- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Гуманитарлық білім” факультеті
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •Жалпы мәліметтер:
- •2. Курсты өткізу уақыты және орны
- •3. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мақсаты.
- •4. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы.
- •5. Оқу жоспарынан көшірме.
- •6. Оқу сабақтарының құрылымы:
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •7. Студентке арналған ережелер (Ruies):
- •8. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы Оқу сағаттарын сабақ түрлеріне қарай тақырыптық бөлінуі
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
- •2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.
- •2. Жаңа кезең этикасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың қайнар көздері
- •2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың міндеттері.
- •2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби борыш
- •3. Кәсіби ар-намыс
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •2 . Кәсіби бедел.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдың түсінігі және мәні
- •2 . Моральдың функциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.Б қызметінің ізгілік негіздері.
- •3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этикет туралы түсінік.
- •2. Этикет түрлері.
- •3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
- •4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •10. Обсөж жоспары және орындау кестесі
- •11. Студенттердің өзіндік жұмысы және орындау кестесі.
- •12.“Құқық” кафедрасына қарасты “Заң кәсіптік этикасы” пәні бойынша дәріс берудің бақылау сұрақтары
050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Жетісай-2008 ж
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№1 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы жоғарыда айтып өткен болытынбыз. Өзінің атауымен де негізгі ұғымдық категеориялармен де мәселелік өрісіменде этика Аристотельге қарыздар. “Никомах этикасын”, “Эвдем этикасын” жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты.
Аристотель этикасында “құба төбел”, немесе “алтын орда” принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотель айтуынша екі шекті күйлердің ортасын таба білгенде, яғни не асып –тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан адам өте ыңғайлы қасиетті ұстана білсе, ізгілікті болғаны.
Мысалы, жомарттық “малшашпақ” пен сарандық,“дүниеқоңыздықтың” орта шені; батырлық “көзсіз батырлық” пен “ қоян жүрек қорқақтықтың” екі ортасы; қарапайымдылық, ұяңдық пен ұятсыздықтың ортан белі т.с.с.
Жалпы антикалық этикаға тиесілі негізгі деген үш мұратты /идеяны/ атап өтуге болады. Олар мыналар:
Адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады,мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын қөұлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды “сөйлей алатын хайуан” ретінде қарастырған. Немесе Ұлы кемеңгер Сократ полистен қашып шығап, өзінің басын аман алып қалудан гөрі у ішіп өз қаласының түрмесінде өлгенді дұрыс көрді;
Адамның құдіретіне, өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сенді;
Эвдоменаны, яғни бақытты- адам мақсат мұраттарының ең биігі деп танып, оны ізгілікпен теңдестірді.
Көне гректер адамгерщілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде “каллокагатия” идеалы дүниеге келген болатын. “Каллогатия” көне грек тілінің “каллос” /әсем, сұлу, әдемі / және “агатос” / мейірімді, жақсы / деген екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді.
Гедонизм- грек тілінің ляззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағына-дағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендігі ең басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ляззат алу.
Эвдемонизм- көне грек этикасының басты сипаттамасы . Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны- адамның бағытқа / эвдемонаға / жетуі.
Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ляззат алу мүмкін емес, өйткені қуаныш соңын іле - шала жүретін қайғы- қасірет көп, сондықтан да өмірде ең бастысы – мойынға түскен ауырпашылыққа мойымай, қасқая қарсы ала білу деген түсінік тән.
Ортағасырлық батыс европалық мәдениетте адамға болсын, әлемге болсын екі жақты, амбивалентті көзқарас қалыптасқан болатын. Биік-аласа, жоғары-төмен, құдай сқаласы- адамдар қаласы, пәктік- күнәһарлық, сәуле- қараңғы қапас,т.с.с.
Ортағасырлық христиандық мәдениет конспектіндегі ірі тұлға, адамзаттың ұлы лауазымдарының бірі- Августин Әулие. Оның аты әлемге әйгілі христиандық патристикалық / шіркеу әкелерінің / өкілі екендігін және де “ Құдай қаласы туралы”, “Сырласу” сынды шығармаларының авторы екендігін айта кету керек. Ортағасырлық және Жаңа дәуірлік Европаны байланыстырушы өтпелі кезең- Ренессанс болды. Қайта Өрлеу дәуірі христиан діні жанышқылап , жөнді- жөнсіз қаралаған адамның жеке тұлғасын - индивидті ақтауға кірісті. Ренессанстық гуманизм антикалық гуманизммен салыстырғанда адам қадір- қасиетін аспандатқан, оның жасампаздық мүмкіншілігін ғажайып деп тауып , құдайға жақындатқан жаңа сападағы гуманизм болды.
Ортағасырлық соңғы ақын, Ренессанстық тұңғыш ақын балып есептелетін атақты “Құдайы комедиясының” авторы Данте болсын, “Адам қадір-қасиеті жайында” / ”Речь о достоинстве человека” / ой толғап , антропоцентризмнің ерен үлгісін көрсеткен Пико де Ла Мирандола болсын, бұрынғыдай тек құдайға ғана бағыштамай, махаббат сынды құдіретті сезімді адамдар арасында - әйел мен еркек арасында таба білген Петрарка мен Бокаччо болсын- бәрі-бәрі де жаңа дүниетанымдық парадигманың келгендігін байқатты. Пико де Ла Мирондоланың “Адамның қадір- қасиеті жайында” атты туындысында құдай адамды бүкіл әлемнің орталығына , центріне қояды, қалған дүниенің барлығы адам маңында ғана мәнді деп атайды.
