- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Гуманитарлық білім” факультеті
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •Жалпы мәліметтер:
- •2. Курсты өткізу уақыты және орны
- •3. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мақсаты.
- •4. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы.
- •5. Оқу жоспарынан көшірме.
- •6. Оқу сабақтарының құрылымы:
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •7. Студентке арналған ережелер (Ruies):
- •8. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы Оқу сағаттарын сабақ түрлеріне қарай тақырыптық бөлінуі
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
- •2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.
- •2. Жаңа кезең этикасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың қайнар көздері
- •2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың міндеттері.
- •2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби борыш
- •3. Кәсіби ар-намыс
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •2 . Кәсіби бедел.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдың түсінігі және мәні
- •2 . Моральдың функциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.Б қызметінің ізгілік негіздері.
- •3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этикет туралы түсінік.
- •2. Этикет түрлері.
- •3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
- •4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •10. Обсөж жоспары және орындау кестесі
- •11. Студенттердің өзіндік жұмысы және орындау кестесі.
- •12.“Құқық” кафедрасына қарасты “Заң кәсіптік этикасы” пәні бойынша дәріс берудің бақылау сұрақтары
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Моральдың түсінігі және мәні
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, этиканың зерттеу пәні – мораль. Мораль деп белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалар мен үйлесімді қарым- қатынаста бола білу қабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль- ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдық нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.
Мораль принциптері өзінен-өзі аспаннан түсе қалған жоқ. Олар адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым- қатынас жолында туындап отырыған қарама – қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасады. Мораль өзінің түп тамыры мен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Адамгершілік мәселесі адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуы мен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның өзінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен , мәдениетінің бой көтеру процесімен бірге пайда болған. Ендеше мораль генезисі туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер- жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, қандайда бір іздің өзін табу қиын болғандықытан, ғылым өзінің болжамшылдығын алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адам тектес приматтар Жер бетіндегі климаттың күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған “Талабына” өзіндік даму “Жауабын” тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік басатын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген , әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминиттер басты. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қылыптасуы бірнешеме миллиондаған жылдарға созылды. Бізді біздің ең көне тегімізден алшақтататын ара қашықтықтың орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адам тірлігінің қалыптасу тарихы кезеңін тұтастай жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің “өз есімізді өзіміз білген” тарихи уақыт болып табылады.
“Инцест” деп жақын туыстар, қандастар арасындағы жыныстық қарым-қатынасты, яғни қыз алысып –қыз берісуді айтады. Жануарлар әлемінде белгілі даму кезеңіне жеткен мезетте мынау әкем, мынау шешем деп бөліп жатпай, тұқым жалғастыруға қызмет ете беретіндігі сияқты , адамзат та тағылық күінде туысқандық туралы түсінік қалыптастырмаған болатын. Бірақ уақыт өте, алғашқы адамдар қауымдастығында- ру, тайпаларда өз ішінен қыз алмай, басқа атадан қыз алу ғұрпы қалыптасты.
“Каннибализм”- адам етін азық ету дегенді білдіреді. Өзі сияқты адамды қорек қылудың адамшылыққа жатпайтындығын түсінген шақтан бастап биологиялық бағдарлаудан мүлдем тысқары шынайы адами қарым- қатынастар мүмкін болды.
Осы тұста тағы бір есте ұстайтын ұғымдардың бірі – “талион”.
Талион адамзаттың ерте даму сатыларында барлық халықтарда болған әмбебап әдет- ғұрып. Талионның мағынасын “қанды кек алу” деп түсіндіруге болады. Оны адамзаттың алғашқы әділеттілік туралы түсінігі десе болғандай
Талионнан “адамгершіліктің алтын заңдылығын” уаждайтын “Өз басыңа тілемегенді басқаға жасаушы болма!” деген халық даналығына дейін бір-ақ қадам жатыр. Ендеше, бұдан біз талион принципінің адамгершілік құлықты қалыптас-тырушы алтын заңдылыққа қисындық ұқсастығының бар екендігін байқаймыз.
Адамгершілік құлқын қалыптастыру барысында ұлы дүниежүзілік діндердің алар орны зор. Жалпы руханият, дін және адамгершіліктің тығыз байланыстығы ешкімде дау тудырмасы сөзсіз.
