталды. Дәрігерлік амал:

A) пирогеналмен терапия және физиоем

B) қосалқыларды алып тастау, гормонотерапия

C) іріңді қуысты тазалау және оған антибиотик енгізу

D) іш-сегізкөз әдісі бойынша цинкпен электрофорез, гормонотерапия

E) жатырды қосалқыларымен бірге ампутациясы, спазмолитиктер енгізу

{Дұрыс жауап}=C

$$$012

Бактериалды вагинозы бар әйелде бөліндінің сипаты:

A) іріңді құймақ тәрізді

B) ірімшікті

C) көпіршікті

D) «балықтың» иісі бар крем тәрізді

E) кілегейлі - іріңді

{Дұрыс жауап}=D

$$$013

27 жастағы жүкті әйел емханаға жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Болжам диагноз:

A) Хламидиялы кольпит.

B) Кандидозды кольпит.

C) Трихоманадты кольпит.

D) Гонореялы кольпит.

E) Бактериалды вагиноз.

{Дұрыс жауап}=E

$$$014

30 жастағы науқас гинекологқа 3 күннен бері қынаптың қышынуына, ашуға, басының ауырсынуына, t =38ºC шағымданып келді. Қараған кезде: қынапта көлемі 2-3 см, айналасы қызарған везикулалар бар. Болжам диагноз:

A) Сүйір бұрышты кандиломалар.

B) Сифилис.

C) Генитальді герпес.

D) Генитальді туберкулез.

E) Фурункулез.

{Дұрыс жауап}=C

$$$015

Алдын-ала тексерілуде 27 жастағы әйелде аналық без кистасы диагностирленген. Аналық без кистасына ... тән.

A) симптомсыз ағым

B) іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді түнгі ауырсынуы

C) етеккір қызметінің бұзылысы

D) дизуриялық белгілер

E) бас аурулар

{Дұрыс жауап}=A

$$$016

Гинекологиялық тексеруде 30 жасар әйелде сол жақ қосалқыларының аймағында, жатырдың алдыңғы бетінде тығыз, тегіс беткейлі бір келкі емес, көлемі 12х10 см, қозғалмалы, ауырсынусыз құрылым табылды. Болжам диагноз:

A) Сактосальпинкс.

B) Дермоидты киста.

C) Тубоовариалды түзіліс.

D) Цистаденома.

E) Фолликулярлы киста.

{Дұрыс жауап}=B

$$$017

45 жасар К. ауру аналық безінің обыры диагнозымен стационарға жоспарлы оперативті емге түсті. Емдеу тактикасы:

A) антибактериальды және инфузионды терапия, физиоем

B) гормональды терапия жүргізе отырып жатырдың оң қосалқыларын алу

C) қосалқыларымен жатырдың қынапүсті ампутациясы, гормонотерапия

D) сәулелі терапиямен қатар полихимия терапиясы, аналық бездерін алып тастау

E) пангистероэктомия, шарбының резекциясы, полихимиотерапия

{Дұрыс жауап}=E

$$$018

Оң аналық безінің эндометриоидты кисталарымен гинекология бөлімшесіне түскен науқасқа оңтайлы емдеу тактикасы:

A) антибактериальды терапия, аналық бездерін алып тастау

B) оң аналық безінің резекциясы, содан кейін гормональды терапия

C) консервативті миомэктомия, гормонотерапия

D) релизинг-гормонның агонистерін қолдану, қосалқыларын алып тастау

E) жатырдың оң қосалқыларын алу, гормонотерапия

{Дұрыс жауап}=B

$$$019

25 жастағы ауру, оң жақ үлкен жыныс ернінің ауруына, дене температурасының 39 С дейін жоғарылауына, жүрген кездегі ауру сезімге шағымданып түсті. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ерні ісінген, ауырсынулы, қызарған, пальпация кезінде жұмсарған аймақ анықталады. Диагноз:

A) Бартолин безінің абсцессі.

B) Бартолинит.

