- •«Жер қойнауын пайдалану негіздері» пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
- •1:200 000 Масштабты геологиялық зерттеулердің мазмұны
- •Асыл металдар мен асыл тастарды барлау мен өндіру операцияларын жүргізудегі құқықтық қатынастар
- •Барлау мен өндіруге жасалынатын келісімшарт түрлері
- •Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану
- •Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі
- •Гбж сатылығы. Игерулік барлаулар
- •Геологиялық барлау мен іздеуде қолданылатын ұңғымалық бұрғылау түрлері
- •Геологиялық зерттеу сатылары. Іздеу мен барлау сатылары
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Геологиялық барлаудың мазмұны
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Іздеу сатысы мазмұны
- •Геологиялық зерттеулерде қолданылатын техникалық құралдар
- •Геологиялық пен тау-кенді бөлу
- •Жеке және заңды тұлға ұғымдары
- •Жер астылық тау-кен қазындылары
- •Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңының негізгі принциптері
- •Жер қойнауы мен табиғи ортаны қорғау шаралары
- •Жер қойнауы, жер қойнауын пайдалану анықтамалары
- •Жер қойнауы зерттеудің сатылығы. Аймақтың геологиялық зерттеулер түрлері
- •Жер қойнауы қорғауға қойылатын талаптар
- •Жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеу
- •Жер қойнауы мемлекеттік сараптама
- •Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы
- •Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану саласындағы конкурстық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану салықтары түрлері
- •Жер қойнауын пайдалану қолданылатын салық түрлері. Орны толатын және толмайтын шығындар
- •Жер қойнауын пайдалану шектеу және тыйым салу
- •Жер қойнауын пайдаланудың субъектісі мен объектісі
- •Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды факторларын атаңыз
- •Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
- •Жер қойнауын пайдаланушының негізгі міндеттері
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
- •Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
- •Жобалау құжаттары
- •Заңды тұлғалар, түрлері мен формалары, құқықтары мен міндеттері, тіркелуі мен тарқатылуы.
- •Инветициялық бағдарламалар конкурсына қатынасу жобасы мазмұны
- •Келісім шарттар. Түрлері мен мазмұны
- •Келісім шарттың жұмыс бағдарламасы мазмұны
- •Келісімшарт, келісімшарт аумағы
- •Келісімшарттың жылдық бағдарламасы
- •Кенорын сынамасын пайдалану
- •Кенорындарды экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар
- •Кенорынды игерудің оң тәжірибесі дегеніміз не?
- •Кенорыны, пайдалы қазба, минералдық шикізат терминдері
- •Кенорынның сынаманы пайдалану
- •Коммерциялық табу мен жазылатын бонустар
- •Коммерциялық табулар
- •Қазақстанның мұнай-газ провинциялары
- •Қазақстанның негізгі тау-кен аудандары
- •Қауіпсіз жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қр азаматтарының кәсіптік қызметі
- •Қр геологиялық барлау жұмыстарының сатылығы
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері
- •Қр үкіметінің құзіретінің негізгі түрлері
- •Құзіретті органдардың функциялары
- •Құзіретті органның өкілеттіктері
- •Құзіретті орган өкілеттіктері
- •Минералдық шикізат сапасы және технологиялық қасиеттері
- •Моделдік келісімшарт
- •Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзреті
- •Мұнай мен газды барлау мен өндірудегі құқықтың қатынастары
- •Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
- •Мұнай-газ саласындағы құзіретті орган реттейтін мәселелер
- •Мұнай-газ саласындағы операцияларды реттеудегі қр Үкімет құзреті
- •Мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның функциясы
- •Пайдалы қазба қорларын есептеу әдістері
- •Пайдалы қазба қоры, сапасы мен саны
- •Сервитуттар
- •Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге қажетті қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мазмұны
- •Теңіздегі ғылыми зерттеулер
- •Техногендік минералдың түзілімдер және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудағы құзреттілігі
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын қорғау мен адамзат өмірін сақтаудағы құзреттілігі
- •Ұлттық компаниялар құзреті
- •Ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланудағы құзреттілігі
- •Іздеу жұмыстарының мазмұны
- •Іздеу мен бағалау сатысының мазмұны
- •Ілеспе және табиғи газды жағу
«Жер қойнауын пайдалану негіздері» пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты. Мамандардың Қазақстан республикасының жер қойнауын пайдалануға қажетті заңдары мен аймақтық жер қойнауын пайдалану мәселелерін меңгеру
Пәнді меңгерудегі міндеттер.
Студент оқу үрдесінде меңгеруі тиіс:
Заң күші бар Президенттің мынандай қаулыларын тиісті деңгейде білуі керек «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Жер туралы» ж.т.б.
Осы аталған Заңдары өзінің болашақтағы мамандығында пайдалана білу.
