Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пример.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

2.2. Сервистік қызмет көрсету жүйесінің құрылымы

Бас сервис орталық – Негізгі және Қосалқы сервис орталықтары жұмысының жалпы басшылығын жүзеге асыратын және Сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерінің жасау үшін техникалық мүмкіндіктерге ие, 2ТЭ10МК (ВК) сериялы тепловоздардың сервистік қызмет көрсету жүйесіне кіретін, локомотив жөндеу депосы, сонымен қатар қажетті жағдайда Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсету үшін тартылатын жөндеу базасы.

Бас сервис орталық «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Ақтөбе локомотив жөндеу депосы болып табылады.

- Негізгі сервис орталық – төрт жылдық мерзіммен Жоспарлы сервистік қызмет көрсетуді қоса, 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды Жоспарлы және Жоспардан тыс қызмет көрсетудің белгілі бір түрлерін жасау үшін техникалық жабдықтары бар, 2ТЭ10МК (ВК) сериялы тепловоздардың сервистік қызмет көрсету жүйесіне кіретін локомотив жөндеу депосы.

Негізгі сервис орталық «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Мақат, Шалқар және Ақтөбе локомотив жөндеу депосы болып табылады.

- Қосалқы сервис орталық - қажеттілік бойынша СҚК-2, СҚК-3, сонымен бірге Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсету және айлық мерзіммен Жоспарлы сервистік қызмет көрсетететін және Сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесіне уақытша кіретін жөндеу кәсіпорыны. Сервистік қызмет көрсету бойынша барлық жұмыс көлеміне қызмет көрсететін Негізгі орталықты толық меңгеруіне қарай және Сервистік қызмет көрсетудің ұйымдастырудың барлық мәселелерін қарастыруына қарай Қосалқы Сервис орталықтары Сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінен біртіндеп шығарылатын болады.

Қосалқы Сервис орталықтары «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Қызылорда, және Орал, және де «Локомотив» АҚ филиалы болып табылатын «Ғасыр Маңғыстау» (ст. Маңғыстау)локомотив жөндеу депосы болып табылады.

- Мамандандыру бойынша агрегаттарды, негізгі тораптарды жөндеу және қажетті жағдайда Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсету үшін тартылатын жөндеу базалары Сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесіне кірмейді, бірақ

Сервистік қызмет көрсету жүйесіне қолдау көрсетуде маңызды рөл ойнайды:

- «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Атбасар локомотив жөндеу зауыты ЭД-118А типіндегі ТЭҚ күрделі жөндеуін орындайды.

- «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Қазалы локомотив жөндеу зауыты автошынжырлы жабдықтрды жөндеу, дөңгелек жұптарын толық тексеру, ТЭҚ күрделі жөндеуін орындайды

- Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Сексеуіл локомотив жөндеу депосы қажеттілігіне қарай дөңгелек жұптарын қайрап жұмырлау (ТҚК-4) және дөңгелек-моторлы блоктарды ауыстыру бойынша Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсетеді.

- Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Қостанай локомотив жөндеу депосы қажеттілігіне қарай дөңгелек жұптарын қайрап жұмырлау (ТҚК-4) және дөңгелек-моторлы блоктарды ауыстыру бойынша Жоспардан тыс сервистік қызмет көрсетеді.

- Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті (ЛТҚКП) – кәсіпорындағы құм, отынмен тепловозды жабдықтаумен бірге, локомотивті тексеруді (ЛТ) орындайды:

А) «Локомотив Сервис Орталығы» АҚ құрамына кіретіндер:

-. Маңғыстау ст., Мақатст., Бейнеуст., Атырауст., Тобыл ст.,Қандагаш ст., Сексеуіл ст., Қазалы ст., Шиелі ст., Ақтөбе ст., Үштөбе ст.

Б) «Локомотив» АҚ құрамына кіретіндер:

- Илецк ст.

В) «Қамқор Локомотив» ЖШС құрамына кіретіндер:

- Орал ст.

Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті (ЛТҚКП) Сервистік қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесіне кірмейдіжәне жұмыстар қосалқы мердігерлік келісімшарттар негізінде орындалады.

- Тепловоздарға сервистік қызмет көрсету бойынша сервис орталықтары 2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға Сервистік қызмет көрсетуге қатысты, соның ішінде техникалық, технологиялық, материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу, адамдармен іс жүзінде көмек көрсету, персоналды техникалық оқыту және т.б. барлық мәселелер бойынша өз араларында біріге әрекеттеседі.

- Сервистік қызмет көрсету орталықтарына материалдардың түсімі «2ТЭ10МК (ВК) сериялы жаңартылған тепловоздарға Сервистік қызмет көрсетуде материалдарды жеткізуді ұйымдастыру сызбасы» «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің әзірлемесі бойынша жүргізіледі.