C) Бартолин безінің кистасы.

D) Вагинит.

E) Вульвит.

{Дұрыс жауап}=A

04_02_ каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Балалар гинекологиясы» 02_

$$$001

Қалыпты менструалдық цикліне тән гонадотропты гормондардың бөліну сипаты ... қарай тұрақталады.

A) 12-13 жасқа

B) 14-15 жасқа

C) 16-17 жасқа

D) 10-11 жасқа

E) 8-9 жасқа

{Дұрыс жауап}=C

$$$002

7 жасар қыз қынаптан ретсіз қанды бөлінділерге шағымданады. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Аналық бездің гормон бөлуші ісігі. Жүргізу амалы:

A) саулелік ем

B) гормоналды ем

C) химио ем

D) симптоматикалық ем

E) оперативті ем

{Дұрыс жауап}=E

$$$003

15 жастағы қыз анық альгоменореямен келді. Менархе 12 жастан, ұзақтылығы 3-4 күндей, келесілері 6-7-8 күнге ұзарған, көптен келіп, қатты ауыру сезімді болған. Ректоабдоминальды тексеру кезінде жатыр домалақ пішінді, пальпацияда сезімтал, қосалқылар аймағы домбыққан, ауырсынулы. Сегізкөз-жатырлық байламдар қалыңдаған, бірден ауырсынулы. Диагноз:

A) Жатыр миомасы.

B) Біріншілік альгодисменорея.

C) Жатырдың қосалқыларының жеделдеу қабынуы.

D) Сыртқы генитальды эндометриоз.

E) Екіншілік альгоменорея.

{Дұрыс жауап}=D

$$$004

4 жастағы қызда сытрқы жыныс мүшелері аймағында сулы бөртпе пайда болған, оны жарғанда, жаралы беткей түзілді. Осы құрылымдар қатты қышумен және ашық ауыру сезіммен қосарланды. Диагноз:

A) Аллергиялық реакция.

B) Генитальды герпес.

C) Жел шешек.

D) Атопиялық вульвит.

E) Күлдіреуік.

{Дұрыс жауап}=B

$$$005

6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Осы патологияның асқынуы:

A) кондиломалар

B) келлоидты тыртықтар

C) синехиялар

D) полипктер

E) қынап атрезиясы

{Дұрыс жауап}=C

$$$006

Ювенильды жатырдан қан ағу жиі ... байланысты.

A) бүйрек ауруымен

B) жыныс жүйесінің органикалық ауруларымен

C) эндометрий ауруымен

D) аналық безінің гормондарының ырғақты өнімдерінің бұзылыстарымен

E) жатыр миомасымен

{Дұрыс жауап}=D

04_03_ каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Онкогинекология маммологиямен» 03_

$$$ 001

Пельвиоперитонитпен асқынған жатырдың рагында ену:

A) төменгі- ортаңғы лапаротомия

B) көлденең косметикалық

C) трансректалды

D) параректалды

E) ортаңғы лапаротомия

{Дұрыс жауабы} =А

$$$ 002

Науқас 18 жаста, клиникаға оң көкірек безінің ауруымен және түзілістің болуына шағымданып келді. Анамнезінде 3 ай бұрын түзіліс пайда болған, бірітіндеп ісік үлкейген. Науқас емханадағы дәрігерге қаралған, ол жақтан кеңес алуға онкодиспансерге жіберілген. Объективті: қараған кезде көкірек бездерінің көлемі бірдей. Пальпацияланғанда оң көкірек безінде 4х3 см, тығыз консистенциялы, қозғалмалы, теріге жабыспаған, аурусынусыз құрылым анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

A) мастопатия

B) липома

C) гигрома

D) фиброма

E) сүт безінің ісігі

{Дұрыс жауабы} = B

$$$ 003

Науқас К., 65 жаста 1998жылдың қаңтарында кіші жыныс ерін аймағындағы алғаш рет қышуына жағымсыз сезінуін байқады. Қазан айында ауруханаға көрінді. Объективті: гинекологиялық қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелерінің атрофиясын, кіші және үлкен жыныс еріндерінің ішкі бетінде қара қоңыр түсті көлемі 2х3 және 3х4 см, беті тығыз аймақ және сулануы анықталды. Жатыр мойнының қынап үстілік бөлігі гипертрофияланған. Жатыр денесі аздап ұлғайған. Сол жақтағы мықын лимфа бездері 2,5см-ге дейін ұлғайған өсінді және тығыз пальпацияда ауырсынулы.

