- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Гуманитарлық білім” факультеті
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •Жалпы мәліметтер:
- •2. Курсты өткізу уақыты және орны
- •3. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мақсаты.
- •4. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы.
- •5. Оқу жоспарынан көшірме.
- •6. Оқу сабақтарының құрылымы:
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •7. Студентке арналған ережелер (Ruies):
- •8. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы Оқу сағаттарын сабақ түрлеріне қарай тақырыптық бөлінуі
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
- •2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.
- •2. Жаңа кезең этикасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың қайнар көздері
- •2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың міндеттері.
- •2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби борыш
- •3. Кәсіби ар-намыс
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •2 . Кәсіби бедел.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдың түсінігі және мәні
- •2 . Моральдың функциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.Б қызметінің ізгілік негіздері.
- •3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этикет туралы түсінік.
- •2. Этикет түрлері.
- •3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
- •4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •10. Обсөж жоспары және орындау кестесі
- •11. Студенттердің өзіндік жұмысы және орындау кестесі.
- •12.“Құқық” кафедрасына қарасты “Заң кәсіптік этикасы” пәні бойынша дәріс берудің бақылау сұрақтары
2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
№4 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби этиканың міндеттері.
2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Кәсіби этиканың міндеттері.
Адамгершілік тәрбиесі- бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1)ізгілік сана қалыптастыру;2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қылыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнық-тыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға енң қымбат - өмір; 2) балалар- өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 4) отансүйгіштік (патриотизм); 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш , ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т.б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейкесті проблемалар- бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке қатынасы.
ТІ-нің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль- адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасымен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек-олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғасына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.
Этикалық ТІ –нің ең басты мақсаты- адамгершілік мінез- құлықтарды қалыптастыру, ТІ күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс- әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым- қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет- қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс- әрекет қажеттігін қалыптастыру – этикалы ТІ-нің маңызды бөлігі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі- еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы ТІ функциясы орындалады. Әдет- қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады.Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым- қатынас ережесі, жүрәп – тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну).
ТІ-ні орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін “күреске” айналмауы тиіс. Тәрбие “күрес” есмес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым , жай нәрселерге негізделеді.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білу керек.
