Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 15 са- С-Ж- 15 са- обс-Ж- 15 са- Барлы- са-ат саны- 45 с.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545 Кб
Скачать
☆

1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.

Әдет ғұрыпқа рәсімдер күш беріп отырады. Көптеген халықтарда әдет ғұрып пен рәсім ережелері тұрақты сипатта болғандығы соншалақ, іс жүзінде олар басқа құқықты қажетсінбейді. Әдетғұрып пен тыйым нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар: олар белгілі бір жағдайлардың әсерімен жоғала да, қайта қалпына келе де, өзгере де алады. Әдетғұрыпты, салтдәстүрді ұстану көрініс табудың өзіндік нысандарын талап етеді. Мұндай нысандар болып рәсімдер мен символдар немесе символдық бейнелер табылады.

Алдымен рәсімдерге тоқталып өтелік. Американдық әлеуметтанушы Э.Гофман қазіргі кездегі рәсімдерді зерттей келе, олардың жан- жақтылығын көрсетеді. Ол қазіргі кезде қоғамдағы рәсімдердің шамадан көптігін және тек қоғамға дегенг біржақты көзқарастың олардың кең таралуының стратегиялық мәнін және қажеттігін түсінуге кедергі жасайтындығын атап өткен. Ол мұндай анықтама береді: ” Рәсім дегеніміз формальды түрде жүзеге асырылатын әрекет, ол арқылы жеке тұлға белгілі бір құндылық объектісіне қатысты өзінің сыйластығын және бас июін білдіреді”.

Миф “ ойдан шығарылған” емес, “өткеннің қалдығы да ” емес, ол ежелден адамның өзін-өзі, қоғамды, әлемді сипатталуының түрге бөлінуінің және түсіндіруінің терминдері көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі. Мифпен сананың фетишизатциясы ұғымы тығыз байланысты, ол дегеніміз объектілерге оларда жоқ қасиеттерді, адамдарға олар өздері жабыстырған қасиеттерді тиістілендіру.

Әрбір дәуірде өзіне тән мифтері болған. Алайда, ежелгі грек мифтері мен қазіргі қоғамдағы мифтерге тән ортақ белгі бар: мифтерді жасау барысындағы фантазия, шығармашылық күштің шындық пен ақиқатты қалыптастыруы және оған адамды бағындыруы. Мифологиялық бейнелер кей кездері өмірдің өзінен де шынайы сипатты иеленеді.

Бұл бізге құқықтың өнер құқығы және суретші құқығы сияқты түрлерін ажыратуға негіз бола алады. Жалпы алғанда, ол- еркін адамның құқығы, себебі мифтерді ол өз басынан , өз жүрегінен ойлап шығарады.

2. Жаңа кезең этикасы

Жаңадәуірлік этика толығымен діни- сакральды концепцияның ықпа-лынан босанған, алдағы орынға адамның ақыл- парасатын қойған рационалистік этика етін. Осы кезең этикасында адамның моральдық бейнесін суреттеуде екі түрлі көзқарастар қалыптасты. Олардың біріншілері - адамның туа біткен табиғаты зұлым, оны адам тек әлеуметтік өмір сүру барысында шектеуге мәжбүр десе , екіншілері - адам туғаннан мейірімді, бірақ жүре келе өмір тауқыметттеріне байланысты озбырлыққа барады деп қарастырады.

Т.Гоббс этиканың тарихында моральдың конвенционалды табиғаты жайындағы концепциямен белгілі. Ол мораль мен құқықты адамның бастапқы табиғи күйінен шығуын қамтамасыз еткен әлеуметтік келісім- шарт нәтижесінде мүмкін болған дүние деп түсінеді. Адамның табиғи күйін Гоббс “бәрінің бәріне жаугершілікті” күйі ретінде елестетеді. Мұндай соқтығыстар адамзатты ұзаққа апармас еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Адамдар арасындағы қарм - қатынастарды реттеу үшін моральдық және құқықтық нормалар келісіммен дүниеге келген деп біледі Гоббс.

Канттың түсіндіруі бойынша , адамгершілік заңдарында адамшы-лықтың шегі беріледі. Сондықтан да адамгершілік нормаларын елемеген адам өзінің адамшылығын жоғалтқан болып есептеледі. Моральдық заңдылықтар дегеніміз солар бойынша жүргізіліп жатқан заңдар емес, солар бойынша жүргізілуі керек заңдар.

Моральды негіздеуде қайырымды ерік –жігер арқылы ғана моральдық сапаға ие бола алады. Ерік- жігерге тек саналы жан ғана ие, басқаша айтқанда, еркіндік- практикалық сана, себебі сана біздің еркіндігімізді басқару үшін берілген. Сана мен еркіндікті теңестіру- Кант философиясының ең жоғарғы нүктесі.

Канттың категориялық императивінің бірнешеме формулировкасы бар. Мысалы: “Сен өзің оны қолдана отырып, ол заңды барлығы да қолдансын дейтін максимаға сәйкес әрекет ет!”. “Қашанда сенің өзіңнің жасаған әрекетің, көрсеткен мінез- құлқын басқаларға адамгершілік үлгісі болатындай болсын!”.

“Адам баласын ешқашан құрал деп қарастырма, адам қашан да мақсат”. Ешкім басқа ешкімді өзінің жеке бас мүддесіне байланысты құрал есебінде пайдалануға хақысы жоқ. Алға қойған мақсат- міндет қаншалықты биік болғанымен тірі жанның өмірінен асқан ештеңе жоқ.

“Өз басыңа нені тілемесең басқаға да соны жасаушы болма”. Азаматтың “алтын заңдылығының” негативті формулировкасын алған Кант оның позитивті, яғни “Өзіңе не тілесең, өзгеге де соны жаса!” деген формулировкасын қолайсыз деп табады. Өйткені, біріншіден, өзіңе тілейтін жақсылықтары өте көп. Ал оның бәрін басқаларға жасап шығуға сенің өзіңнің қалайтын тілеуің басқа адам үшін мүлдем жат, қажетсіз болып есептелетін де шығар.

Сондықтан да өзіңе тілемейтін қатынасты өзгеге көрсетпесең де жеткілікті шығар .

Моральдық заң императив күйінде болады. Императив деп бұйрық райын айтады, яғни моральдық заң сен өзіңді адаммын деп есептегендіктен орындайтын бұрық есебінде алынады.

Этика тарихында өзіндік орны бар ойшылдар, философтар бір бұлар ғана емес. Олардың бәрін қысқа курста қарастырып шығу мүмкін болмағандықтан қысқаша тарихи экскурсты осымен тәмәмдаймыз.

№3 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.

(1 сағат)

Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби этиканың қайнар көздері

2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.