Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық жұмыстар МПСД каз 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы: Оқу бағдарламаларын оқып үйрену және талдау

Сабақ жоспары:

1. Оқу бағдарламасының теориялық мазмұны.

2. Кәсіптік оқыту бағдарламасының құрылымдық мазмұны.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері, іскерлігі, дағдысы құзіреттілігі: «Технология» интегративті білім саласы бағдарламасына талдау жасау, оқу бағдарламасының құрылымына, мазмұнына талдау жасауды үйрену.

Сабақты өткізу формасы: Жеке дара зерттеу

Қысқаша теориялық мәлімет

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

6. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және Практикалық сабақтарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Пәннің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген оқу жылында 34 сағат, аптасына 1 сағат:

1) 5 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз оқытушылар ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру. Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты.

1211000 - «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша стандарттардың мазмұнында: экономиканың әр саласы бойынша техника, технология, өндірістегі қазіргі жетістіктердің көрініс табуы; окытудың кредиттік технологиясының оқу үдерісін ұйымдастыру нормалары ескерілуі; тиісті деңгейге сәйкес білікті мамандардың қажетті құзыреттерді енгізуі; модульдік оқытуды пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс; оқу жоспарына енгізілген пәндер мазмұны әрбір кәсіп пен мамандықтар бойынша білім беру жоспарына сәйкес айқындалады.

Сондықтан, жалпы білім беру пәндері бойынша дайындық деңгейіне койылатын талаптар ҚР МЖМБС 2.003-2007 «Орта білім. Негізгі ережелер» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі талаптарына сай білім беру оқу бағдарламаларының мазмұны таңдау бойынша пәндерді қоса алғанда көлемі жалпы білім беру оқу бағдарламаларының жалпы көлемінің 30-35%-ын құрайтын жалпы білім беру пәндерінің жиынтығымен (ЖБП - негізгі орта білім беру базасында әзірленген оқу жоспарларында) айқындалады.

Колледждерде болашақ маман даярлауда оқу пәндері – белгілі бір жүйелі ғылыми және пәндік саланы ашатын жалпы білім беру бағдарламасының бөлігі (кесте 1).

Кесте1 - Колледждерде 1211000 - «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша стандарты бойынша пән циклдарының өзара үлесі

Пән циклдары

Пәндерінің атауы

Барлық сағат саны

Кәсіптік пәндер

1412

Жалпы кәсіптік пәндер

800

Инженерлік графика

72

Техникалық механика

72

Жалпы электротехника электроника негіздері

72

Өнім сапасы және стандарттау, метрология негіздері

54

Тігін бұйымдарына арналған материалдар

72

Арнайы сурет және көркемдік графика

90

Қолданбалы информатика

54

Еңбек қорғау және өнеркәсіп экологиясы негіздері

36

Арнайы пәндер

Біліктілігі:

121108 3 – Модельер-конструктор

612

Киімдерді үлгілеу және көркемдеп бейнелеу

180

Киімдерді құрастыру

144

Тігін өндірісінің технологиясы

126

Тігін өндірісінің жабдықтары

90

Автоматтандыру негіздері

72

Қосымша пәндер

Компьютерлік модельдеу және құрастыру

48

Кәсіптік тәжірибе

– танысу тәжірибесі

– оқу тәжірибесі

– өндірістік тәжірибе

– диплом алды тәжірибе

1512

Емтихандар:

– аралық аттестация

– қорытынды аттестация

–кәсіптік дайындығы мен біліктілік деңгейінің бағасы

180

108

67

5

Барлығы:

3780

Консультация

Факультативтік сабақтар

260

280

Барлығы

4320

Оқу пәндері білімдік және практикалық оқытуды шамалайды; оқу пәндерінің негізгі нәтижесі білім, іскерліктер базалық, арнайы және кәсіптік құзыретерімен ерекшеленеді.

Студенттің сабаққа дайындығы бойынша нұсқау

Студент практикалық сабаққа дайын болуы керек. Дайындық жұмыстары сабақтың тақырыптарына қажет деп саналатын оқу материалдарын дәріс конспектілері, оқулық және оқу құралдары бойынша жүзеге асады.

Практикалық сабақ барысында студенттер:

1. Оқу бағдарламасының теориялық мазмұнын зерделеп талқылайды.

2. Оқу бағдарламасыныңқұрылымдық мазмұнына талдау жасап, ондағы тақырыптық күнтізбелік жоспарына талдау жасайды.

3. Әрбір сынып бойынша теориялық –техникалық мәліметтермен толық танысуа қажет.

Студент үй тапсырмасының түрлерін практикалық сабақтар мазмұнына сәйкес орындауы керек.

Әрбір үй тапсырмасын студент келесі сабақта тапсыруы қажет.

Техникалық және құрал-жабдықтар: Технология оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары. дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

Тапсырма 1. «Технология» бағдарламасының мазмұнымен танысу және негізгі мақсаты мен міндеттеріне талдау жасау.

Тапсырма 2. Кәсіптік оқыту бағдарлама мазмұнымен танысу және талдау жасау.

Техникалық және құрал-жабдықтар: дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау, «Технология» оқу бағдарламасы.

Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:

Тігінші мамандығы өндірістік бағдарлама мазмұнына талдау жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу бағдарламасы теориялық негізі қалай орындалады?

  2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды қайда бағыттайды?

  3. Оқу бағдарламасының материалдық құндылықтары қандай?

  4. Заманауи өндірістің негізгі технологиялық үрдістерімен айланысы қандай?

5. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалы қандай?

6.Оқу курсының мақсаты қандай?

7. Оқыту міндеттері нені анықтауға бағытталған?

8. Оқыту барысында қандай пәндермен байланысады?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

Оқу бағдарламасының теориялық мазмұнын анықтау.