Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пример.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.2 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік

және коммуникациялар академиясы» АҚ

Әбжанова Таншолпан Абайқызы

Ақтөбе локомотив жөндеу депосының 2ТЭ10МК тепловозы арбашаларының ақауларын талдау және жұмысын ұйымдастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және

технологиялары»

Мамандандырылуы: – «Локомотивтер»

Алматы 2015

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және

коммуникациялар академиясы» АҚ

«Жылжымалы құрам» кафедрасы

Қорғауға жіберілсін

«____» ____________ Кафедра

меңгерушісі__________ Т.О. Чигамбаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ақтөбе локомотив жөндеу депосының 2ТЭ10МК тепловозы арбашаларының ақауларын талдау және жұмысын ұйымдастыру»

Мамандығы: 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»

Мамандандырылуы: – «Локомотивтер»

Орындаған: Әбжанова Т. А.

Жетекші:

т.ғ.к., доцент Чигамбаев Т.О.

Алматы 2015

Группа 1

Мазмұны

бет

Кіріспе

.....

1

2ТЭ10МК тепловоздың конструкциясы

.....

1.1

2ТЭ10МК тепловоз туралы ортақ мәлiметтер

.....

1.2

2ТЭ10МК тепловоздың бiр секциясының тарту мiнездемесі және негiзгi техникалық мәлiметтерi

.....

1.3

2ТЭ10МК тепловоздың арбасы

.....

2

ТЕПЛОВОЗДАРҒА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ. ЦЕХТЫҢ МІНДЕТТЕРІ. ТАРТЫМ ЭЛЕКТРҚОЗҒАЛТҚЫШЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

.....

2.1

2ТЭ10МК тепловоздардың ТЭҚ жөндеу еңбегін ұйымдастыру

.....

2.2

Сервистік қызмет көрсету жүйесінің құрылымы

.....

2.3

Сервис орталықтарының негізгі міндеттері

.....

2.4

Бас сервис орталықтарының негізгі қызметтері

.....

2.5

Сервис қызметін көрсету бойынша құрылымдық бөлімдердің өзара әрекеті

.....

2.6

Тартым электрқозғалтқыштарын жөндеу

.....

2.7

2ТЭ10МК тепловоз арбаларының жеткіліксіздігін талдау

.....

2.8

Механикаландырылған өндірістік желілер тепловоздардың арбасын жөндеу

.....

3

Зерттелетін мәселенің техникалық-технологиялық есебі

.....

3.1

Жұмыс атқару мен істен шығу туралы ақпарат бойынша рационалды мерзімде жабдықтарды қалпына келтіруінің және ресурсының есебі

.....

4

Өміртіршілік қауіпсізідігі

.....

4.1

Тепловоз арбашыларының жұмысқа жарамдылығын тексеру және оларды жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі талаптарын талдау

.....

4.2

Депо ғимаратын шынайы жарықтандырудың есебі

.....

4.3

Шынайы жарықпен жарықтандыру есебі

.....

5

Қабылданған технико-технологиялық шешімдердің экономикалық әсерін бағалау

.....

5.1

Ақтөбе локомотив депосында жөндеуаралық жүріс жолын өзгерткеннен бастап 2ТЭ10МК тепловозының доңғалақ жұптарының құрсауын ауыстырғанға дейінгі экономикалық әсерін бағалау

.....

ҚОРЫТЫНДЫ

.....

Әдибиет тізімі

.....

Группа 1

Кіріспе

Тақырыптың өзектiлiгi: негізделген жүйеде жоғары сапалы жоспары - алдын алу жөндеу барысында локомотивтерді қолдануды дұрыс ұйымдастыру қолда бар жабдықтардың ресурстарын толық қолдану мен барлық жылжымалы құрамның тұрақты әрі сенімді жұмысына кепілділік береді.

Елдегі туындаған жағдай ресурстардың барлық түрлерін толық қолдану туралы сұрақтарды бірінші орынға қояды. Ол темір жолдардың жылжымалы құрамның құрылымының пайдалануының тиімділігін жоғарлатуға арналған іс-шараларды құруға итермелейді. Тартым жылжымалы құрамның жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі факторларға оның сенімділігі екені белгілі.

