Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық жұмыстар МПСД каз 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756.22 Кб
Скачать

II. Нұсқа (орташа күрделелік)

Оқу бағдарламасының ғылыми бағыттарын анықтау.

III. Нұсқа (күрделі)

Оқу бағдарламасыдағы оқушылардың құзіреттілігін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.

2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.

қосымша

1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).

2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж

Практикалық сабақ № 2

Тақырыбы: Әдістемелік оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.

Сабақтың жоспары:

  1. Технология пәнінің оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.

  2. Кәсіптік және өндірістік оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері, іскерлігі, дағдысы құзіреттілігі: Технология және кәсіптік оқыту бағдарламасы негізінде әзірленген әдістемелік әдебиеттерге талдау жасаудағы білімі, іскерлігі және дағдысы.

Сабақты өткізу формасы: кейс-стадий

Қысқаша теориялық мәлімет

Талдау (анализ) - көркем әдебиеттерді ғылыми түрде қолданылатын тәсіл. Әбебиеттер мазмұнын әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, әдебиеттерді мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, интонациялык өзгешеліктері, жағынан талдауға болады. Мысалы, Қ. Әмірғазиннің «Қазақ қолөнері» оқу құралы «Қазақ қолөнері» бағдарламасына сәйкес жазылған және жалпы білім беретін мектептердің 5-7 – сынып оқушыларын оқыту тәсілдерін біріктіреді.

Қазақ қолөнерінің даму тарихы жөнінде мәліметтер келтіріліп, суреттер берілген. Оқушыларды тері, ағаш, темірден жасалатын заттардың жасалу әдісімен таныстырады сонымен қатар төрт бөлімнен тұратын 5-7 – сыныптарға арналған бұл кітапта ою-өрнек, темір, ағаш, былғары шикізаттарынан жасалатын бұйымдардың жасалу жолы, әдісі оқытылып, олардың тарихынан қысқаша мағлұмат беріледі. Ал, жоғары сыныптарда осы бұйымдарды, шикізаттарды игерудің күрделі жолдары, әдістері айтылады.

Бұл шағын еңбекте қазақ халқының барлық қолөнерінің дәүстүрлі мол тәжірибелерін толық қамтуды мақсат етпеген. Оқу құралы жас жеткіншек, талапкерлерді халықтың мол мұрасының сарқылмас көздерінің бір кішкене ғана бөлігімен таныстырып, содан мағлұмат беруді көздейді. Өйткені ол тек өнер тарихымен немесе олардың түрлерімен ғана шектеліп қоймайды, сол өнерді бүгінгі таңда мектеп оқушыларына дұрыс жеткізудің әдістемелік жұмыстарын қамтиды [10].

Н. Адамқұлов «Ұлттық қолданбалы қолөнері» оқу құралында оқушыларды еңбек сабағы кезінде қолданбалы қолөнерге үйретудің негізі мен ерекшеліктері сөз болады. Атап айтқанда, ағаштан жәдігерлік бұйымдар жасаудан бастап тері өңдеу мен одан бұйым жасаудың әдістеріне дейін берілген.

Студенттің сабаққа дайындығы бойынша нұсқау

1. «Технология» бағдарламасы негізінде әзірленген әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.

2. Кәсіптік оқыту бағдарламасы негізінде әзірленген әдістемелік әдебиеттер мазмұнына талдау жасау және олардың оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысының деңгейіне сәйкестігін талқылау.

Техникалық және құрал-жабдықтар: дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау, «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

Тапсырма 1. «Технология» пәнінің оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.

Тапсырма 2. Кәсіптік және өндірістік оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.

Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:

Арнай әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуде негізге алынатын құжат.

  2. Оқу-әдістемелік әдебиеттердің мазмұнында қарастырылатын қандай мәліметтер қарастырылады?

  3. «Технология» пәнінің оқу әдебиеттерін қажеттілігі неде?

  4. Кәсіптік және өндірістік оқу әдебиеттерінің ерекшеліктері неде?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

1. Әрбір сыныптар бойынша оқу әдебиеттерін зерделеу.

2. Оқу әдебиеттердің сыныптық ерекшеліктері.