- •«Жер қойнауын пайдалану негіздері» пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
- •1:200 000 Масштабты геологиялық зерттеулердің мазмұны
- •Асыл металдар мен асыл тастарды барлау мен өндіру операцияларын жүргізудегі құқықтық қатынастар
- •Барлау мен өндіруге жасалынатын келісімшарт түрлері
- •Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану
- •Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі
- •Гбж сатылығы. Игерулік барлаулар
- •Геологиялық барлау мен іздеуде қолданылатын ұңғымалық бұрғылау түрлері
- •Геологиялық зерттеу сатылары. Іздеу мен барлау сатылары
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Геологиялық барлаудың мазмұны
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Іздеу сатысы мазмұны
- •Геологиялық зерттеулерде қолданылатын техникалық құралдар
- •Геологиялық пен тау-кенді бөлу
- •Жеке және заңды тұлға ұғымдары
- •Жер астылық тау-кен қазындылары
- •Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңының негізгі принциптері
- •Жер қойнауы мен табиғи ортаны қорғау шаралары
- •Жер қойнауы, жер қойнауын пайдалану анықтамалары
- •Жер қойнауы зерттеудің сатылығы. Аймақтың геологиялық зерттеулер түрлері
- •Жер қойнауы қорғауға қойылатын талаптар
- •Жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеу
- •Жер қойнауы мемлекеттік сараптама
- •Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы
- •Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану саласындағы конкурстық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану салықтары түрлері
- •Жер қойнауын пайдалану қолданылатын салық түрлері. Орны толатын және толмайтын шығындар
- •Жер қойнауын пайдалану шектеу және тыйым салу
- •Жер қойнауын пайдаланудың субъектісі мен объектісі
- •Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды факторларын атаңыз
- •Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
- •Жер қойнауын пайдаланушының негізгі міндеттері
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
- •Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
- •Жобалау құжаттары
- •Заңды тұлғалар, түрлері мен формалары, құқықтары мен міндеттері, тіркелуі мен тарқатылуы.
- •Инветициялық бағдарламалар конкурсына қатынасу жобасы мазмұны
- •Келісім шарттар. Түрлері мен мазмұны
- •Келісім шарттың жұмыс бағдарламасы мазмұны
- •Келісімшарт, келісімшарт аумағы
- •Келісімшарттың жылдық бағдарламасы
- •Кенорын сынамасын пайдалану
- •Кенорындарды экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар
- •Кенорынды игерудің оң тәжірибесі дегеніміз не?
- •Кенорыны, пайдалы қазба, минералдық шикізат терминдері
- •Кенорынның сынаманы пайдалану
- •Коммерциялық табу мен жазылатын бонустар
- •Коммерциялық табулар
- •Қазақстанның мұнай-газ провинциялары
- •Қазақстанның негізгі тау-кен аудандары
- •Қауіпсіз жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қр азаматтарының кәсіптік қызметі
- •Қр геологиялық барлау жұмыстарының сатылығы
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері
- •Қр үкіметінің құзіретінің негізгі түрлері
- •Құзіретті органдардың функциялары
- •Құзіретті органның өкілеттіктері
- •Құзіретті орган өкілеттіктері
- •Минералдық шикізат сапасы және технологиялық қасиеттері
- •Моделдік келісімшарт
- •Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзреті
- •Мұнай мен газды барлау мен өндірудегі құқықтың қатынастары
- •Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
- •Мұнай-газ саласындағы құзіретті орган реттейтін мәселелер
- •Мұнай-газ саласындағы операцияларды реттеудегі қр Үкімет құзреті
- •Мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның функциясы
- •Пайдалы қазба қорларын есептеу әдістері
- •Пайдалы қазба қоры, сапасы мен саны
- •Сервитуттар
- •Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге қажетті қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мазмұны
- •Теңіздегі ғылыми зерттеулер
- •Техногендік минералдың түзілімдер және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудағы құзреттілігі
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын қорғау мен адамзат өмірін сақтаудағы құзреттілігі
- •Ұлттық компаниялар құзреті
- •Ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланудағы құзреттілігі
- •Іздеу жұмыстарының мазмұны
- •Іздеу мен бағалау сатысының мазмұны
- •Ілеспе және табиғи газды жағу
Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге қажетті қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мазмұны
Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады. Мұнайды уақытша (жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз құрылыстарынан тікелей тасымалдау кезінде теңіз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті.
Бұл бағдарламалар:
1) жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау;
2) персоналды оқыту;
3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;
4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.
6. Теңіз ластанған жағдайда теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барлық құралдармен теңіздің ластануын жою не оның деңгейін төмендету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға міндетті.
7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда жағалаудан тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
Теңіздегі ғылыми зерттеулер
1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыретті органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен зерттеулердің басталғаны туралы хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде мынадай принциптер сақталуға тиіс:
1) теңіздегі ғылыми зерттеулер теңізді заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзін-өзі ақтамайтын кедергілер жасамауға тиіс;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулер табиғат қорғау шаралары сақтала отырып ғылыми әдістермен және құралдармен тиісті түрде жүргізіледі;
3) теңіздегі ғылыми зерттеулер процесінде жиналған барлық деректер өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берілуге тиіс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатынсыз еркін таратылмауға немесе жарияланбауға тиіс.