Әр техникалық бұйымның өз белгілері мен параметрмелері болады. Олар әдетте қолдану барысында өзгеріп тұрады да, нәтижесінде қарастырылып жатқан объектінің жағдайы туралы қорытынды жасалады. Мысалы, диэлектриктердің изоляциялық қасиетін сипаттайтын параметрге изоляцияның кедергісі жатады. Кернеумен жұмыс істейтін барлық электрлік тізбектер өзінің белгілі бір шегі бар кедергісі болады. Мысалы: тартым қозғалтқыш бөлшектер тізбектерінің изоляциясының кедергісі қолдану кезінде 1,2 МОм-нан аз болмауы керек.

Яғни, локомотивтерді пайдалану кезіде объектердің - бөлек түйіндер және агрегаттардың немесе бүкіл локомотивтің техникалық жағдайын периодты түрде болмаса тұрақты түрде бағалап отыру керек. Объект жағдайын анықтау процесі техникалық диагностика деп аталады. Техникалық жағдайын бағалау барысында диагностикалық белгілер мен параметрлерге қойылған талаптар және нормалармен салыстырады. Техникалық жағдай туралы ақпаратты алу физикалық, химиялық, биологиялық т.б. құбылыстар негізінде іске асырылады. Бұлардың барлығы объект жағдайын бағалайтын диагностикалық әдістерін құрайды.

Геометриялық өлшемдерді негізінен түйіндермен локомотив бөлшектерінің жағдайын бағалау үшін қолдануға болады. Көбіне үйкелу күшінен, термиялық, электроэрозиялы және коррозиялы тозулар тән.

Әдетте, құрылғының техникалық жағдайын үздіксіз бақылай алмайды, оны кезекті жөндеумен қарау кезінде алынып, белгілі бір есеп формаларына тіркеледі.

Егер диагностикалау процесі кезінде ақпарат бақылаудағы параметрдің сандық белгілері түрінде алынса, онда осы белгілердің негізінде объект жұмысының жоғарлауына қарай оның өзгерістерін бағалауға болады.

Кедергінің өзгеруі тұрақты тоққа контактордың, изоляциялардың, резисторлардың, жартылай өткізгіштердің, құрылғылардың, электрлік машиналардың жағдайын баалауға мүмкіндік береді. Құрылғылардың бастапқы қалыпқа келуін және іске қосылу уақытын тұрақты тоқтың белгісіне, ауыспалы тоқтың бір сәттік және амплитудалық белгілеріне, уақыттағы өзгеру жылдамдығына қарай анықтайды. Қуат көздері, қорғаныс құрылымдары, жартылай өткізгіш заттардың жұмыс қабілеттілігін және жағдайын бағалау кернеудің бір сәтті және амплитудалық белгісіне және өзгеру жылдамдығына қарай іске асырылады.

Диагностика нәтижесінің негізінде келесі мәселелерді шешуге болады:

- объектінің қазіргі жағдайын бағалау;

- объектінің техникалық ресурсын және оның жөндеу жұмыстарының жиілігін анықтау;

- келесі жоспарлы жөндеуге дейін жұмысқа қабілеттілігіне көз жеткізу үшін объектінің техникалық жағдайына болжам жасау.

Бақылаудағы параметр белгілерінің өзгеруіне қарай қандайда бір уақытқа яғни, өзіне берілген уақыттан асқанда объектінің істен шығуы болады.

Кейбір құрылғылардың бақыланатын параметрлері болмағандықтан, қазіргі таңда олар диагностикадан өтпейді. Бірақ бұл құрылғының істен шығу туралы ақпаратын қолдана отырып оның қалпына келу мерзімін анықтауға болады.

Осылайша локомотив құрылғыларның техникалық жағдайы туралы ақпаратты қолдана отырып, локомотивті пайдаланудың қазіргі жағдайында құрылғылар ресурстарын есептеп, сосын жоспарлы жөндеуді қандай жиілікте жүргізу керек екенін анықтауға болады.

Бұл өз кезегінде бір жағынан артық шығынға ұшырамауға, екінші жағынан локомотивті паркті қажетті техникалық жағдайда ұстап туруға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыста құрылғы ресурсын анықтау үшін Ақтөбе депосынан алынған мәліметтер қолданылады.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Ақтөбе локомотив жөндеу депосының 2ТЭ10МК тепловоз арбашаларының ақауларын талдау және жұмысын ұйымдастыру.