Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микош 17 экзамен кккк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.56 Mб
Скачать

30. Коллоидтық жүйелердің құрылым түзудің ерекшеліктерін көрсетіңіздер.

Дисперсиялық ортасы сұйық дисперсті жүйеде пайда болатын құрылымның түрі агрегаттық тұрақтылығымен анықталады.Құрылымдар диспертік фаза бөлшектерінің арасындағы тартылу не тебісу күштеріне байланысты. Егер тартылу басым болса, бірінші типтегі құрылымдар түзіліп, дисперсті жүйеде фаза бөлшектерінен тұратын үш өлшемді тор пайда болады.ал, егер бөлшектердің әрекеттесуі тебісу күштерімен анықталса, дисперстік фазаның белгілі концентрауциясында беттік қабаттар айқасып, жүйеде екінші типтегі құрылымдар түзіледі.

Бірінші типтегі құрылымдардың түзілуі каогуляция процестеріне ұқсас беттік энергияның артық мөлшеріне байланысты және осы энергияның азайымен өздігінен жүреді. Бөлшектердің әрекеттесуі мен олардың арасында байланыстардың түзілу мүмкіндігі тартылу және тебісу күштерінің тепе- теңдігімен анықталады.

П.А.Ребиндердің ұсынуымен бірінші типтегі құылымды коагуляциялық және конденсациялық деп бөледі.

Коагуляциялық құрылымдардың негізгі көрсеткіші – диспрестік бөлшектер бір – бірінен жұқа сұйық пленкалар арқылы бөлініп, бір – бірімен коагуляциялық немесеатомдық контактілер арқылы бірігеді.

Коагуляциялық құрылымдардың түзілуі мен қасиеттеріне бірнеше фактор әсер етеді:

  • Коллоидтық ерітіндідегі бөлшектердің концентрациясы;

  • Дисперстік бөлшектердің формасы;

  • Темпертура;

  • Механикалық әсер (араластыру).

  1. Бөлшектер концентрациясының өсуі коагуляциялық құрылым беріктігінің (Р) артуына әкеледі.

Мұндағы – контактілер саны (құрылыымның кескін аудан бірлігіндегі), – жеке контактінің беріктігі.

  1. Бөлшектердің формасының әсері айтарлықтай, егер бөлшектер таяқша тәрізді болса, онда мұндай жағдайда коагуляциялық контактілер бөлшектердің жіңішке шеттерінің арасында түзіледі. Нәтижесінде ұяшықтарында сұйық дисперсиялық орта болатын үш өлшемді құрылым түзіледі. Мұндай құрылым гель деп аталады.

  2. Температураның артуымен коагуляциялық құрылымның түзілуі жылдамдайды. Сонымен ққатар, температураның артуымен косгуляциялық құрылымның бертіктігі де азаяды, себебі жылулық тербелістердің әсерінен коагуляциялық контактілердің бір бөлігі бұзылып, олардың контактілер саны азаяды.

Коагуляциялық құрылымдардың ерекше қасиеті: бұзылғаннан кейін және бұзылуға әкелген жүктемені алғаннан кейін құрылым мен оның беріктігі қайта пайда болады. Бұл эффектіні тиксотропия деп атайды. Бұл тиксотропиялық қасиеттері технологиялық процестерде шешуші рөл атқарады. Мысалы, майлы бояулар жаққан кезде сұйылып, кейін қату керек.

Коагуляциялық құрылымдарға физика – химиялық синерезис не коллапс қасиеттері тән. Синерезис дегеніміз – құрылым ұяшықтарындағы сұйық бөлініп, гельдің өлщемдерінің өздігінен кішіреюі, оның термодинамикалық себебі- гельдердің тепе – теңдіксіз күйі.Конденсациялық құрылымдар фазалық контактілер арқылы түзіледі. Фазалық контактілердің ерекшелігі- олардың ауданы молекулалық өлшемдерден едәуір артық және бөлшектер арасындағы әрекеттесулер когещиялық күштермен анықталады.

Конденсациялық құрылымдарға силикагельдер мен алюосиликаттар жатады.