Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zh_1178_pn_Sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.75 Кб
Скачать
  1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функциялары

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функцияларына:

1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығаруға;

2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға;

3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) кепілге беруге;

4) осындай жер қойнауын пайдалану құқығынан (оның бір бөлігінен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден ақы өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге салу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысуға;

5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;

6) кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға;

7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алуға;

8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарды не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымға бастапқы шығаруға, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыруға;

9) жұмыс бағдарламасы, келісімшарт бойынша міндеттемелердің өзгеруі;

10) келісімшарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға арналған өтініштерді қарау, оларға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді

  1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы конкурстық комиссияның функциялары

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның функциялары:

1) аукционға қатысу үшін өтінімдердің және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;

2) ұсынылған аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]