- •«Жер қойнауын пайдалану негіздері» пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
- •1:200 000 Масштабты геологиялық зерттеулердің мазмұны
- •Асыл металдар мен асыл тастарды барлау мен өндіру операцияларын жүргізудегі құқықтық қатынастар
- •Барлау мен өндіруге жасалынатын келісімшарт түрлері
- •Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану
- •Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі
- •Гбж сатылығы. Игерулік барлаулар
- •Геологиялық барлау мен іздеуде қолданылатын ұңғымалық бұрғылау түрлері
- •Геологиялық зерттеу сатылары. Іздеу мен барлау сатылары
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Геологиялық барлаудың мазмұны
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Іздеу сатысы мазмұны
- •Геологиялық зерттеулерде қолданылатын техникалық құралдар
- •Геологиялық пен тау-кенді бөлу
- •Жеке және заңды тұлға ұғымдары
- •Жер астылық тау-кен қазындылары
- •Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңының негізгі принциптері
- •Жер қойнауы мен табиғи ортаны қорғау шаралары
- •Жер қойнауы, жер қойнауын пайдалану анықтамалары
- •Жер қойнауы зерттеудің сатылығы. Аймақтың геологиялық зерттеулер түрлері
- •Жер қойнауы қорғауға қойылатын талаптар
- •Жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеу
- •Жер қойнауы мемлекеттік сараптама
- •Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы
- •Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану саласындағы конкурстық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану салықтары түрлері
- •Жер қойнауын пайдалану қолданылатын салық түрлері. Орны толатын және толмайтын шығындар
- •Жер қойнауын пайдалану шектеу және тыйым салу
- •Жер қойнауын пайдаланудың субъектісі мен объектісі
- •Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды факторларын атаңыз
- •Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
- •Жер қойнауын пайдаланушының негізгі міндеттері
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
- •Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
- •Жобалау құжаттары
- •Заңды тұлғалар, түрлері мен формалары, құқықтары мен міндеттері, тіркелуі мен тарқатылуы.
- •Инветициялық бағдарламалар конкурсына қатынасу жобасы мазмұны
- •Келісім шарттар. Түрлері мен мазмұны
- •Келісім шарттың жұмыс бағдарламасы мазмұны
- •Келісімшарт, келісімшарт аумағы
- •Келісімшарттың жылдық бағдарламасы
- •Кенорын сынамасын пайдалану
- •Кенорындарды экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар
- •Кенорынды игерудің оң тәжірибесі дегеніміз не?
- •Кенорыны, пайдалы қазба, минералдық шикізат терминдері
- •Кенорынның сынаманы пайдалану
- •Коммерциялық табу мен жазылатын бонустар
- •Коммерциялық табулар
- •Қазақстанның мұнай-газ провинциялары
- •Қазақстанның негізгі тау-кен аудандары
- •Қауіпсіз жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қр азаматтарының кәсіптік қызметі
- •Қр геологиялық барлау жұмыстарының сатылығы
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері
- •Қр үкіметінің құзіретінің негізгі түрлері
- •Құзіретті органдардың функциялары
- •Құзіретті органның өкілеттіктері
- •Құзіретті орган өкілеттіктері
- •Минералдық шикізат сапасы және технологиялық қасиеттері
- •Моделдік келісімшарт
- •Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзреті
- •Мұнай мен газды барлау мен өндірудегі құқықтың қатынастары
- •Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
- •Мұнай-газ саласындағы құзіретті орган реттейтін мәселелер
- •Мұнай-газ саласындағы операцияларды реттеудегі қр Үкімет құзреті
- •Мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның функциясы
- •Пайдалы қазба қорларын есептеу әдістері
- •Пайдалы қазба қоры, сапасы мен саны
- •Сервитуттар
- •Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге қажетті қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мазмұны
- •Теңіздегі ғылыми зерттеулер
- •Техногендік минералдың түзілімдер және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудағы құзреттілігі
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын қорғау мен адамзат өмірін сақтаудағы құзреттілігі
- •Ұлттық компаниялар құзреті
- •Ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланудағы құзреттілігі
- •Іздеу жұмыстарының мазмұны
- •Іздеу мен бағалау сатысының мазмұны
- •Ілеспе және табиғи газды жағу
Техногендік минералдың түзілімдер және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері
1. Жер қойнауын пайдаланушының немесе өзге де тұлғаның меншігі болып табылатын техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. Мемлекеттік меншік болып табылатын техногендік минералдық түзілімдерді, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, олардан пайдалы қазбалар алу мақсатында қайта өңдеу құзыретті органмен техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік меншік болып табылатын техногендік минералдық түзілімдерді өзге де пайдалану облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жүзеге асырылады.
4. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт және техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шарт осы тарауда белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органмен тікелей келіссөздер арқылы жасалады.
Уәкілетті органдар. Жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудағы құзреттілігі
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу мен кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттар береді және оларды қайтып алады;
3) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын бередi, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады, олардың мемлекеттік тіркелуін, сақталуын және орындалу мониторингін жүзеге асырады;
4) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
5) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрініс-белгілерінің, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
7) тарихи шығындар көлемін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындайды;
8) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 8-1) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпаратты өтініш берушіге пайдалануға береді;
9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 271-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына, оның ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;
11) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады;
12) құзыреттi органға конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
13) минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
14) геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді;
15) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
16) келісімшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келіседі;
17) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
