Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursavoy_Ta_1187__1179_uray_konfetyuri.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.08 Кб
Скачать

3 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Бұл бөлімнің орындалуы Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы Заңы», өртке қарсы мен қауіпсіз техникасының талаптары бойынша жүргізіледі. Адам денсаулығына зиянды болу мүмкін жеке технологиялық процесстерге, жарықтандыру сұрақтарына, жергілікті мен жалпы желдетуіне, өндірістік цехтардың жылытуына және т.б жағдайларға аса көңіл бөлінеді.

Қауіпсіздік техникасы бөлімінде электрлі қондырғыларды қорғау (жергіліктеу)бойынша есептеу жүргізіледі, дауысты мен жарықтық сигнализация жүйелерінің суреттелуі, сәулелену, шу, тербеліс, дауысты тұйықтау туралы сұрақтарының сипатталуы жүргізіледі.

Өртке қарсы шаралары өрт сөндіруге арналатын сыртта тұратын су резервуарларын, іште өрт сөндіру автоматты жүйесін қолдануын жіне т.б сұрақтарды құрастыру қажет.

Қоршаған ортаны қорғау шаралары ағынды суларды жіне қазандықтан шыққан газдарды тазалау, зиянды газ бен мұнай өнімдерінің таралуын болдырмайтын жағдайларды, пайдаланған суды қайта қолдану, зауыт территориясын көгалдандыру және санитарлы зонасын жасау сұрақтарын қамту керек.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады.[14]

ОСТ 18-344-79 бойынша «Азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымының негізгі базасы «азық-түлік қауіпсіздігі», «азық-түлік қамтамасыздығы» немесе «азық-түлік тәуелсіздігі» деп аударылатын ағылшын термині «food security» болып табылады.

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары «азық-түлік қауіпсіздігі» ұғымын пайдаланатындығын атап өту қажет. Қазіргі таңда азық-түлік мәселесі өмірлік мәнге ие болып отыр, өйткені әлемнің дамыған елдерінде тамақ өнімдерінің артығымен өндірілуі, дамушы елдерде оның өткір тапшылығы, ашаршылық пен жартылай ашаршылық қалыптаса бастады.

 Экономикалық әдебиетте азық-түлік қауіпсіздігінің анықтамасына қатысты бірнеше көзқарастар бар. Ресей ғалымы Г.В.Григорьевтың анықтамасы бойынша  «азық-түлік қауіпсіздігі- бұл халықтың ең әлсіз, кедей топтарының міндетті түрде басым болған жағдайда, адамдардың өмірі мен әрекет істеуге бейімін сақтау және қолдау үшін қажетті көлем мен сапада тамақ өнімдерінің табиғи және экономикалық қол жетімділігінің шарты және азық-түліктің сыртқы көздерінен мемлекеттің толық тәуелсіздігі кезінде оның өз өндірісі арқылы барлық халықтың азық-түліктің негізгі түрлерімен тұрақты қамтылуы мүмкін болатын экономиканың, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы». Сонымен, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі төңірегіндегі әртүрлі көзқарастардың мазмұнын қарастырып, біз азық-түлік қауіпсіздігінің мәні  салауатты тіршілікті қамтамасыз ету, импорттан мемлекеттің тәуелділігін реттеу кезіндегі алғашқы қажеттіліктің өнімдері бойынша мемлекеттік резервтерді және тұрақтылық қорларын құру үшін жеткілікті деңгейде азық-түлік тауарларын өндіру және ішкі нарыққа шығару, отандық АӨК қабілеттілігінен тұрады деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы адам қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа деген қажеттілік ең алғашқы қажеттілік болып табылады.

