- •1 Аналитикалық шолу
- •Сурет 1.Таңқурай конфитюрі
- •Сурет 2.Таңқурай өсімдігі
- •2.2 Технологиялық желі мен сызбанұсқаны сипаттау
- •1 Кесте-Конфетюрді стерилдеу режимі
- •2.3 Технологиялық есептеулер
- •2 Кесте-Цехтың жұмыс істеу графигі
- •3 Кесте-Цех бағдарламасы
- •4 Кесте-Шикізаттар мен материалдарға қажеттілік
- •5Кесте-Таңқурай конфетюрі өндірісінің әр операциялары бойынша жартылай дүмбілдердің шығу мөлшерін есептеу:
- •6 Кесте-Бөлшектегіш ыдыс пен қақпақтардың қажеттілігін анықтау
- •7 Кесте-Дайын өнімді буып-түюге арналған сыртқы ыдыстың қажетті санын есептеу
- •3 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Сурет 1.Таңқурай конфитюрі
Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. МЕСТ 28562-90 таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.
Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем, конфетюр, павидло, ванерье, вино, желе, мармелад, ликер жасайды. Кондитерлік тағамдарға балғын күйінде немесе мұздатылған күйінде қосады.
Таңқурайды халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исі үшін жақсы көреді әрі ерекше бағалайды. Оның гүлдері ақ, болар-болмас сезілетін жағымды хош иісті болып келеді. Жапырақшаларында гүл тостағаншасының жеке жапырағы шамалы ғана, көптеген аталық және аналық сабақтардан тұрады. Таңқурайдың жаппай гүлдеуі мамырдың аяғы мен маусымның басына қарай (көктемнің шығуы мен жидектің өнген ортасына байланысты) басталады және бұл науқан екі‑үш аптаға созылады. Таңқурайдың жемістері ауа райына байланысты әртүрлі уақыттарда піседі.Біздің елімізде негізінен таңқурайдың қызылжемісті сорты көп тараған. Олардың арасында маусым кезінде 2 мәрте – жазда және күзде жеміс беретін ремонтантты сорттар да бар. Сондай‑ақ, соңғы жылдары қаражемісті «Кумберленд» таңқурайы мен сарыжемісті таңқурайды өсіретіндер де көбейе бастады.Таңқурай – көпжылдық тамыр жүйелерінен және біржылдық пен екіжылдық өркендер түріндегі жерүсті бөлігінен тұратын бұта. Таңқурайды бақшада жеке‑жеке, мәселен қоршау бойына 2-3 қатарға отырғызған жөн.
Қоршау маңында ол желден қорғанады, ол жерге қар ерте түседі әрі қыстыгүні жидек қардың қалың қабатымен көмкеріледі. Таңқурайды отырғызу жоспарланған учаскеде көктемгі жинақталған су болмауы керек, өйткені ол артық дымқылдықты көтере алмайды.
Таңқурайды күзде де, көктемде де отырғызуға болады. Көктемде оны үсік түсу қаупі басым болған жағдайда және қысқы қар жабыны жұқа болғанда отырғызады. Оны қатарлап отырғызған жөн, қатарлар арасы 1,5-2 мжәне қоршауға1,5 мжетпеуі (учаске шетіне қарай) керек. Егер отырғызу барысында тыңайытқыш толық мөлшерде себілсе, онда отырғызылғаннан кейінгі 2 жылда таңқурай тыңайтқышты қажет етпейді.
Таңқурайды өсірудің екі түрі тараған – жеке бұталарды сақтай отырып және шұбыртып отырғызу. Бұтаны қалыптастыру барысында әрбір отырғызылатын орынға екінші жылдың аяғына қарай мықты 8-10 өскінді қалдырып отырады, қалған осал өскіндер мерзім сайын алынып тасталынады. Таңқурайды шұбыртып орналастыру өсімдік жолақтарын құрудан басталады. Ол үшін жолақтардың сыртындағы барлық өскіндерді үнемі алып тастап отыру керек, ал жолақтың ішінде тек артық осал өскіндерді алады. [5]
