- •Кәсіптік оқыту әдістемесі
- •5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Практикалық сабақ № 1
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 2
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 3
- •Қысқаша теориялық мәлімет
- •2 Оқу шеберханаларының бөлме жайы:
- •3 Шеберхананың құрал-жабдықтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 4
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 5
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 6
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 7
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 8
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 9
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ №10
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Iі. Нұсқа (күрделілігі орташа)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 11
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Практикалық сабақ №12 Тақырыбы: Технологиялық және нұсқаулық карталарды әзірлеу
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Практикалық сабақ №13
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 14
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 15
- •Қысқаша теориялық мәліметтер
- •II. Нұсқа (орташа күрделелік)
- •III. Нұсқа (күрделі)
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиетте Негізгі әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Қосымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж
Есеп беру формасы: тапсырманы жеке орындау, жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.
Практикалық сабақ №13
Тақырыбы: Күнделікті сабақ жоспарын құру.
Сабақтың жоспары: Күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу.
Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі: Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұнына талдау жасауды үйрену. Сабақ жоспарын түзу.
Сабақты өту формасы: жеке - дара, зерттеу.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны. Сабақтың тақырыбы білімгерлер үшін жаңа техникалық-технологиялық білім мен іскерлік негізінде құралады. Әрбір өтіп кеткен сабақ және алда өтетін сабақтармен логикалық түрде байланысты болады.
Сабақтың негізгі мақсаты: білімгерлердің техника-технологиялық ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін, шеберліктерін арттыру негізін немесе білім, тәрбие, дамыту аспектісін қамтитын міндеттердің кешенімен анықталады: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Материалдық техникалық базасы-жабдықтар, саймандар мен бейімдеу құралдары, көрнекі құралдар-технологиялық нұсқау карталары.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы оның мақсатына сәйкес белгіленеді.
Сабақтың барысы. Сабақтың барысы, сабақтың мазмұны мен мақсатына байланысты анықталады. Мысалы, сабақта білімгерлердің білімін тексеру қажет болса, бірақ ол жаңа сабақтың мазмұнымен байланысты болмаса, онда оқытушы 10 - 15 минуттық жазбаша бақылау жұмысын өткізуге болады.
Оқу материалын түсіндіру. Оқытушы оқу материалын кітап тілінде емес, қарапайым білімгерлерге түсінікті жатық тілмен жеткізу керек. Сондықтан, жоспар - конспектісі оқытушының шығармашылық еңбегінің жемісі. Мұнда білімгерлерге берілетін жаттығу жұмыстарының күрделілігі, білімгер алдында кездесетін қиындықтары ескеріледі. Бұйымды орындамас алдында білімгерге алғаш кездесетін технологиялық терминдер мен жаңа ұғымдар түсіндіріледі.
Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1-тапсырма. Технологиялық салада өтілген оқу сабақтарына әдістемелік талдау жасау.
2-тапсырма. Кәсіптік оқыту саласындағы оқу сабақтарына әдістемелік талдау жасау.
Үй тапсырмаларының түрлері және тізімі
Бір тақырыпқа күнделікті сабақ жоспарын презентация түрінде дайындау.
Бақылау сұрақтары:
1. Күнделікті сабақты жоспарлаудың қажеттілігі неде?
2. Күнделікті сабақ пен әрбір өткен және келер сабақтардың арасында қандай қисынды байланыстар бар?
3. Сабақтың тақырыбы қандай мақсаттар негізінде жоспарланады?
4. Оқыту әдістері қалай таңдап алынады?
5. Күнделікті сабақтың жоспарының құрылымы қандай талаптарға сай өзгеріп отырады?
6. Сабақтың практикалық бөлімі қандай нұсқаулар негізінде жүзеге асады?
7. Технологиялық өңдеулерде қолданылатын тірек сигналдарының рөлі қандай?
СӨЖ тапсырмалары:
1. Оқу шеберханасында сабақ көп жағдайларда сабақ аралас сабақ түрінде өтілетіндіктен және дидактикалық міндеттерді шешетіндіктен сіздер, күнделікті сабақтың жоспарын оқытушының нұсқауымен төменде көрсетілген мүмкін болған құрылыммен орындаңыздар:
2. Күнделікті сабақ жоспарын берілген үлгіге сәйкес сабақтың түріне байланысты әзірлеңіз (кесте 7).
Кесте 7 - Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспары немесе оқыту екі есе оқыту әдісі
Блум
|
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Деңгейлер |
Білу |
Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. |
Тыңдайды, жазады еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.
|
Ақпарат тық |
Түсіну |
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. |
Ойларын айтады, түсіндіреді,ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады. |
Тезаурус тық деңгей
|
Қолдану |
Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді. Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа ой құра, проблемалық ситуация т.б |
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Кітаппен жұмыс.
|
Әдістеме лік деңгей |
Талдау |
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырып-тағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату. |
Топтық талқыға салады ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді |
Технология лық деңгей |
Жинақтау |
Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау.
|
Ойлап табады, байланыстыра ды, шығарады. Ойын түйіндейді. Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. |
Зертеушілік деңгей |
Бағалау |
Материалдың өзі үшін керектігін, құндылы-ғын,керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін алады. |
Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады |
Бағалау |
Кесте 8 – сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: |
Машинатану элементтері. Техникалық қауіпсіздік.
|
Мақсаты: |
Білімділік: Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету. Тәрбиелік: Оқушы қыздарды тігін машинасында жұмыс жасауға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың техника-технологиялық іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру. |
Көрнекі құралдар: |
Тігін машинасы, интерактивті тақта. |
Оқыту нәтижесі
|
1.Тақырыпты меңгерту. 2. Машинада жұмыс жасау. 3. Техникалық қауіпсіздік ережелері. |
Сабақтың түрі: |
Білім мен іскерлікті қалыптастыру. |
Әдіс-тәсілдері: |
Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс. |
|
І. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу. 2. Бөлме тазалығын қадағалау. 3.Оқушыларды түгелдеу. 4. Ережелерді қайталау. |
ІІ. Үй тапсырмасы.
|
Қайталау сұрақтары арқылы: 1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (Қол машина,аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина) 2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи) 3. Мата неден тұрады? (Талшықтан) 4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу) 5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже) 6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу, жөрмеу, көмкеру, тор тігісі, кесте тігістері) 7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін) 8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі, ине, жіп, мата, қайшы) 9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 ) 10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск) 11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата, ине, жіп, қайшы, желім, қағаз, тігін машинасы т.б.) 12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау, қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.) 13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу) 14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым) 15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны) |
Білу |
ІІІ.Жаңа сабақ. Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жүрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
|
Түсіну |
Машинада дұрыс отыру тәсілдері: - жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет. - отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек. - құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек. - тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды, - тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі, - тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой. - жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз, - жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз, - жіпті инеге сабақтау. |
Талдау |
Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі. - Жібі оралған шөрікті қабына кигіз. - Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз. Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр. - Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны. - Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек. Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер. |
Жинақтау |
ІV. Практикалық жұмыс. 1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену. 2.Мұғалім қадағалау, қатемен жұмыс жасау. 3.Тігістің сапасын тексеру. |
Бағалау Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау. |
V. Бекіту сұрақтары.
1 |
Рефлексия |
VІ.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады?
|
Тақырыпты мазмұндау |
VІІ. Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру. |

.Тігін
машинасында дұрыс отыру ережелері
қандай?
2.Тігін машинасының жоғарғы
жібін өткізу ережесі қандай?
3.Тігін
машинасының төменгі жібін өткізу
ережесі қандай?