Сіздің болжам диагнозыңыз: A) Пигментті невус B) Сарпай дискератозы C) Сарпай ісігі

D) Сарпай меланомасы E) Лейкоплакия

{Дұрыс жауабы} = B

$$$ 004

Сүт безінің ішкі квадрантында орналасқан қатерлі ісік үшін аймақтық лимфа түйіндері болып ... табылады.

A) мойын

B) қолтықасты

C) бұғана үсті

D) төс маңы

E) қолқа маңы

{Дұрыс жауабы} = B

$$$ 005

Сүт безі кішірейген, кеуде қабырғасына жабысып қалған, терісі пигмент дақтарымен, қабыршақтанған, лимфа түйіндерінің шоғыры. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A) Панцирлі қатерлі ісік

B) Диффузды мастопатия

C) Тілмелі қатерлі ісік

D) Мастит тәрізді қатерлі ісік

E) Педжет қатерлі ісігі

{Дұрыс жауабы} = E

$$$ 006

Аналық безді алып тастағаннан кейін гормоналдық терапия ... мақсатында жүргізіледі

A) бүйрек үсті бездерінің қызметін қалыптастыру, эстроген гормондарының қызметін тежеу

B) қан қысымын қалыпты деңгейде ұстау

C) минералдар алмасуын қалыпты деңгейде ұстау

D) Иценко-Кушинг ауруының алдын-алу

E) гепатомегалияны алдын-алу

{Дұрыс жауабы} = А

04_04_ каз

Акушерия и гинекология 04_

Тақырып «Венерология» 04_

$$$001

Мерездің ауырсынулық клиникалық көрінісі:

А) қатты шанкр

В) регионарлы склераденит

С) интерстициальды мерездік глоссит

D) вегетирленген папулалар (жалпақ кандилома)

Е) төмпешікті сифилид

{дұрыс жауап} = D

$$$002

«Трасфузиялық мерез» кезінде сифилидтердің пайда болу уақыты:

А) 2-3 апта

В) 1ай

С) 2-3 күн

D) 2-2,5 ай

Е) 6 ай

{Дұрыс жауап} = С

$$$003

Сифилиттік көпіршіктерге тән белгілер:

А) кіші көлемдегі көпіршіктердің арқада орналасуы

В) көпіршіктердің алақанда және табанда орналасуы

С) зақымдану ошақтарындағы ауырсыну

Д) перифериялық гиперемиялы жиектердің болуы

Е) Никольский симптомының оң болуы

{Дұрыс жауап} = В

$$$004

Алдыңғы және артқы уретрит дифференциациялау әдісі :

А) Бальцер сынамасы

В) зәр шығару каналының пальпациясы

С) зәрдің екістакандық сынамасы (Томпсон)

D) лимфа түйінінің пункциясы

Е) ұрық қабының пальпациясы

{Дұрыс жауап} = С

$$$005

Соз кезінде ең тиімді провокация әдісі:

А) комбинирленген

В) алиментарлы

С) химиялық

D) биологиялық

Е) механикалық

{дұрыс жауап} = А

$$$006

Жаңа жедел соз кезінде жеткілікті емдеу әдісі :

A) витаминотерапия

B) антибиотикотеpапия

C) анестетиктермен электрофорез

D) иммунотеpапия

E) гоpмонотеpапия

{Дұрыс жауап} = В

Акушерия и гинекология 04