Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zh_1178_pn_Sessia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.75 Кб
Скачать
  1. Барлау мен өндіруге жасалынатын келісімшарт түрлері

Жер қойнауын пайдалану құқығы берілудің жолдары:

- инвестициялық бағдарламалар мен контрактілер жасалуы бойынша;

- тікелей келіссөздер жүргізу мен контракт жасасу арқылы;

Барлау және Өндеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін контрактылардың мынандай түрлері қолданылады:

1) өнім бөлу туралы;

2) концессия туралы;

3) қызмет көрсетуді ұсыну (сервистік контракт);

4) бірлескен қызмет туралы (заңды тұлға құра отырып және құрмай)

5) Контрактының өзге де түрлері.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі нақты операциялар шарттарына және басқа жағдайларға байланысты Контрактының аралас және өзге де түрлері қолданылады.

  1. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану

Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар.

1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің талаптары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға осы Заңның өндіруге қатысты нормалары қолданылады.

  1. Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі

1. Геологиялық ақпарат, егер ол Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен алынса - мемлекет меншігінде, ал жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебінен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншігінде болады.

2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес міндетті түрде ақысыз беруге жатады.

3. Геологиялық ақпарат ақылы немесе ақысыз негізде беріледі.

Геологиялық ақпарат мыналарға:

жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізетін тұлғаларға;

ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшін;

мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жеке оқу орындарына - оқу мақсаттарында; мемлекеттік органдарға ақысыз негізде беріледі.

Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпарат алушы бөлек өтейді.

Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетіне төленеді.

Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншігіне өтеді. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ақысыз тапсыруға міндетті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]