Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zh_1178_pn_Sessia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.75 Кб
Скачать
  1. Құзіретті органдардың функциялары

Құзіретті органның функцияларына мыналар кіреді:

1) Берілген Лицензия негізінде Жер қойнауын пайдаланушымен Контракты шарттары туралы келіссөздер жүргізу, Жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып Контрактының жобасын дайындау;

2) Контрактылық құжаттар жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

3) Контракт жасау;

4) Заңда көзделген тәртіппен және негіздер бойынша Контрактының орындалуын және бұзылуын қамтамасыз ету;

5) Контрактыны Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген органға тіркеуге ұсыну;

6) Лицензиялық органға Лицензияларды кері қайтарып алу не олардың шарттарын өзгерту туралы ұсыныстар түсіру;

7) Алынған Лицензияға сәйкес Жер қойнауын пайдаланушыға жер учаскесінде жерді пайдалану құқығын беруді қамтамасыз ету;

8) Контрактының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдану;

2. Құзіретті орган:

1) Контрактылар жасасу және оларды орындау жөніндегі өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге;

2) Өндіруге арналған Контрактыларын Кен орындары қорларын тек ғана мемлекеттік сараптама бағалаудан кейін ғана жасасуға міндетті.

  1. Құзіретті органның өкілеттіктері

Құзыреттi органның өкiлеттiктерiне:

1) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссия туралы ереженi бекiту және оның құрамын бекiту;

2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;

3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

4) жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу;

5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, келiсiмшарттарды жасасу, мемлекеттiк тiркеу және сақтау;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндiруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;

10) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдау;

11) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, осы Заңның 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркеу;

12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi ұсыну;

14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын әзiрлеу;

15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешiм қабылдау;

16) келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу;

17) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия туралы ереженi бекiту;

18) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындау;

19) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға жинақтау және талдау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуындағы жергiлiктi қамтубойынша жалпы ақпаратты беру;

20) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлеу;

21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

22) келiсiмшарттар талаптары орындалуының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлеу;

23) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және есептi кезеңнен кейiнгi жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;

24) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;

25) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

26) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұрату;

27) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiту;

28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]