Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИГА тест 2017.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.02 Mб
Скачать

05_04_Қаз. Хирургиялық аурулар (ждт)

$$$001

Іріңді фурункулдың тікелей емі қарастырады:

А) Крест тәрізді тілік

В) Линиялық тілік

С) Доға тәрізді тілік

Д) Іріңдеген жерді сылып тастау

Е) Біріншілік хирургиялық өңдеу

(Дұрыс жауап)= В

$$$002

Сепсистің өзгермейтін белгілеріне жатады:

А) Жоғары температура, қалтырау, біріншілік ошақтың болуы

В) терінің, көздің ағының сарғаюы, ентігу

С) Терінің бозғылттығы, артериалды қысымның жоғарылауы

Д) Акроцианоз, артериалды қысымның төмендеуі

Е) Метастаза болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы

(Дұрыс жауап)= А

$$$003

Жедел аппендициттің негізгі асқынуы болып табылады:

А) Қан кету

В) Динамикалық ішектің тарылуы

С) Перитонит

Д) Мезоденит

Е) Лимфаденит

(Дұрыс жауап)= С

$$$004

Жедел панкреатит диагнозын растайды:

А) Жалпы қан талдауы

В) Копрологиялық зерттеу

С) Несеп шөгіндісі

Д) Несеп диастазасы

Е) Коагулограмма

(Дұрыс жауап)= Д

$$$005

Ішектің тарылу белгілері болып табылады:

А) Жоғары температура

В) Дәрет пен газдардың кідірісі

С) Артериалды қысымның төмендеуі

Д) Диарея

Е) Брадикардия

(Дұрыс жауап)= В

$$$006

Жедел ішектің тарылуы диагностикасының ең ақпараттандырушы әдісі болып табылады:

А) Фиброгастродуоденоскопия

В) Ультрадыбысты зерттеу

С) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

Д) Жасырын қанға боқты тексеру

Е) Лапароцентез

(Дұрыс жауап)= С

05_05_Қаз. Психиатрия және наркология (ждт)

$$$ 001

Ауыр ағымды эндогенді депрессияларды және шизофрения кезіндегі (әсіресе – фебрильді шизофрения кезінде) аффективті-сандырақ ұстамаларын емдеуде, эпилептиформалы талма есебінен емдік әсерге жететін биологиялық терапияның қандай түрі ұзақ уақыт бойы қолданылды?

A) Пиротерапия

B) Ұйқы депривациясы (айыру)

C) Лоботомия

D) Электр тоғымен ұйықтату

E) Электро дірілді терапия

{Дұрыс жауап}=E

$$$002

Науқас К., 52 жаста. Қарап тексерген кездегі психикалық статусы: өз жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі көтеріңкі, кең-пейілді-көңілді. Мимикасы тірі, тез өзгереді. Бет әлпеті көңілді. Көздеріне күлкі үйіріліп тұр. Әңгіме тақырыбынан тез ауытқиды. Бір сөзін аяқтамай жатып екіншісіне көшеді. Басқа адамдардың әңгімесіне килігеді, ескерту жасайды. Дауысы қырылдаған, әсершіл, қатты. Тақпақ айтып, өлең айтып, билеп беруге ынталана келіседі. Өзін «өмірдің артисті» деп есептейді. Өзін жас, талантты, күш-жігер мен энергияға толы деп деп сендіреді. Медбикелерге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өзіне ескерту жасаса ашуланады. Айналасындағылармен жиі қақтығысып қалады, алайда ашуы тез арада көңілді күйге алмасады. Өзінің жағдайын сынамайды. Болжамды диагнозы?

