Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zh_1178_pn_Sessia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.75 Кб
Скачать
  1. Уәкілетті органдар. Жер қойнауын қорғау мен адамзат өмірін сақтаудағы құзреттілігі

1) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың тәртібін белгілейді және мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;

4) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын келіседі;

5) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жоюға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) Жер қойнауын пайдаланушы заңнамада көзделген жұмыс жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын, сондай-ақ авариялардың, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7) Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

8) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  1. Ұлттық компаниялар құзреті

1) жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіппен және келісімшарттарда бекітілген өкілеттіктер шегінде ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;

3) жер қойнауын пайдалану және көмірсутек шикізатын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі жобаларына қатысу;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне келісімшарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептерді дайындауға қатысу;

  1. Ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланудағы құзреттілігі

1) пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу, өткізу, көмірсутектерді тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ өнеркәсіптік инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару мен мониторингті жүзеге асыру;

 2) осы Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес, иеліктен шығарушымен (иеліктен шығарушылармен) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу болып табылады.

3) конкурс жеңімпаздарымен бірлесе отырып, құзыретті органның шешімі бойынша келісімшарттарға үлестік қатысу жолымен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;

4) тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]