Жоғарыдағы анықтамадан азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік қамтамасыздығы және азық-түлік тәуелсіздігі сияқты ұғымдар өзара тығыз байланысты екендігі байқалады. «Азық-түлік қамтамасыздығы» халықтың қолында азық-түліктің бар болуын білдіреді, ал «азық-түлік қауіпсіздігі» сонымен бірге азық-түлік ұдайы өндірісінің мүмкіндіктерін қамтиды. Өз кезегінде азық-түлік тәуелсіздігі азық-түлік қауіпсіздігінің, сонымен бірге азық-түлік қамтамасыздығының туындысы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігі әртүрлі деңгейлерге сәйкес қарастырылады. Әдеттегідей – бұл дүниежүзілік, ұлттық, аймақтық және жеке дара (үй шаруашылықтары) деңгейлері. Әртүрлі деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің мақсаттары әртүрлі болады. Дүниежүзілік деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаты ашаршылыққа ұшыраған адамдардың санын төмендету, әсіресе дамушы мемлекеттерінде; ұлттық деңгейінде – импорттың мүмкін болу көлемі кезінде ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақты жағдай; аймақтық деңгейінде – халықтың қалыпты тіршілік қызметін қамтамасыз ететін тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру; үй шаруашылықтарының деңгейінде – халықтың қолында бар табыстарына сәйкес тамаққа  деген қажеттіліктерінің нақты қанағаттандырылуы.

Қорытынды

Курстық жұмыста «Таңқурай конфитюрі» консервісін дайындаудың технологиясын жасау қарастырылды. Бұл дайындалатын өнімнің қажеттілігі тамақ өндірісінде алатын орны маңызды.Таңқурай конфитюрін емдік тағам ретінде қолдануға болады,қарт адамдар мен асқазаны ауыратын адамдар үшін диеталық тағам ретінде пайдаланылады.

Жұмыс барысында барлық технологиялық қадамдар мен сызбанұсқалар және процесстер жазылды. Шикізаттар мен материалдарды өңдеу кезіндегі өзгерістер мен пайда болған нәтижелерде бақылауға алынды. Жұмыста сызылған кесте мен сызба жұмыстарында жұмыс барысында анықталған нәтижелер көрсетілді. Сонымен қатар патенттік ізденістер мен аналитикалық шолулар және қосымша шикізаттарға шолулар жазылды.

Қазіргі таңда тамақ өнімдеріне соның ішінде тәтті жеміс консервілеріне сұраныс көбейген, әлем бойынша тамақ өндірісінде осындай табиғи жидектерден алытантын өнімдерді өңдеу кең қанат жаюда.Сондықтан бұл тақырып өте ауқымды жіне маңызды болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Ф. Фан –Юнг «Проектирование консервных заводов»,Москва 2006 г;

2.Патент 2112393.Абдрашитов Ш.А,Хазиев Р.Р,Сулейманов Н.Т;2008 ж;

3.Патент 2363244 Квасенков Олег Иванович;2007 ж;

4.Патент 2399279 Троянова Татьяна Леодиновна;2006 ж;

5.Е.Д.Ситников, В.АКасанов «Обарудование консервных зводов», Москва 2001 г ;

4. Ястребов «Технологические расчеты»;

5 .В.И .Рогочев«Справочник по производству консервов» 1 – том,Москва 2005 г;

6.В.И .Рогочев «Справочник по производству консервов» 2 –том,Москва 2006 г;

7. В.И .Рогочев«Справочник по производству консервов» 3 –том,Москва 2001 г;

8. В.И .Рогочев«Справочник по производству консервов» 4 –том,Москва 2004 г;

9.Ситников Е.Д «Дипломное проектирование заводов по переработке плодов и овощей» 2007 г;

10.Николаева М.А «Хранение плодов и овощей на базах» 2006 г;

11.Дүйсембаев С.Т,Әмірханов Қ.Ж «Өндіріс технологиясы және өнім сапасы» -Астана,Арман ПВ,2008 ж;

12. Абдижаппарова Б.Т , Ханжаров Н.С «Консерві зауыттарын жобалау», Шымкент 2013 ж;

13Л.П.Ковальской «Общая технология пищевых производств»;2003г;

14.В.А. Панфилов «Теоретические основы пищевых технологий »2002г;

38

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]