Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пример.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

2.4. Бас сервис орталықтарының негізгі қызметтері

- Бас сервис орталығының (БСО) негізгі қызметі - барлық Сервис орталықтарының жұмысын реттеу, жұмыс көлемін Сервис орталықтары бойынша бөле отырып, 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздардың Жоспарлы сервис қызметіне ағытылуын жоспарлау және ұйымдастыру.

Бас сервис орталығы Сервис қызметі бойынша орындалатын жұмыстарға тәуліктік бақылау жүргізеді Сервисті орталықтарына техникалық қолдау көрсетеді.

Бас сервис орталығында білікті әрі тәжірибелі қызметкерлер шоғырланған, барлық қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен жабдықталған болуы тиі;

- Сервистік қызметті Диспетчерлік жоспарлау орталығы тәулікті режімде жұмыс атқаратын Бас диспетчер және ауысым диспетчерлерінен тұрады.

Диспетчерлік жоспарлау орталығы:

- тепловоздың тіркелген ТЧЭ басшылығымен және қызмет көрсетілетін Сервис орталығымен келісім бойынша Сервис түрін анықтай отырып, әр тепловозға көрсетілетін Сервис қызметінің ай сайынғы кестесін жасайды;

- тепловоздың тіркелген ТЧЭ басшылығымен және қызмет көрсетілетін Сервис орталығымен келісім бойынша әр тепловоздың Сервис орталықтарындағы жоспарлы немесе Жоспардан тыс сервис қызметіне ағытылуын ұйымдастырып, реттейді;

- Сервис қызметінде тұрған немесе шұғыл шаралар қабылдағанға дейін пайдалануда ескертулері бар тепловоздар ахуалы бойынша Сервис орталықтарынан ақпарат жинайды;

- Сервис қызметін көрсету бойынша тепловоздың тіркелген ТЧЭ басшылығымен, диспетчерлік аппаратпен 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға ақауларды жоюмен байланысты қызмет көрсету, пайдалану және жақын жөндеу орындарына жеткізу бойынша тұрақты әрекеттеседі.

- Мониторинг және сенімділік көрсеткіштерін бағалау орталығының қызметі:

- әр тепловоз күйін терең талдау, локомотивтерге көлемді Сервис қызметін көрсетуді стратегиялық жоспарлауға қажетті ақпарат жинайды;

- тепловоз ақаулары бойынша ақпараттар базасын жасау, деректерді жинау, талдау, ақауларды қысқарту бойынша ұсыныстар жасау;

- локомотивтердің тәулікті жүрісін және әр тепловоз дизель майының мерзімдік ауыстырылуын есепке алу;

- жаңа материалдарды, жаңалықтарды пайдалану есебін жасау және талдау, ұсыныстар әзірлеу;

- локомотив жабдығының куәліктері мен техникалық құжаттарын тәртіпке келтіру, есеп беру формаларын жасау;

- ақаулар есебін жүргізу, әр тепловозда орындалған жұмыстарды (жөндеу тарихы) есепке алу, жалдардың тозу қарқындылығын және дөңгелек жұптары қалыңдығының жұқару ескеру үшін автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу;

- тепловоздың жаңартылған бөлігі бойынша барлық ақауларды есепке кіргізу бойынша «Дженерал Электрик» компаниясында қолданылатын автоматтандырылғын есеп жүйесін жаңартылмаған бөліктер бойынша ақауларды еспке алудың автоматтандырылған жүйесімен үйлестіру;

- барлық Сервис орталықтарының Бас технологтары бөлімдері жұмысын бақылау, техникалық және тәжірибелік қолдау жасау.

- Бас сервис орталығы жұмысының қосымша қызметтері:

- Сервис орталықтары қызметтерін оқыту бойынша:

- мамандықтар бойынша іріктеу арқылы Сервис орталықтарының инженерлік -техникалық, жөндеумен айналысатын қызметкерлерінің білімін жетілдіру бойынша оқыту бағдарламасын жасау;

- Сервис орталықтарының инженерлік -техникалық, жөндеумен айналысатын қызметкерлерін жоғары оқу орындарының білікті оқытушылары құрамын, «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдерін тарта отырып, жасалған бағдарлама бойынша оқыту;

- Сервис орталықтарының инженерлік -техникалық, жөндеумен айналысатын қызметкерлерінің білімі мен білігін барлық үлгілер және көрнекі құралдармен жабдықталған тренажерларда тексеру;

- «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдерінің қатысуымен 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарды орындау құқығын беретін арнайы сертификаттар беру арқылы оқыту нәтижелерін рәсімдеу;

