- •Кәсіптік оқыту әдістемесі
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Практикалық сабақ № 1
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 2
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 3
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •2 Оқу шеберханаларының бөлме жайы:
- •3 Шеберхананың құрал-жабдықтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 4
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 5
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 6
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 7
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 8
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 9
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ №10
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 11
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Практикалық сабақ №12 Тақырыбы: Технологиялық және нұсқаулық карталарды әзірлеу
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Практикалық сабақ №13
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 14
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 15
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиетте Негізгі әдебиеттер
II. Нұсқа (орташа күрделелік)
1. Оқу әдебиеттердің қандай ұлттық мазмұнын ие екендігін талқылау.
III. Нұсқа (күрделі)
1. Қандай дидактикалық ұстанымдар негізге алынғандығын талқылау.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Қосымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж
Практикалық сабақ № 3
Тақырыбы: Техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу.
Сабақтың жоспары:
1. Кәсіптік оқытудың мекемелерінің жабдықталуы.
2. Техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері, іскерлігі, дағдысы құзіреттілігі:
Болашақ «Кәсіптік оқыту» пәні мұғалімнің техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерін жабдықтау бойынша білімі, іскерілігі мен дағдысы.
Сабақты өткізу формасы: Жазбаша рефераттарды талқылау.
Қысқаша теориялық мәлімет
Кәсіптік оқытудың оқу шеберханаларын заманауи талаптарға сай жабдықтау құжатқа белгіленіп отырылады. Құжатта – оқу шеберханасын техникалық қауіпсіздендіруді сақтау ережелері және қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге байланысты талаптарды белгілеп көрсетіледі.
Оқу шеберханасына технологиялық өзгерістер енгізіп қана қоймай, сол өзгерістерді жүзеге асыруға үлкен талаптар қойылады. Оқу шеберханасы оқушыларға экологиялық, экономикалық, ақпараттық білім алуларына сай, жаңа кәсіптік оқыту бағдарламасы негізінде жабдықталуы болуы тиіс. Соған сәйкес кәсіптік оқыту стандартына сәйкес оқу шеберханасына қойылатын мынадай қағидалар бар:
1 Негізгі қағида
Оқу шеберханасы жоспар бойынша сабақтар өткізу, үйірме және қоғамға пайдалы жұмыстар өткізуге пайдаланылады, мекеме директорының бұйрығы бойынша кәсіптік оқыту сабағы мұғаліміне шеберхана меңгерушісі міндеті жүктеледі, шеберханадағы сабаққа дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы мықты оқушылар жіберіледі, шеберханадағы барлық жұмысты оқушылар арнайы киім кию арқылы (халат, алжапқыш) істеуі керек.
2 Оқу шеберханаларының бөлме жайы:
Мекеменің оқу шеберханасы екі немесе одан да көп бөлмелерден тұруы мүмкін. Оларда пішу, тігу, дымқылды – жылумен өңдеу жұмыстарын жасауға болады. Шеберхананың қандай үлгіде болуы сыныптардағы оқушылардың жиынтық санына байланысты. Қандай үлгідегі шеберхана болса да, оның 16 м-ден кем емес құрал - жабдық, дайындама т.б. заттар сақтайтын бөлмесі болуы тиіс.
Шеберхана бөлмелері мектептің бірінші қабатының шет бөлігіне орналасып, қабырғалары мен төбесі шу өткізбейтін қалың болуы тиіс. Шеберхананың далаға және дәлізге шығатын есіктері болуы керек.
Шебехананы үй асты немесе жартылай үй асты бөлмелеріне орналастыруға болмайды. Шеберхана бөлмелерінің жарығы, жылытылуы, желдетілуі «Мектеп және оқу-өндірістік шеберханаларды техникалық қауіпсіздендіру мен тазалығын сақтау ережесіне» сай болуы керек.