A) желікпе синдромы, қос полярлық бұзылыс аясында

B) желікпе синдромы, шизофрениялық бұзылыс аясында

C) желікпе синдромы, органикалық бұзылыс аясында

D) желікпе синдромы, невротикалық бұзылыс аясында

E) желікпе синдромы, психосоматикалық бұзылыс аясында

{Дұрыс жауап}= А

$$$003

Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелесу уақытында: «Өзімнің өмірім үшін ұдайы қорқыныш сезімі жағдайында жүремін. Бір жағынан, өзіме ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, соған қарамастан өзімнің әрбір әрекетім менің денсаулығыма теріс әсер етуі мүмкін екендігінен қорқамын. Көшеде келе жатқанда, еріксіз қандай да бір заттарды, мейлі ол бағана, үй, машина болсын санай бастаймын. Дұрыс санағандай болсам, біраз уақытқа көңілім жайланады. Егер қандай да бір себеппен есебімнен жаңылсам, алдымда сәтсіздік күтіп тұр деген қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста қиын. Бір тапсырманы орындап болған соң, барлығын дұрыс жасадым ба деп күмәндана бастаймын. Егер бір нәрсе сапалы жасалмаса, бірден әлсіздік, жүрек қағу, діріл пайда болады. Ештеңе өзгерте алмайтынымды, жасай алмайтынымды және істің немен аяқталатынын күтуден басқа амал жоқ екенін сеземін. Ұдайы екі жақты жағдайда жүремін: жұмыс істеу керек, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек екенін білемін, бірақ өзімнің денсаулығым үшін адам төзгісіз қорқыныш сезімі кесірінен іске кірісе алмаймын» - дейді. Болжамды диагноз?

A) Неврастениялық невроз

B) Ығыр қылатын жағдайлар неврозы

C) Истерикалық невроз

D) Кардионевроз

E) Логоневроз

{Дұрыс жауап}= В

$$$004

Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз?

A) Шизофренияның кататоникалық түрі

B) Шизофренияның қарапайым түрі

C) Шизофренияның гебефрениялық түрі

D) Шизофренияның параноидальды түрі

E) Шизофренияның фебрильді түрі

{Дұрыс жауап}= D

$$$005

46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз:

A) алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы

B) алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы

C) алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы

D) алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы

E) алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы

{Дұрыс жауап}= А

$$$006

54 жастағы ер адам бас ауруы, қайта-қайта құсу және күндіз дене жүктемесі кезінде кенеттен пайда болған сол жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты стационарға түскен. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ң 160/100 мм сын. бағ. дүркін-дүркін көтерілуі байқалған, әдетте АҚ – 150/90 мм сын. бағ. қарап тексерген уақытта: санасында, АҚ – 170/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы минутына 60, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус:мойын бұлшық еттерінің ебедейсіздігі, екі жағынан Керниг симптомы, сол жағынан төменгі бөлігінің мимикалық бұлшық еттерінің шала салдануы, шығарған кезде тілінің солға девиациясы, сол жақ қолында күштің 2 баллға дейін төмендеуі, сол жақ аяғында 4 баллға дейін, сіңір рефлекстерінің жандануы және сол жағынан Бабинский симптомы. ЭхоКГ-да орталық құрылымдардың оңнан солға 4 мм-ге ығысуы. КТ – оң жақ маңдай бөлігінде перифокальды ісік және оң бүйірлік қарыншаның алдыңғы ебейінің компрессиясымен 46х45х44 мм гиперденсивті ошақ, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Емі және негіздеме:

A) қан кетуді тоқтату мақсатында аминокапронды қышқыл

B) вазоспазмды болдырмау мақсатында аминокапронды қышқыл мен нимодипин

C) ми ісігінің өсу қаупін және дислокациялық синдром ды ескере отырып аминокапронды қышқыл, нимодипин, кідіртпей оперативті араласушылық жүргізу

D) гематоманы алып тастаумен тікелей араласушылық, бірінші тәулікте нимодипин, нейропротекторлар және антиоксиданттар

E) еіснің сақталуы мен сол аяғының жартылай салдануын ескере отырып, опреациялық араласушылықты гематоманың өздігінен пайда болатын лизисіне дейін 5-7 тәулік қоя тұру керек, аминокапронды қышқыл, нимодипин, нейропротекторлар мен антиоксиданттарды енгізуді жалғастыру

{Дұрыс жауап}=D