Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық жұмыстар МПСД каз 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756.22 Кб
Скачать

3 Шеберхананың құрал-жабдықтары:

Шеберхана жабдықталады:

- көрнекілік құрал – жабдықтармен және бір үлгідегі құрал – саймандармен;

- шеберханада дайындалатын жұмыстардың сапасын арттыру үшін қолданылатын көмекші, қосалқы аспаптармен;

- әдістемелік, оқулық, анықтамалық әдебиеттер және тарату материалдарымен;

- өртке қарсы қолданылатын жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен;

- шеберханаға диафильм, киноүзінді көрсететін жабдықтар қойылады;

- тігін машинасымен және әмбебап жұмыс істеу үстелдері орындықпен (қайырылатын, жиналатын) жабдықталады;

- мұғалімнің жұмыс орны жұмыс үстелімен, тақта және сызу жабдықтарымен, компьютермен жабдықталады.

Шеберханадағы оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері. Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету үшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы және оқу ақпараты ретінде оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын материалдық объектілер мен табиғи заттар. Оқыту құралдары мазмұндық, әдістер, ұжымдық формалар сияқты оқу жүйесі (жобадағы үлгі) мен оқу-тәрбие үдерісінің, кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының да компоненті болып есептелінеді. Педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі сан-салалы жүйелік құрылымдардың компоненті болып саналатын оқыту құралдары барлық басқа компоненттерге де ерекше ықпал етеді.

Еңбектi қорғау және қауiпсiз еңбек ету ережелерi. Еңбектi қорғау-заңды актiлер жүйесi және соған сәйкес келетiн еңбек үдерісінде адамның жұмыс қабiлеттiлiгi мен денсаулығын сақтауда қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және гигиеналық шаралар. Еңбектi қорғау техникалық қауiпсiздiктi және өндiрiстiк санитария сұрақтарын қарастырады. Техника қауiпсiздiгi оқушыларды қауiптi факторлардың әсерiнен сақтайтын ұйымдастыру шаралар және техникалық амалдар жүйесi. Қауiптi фактор – бұл фактор әсерiнен жұмыс iстеп жатқан оқушы белгiлi бiр жағдайда жарақатталуы немесе денсаулығының нашарлауына әкеледi. Еңбектiң қауiпсiздiгi қауiптi және зиянды факторларды болдымайтын еңбек шаратының жағдайы; зиянды факторларға, жұмыс аумағының жоғары шыңдалуы жоғары немесе төменгi температура, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қоғалысы; шудың және дiрiлдiң жоғары дәрежесi, жарықтың жеткiлiксiздiгi т.б. жатады.

Эргономика және техникалық эстетика. Сыртқы орта адам организмiне, оны» физиологиялық функциясына, психикасына, еңбек өнiмдiлiгiне әсерiн тигiзедi. Ортаның адам организмiнiң мүмкiндiктерiне бейiмделу проблемаларымен эргономика ғылымы айналысады. Эргономика – адам- еңбек құралдары - өндірістік орта жүйесiн бірыңғай үдеріс ретiнде зерттеп, оптимизациялауды, ұйымдастыруды өзiнiң мiндетi деп санайды. Бұл үдерісті оңтайландыру адамның функциональдық мiндетiн орындағанда едәуiр жағдайлар жасауды көздейдi.

Ортаның сапасын бағалауда келесi эргономикалық көрсеткiштер қолданылады: гигеналық - жарықтандыру дәрежесi, температура, ылғалдылық, қысым, шаңдылық, шу, радиация, дiрiл және т.б.

Антропометриялық - бұйымдардың, адамның антропометриялық қасиеттерiне сәйкес келуi (өлшемi, пiшiнi).

Физиологиялық-бұйымның адамның сезiм мүшелерiнің жұмыс iстеу ерекшелiктерiне сәйкес келуiн анықтайды. Олар адамның жұмыс қоғалысының жылдамдығына және көлемiне, көру, есту, түйiсiк - дәмдiк және сезiм информациясыны» сезiм мүшелерiне түсетiн көлемдерiне әсер етедi.

Психологиялық – бұйымның адамның психологиялық ерекшелiгiне сәйкес келуi керек. Психологиялық көрсеткiштер бекiтiлген және жаңа қалыптасқан адам дағдысының сәйкес келуiн және оның мүмкiндiгi мен ақпаратты өңдеуiн сипаттайды. Эргономикалық талаптарды есепке алу қажет жердегi техника диапозоны, транспорт жабдықтары және күрделi жүйелердi басқарудан тұтыну тауарларға дейiн.

Экологиялық әсерлер. Адам экологиясы-бұл адамның (ағза ертiнде) мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып шығады. Бұл тұста оқушының матаны пiшу, тiгiн машинасында жұмыс жасау және үтiкпен жұмыс жасауда адам ағзасына әсер ететiн жағымсыз иiстер, шаң-тозаңдарды айтуға болады. Себебi, тоқыма маталарының қасиеттерi әртүрлi табиғи және химиялық талшықтардан тұрады. Ол талшықтар дымқылды-жылумен ө»деу барысында, тiгiн машинасында жұмыс жасағанда байқалады.

Электр тогынан қорғану қауiпсiздiгi. Кернеу үстiнде тұрған электр – құрылғыларымен жұмыс кезiнде жалпы және жеке электр қауiпсiз құралдарды пайдалану керек. Жалпы қауiпсiз құралдарға қауiпсiз қоршаулар, жерге тұйықталу, нөлдену және кернеуде тұрған электр құрылғылар корпусы өшiру; қауiптi жерлерде iлiнген ескерту плакаттар, ауадағы иiстi жоюшылар жатады. Ең негiзгi қауiпсiз жағдай - бұл электр құрылғылардың жоғарғы сатыдағы изоляция жағдайы.

Оқу шеберханысының көрінісі (Сурет 23).

1 - оқушы партасы (1200х500)

2 - мұғалім үстелі (1200х600х750)

3 - әмбебап үстел (пішу үшін) (900...1800)

4 - Қозғалмалы проекциялық аппаратура орны.

5 - биіктік реттейтін қозғалмалы оқушы үстелі.

6 - мұғалімнің айналмалы-қозғалмалы үстелі.

7 - қабырғалық секциялық шкафтар.

8,10 - ілмелі шкафтар

9,11,12 - қабырғалық ілмелі шкафтар

13 - сынып тақтасы.

14 - экран

15 – кестелер мен тақтаны ілетін.

Сурет 1. 8,10,12 сыныптар үшін кабинеттің сызбалық көрнісі.

Студенттің сабаққа дайындығы бойынша нұсқау

Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу амалдарын қолдану әр пәннің немесе жеке тақырыптардың ерекшеліктеріне қарай болады. Практикалық сабақта білім, білік және дағдыны пысықтау мақсаты көзделеді.

Техникалық және құрал-жабдықтар: дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау. «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

Тапсырма 1. Техникалық мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу

Тапсырма 2. Кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу.

Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:

Өндірістік орындарында жабдықтау ерекшеліктерін талқылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Техникалық мекемелерінің жабдықтаудың қажеттілігі неде?

2. Кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықтаудың өндірістік оқу орындарынан қандай ерекшеліктері бар?

3. Техникалық мекемелерінде қандай сабақтар жүргізуге болады?

4. Кәсіптік және техникалық оқыту мекемелерінде кімдер білім алады?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

Техникалық мекемелерінде қатысты тапсырмаларды орындау.