Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пример.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

2.3. Сервис орталықтарының негізгі міндеттері

- Сервис орталықтарының негізгі міндеттері 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға Сервистік қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерін сапалы жасау, сонымен қатар мамандандыру бойынша Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсетуде ақаулықтарды дер кезінде жою болып табылады:

- Бас сервис орталық - 4жылдық және 7-8 жылдық мерзімді қоса, Сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерін орындайды.

- Негізгі сервис орталығы - 7-8 жылдық мерзімділіктен басқа, Сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерін орындайды.

- Қосалқы сервис орталығы–қажеттілігіне қарай СҚК-2, СҚК-3, сонымен қатар Жоспардан тыс Сервистік қызмет көрсету мен айлық мерзімді қызмет көрсетуді орындайды.

- 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға Сервистік қызмет көрсету жүйесін енгізу нәтижесі Келісімшартта айтылғандай, Парк дайындығы және Сенімділіктің нормативтік көрсеткішін орындауды қамтамасыз ету бойынша бағаланады:

- 2010 жылдың 1 тоқсаны және 2009 жыл кезеңіне Парктің дайындығы 88%-данкем болмау,

- 2011 жылдың 1 тоқсаны және 2010 жылдың 2,3,4 тоқсанына Парк дайындығы 90 %-данкем болмау,

- 2023 жылдың аяғына дейінгі барлық кезеңге Парк дайындығы 92 %-данкем болмау қажет.

Келісімшартпен жүктелген міндеттерді орындау барлық Сервис орталықтарының айқын және жөнге салынған жұмысына байланысты, атап айтсақ:

- қызмет көрсету мен жөндеудің озық технологияның жаңа жетістіктерін пайдалану есебінен, технологиялық жабдықтармен толыққан жабдықталған кәсіпорындар бойынша тораптарды жөндеудің мамандырылуы, сапаны бақылау жүйесін жетілдіру арқылы пайдалану барысындағы істен шығуларды төмендетуге мүмкіндік беретін барлық жұмыстардың сапалы орындалуына;

- негізгі цехтардың тәуліктік жұмыс режімдерін, ақаулардың уақытылы ұйымдастырылуы, бөлшектер, тораптар мен агрегаттардың жеткілікті қорын жасау есебінен локомотивтердің Жоспарлы сервис қызметінде тұру мерзімінің қысқартылуына.

- Бас және негізгі сервис орталықтарындағы жаңартылған локомотивті орталықтар жұмыстары GEтехникалық кеңесшілерінің кеңесі бойынша жүзеге асырылады.

- GE локомотив жабдықтарының жаңартылған және жаңартылмаған бөліктері бойынша Сервистік қызметтер мен жұмыстардың барлық көлеміне орындалатын операциялардың белгіленген нысандағы есебі енгізілген болуы тиіс. Негізгі Сервис орталықтарындағы барлық жұмыстар мен материалдар шығындарының автоматтандырылған есебінің енгізілуі Шарт жағдайларына сай «Дженерал Электрик» компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі бойынша орындалуы тиіс.

- Барлық Сервис орталықтарындағы Сервистік қызмет көрсету жұмыстарының сапасы жөндеу жұмыстарын орындау барысында тәуліктік режімдегі барлық ауысымдарды және жұмыстар сапасын нақты операциялар бойынша бақылауды қамтитын Техникалық бақылау бөлімімен (ТББ) жүзеге асырылады. Техникалық бақылау бөлімінің жұмысы локомотив жөндеу кәсіпорындарында ТББ туралы ережеге сай ұйымдастырылады.

ТББ ауысым шебері тепловозды Сервистік қызмет көрсетуге қабылдауға және оны орындауға қатыса отырып, жауапты тораптардың тексерілу сапасын Сервистік орталық басшылығымен бекітілген тізімдемен қабылдайды.

ТББ шебері барлық жұмыстар орындалған соң тепловоздың дайындығын ТШ-125 және ТШ-150 нысанындағы кітаптар мен Локомотив дайындығы актісіне берілген күні мен уақытын көрсетіп, қолын қояды, жалпы тепловозда орындалған жұмыстар сапасына толық жауап береді.

ТББ ауысым шебері GE Техникалық кеңесшілерімен және Тапсырыс берушінің өкілімен біріге отырып, GEжаңартылған бөлігі бойынша да тепловоздағы бұзылған тораптың және жабдықтардың ақаулануы жөніндегі акті жасауға қатысады.

- Сервис орталықтары жаңартылмаған бөліктер бойынша жеткізілген бөлшектер мен материалдар жөніндеЖеткізушілермен, тораптар, агрегаттарды жөндеу сапасы бойынша жөндеу базаларымен, Локомотивті тексерудің (ЛТ) сапалы орындалуы бойынша ЛТТБ бекетерімен, Шартқа сай локомотивті пайдалану сапасы және локомотивте орындалған жұмыстар сапасы бойынша бойынша пайдалану локомотив деполарымен жарнамалау – жариялау жұмыстарын атқарады. «ЫРЫСТЫ-АЭВРЗ» АҚ –мен және жаңартылған бөліктер бойынша жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жеткізушілермен жөндеу сапасы жөніндегі жарнамалау – жариялау жұмыстары қолданыстағы Шарт жағдайлары негізінде «Дженерал Электрик» компаниясымен атқарылады.

- Сервис орталықтары өз жұмысында локомотив шаруашылығының типтік нормативті құжаттарын (бұйрық, ережелер) және «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС және «Қамқор Локомотив» ЖШС өкімдерін басшылыққа алады, және де Локомотивтерге сервистік қызмет бойынша Тапсырыс өкілдерімен, ЛТТ бекеттерімен Локомотивті тексерудің (ЛТ) сапалы орындалуына орындарда бірлескен әрекеттеседі.