Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursavoy_Ta_1187__1179_uray_konfetyuri.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

2.3 Технологиялық есептеулер

Консерві зауытының өндірістік қуаты – сапасы МЕСТ, ССТ және ТЖ сәйкес уақыт бірлігінде шығарылған өнім мөлшері. Уақыт бірлігі ретінде күнтізбек жылы немесе шикізат өңдеу маусымы қабылданады. Консерві кәсіпорынының өндірістік қуатының бірлігі ретінде келесі есептеме бірліктері қабылданады:

-шикізат бойынша- тонна;

-консерві бойынша- 1000 есептік банкі немесе 1000000 есептік банка;

-цукат мұздатылңан жеміс пен көкөніс, ашытылңан қырыққабат және тұздалған қияр бойынша – тонна;

Консерві өндірісінде салмақты түрде анықталатын бір есептік банкі ретінде сыйымдылығы 400г банкі қабылданады. Таңқурай конфетюріне сыйымдылығы 400гр банкі қолданамыз. Салмақты түрде конфетюр, тосап, павидло, джем, жеміс пен көкөніс тұздықтары, жеміс паста мен езбелері, маринадтары, балалар тамақтануына арналған гомогенделген консервілері, кұрғақ заттарды 12%-ке есептелген концентрленген томат өнімдері (қосылатын тұздың мөлшерін есептемей), құрғақ заттары 10 %-ке есептелген концентрленген жеміс шырындары консервілері есептелінеді.

Консервілердің басқа түріне көлемдік түрде анықталатын бір есептік банкі ретінде сыйымдылығы 353,4мл банкі қабылданады. Консерві зауыттарының қуаты ауысым, тәулік немсе жылына меб, млеб немесе тонна түрінде беріледі. Салмақтық немесе көлемдік түрде есептелінетін консервілердің есептелуі келесі түрде жүргізіледі.[9]

Көлемдік есептік түрде есептелінетін консервілері:

А) физикалық банкінің есептік банкіге аудару коэффициенті:(1)

К0=Vф.б/Vе.б; (1)

К0=500мл/400мл=1,25мл

мұндағы:Vф.б- физикалық банкінің көлемі, мл; Vе.б-есептік банкінің көлемі, мл;

Б) 1меб-дегі физикалық банкінің саны:

Zф.б=1000/К0=1000 . Vе.б/ Vф.б,дана; (2)

Zф.б=1000/1,25мл=800 дана

Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу кезінде келесі жұмыс істеу режимі қабылданады: ауысымның ұзақтығы –8 сағат, бір айда жұмыс саны –21.

Жұмыс күшінің қоры бар кәсіпорындарында маусым ортасында жұмысты екі немесе үш ауысымда қарастыруға болады. Жеміс консерві өндірісінде құрал-жабдықтардың санитарлық өнделуі мен өндірістік бөлмелердің тазартылуы ауысым соңында - 0.5 сағат, шикізатты химиялық өңдеуге арналған құрал-жабдықтарды әр 7-і ауысым. вакуум аппараттарды -10 ауысымнан кейін желінің профилактикалық жөндеуге тоқталған 12 сағат аралығында өңдейді.

Цехтың жұмыс істеу графигі цехқа шикізаттың түсу графигі мен шикізат пісу маусымы бойынша құрастырылады. Цехтың жұмыс істеу графигінде әр консерві түрінің өндіру кезеңі көрсетіледі. Графикте тіулік ішінде ауысым саны, әр ай мен жыл ішінде күн мен ауысым саны көрсетіледі. Цехтың істеу графигі мүмкінінше бір тұтас, бір технологиялық желіге бөлек жасалынады. Цехтың жұмыс істеу графигін құрастыру кезінде зауыттың маусымдық жұмысын ұзарту үшін шикізатты суытылған немесе мұздатылған түрде сақталуын қарасырған жөн. Бір технологиялық желіге әр түрлі консерві түрлерін шығару мүмкіншілігін қарастыру қажет. Маусымды пісетін шикізатты өңдеу үшін үш ауысымдық жұмыс қарастырылады. Тек қана өндіріс маусымының басы мен аяғында шикізаттың мөлшері азайғанда цехтың жұмысы бір немесе қол еңбегін көп шығындайтын көкөніс пен жемістерден жасалынтын консервілерді тәулікте екі ауысымда өңдеуге болады. Егер шикізатты жыл бойы үздіксіз өңдеуге болса, цехтың жұмысын бір немесе екі ауысымға жоғарылату үшін бір технологиялық желіде пісу кезеңдері тура келмейтін шикізаттардан дайындалатын түрлі консервілерді өндіру керек. Егер бір шикізаттың пісу маусымы басқа шикізаттың пісу маусымын ала келсе, онда бұл уақытта осы шикізаттардың әр түрлі ауысымдарда өңдеуін қарастыру жөн. Цехтын жұмыс істеу графигін көркемдеу төмендегі кестеде көрсетілген.