Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесте Қазақстан тарихы.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-саяси дамуы

Қоғамдық-саяси омірі

соғыстан кейінгі жылдар (1946-1950)

50 жылдардың басы мен 60 жылдардың ортасы

Негізгі міндеттері

  • Соғыс қиратып кеткен халық шаруашылығын қалпына келтіру

  • Бейбіт өнімдер шығаруға көшу

  • Экономикану көтеру

  • Қоғамда терең мағыналы, кен көлемді өзгерістер жасау

Қиыншылықтары

  • Халық шаруашылығының барлық саласында жұмыс қолдарының жетіспеуі

  • Соғыс кезінде көптеген келген мамандардың елдеріне қайтуы, мындаған қазақстандықтың майданнан қайтпауы

  • Тірі қалғандарының елге оралмауы

  • Жұмысшылардың кәсіби даярлығының төмен болуы

  • Әміршіл-әкімшіл жүйенің сақталып қалуы

  • Адам құқығын аяққа басуға қатысы бар саяси қайраткерлердің ел басқару тізгінін өз қолында ұстап қалуы

  • Қоғамды басқару құрылымының «жоғарыдан төменге қарай» принципіне негізделу, оның мәні тек жоғарыдан берілген нұсқау мен бұйрықты орындау болатын

Қабылдаған шаралары

  • Жұмыс қолдарының жетіспеушілігін жойды

  • Жұмысшылар тобының қатарын маман кадрлармен толықтыру мақсатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрыла бастады

  • Халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық заңы қабылданды

  • 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруға шек қойылды

  • Одақтық республикалардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған шаралар жүзеге асырылды

  • 1953 жылғы қыркүйек пленумы ауыл шаруашылығына талдау жасады

  • 1954 жылғы қаңтар-наурыз пленумы «тың және тыңайған жерлерді игеру» қаулысын шығарды

  • 1955 жылғы қаңтар пленумы мал шаруашылығын дамыту туралы қаулы қабылдады

Өнеркәсіптің дамуы

  • Қара металлургия қарқынды дамып, Теміртаудағы металлургия зауыты, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды, 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді

  • Қаратон мұнайлы т.б. кәсіпорындардың өнім беруі нәтижесінде 1950 мұнай өндіру 52% -ке артты

  • 50 жылдары республикада 65 кәсіпорын болды

  • 50 жылдары ұзындығы 483 км-ге созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды

  • 1949 жылы Алматыны 56 қаламен байланыстыратын автоматты станция іске қосылды

  • 50 жылдары жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы 64 сом болды

  • 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орны мен цехтар іске қосылды

  • 1958 жылы өнім өндіруден одақ көлемінде 3-орынға шықты

  • 1958 жылы Қазақ теміржолы құрылды

  • 1957 жылы экономиканы басқаруды халық шаруашылығы кеңестері жүргізетін болды

  • Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір, Орал, Орта Азияны металмен қамтамасыз етті

  • 5-бесжылдықта темір кенін өндіру 5,4-ке өсті

  • 1962 жылы халық шаруашылығында партия органдары өндірістік белгі бойынша құрылып, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық партия ұйымдары болып бөлінді

  • 1965 жылы одақтық-салалық министрліктер құрылды

Ауыл шаруашылығының дамуы

  • Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздарды біріктіріп, ірі шаруашылықтар құрды (1954 жылы 6737 колхоз, 1952 жылы 2047 колхоз)

  • 1947 жылы карточка жүйесі алынып тасталды

  • 4-бесжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне баға 3 рет арзандатылды, мемлекет ауыл шаруашылық өнімін арзан бағаға сатып алды

  • Колхозшыларда төлқұжаттың (1948 жылы енгізілді) болмауы өз еркімен көшуге мүмкіндік бермеді, колхозшылардың еңбегі басыбайлы болды

  • 50 жылдары колхозшылар 16,4 сом еңбекақы алды

  • 1954 жылғы тың игеру идеясы бойынша 25 млн гектар жер жыртылды

  • 1957 жылы әлсіз колхоздар совхоздар құрылды (1957 жылы 198 совхоз, 1958 жылы 500 совхоз)

  • Совхоздар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ете алмағандықтан, 1957-1958 жылдары колхоз, совхоздардағы мал санын көбейту үшін тұрғындардың жеке меншігіндегі малдар алына бастады

  • 1960 жылы республикада мал саны 36,4 млн болды

Нәтижесі

50 жылдардың ортасындағы прогресшіл бастамалардың барлығының бірдей нәтиже бермеуі-саясатты жүзеге асырудағы ғылыми болжамның болмауы, реформаларды мамандар емес, үкіметтің жоғары деңгейінде отырғандардың жасауы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]