- Келесілерді ескеру арқылы зертханалық талдау өткізуді ұйымдастыру:

- әр тепловоз дизель майының сынамасын мерзімді бақылау және спектралды талдау өткізу үшін оларды уақытылы бас сервисорталығына тапсыру;

- ақаулардың спектралды талдау нәтижелері бойынша болжауға болатын ақауларды жоюмен байланысты «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдерінің қатысуымен спектралды талдауды өткізу және Сервис орталықтары үшін ұсыныстар жасау;

- Сервис орталықтарында әр тепловоздың салындатқыш суына талдау жасап, талдауын уақытылы бақылау;

- Сервис орталықтарындағы химиялық зертхана жұмысын бақылау және техникалық көмек беру.

- Келесілерді ескерумен Сервис қызметі сапасын бақылауды ұйымдастыру:

- пойыз жұмысындағы ақауды және тепловоздардың Жоспардан тыс жөндеу берілуін «адам факторы» ықпалынан (жөндеу технологиясын дұрыс сақтамау) болған ақауларда ерекше назар аудара отырып бақылау;

- Сервис орталықтарында басқа Сервис орталықтары өкілдерінің қатысуымен пойыз жұмысындағы ақауды және тепловоздардың Жоспардан тыс жөндеу технологиясын сақтаудың мерзімдік тексеруді және ұйымдастыру;

- Сервис орталықтарында ТБ бөлімдері жұмысын бақылауды ұйымдастыру және техникалық қолдау көрсету.

- Келесілерді ескерумен құралдар күйінің мониторингін жүргізу:

- Сервис орталықтарындағы технологиялық жабдықтар ахуалына мониторинг жүргізу және өкілетті органдардың уақытылы аттестациялық бақылауын қадағалау;

- «Дженерал Электрик» компаниясының тепловоздарды жаңартылған бөліктері бойынша ұсынылған арнайы құралдарын қоса, Сервис орталықтарындағы технологиялық жабдықтар ахуалының мониторингі мен есеп беруін жүргізу қадағалау;

- барлық құралдардың Сервис орталықтары бойынша шұғыл тарату және қажет болса, келісімнен өткізу;

- Келесілерді есеп алумен бөлшектердің және көлік логистикасының қажетті қоры мониторингін жасау:

- Сервис орталықтарындағы ауыспалы локомотив жабдығы мен материалдар, негізгі бөлшектердің бар болуына мониторинг жасау;

- Сервис орталықтары арасында ауыспалы локомотив жабдығы мен материалдардың, негізгі бөлшектердің уақытылы шұғыл таратылуы, қажет болса, келісімнен өткізу;

- Келесі шарттарды ескерумен Сервис орталықтарымен жөндеу базалары арасында локомотив жабдықтарының тасымалдануын және жоспарлануын өткізу:

а) дөңгелек жұптары арнайы платформаларда Сервис орталықтарынан жөндеу бекеттеріне және одан кері тасымалданады;

б) тартым электрқозғалтқыштары Сервис орталықтарынан жөндеу бекеттеріне және одан кері бағытта Сервис орталықтарынан «ЫРЫСТЫ-АЭВРЗ» АҚ -на 6 бірл., 12 бірл., 18 бірл., 20 бірл. бойынша тиеу сызбасымен ТЭҚ тасымалдау НОД келісілген және бекітілген әдеттегі платформаларда тасымалданады, сонымен қатар жаңартылған жабдықтар тәуелсіз көлік компанияларын тартумен «Дженерал Электрик» компаниясымен жүзеге асырылады;

в) қалған локомотив жабдықтары жөндеу бекеттеріне және одан кері бағытта автокөлікпен немесе басқа да оңтайлы тәсілдермен тасымалданады;

- Сервис қызметін көрсету жүйесі құрамындағы локомотив деполарын тарату шамасы бойынша және олардың іргесінде бірегей Сервис орталықтарын құрумен қатар, Сервис орталықтары қызметіне бухгалтерлік есепті, материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу, материалдар мен қосалқы бөлшектердің пайдалану, еңбек шығындарын және т.б. ұйымдастыру жатады;

- Сервис орталықтарының басшылары Сервис қызметіне қатысты мәселелер бойынша Бас сервис орталығының басшысының қарамағында болады;

- Сервис орталықтары құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тепловоздарға қызмет көрсету бойынша Бас сервис орталығының сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары сұратқан барлық ақпараттар мен деректерді уақытылы ұсынуы керек.