Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zh_1178_pn_Sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.75 Кб
Скачать
  1. Геологиялық пен тау-кенді бөлу

Геологиялық бөлу дегеніміз- барлау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыға берілетін жер қойнауы бөлікшесін сұлбалық кен сипаттамалық жағынан айқындайтын барлауға және бірлескен барлау мен өндіру келісім-шартына қосымша берілетін, оның ажырамас құжаттық бөлігі.

Барлау жұмыстары кенорынын игеру сатысында өндіріс орынының шикізат базасын ұлғайту мақсаты үшін жүргізіледі.

Барлау жұмыстары нәтижесінде кенорынын геологиялық құрылысын жер бетінен зерттеу аяқталып, кен денелерінің пішінін, мөлшерін және жатыс жағдайларын терең қабаттарды дәйектілікпен зерттеу басталады. Одан бөлек кенннің созылымы бағытындағы технико-экономикалық есебін жасау үшін геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және технологиялық ақпараттар жинақталады. Барлаудың қорытындысы бойынша қоры есептелген есепнама құрастырылып, мемлекеттік сараптамаға беріледі

  1. Жеке және заңды тұлға ұғымдары

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

  1. Жер астылық тау-кен қазындылары

Жер асты тау-кен қазылымдарына: шахта, квершлаг, штрек, орт, өрлеме, оқпан мен штольнялар жатады.

Шахта - тік жерсаты қазындылар, кенорынды тереңдікте барлау үшін қолданылады. Қимасы 4х5м.кв.

Квершлаг - кен денесінің созылу бағытын қиып өту арқылы жүргізілетін қазындылар - ұзындығы мен тереңдігі бірнеше ондаған метрге дейін барады.

Штрек - көлденең типті қазындылар, шахта немесе штольня ішінен пайдалы қазбаны созылу бағыты бойынша бойлай жүргізіледі.

Штольня - көлденең типті қазындылар, жер бетінен әр түрлі рельефте жүргізіледі. Штольня кен денесінің немесе бос таужыныстар бойымен жүргізіледі, ұзындығы жүздеген метрге жетеді.

Орт - көлденең типті қазындылар, жер асты үңгімелерінен жүргізіледі, барлық пайдалы қазба денесінің қалыңдықтарын түгелдей қиып өту мақсатында жүргізіледі. Ұзындығы-10-20м, ал жалпы қимасы1,5-1,8 м.кв. болады.

  1. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңының негізгі принциптері

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының принциптері Жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:

1) жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы;

4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]