Осы пәнді меңгерудегі білім болашақ маманға жер қойнауын зерттеу, барлау және пайдалы қазба байлықтардың барлық түрлерін игеру кезеңдеріндегі ұйымдастыру, жоспарлау мен жүргізу сатыларында қажет болмақ
1:200 000 Масштабты геологиялық зерттеулердің мазмұны
Іздеулер пайдалы қазбаның түріне және типіне байланысты 1:200 000 -ден 1:100 000 масштабтары аралығында орындалады. Іздеу жұмыстары ауданының шекарасы, әдетте аймақтық геологиялық зерттелуі нәтижесінде анықталған (табылған) перспективті зоналар (бөлікшелер) шекарасы көлемінде, олардың топографиялық планшеттегі орынына қарамай жүргізіледі.
Іздеудің ұтымды әдістер комплексі бұрынғы тәжірибені пайдалана отырып, ауданның геологиялық құрылысына, пайдалы қазбалардың ықтималды белгілеріне және аймақтық ландшафтық-географиялық жағдайына байланысты таңдалынып алынады.
Іздеудің қорытындысы бойынша зерттеуге алынған ауданның пайдалы қазбасының болу мүмкін-ау деген масштабының жалпы болашағы бағаланады.
Іздеу жұмыстары, әдетте сол ауданда белгілі бір шикізат түріне деген қызығушылығы бар инвестордың қаржысымен іске асырылуы тиіс. Жұмыстар нақтылы шикізат түріне тәуекел ету жағдайында жүргізіледі.
Асыл металдар мен асыл тастарды барлау мен өндіру операцияларын жүргізудегі құқықтық қатынастар
Асыл металдар – химиялық төзімді, қиын балқитың (AU мен Ag нен өзге) металдар, яғни алтын, күміс және платина тобы деп аталатын металдар жиынтығы.
Асыл тастар- зергерлік мақсаттарға пайдаланылатын ерекше қасиеттері бар минералдар. Мұндай қасиеттер қатарына тастың мөлдірлігі, түссіздігі немесе өте әдемі түстерге боялуы, жарықты шашырату қабілетілігі, қаттылығы, қырлауға яки жалтырата өңдеуге икемділігі ж.т.б. қасиеттері жатады (табиғи алмастар, изумруд, лағыл, жақут, анартастар ж.т.б.)
Асыл металдар және асыл тастармен байланысты барлық іс-қимылдар (барлау, өндіру, өңдеу, даярлау, екінші кезекті ресурстар құрамында асыл металдар мен асыл тастар бар, қымбат металдарды аффинаждаумен байланысты істер, сақтау, жекеменшіктік құқыққа өтуі операциялары, алуы мен сатуы, банкілік операциялар, асыл тастар мен байланысты жұмыстар: (даярлау) лицензиялық болып саналады.
Аффинажданған металдар, егер олар ҚР аумағында өндірілген шикізаттаң жасалынса, алдымен алғашқы сауда-саттық сатудан өтеді. Одан соң олар (егер сатылмаса) құзыретті органдар бекіткен көлемде ішкі және сыртқы рыноктарда сатылады. Сату Ұлттық банк немесе өкілеттілігі бар банктер арқылы іске асырылады. Ал сатып алушыларға барлық заңды тұлғалар, оның ішінде ҚР президентіде кіреді. Егер афинаждалған асыл металдар мен сауда шет мемлекетте өндірілген шикізаттан жасалынса, ондай жағдайда ішкі және сыртқы рынокта сауда жасаған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар мұндай келісімдерінің қорытындысын өкілеттілігі бар банктерде металдық есеп түрінде көрсетулері тиіс.
Аффинаждалған қымбат металдарды сақтау заңды тұлғалар үшін Мемлекеттік сақтау қоймасында (Гохран) немесе Ұлттық пен өкілетті банктердің қоймасында, ал жеке тұлғалар өкілетті банктерде сақтайды.
Басқа мемлекеттер сыяқты Қазақстан үкіметі еліміздің бюджеттік резервін (қорын) жасайды. Ол асыл тастардан, әшекейлік бұйымдардан жиналып мемлекеттік қоймада сақталады.
Бүгінгі күні ҚР аумағында өндірілген шикізаттаң алынған асыл металдарды мынандай жағдайларда ғана сыртқа шығаруға рұхсат етіледі:
1. Контрактіге байланысты шетелдік инвесторға;
2. Заңды тұлғаға немесе жекеменшік кәсіпкерге егер ол оны алғашқы сатылымда сатып алса;
3. Заңды тұлғаға, егер ол аффинаждаған асыл металдарды алғашқы сатылымға сатуға шығарып, көрсетілген мөлшерде сатылмағандығын уәкілдік органдар растаған жағдайда.
ҚР аумағында өндірілген құрамында асыл тастар бар шикізат басқа мемлекетке аффинаждауға шығарылады. Аффинажданғаннан соңғы алынған асыл тастар алғашқы сатылымдарда сатылады. ҚР аумағына инвестиция, ескерткіш пен юбилейлік монеталарды, олар асыл тастардан тұратын болса, кіргізу мен шығару еліміздің валюталық заңымен реттеледі. Аффинажданған асыл металдарды, асыл тастарды кіргізу ҚР үкіметі белгілеген тәртіппен іске асырылады.
